
- •Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi
- •Студенттерге арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пән бойынша негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
- •Бөж жазу тәртiбi
- •Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
- •Жалпы теориялық социология
- •Орташа социология
- •Микросоциология
- •Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
- •Ш.Уәлихановтың әлеуметтану жөнiндегi тұжырымдамалары
- •Абайдың әлеуметтанулық ой-пiкiрлерi
- •Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
- •Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
- •Әлеуметтiк топтар қоғамның әлеуметтiк құрылымының элементтерi
- •Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары
- •Девиаиця және әлеуметтік бақылау
- •Білім беру әлеуметтануы
- •Мәдениет әлеуметтануы
- •Экономикалық әлеуметтану
- •Саяси әлеуметтану
- •Отбасы әлеуметтануы
- •Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудiң әдісі мен техникасы
- •Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
- •Iрiктеудi есептеудiң әдiсi Облыс бойынша соцологиялық зерттеуге қатысатын респонденттер санын анықтау
- •Барлық:
- •586 Адам Анықтамалық сөздік
Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
Табиғат және қоғам, олардың өзара қарым қатынасы.
Қоғамдық даму ұғымы және оның қозғаушы күштерi мен факторлары.
Қоғамдық прогресс пен регресс.
1. Қоғам деген не, оның адам өмiрiндегi рөлi мен орны қандай деген сұрақ барлық социологиялық ағымдар үшiн басты сұрақ болып келгенiн әлеуметтанудың тарихи даму кезеңiнен бiлемiз. Қоғам ұғымына анықтьама бермес бұрын «табиғат», «қоғам» деген жалпы ұғымдардың мазмұнын, арақатынасын қарастырып көрейiк.
Қоғам – табиғаттың құрамдас бiр бөлiгi дедiк. Сонымен бiрге табиғатпен тепе-тең нәрсе ретiнде қарауға болмайтынын да ескеру қажет: бiрiншi жағдайда «табиғат» ұғымын шегiне жеткен аса кең мағынада алып, адамның ой-санасынан тыс және тәуелсiз өмiр сүретiн объективтiк шындықты, бүкiл дүниенi бiлдiру тұрғысында қолданамыз. Бұл тұрғыдан қарағанда, қоғам – табиғаттың бiр бөлiгi болады.
2. Әлеуметтану қоғамның әлеуметтiк құбылысымен тығыз байланысты мына бiр мәселеге де: қоғам өзгермейтiн, қатып-семiп қалған құбылыс па әлде ол өзгерiс, қозғалыс, дамуда болатын тiрi әлеуметтiк организм бе, ал егер ол дамитын болса, онда оны дамытушы күштер, факторлар қандай деген мәселеге жауап берудi талап етедi.
Социологиялық теориялардың басым көпшiлiгi қоғамдық құбылыстардың өзгерiсi мен дамуын мойындайды. Алайда даму деген не, оның мәнi мен бағыты қандай, оның қозғаушы күштерi неде деген сұрақтарға олар түрлiше жауап қайтарады. Қоғамның даму формалары мен қозғаушы күштерi жайлы теориялардың барлығын қарастыруға мүмкiндiгiмiздiң жоқтығын ескере отырып, бiз текидеалистiк көзқарастар мен тұрпайыматериалистiк теорияларды және қоғам дамуының ғылыми-материалистiк ұғымын ғана қысқаша қарастырамыз.
Қоғам жайлы идеалистiк теориялардың бәрiне ортақ нәрсе сол, олар қоғам дамуының қозғаушы күшiн идеядан, сана формаларынан iздейдi.
«Күштер теориясы» деген идеалистiк теория да бар. Бұл теория қоғамдағы өзгерiстердiң басты күшi саяси факторлар, ең алдымен мемлекет деп есептейдi.
Тұрпайы материалистiк теоориялардың iшiнде ең кең тарағандары: «қажеттiлiктiң өсуi» теориясы, «географиялық материализм» және «демографиялық» теориялар.
Қоғам дамуының қозғаушы күштерi және әлеуметтiк өзгерiстердiң негiзгi формалары жайлы мәселелердi дұрыс түсiну үшiн қоғамның әлеуметтiк типтерi жайлы ұғымын бiлудiң маңызы зор.
Қоғамдық-экономикалық формация ұғымы қоғам дамуының жеке сатыларындағы бiрқатар нақты қоғамдардың ұқсас белгiлiрiн терең зерттеп, жалпылаудың нәтижесiнде тұжырымдалды. Осының негiзiнде бес қоғамдық-экономикалық формация атап көрсетiлiп, олардың тарихи даму ретiнде, бағытын ашып бердi: тарихи даму өткеннен болашаққа қарай, төменгiден жоғарыға қарай, ескi сападан жаңа сапаға өту арқылы жүредi. Қоғамдық дамудың бұл жолы социологияда әлеуметтiк прогресс деп аталады.
Алайда қоғамда прогрессивтi күштермен қатар керiтартпа реакцияшыл күштер де әрекет етiп, әлеуметтiк жаңалықтарға кедергi жасауы, тiптi тарихты керi қайыруға да әрекет жасауы мүмкiн. Ол ол ма, тоқырау кезеңдерi мен керi кету фактiлерi де болып тұрады. Бұл жеке елдер мен мемлекеттерде жиi кездеседi. Мәселен, бұрынғы КСРО республикаларында сондай тоқырау кезеңдi бастан кешiрдi. Мұндай құбылыстар әлеуметтiк регресс деп аталады.