Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
375.81 Кб
Скачать
  1. Жалпы теориялық социология

  2. Орташа социология

  3. Микросоциология

Социологиялық зерттеулер нәтижесiнде алынатын ғылыми қорытындылардың жалпылық дәрежесiне сәйкес бұл зерттеулер теориялық және эмпириктiк болып екiге бөлiнедi.

Социологиялық зерттеудiң алдына қойылған мiндет пен мақсатқа сәйкес социология фундаментальдi (iргелi) және қолданбалы (прикладная) болып екiге бөлiнедi

  1. Социология өз алдына жеке-дара дамымайды, басқа қоғамдық ғылымдармен үздiксiз тығыз байланыста дамып отырады. Социологияның осы байланысын түсiну үшiн оның әлеуметтiк философиямен, тарихпен, саясаттанумен, экономикалық ғылымдармен арақатынасын қысқаша қарастыруға болады.

Социология мен әлеуметтiк философияның арақатынасын қарастырғанда ең алдымен социологияның философиялық ғылымдаға жатпайтынын, өйткенi ол әлеуметтiк философияға қарағанда жалпылылығы әлдеқайда төмен заңдылықтарды қарастыратынын атап көрсеткен жөн.

Олардың өзара тығыз байланысын анықтайтын мәселе – екеуi де қоғамды жүйелi де тұтас әлеуметтiк организм түрiнде қарастырады.

Социология мен тарих қоғамды зерттегенде тарихи процестiң субъективтiк, iс-әрекеттiк жағына ерекше көңiл бөледi, қоғамдық өмiрдiң нақты фактiлерiн зерттеуге көп көңiл бөледi.

Социология мен саясаттану тығыз байланысты. Өйткенi әлеуметтiк қауымдастықтар, әлеуметтiк ұйымдар саясаттың субъектiсi болып табылады. Қоғамдағы әлеуметтiк өзгерiстерге тiкелей әсер ететiндер - жеке адамдар және олардың бiрлестiктерiнiң саяси қызметi. Саясат кең де күрделi, жан-жақты құбылыс. Ол қоғамның барлық салаларын қамтиды. Сондықтан экономикалық саясат, әлеуметтiк саясат, мәдени саясаты т.б. қоғамдық дамуға зор әсерiн тигiзедi.

Экономикалық және басқа қоғамдық ғылымдар да қоғамның жеке салаларын, бөлiктерiн зерттейдi. Бұлардың социологиядан айырмасы осында. Ал социология қоғамды бiртұтас әлеуметтiк жүйе деп қарайтыны белгiлi. Экономикалық ғылым матреиалдық өндiрiстi, адамдардың экономикалық қатынастарын зерттейдi. Ал бұлардың өзгерiсi әлеуметтiк процестерге әсер етпей қоймайды. Сондықтан социология экономикалық теорияға сүйенедi. Сонымен қатар экономикалық процестердiң өзi, керiсiнше, әлеуметтiк жағдайлар мен факторлардың әсерiнен, олардың өндiрiсте, өнiмдi бөлiсуде, айырбас пен тұтынуда пайдалануынан тәуелдi екенiн өмiрдiң өзi дәлелдеуде. Бұл тәуелдiлiк экономика мен социология ғылымдарының өзара әсерiн күшейте түсудi талап етедi. Экономикалық ғылым қоғам өмiрiнiң аса маңызды саласының iшкi, айрықша заңдарын зерттесе, ал социология осы салада әлдеқайда жалпы социологиялық заңдардың ерекше бой көрсетуiн зерттейдi.

Социология басқа да арнайы қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Мысалы, құқықтану ғылымын алайық. Социология құқықты, құқықтық қатынастарды жеке-дара қарастырмай, бүкiл қоғамдық өмiрдiң бiр бөлiгi ретiнде қарап, социологиялық заңдылықтардың құқық саласындағы көрiнiстерiн қарастырады. Социологияның алдына қоятын мiндетi – құқыққа және оның әлеуметтiк рөлiне әлеуметтiк факторлардың, қатынастар мен институттардың және әлеуметтiк ұйымдардың тигiзетiн әсерiн анықтау.

3. Социологияның әлеуметтiк-қоғамдық қызметi алуан түрлi. Солардың негiзгi үшеуiн арнайы қарастыру қажет сияқты. Олар теориялық-танымдық, саяси-практикалық және идеялық-тәрбиелiк қызметi. Теориялық-танымдық қызметiн iске асыру арқылы социология қоғамның мәнi, оның құрылысы, заңдылықтары мен оынң қызметi жайлы, дамуының негiзгi бағыттары мен тенденциялары, жолдары жөнiндегi бiлiмдi тереңдете нақтылай түседi. Теориялық социологияның дамуында эмпирикалық социологияның және онымен байланысты арнаулы социологиялық зерттеулердiң рөлi ерекше.

Социологияның практикалық-саяси қызметiнiң маңызы жайлы сөз еткенде бұл ғылым әлеуметтiк болмысты танып бiлумен шектелiп қалмайтынын, ол өз зерттеулерiнiң нәтижесiне сәйкес әлеуметтiк өмiрдi жетiлдiругек бағытталған саяси және практикалық ұсыныстар тұжырымдайтынын атап көрсету қажет.

Социология әлеуметтiк өмiрдi және оның әр саладағы көрiнiстерiн зерттеп қана қоймайды, гуманизм, жалпы адамзат прогресi тұрғысынан белгiлi бiр баға бередi.