Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер конспекті СГП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.37 Кб
Скачать

3 Дәрістер конспекті

Дәріс 1.

Тақырып 1 Кіріспе. Тау-кен кәсіпорындарының құрылыстарын жобалау ұстанымдары

Дәрістің мақсаты – тау-кен мекелері құрылысын жобалау ерекшеліктері мен, дайындау жұмыстарының ерекшеліктерімен, жер беті құрылыстарын салу технологиясы мен ұйымдастыруымен таныстыру болып табылады.

Дәріс жоспары

1 Жобалаудың бастапқы мәндері.

2 Тау-кен мекемелері құрылысының кезендері мен сатылары.

3 Шахты құрылысының дайындау кезені

4 Жер беті құрылысының басты және құрылыс жоспары

5 Тау мекемелері ғимараттары мен құрылыстарын ортақтандыру және индустриялдау

Дәрістің қысқаша мазмұны

Жаңа құрылыста немесе істеп тұрған шахтаны жандандырғанда келесі кезендер өтеді: жобалау; құрылыс; іске қосып қажетті қуатқа дейін ұлғайту. Осы кезендерді басынан бастап аяғына дейін тізбектеп орындау үшін ондаған жылдар өтеді. Шахтаны қысқа мерзімде жобаланған қуатқа жеткізу үшін жобалау, құрылыс, шахтаны іске қосып жобаланған қуатқа жеткзуді бір уақытта істейді, бұл құрылыс құжаттарын жылдарға бөліп мекемені кезекпеніске қосу арқылы жүзеге асырылады.

Шахтаны жобалау келесі кезендерге бөлінеді: технологиялық: құрамына технологиялық және құрылыстық шешімдер, сметалық құжаттар, эксплуатацияның техника-экономикалық көрсеткіштерін негіздеуі кіретін шахты жобасын орындау.

Шахты жобасын бекіту келесі кезен жұмыстарын орындауға негіз болады; құрылыстық: жұмыс құжаттарын дайындау, тау-кен және жер жұмыстарын құжаттау шараларын жасау, дайындау кезеңінің жобасын орындау. Жұмыс құжаттарының құрамына сызбалар, сметалар, құрылыс және монтаж жұмыстары көлемдерінің ақпартізімі, материалдардың қажеттілігін көрсететін ақпартізімі, құрал-жабдықтардың спецификациясы кіреді. Жұмыс құжаттардың орындалуы мен шығу реті құрылысты ұйымдастыру жобасымен анықталады (ҚҰЖ). Ол шахта жобасының құрамына кіреді де қаражатты жұмсау кезінде басты құжат болып саналады. ҚҰЖ негізделіп жұмыстарды орындау жобасы құралады (ЖОЖ). Мұнда ірі және күрделі объектілері құрылысының технологиясы түбегейлі көрсетіледі. ЖОЖ құрамына түсініктеме хат, графиктер және сызбалар, құрылыс процестерін орындауының технологиялық карталары кіреді.

Пайдалы қазбаны қазып алуға арналған тау-кен мекемесінің құрылысы 3 кезеннен тұрады: дайындау; бірінші негізгі – оқпандар құрылысы; екінші негізгі – жатық және қазбалар, камералар құрылысы. Әр кезеңнің мақсаты жобаланған жұмыстарды орындау ғана емес, сонымен қатар келесі кезенді де жұмыспен қамту болып табылады. Құрылыс монтаждық және жер жұмыстарының жинағы құрылыс алаңының шегінде де (алаңнаң тыс жұмыстар), құрылыс алаңының өзінде де (алаң ішіндегі жұмыстар)жүргізіледі. Алаңнаң тыс жұмыстардың құрамына сыртқы темір жолдардың және тас жолдардың құрылысы, әлектр желесінің және трансформаторлар мен үлестіру подстанцияларының құрылысы, қатынас желістерін өткізу, су құбырын, канализационды коллекторларды тазарту құрылыстарын салу жұмыстары кіреді. Алаң ішіндегі жұмыстардың құрамына келесі жұмыстар кіреді: құрылыс алаңын игеру және оқпан мен басқа да қазбалардың құрылысының бір келекі дамуына жағдай жасайтын ұйымдастыру шараларын жүргізу. Бұл кезеңде алдағы құрылыс үшін керекті геодезиялық жүйе құралады және ауданның триангуляционды жүйесіне байланысын құрайды. Келесі қадамда нольдік цикл жұмыстарын орындайды. Оның құрамына келесі жұмыстар кіреді: орманды шабу және тамырларды жұлу, өсімдік қабатын алып келесі қолдану мақсатымен жинақтау; құрылыс алаңын тазалау және құрылыс уақытында бөгет туғызатын ғимараттарды бұзу; көлденең және тік планировка жүргізу және құрылыс алаңының инженерлік дайындығын жасау, жер беті суларының ағымын қамтамасыз ету; қажет болғанда бар инженерлік коммуникацияларды басқа жерлермен өткізу; ғимараттар мен құрылыстарының осьін бөлу; траншеяларды қазу және энерго-, суқамтамасыз ету, канализация, телефон мен радио желістерін тарту; уақытша және тұрақты алаң ішінің жолдарын салу; өртке қарсы шаралар үшін қажетті су қорын жинақтайтын резервуарларын салу; котловандар мен траншеяларды қазу, ғимараттар мен құрылыстардың фундаменттерін орналастыру. Нольдік циклдің жұмыстарын аяқтаумен қатар жалпы алаңдық сақтау қоймасы салынады, жабдықтар мен конструкцияларды жинауға қажетті алаңдар салынады, құрылыс алаңын өртке қарсы инвентарьлармен және сумен қамтамасыз етеді, инвентарлы ғимараттарды құрастырады, нольдік цикл жұмыстары аяқталғаннан кейін уақытша және тұрақты ғимараттарды сала бастайды.

Дайындау кезеңінде әкімшілік тұрмыстық комбинат(ӘТК) салынады, оның ішінде наряд алу бөлмелері, киім шешетін бөлмелер, душ, әкімшілік бөлмелері кіреді.

Шахта жер бетінің басты жоспары деп барлық ғимараттардың, тасымалдау және инженерлік коммуникациялардың кешенді орналасуы бойынша жобалық шешімін атайды.

Басты жоспар сызба ретінде орындалады (1:500,1:1000), мұнда барлық ғимараттар мен құрылыстар, жер асты канализациялық және су кетіру жүйелері, жылу желілері, кабельдер, ауа желілері, ілмелі жолдар, галереялар және т.б. көрсетіледі. Басты жоспарда жер бедерін көрсететін горизонтальдар, ғимараттар мен құрылыстардың орналасу биіктігі салынады, басқалай айтқанда басты жоспар мен топографиялық негіздің байланысы көрсетіледі. Басты жоспар шахта жобасының міндетті бөлігі олып табылады.

Басты құрылыс жоспары – шахта жер бетінің жоспары, мұнда салынып жатқан тұрақты ғимараттар мен құрылыстар, уақытша құрылыстар; механизирленген құрылғылар; қоймалар; инженерлік коммуникациялар көрсетіледі. Оның компоновкасы тұрақты ғимарттарды орыналастырудан басталады, содан кейін уақытша ғимараттар мен объектілер орналастырылады, олар құрылысқа бөгет жасамауы тиіс және де тиімді қолданылуы тиіс. Басты жоспарды орындағанда жер бетінің процестерін орындауының технологиялық схемасына негізделеді. Көмірді қабылдап, өндеп тиеу станциясына ал жыныстарды отвалға жеткізу үшін қолданылатын ғимараттар мен құрылыстардың жинағын шахты жер бетінің технологиялық кешені деп атайды. Басты жоспардың тиімділігінің көрсеткіші ретінде ғимартардың аз ауданда орналасуы болып табылады, басқалай айтқанда құрылыстың тығыздығы.

Басты жоспарды орындаудың негізгі әдістері:

өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды ірі блоктарға біріктіру: басты оқпан блогы (шахты жер бетінің ғимараттары мен құрылыстары, тиеу станциясы, бу қазандар орны, көмір қоймасы), көмекші оқпан блогы (шахты жер бетінің ғимараттары мен құрылыстары, қоймалар, механикалық шеберханалар, калорифер ғимараты), әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар блогы (ӘТК);

өндірістік алаңды өндіріс сипаттамасы бірдей ғимараттар мен құрылыстардан тұратын аймақтарға бөлу: беткейлі (ӘТК), өндірістік (оқпандар), көмекші (станция, көмір қоймасы, күл тұңдырғыш).

Шахты және кеніштер индустриализациясы келесі арқылы жүзеге асырылады: зауытта жасалған жиналмалы конструкциялар мен бөлшектерді кенінен қолдану; құрылыс және монтаж жұмыстарын кешенді механизирлеу.

Конструкциялар мен бөлшектерді зауыт жағдайыда орындаған кезде өлшемдер ортақталынады. Унификация нәтижесі - өлшемдер санын қысқарту өз ара алмастыруын қарастыру. Шахты және кеніштердің индустриялық құрылысының негізі темір-бетон болып саналады. Конструкцияларды унификациялаған кезде ғимараттарды өлшемдері мен жоспарлық шешімдері бойынша унификациялайды.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (тақырып 1) [1,2,3,4]

1 Тау-кен мекемесінің технологичлық және құрылыстық жобалауы.

2 Жұмыс құжаттарды реттеп беру кезегі.

3 Тау-кен мекемелері құрылысының кезендері.

4 Қандай жұмыстарды алаңнан тыс жұмыстарға жатқызады

5 Қандай жұмыстарды алаң ішінің жұмыстарына жатқызады

6 Нольдік цикл жұмыстары.

7 Шахты жер бетінің басты жоспарының технологиялық негізі

8 Басты жоспардың архитектуралық-құрылыстық шешімдері.

9 Шахты жер бетінің басты құрылыс жоспары.

Дәріс 2.

Тақырып 2 Тау-кен қазбаларының құрылысы туралы жалпы түсінік

Дәрістің мақсаты – негізгі бекіту материалдарымен және бекітпе конструкцияларымен таныстыру, қазбалар құрылысының тәсілдерімен және схемаларымен таныстыру.

Дәріс жоспары:

1 Қазбалардың көлденең қималарының пішіні мен өлшемдері.

2 Бекіту материалдары және бекітпе кнструкциялары

3 Қазбалар құрылысының тәсілдері мен схемалары

4 Жұмыстарды цилді ұйымдастыру