Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология каз..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
375.81 Кб
Скачать

Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер

Адамдар арасындағы қарым-қатынастар күрделi болып келедi. Осы қатынастардың көп түрлерiнiң арасында тұрақты әлеуметтiк қоғамдастықтар, топтар арасындағы құралатын қатынастарды бөлейiк. Әр адам түрлi әлеуметтiк қоғамдастықтарға жатады, және де олардың әрқайсысы қоғамның әлеуметтiк құрылымында белгiлi орын алады. Әлеуметтiк қоғамдастықтар дегенiмiз не?

Әлеуметтiк қоғамдастықтар деп белгiлi бiр бiрiңғай, қоғам өмiрiмен байланысты белгiлермен сипатталатын нақты өмiр сүретiн адамдар жиынтығы.

Әлеуметтiк қатынастық деп бiрнеше адамдардан немесе ондаған адамдардан құрыла алады, қысқа мерзiмдi болуы мүмкiн (мысалы, автобустағы пассажирлер, театрдағы көрермендер), немесе ғасырлар бойы тұрақты болуы мүмкiн (мысалы, таптар, ұлттар).

Бүгiн iрi тұрақты әлеуметтiк қоғамдастықтар туралы әңгiме жүргiзiледi: әлеуметтiк - таптық (таптар, әлеуметтiк топтар және қабаттар,) әлеуметтiк - демографиялық (жастар, әйелдер, кәрiлер), әлеуметтiк - этникалық (ұлттар, халықтар).

Әлеуметтiк қоғамдастықтардың түрлерiн әртүрлi көрсеткiштер бойынша классификациялауға болады: ұжым, әлеуметтiк топ, халық. ұжым дегенiмiз - қоғамдастық мүшелерi әрекеттерiнiң бiр мақсаты бар және бiр - бiрiмен үздiксiз тұрақты араласатын әлеуметтiк қоғамдастық. Соңғы талап ұжым өлшемiн бiрнеше ондыққа дейiн, болмаса 200-300 адаммен шектейдi. Егер кәсiпорын ұжымы туралы әңгiме болса, мұнда ұжым туралы емес, ұжымдар суммасы туралы әңгiме жүргiзiледi (цехтардың, ауысулардың (смена), бөлiмшелердiң, және т.б. суммасы). Себебi кәсiпорында бiрнеше мың жұмысшылар бар (мысалы, металлургиялық комбинат).

Адамдарды бiрiктiретiн мақсаттарға байланысты ұжымдар: өндiрiстiк, оқу, спорт, мәдени, тұрмыстық болып бөлiнедi. Ерекше, спецификаляқ ұжым ретiнде отбасы болады - саны бойынша ең кiшкентай, бiрақ бүкiл қоғам өмiрiнде өте маңызды орын алатын қуыстардың бiрi.

Әлеуметтiк топтарға - адамдарды бiрiктiретiн, қоғамдық жүйеде бiрдей орын алатын және осыған байланыстарды жатқызады. Қазiргi кездегi қоғамда негiзгi әлеуметтiк топтарға: ұлттарды, таптарды, профессиялық қоғамдастықтарды және территориялық қоғамдастықтарды жатқызады.

Қоғамдық ғылымдарда қоғамның әлеуметтiк құрылымы туралы айтқанда, ол - қоғамның әлеуметтiк топтарға бөлiнуi деген сөз.

“Халық” түсiнiгi әлеуметтануға белгiлi территорияда тұратын әрбiр мемлекеттiң шекараларында тұратын адамдарды бiрiктiредi.

Қазiргi кездегi қоғамның негiзгi әлеуметтiк тобының типi ретiнде қоғамдық тап болып табылады.

Тап материалдық өндiрiстiң белгiлi бiр даму деңгейiнде пайда болды (қосымша өнiм пайда болғаннан бастап, алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының нәтижесiнде). Қоғамдық таптың ашық анықтамасын Ленин өзiнiң статьясында бердi: (статьяның аты - “Великий почин”).

Таптар деп қоғамдық өндiрiстiң тарихи белгiленген жүйедегi өздерiнiң орны бойынша ерекшеленетiн, өздерiнiң өндiрiс құрамдарына көзқарасы бойынша (көбiнесе заңдарда бекiтiлген), қоғамдық еңбектi ұйымдастырудағы ролдерi бойынша ерекшеленетiн адамдардың үлкен тобы. Таптар дегенiмiз - адамдар таптары, және мұнда бiр тап екiншiсiнiң еңбегiн тартып ала алады (ал адамдардың қоғамдық шаруашылықтағы орындарының айырмашылықтармен байланысты). (Т. 39. С. 15).

Осы “қоғамдық шаруашылықтағы орын” жүйе құрайтын фактор болып табылады және ол таптарды құрайтын фактор болып табылады.

Таптармен қатар қоғамда әлеуметтiк қабаттар (слои) бар. Қабаттардың 3 түрiн ажыратады: iшкi таптық, тапаралық және маргиналды (шеткi қабаттар). Бiрiншiге: мысалы, iрi және ұсақ буржуазия, өнеркәсiптiк және ауыл-шаруашылықтық пролетариат, жұмысшы аристократия және т.б. кiредi.

Тапаралық әлеуметтiк қабаттар қоғамдық, өндiрiстiк жүйесiнде белгiлi орын алмай отырып, бiрыңғай әлеуметтiк - таптық құрылымды құрай отырып қоғамның таптық бөлiнуiн толықтырады. Ең белгiлi тапаралық әлеуметтiк қабат ретiнде (қазiргi кездегi қоғамда) интеллигенция болып табылады. Оның тұрақты тұрысы қоғамдық өмiрде рухани өндiрiстiң ролiнiң артуымен байланысты.

Интеллигенция деп - жоғары квалификацияланған ақыл еңбегiмен шұғылданатын адамдар, олардың iшiнен интеллектуалды элита құрылады.

Интеллигенциядан басқа тапаралық қабаттарға қолөнершiлiк, қалалық мещанство (дворяндықтар). Тап аралық қабаттарға маргиналды қабаттар немесе маргиналдар кiредi. Маргиналдар деп ұйымдар, кедейлер, үйсiздер, қылмыскерлер. Мысалы, әлемнiң барлық жердерiнде белгiлi тұрмыс жерi жоқ адамдардың әлеуметтiк топтары бар, олар кездейсоқ оқылар арқылы өмiр сүруде. Олардың көбiсi туылғаннан бастап үйсiз болған жоқ, олар түрлi себептерге байланысты сондай болды:

    1. кедейлену;

    2. бiлiм алудың объективтi мүмкiн болмауы;

    3. қызық және жақсы төленетiн жұмысқа тұру үшiн квалификациялар.

Сонымен қатар: қоғамдық құндылықтарды, өкiметтi (власть) қабылдамау және т.б.

Әлеуметтiк қоғамдастықтың келесi типi - әлеуметтiк - салалық қоғамдастық; бұл қоғамдастық адамдарды әлеуметтiк - экономикалық функциялар бойынша, оларды” еңбек әрекеттерiнiң мазмұны мен әлеуметтiк маңыздылығы бойынша бiрiктiредi. Алғашқы тарихи профессионалды еңбек бөлiнiсi болып сомалы еңбектiң құш еңбектен бөлiнуi болды. Белгiлi профессионалды - салалық қоғамдастыққа жататын адамдар өмiр сүруiнiң ұқсас белгiлерiмен, қажеттiлiктерiмен, әлеуметтiк нормаларымен сипатталады. Профессия жиi адамның сырт келбетiне және жүрiс-тұрысына әсер етедi (мысалы, мұғалiм).

Кейбiр профессиялар күштi әсерiн тигiзедi (адамның жүрiс-тұрысына) және олар қоғамның басқа мүшелерiнен қатты ерекшеленiп әлеуметтiк- корпоративтiк қоғамдастықтарды құрайды. Мысалы, офицерлiктер (соғыскерлер (военные). әлеуметтiк - коопреативтiк қоғамдастық жабығырақ және оқшауланған (профессионалдық қоғамдастыққа қарағанда). Оның құрамына кiру үшiн жай мәселе емес. Оған кiру үшiн белгiлi ерекше шарттар орындалуы қажет, жүрiс-тұрысында белгiлi нормалар сақталу қажет және корпорацияның басқа мүшлерi жағынан қолдау болу қажет.

Әлеуметтiк - территориялық қоғамдастықтар адамдарды күнделiктi өмiрдiң бiрдей жағдайлары мен қарым-қатынастары белгiсi бойынша бiрiктiредi. Тұрғындардың келесi түрлерiн ажыратады: қалалық, ауылдық, үлкен агломерациялар (қосу, толтыру) тұрғындары, яғни тұрғындар тұрып жатқан пункттердiң жиналуы. Территориялықтарға сонымен қатар региондық (аймақтық) қоғамдастықтар кiредi - салыстырмалы түрде жабық территорияда тұрақты тұратын немесе бiр жерден шығатын (жерлестер) адамдар топтары.

Кейбiр биологиялық белгiлер (жынысы, жасы), әлеуметтiк сипатта болғанда, әлеуметтiк қоғамдастықтарды құрайды. Оларды әлеуметтiк - демографиялық қоғамдастықтар деп атайды. Оларға: жастар, әйелдер, зейнеткер - пенсионерлер кiредi.

Әлеуметтiк - этникалық қоғамдастықтар, немесе этностар ерекше қызығушылық туғызады. Этностар деп - адамдардың тарихи құрылған тұрақты жиынтықтары. Мұнда адамдардың жалпы қасиеттерiмен мәдени және психологиялық ерекшелiктерi бар. Әр этностың өз тiлi бар, дәстүрлер мен салттардың белгiл жиынтығы бар. Этникалық қоғамдастықтың көрсеткiшi болып тағы қоғамдастық мүшелерiнiң өз бiртұтастығын және басқа да ұқсас қоғамдастықтардан айырмашылығын бiлу - этникалық өзiндiк сана болып табылады.

Этностар белгiлi бiрыңғай (бiртұтас) территорияда пайда болып құрылады, бiрақ келешекте дамуында бұл қоғамдастықты (территориялық) этнос жоғалту мүмкiн. Этносты ұлттан ажырата бiлу керек. Ұлт үшiн бiрыңғай территория жүйе құраушы фактор ретiнде болып келедi. Мысалы: Қазақ ұлты Қазақстан Республикасында тұратын қазақтардан тұрады, ал қазақ этносы - Қытайда, Ресей Федерациясында, Монголияда, Иранда т.б. тұратын қазақтардан құралады, бiрақ олар басқа елдерде тұрғанымен Қз мәдени дәстүрлерiн сақтады.

Этникалық өзiндiк сананың маңызды компонентi болып этнос мүшелерiнiң барлығының пайда қоғамдастығы туралы түсiнiк болып табылады. Пайда болу қоғамдастығы деп бабалардың бiрi ккен тарихи тәжiрибесi.

Сонымен, тарихи жағынан қоғам дамуы әлеуметтiк дифференциация процесiнiң дамуымен байланысты, яғни жаңа әлеуметтiк қоғамдастықтардың пайда болуы мен бөлiнуiмен байланысты.

Дәл осы уақытта әлеуметтiк дифференциасының нақты процесiмен қатар уақыт өткен сайын күшейетiн оған қарама-қарсы тұратын әлеуметтiк интеграция процесi жүрiп отыр. Түрлi әлеуметтiк қоғамдастықардың бiрiгуi (жақындалуы) байқалады, олардың арасындағы әлеуметтiк айырмашылықтар әлсiз болуда.

Әлеуметтiк бiркелкi келешек қоғам адамдар арасындағы маңызды айырмашылықтардың жойылуын қарастырмайды, ол қандай да болмасын әлеуметтiк қоғамдастыққа жатқанына тәуелсiз қоғамның әлеуметтiк мәртебесiнiң теңестiрiлуiн қарастырады.