Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология каз..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
375.81 Кб
Скачать

Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау

Iрiктеудi анықтау – социологиялық зерттеу кезiндегi бiрден-бiр күрделi сәттердiң бiрi (жұмыс гипотезасын әзiрлеумен қатар), өйткенi ол объектiнiң бүкiл элементiнiң ерекшелiктерi мен ара қатынастарын қатаң көрсетуi тиiс.

Iрiктелген жиынтық – берiлген ережеге сәйкес қатаң iрiктелiп алынған басты жиынтық элементтерiнiң белгiлi-бiр саны. Зерттеуге жататын (сауалнама, интервью алу және с.с.) iрiктелген жиынтықтың элементтерi (респонденттер, талданатын құжаттар және с.с.) талдау бiрлiгi болып табылады.

Iрiктеме мақсатты болуы да мүмкiн, мұнда зерттеушi адамдарды топты зерттеудiң қойылған мақсаттарына орай сауалнама үшiн iрiктеп алады. Кездейсоқ iрiктеу – халық құрылымының әрбiр элементi оған бiркелкi ықтималдылықпен қосылуы мүмкiн. Әрине, iрiктеу көлемiрепрезентация қателiгiне әсер етедi: iрiктеу шамасы қаншалықты көп балса, ықтимал қателесу соншалықты аз болады. Үлкен iрiктеумен сауалнама жүргiзу өте қымбатқа түседi, мамандардың дәлелдеуiнше, басты жиынтықтың 10%-ын iрiктеме жиынтыққа қосу iс жүзiнде өзiн-өзi ақтаған. Мұндайда респондент-тердiң саны 2-2,5 мың адамнан аспауы тиiс. Телефонмен сауалнама жүргiзу кезiнде миллион тұрғыны бар қалада 300 адамға сауалнама жүргiзсе жеткiлiктi. Шағындау қалаларда iрiктеме көлемi 150-200 адам болса да болады.

Басты жиынтықтың сипаттамасынан анық ауытқулардан қашқан жөн. мұндай жағдайда зерттеу нәтижелерi жалған болуы мүмкiн.

Iрiктеудi есептеудiң әдiсi Облыс бойынша соцологиялық зерттеуге қатысатын респонденттер санын анықтау

Облыстық статистика басқармасының мәліметі бойынша (30 желтоқсан 2003ж.) облыс халқының саны 979500 адам. Социологиялық зерттеуге қатысатын респонденттердің басты жиынтығын анықтау үшін, облыс халқының жалпы санынан 18-ге дейінгі тұрғындардың санын шегереміз. Шыққан мән зерттеудің басты жиынтығын білдіреді. Есеп мына формула бойынша жүргізіледі: N = BC; N – басты жиынтық; B – халықтың жалпы саны; C – 18-ге дейінгі тұрғындар саны. Осыдан мынадай қорытынды шығады.

979500 – 393300 = 586200

Зерттеудің басты жиынтығы 586200 адам, социологиялық зерттеуге қатысатын адам санын (іріктелген жиынтық) анықтау үшін, V= N х 0,001;

V – іріктелген жиынтық, N – басты жиынтық, басты жиынтық үлес салмағын 0,001-ге көбейту арқылы анықтаймыз.

586200 х 0,001= 586

Социологиялық зерттеудің іріктелген жиынтығы 586 адамды құрайды, яғни облыс көлемінде 586 респондент социологиялық сауалнамаға қатысады.

р/с

Қала, аудан

Халық саны

(мың)

Іріктелген жиынтық

1

Тараз

330,1

200 адам

2

Байзақ

68,7

34 адам

3

Жамбыл

70,0

40 адам

4

Жуалы

48,4

25 адам

5

Қордай

104,7

70 адам

6

Меркі

73,7

45 адам

7

Мойынқұм

34,6

20 адам

8

Т.Рысқұлов

61,4

30 адам

9

Сарысу

48,6

27 адам

10

Талас

53,4

30 адам

11

Шу

95,2

65 адам