Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология каз..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
375.81 Кб
Скачать

Бөж жазу тәртiбi

БӨЖ аталуы

Беру уақыты

Тапсыру уақыты

Орындалу шарты мен көлемi

1

Әлеуметтанудың негiзгi даму кезеңi.

1-шi апта

Тапсырма 2 аптаға берiледi.

Баяндама 5-7 бет шамасында

2.

Қазіргі заман қоғамындағы жастар мәселелері

7-шi апта

Тапсырма 2 аптаға берiледi.

Баяндама 5-7 бет шамасында

1 БӨЖ. Әлеуметтанудың негiзгi даму кезеңi тақырыбына білімгер өзіндік ізденіспен жұмыс жүргізеді. Отандық әлеуметтанушылардың және т.б. әлеуметтік ғылым зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып өз алдына зерттеумен шұғылдану.

2 БӨЖ. Қазіргі заман қоғамындағы жастар мәселелері тақырыбына білімгер өзіндік ізденіспен жұмыс жүргізеді. Отандық әлеуметтанушылармен әлеуметтік ғылым зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып өз алдына әлеуметтанулық зерттеу жүргізу.

Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде

  1. Әлеуметтану пәнiнiң анықтамасы. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары

  2. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасы.

  3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметi

  1. Жоғары оқу орындарында студенттердiң социологияны

оқып үйрене бастағанына аз ғана уақыт болды. Ол оқу жоспарына 90-жылдардын басында енгiзiлдi. Социологияны оқып үйренудегi мақсат - өзiмiзге бейтаныс адамдар мен олар ұйымдасқан бiрлестiктер арасындағы күнде кездесетiн әдеттi қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсiну, әлеуметтiк мәселелердi зерттеуге деген ынта-жiгердi арттыру. Байыбына бармай, адасуды алданыш етуге апарып соғатын себептердiң бiрi- күрделi қоғамдық қатынастарға үстiрт, жеңiл қарау, олардын мән-жайын терең түсiнуден iргенi аулақ салу, енжарлық, немқұрайдылық. Осылардан арылу үшiн студенттердiң ынтасын әлеуметтiк мәселелердi ғылым тұрғысынан қарауға бағыт сiлтеу керек.

Әлеуметтану пәнiнiң ең түбiрлi бiр категориясы «әлеуметтiк» деген ұғым. Оның мазмұнын дұрыс түсiнбейiнше, бұл пәндi ойдағыдай игеру мүмкiн емес.

Әлеуметтану бiлiмiнiң негiзгi қызметi - әлеуметтiк құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсiнiп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерiн ашу, оларды шешудiң әртүрлi жолдарын танып бiлу.

Бұл ғылымның «социология» деген атауы латын, грек сөздерiнен құралған: «societas» - латын тiлiнде қоғам, «logos» - грекше iлiм, ұғым деген сөз. Демек, социология қоғам туралы iлiм деген сөз. Бiрақ қоғам басқа да ғылымдардың зерттеу объектiсi болып табылады. Сондықтан социология –қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл ғылымның өзiне тән объектiсi мен пәнiн ашып бере алмайды.

Социология басқа қоғамдық ғылымдар арасында өз алдына бөлек ғылым екенi мынадан да көрiнедi. Социология қоғамды, оның өмiр сүруi мен дамуын әлеуметтiк құбылыстар, процестер мен қатынастар тұрғысынан қарастырады. Оның зерттеу объектiсi – социум деп аталатын әлеуметтiк шындық.

Әлеуметтiк заңдарды түрлiше белгiлерi бойынша классификациялауға болады. Жалпылылығы жағынан олар жалпы заңдар (қоғам дамуын, бiртұтас әлеуметтiк жүйе дамуынанықтайтын) және ерекше заңдар (әлеуметтiкжүйенiң жекелеген элементтерiн, қоғам бөлшектерiн сипаттайтын) болып бөлiнедi. Олардың сипатына, көрiнiс беру ерекшелiгiне қарай динамикалық және статистикалық заңдарға бөлiнедi. Динамикалық заңдар нақты жағдайда өз ретiмен болатыноқиғалар арасындағы бiр мәндi, қатаң байланысты көрсетедi, олардың бағытын, түрлерi мен факторларын анықтап бередi. Статистикалық заңдар әлеуметтiк құбылыстарды қатаң қажеттiлiк түрде айқындамай, белгiлi бiр ықтималдыққа жол бередi, сөйтiп әлеуметтiк өзгерiстердiң негiзгi бағыты мен тенденциясын ғана көрсетедi.

Осыған байланысты социология ғылымын төмендегi құрамдас бөлiмдерге бөлуге болады: