- •Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi
- •Студенттерге арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пән бойынша негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
- •Бөж жазу тәртiбi
- •Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
- •Жалпы теориялық социология
- •Орташа социология
- •Микросоциология
- •Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
- •Ш.Уәлихановтың әлеуметтану жөнiндегi тұжырымдамалары
- •Абайдың әлеуметтанулық ой-пiкiрлерi
- •Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
- •Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
- •Әлеуметтiк топтар қоғамның әлеуметтiк құрылымының элементтерi
- •Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары
- •Девиаиця және әлеуметтік бақылау
- •Білім беру әлеуметтануы
- •Мәдениет әлеуметтануы
- •Экономикалық әлеуметтану
- •Саяси әлеуметтану
- •Отбасы әлеуметтануы
- •Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудiң әдісі мен техникасы
- •Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
- •Iрiктеудi есептеудiң әдiсi Облыс бойынша соцологиялық зерттеуге қатысатын респонденттер санын анықтау
- •Барлық:
- •586 Адам Анықтамалық сөздік
Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудiң әдісі мен техникасы
Ғылым алдын ала жоспарланған теориялық таным процесi, зерттеу ретiнде белгiлi бiр әдiс-тәсiлдердi қолданады – онсыз ғылыми ақиқатқа жету мүмкiн емес. Осы дағынан алғанда, ғылым теория мен әдiстiң диалектикалық бiрлiгi болып табылады. Ғылыми танымның әдiс-тәсiлдерi жайлы iлiм методология деп аталады.
Ғылымдар бiр-бiрiнен тек зерттеу пәндерi арқылы ғана айырылмайды, зерттеу әдiстерi арқылы да айырылады. Ешбiр жеке ғылымның немесе ғылымдар тобының ерекше, басқалардан өзгеше, тек өзiне ғана тән ғылыми әдiсi болмайды, керiсiнше, олардың бәрiне ортақ жалпы методологиялық негiздi басшылыққа алады. Осы жөнiнен алғанда, барлық жаратылыстану және қоғамтану ғылымдары үшiн ортақ екi негiзгi таным методологиясы бар. Олар – диалектикалық және метафизикалық әдiстер. Бұларды әрбiр ғылым өз зерттеу пәнiнiң ерекшелктерiне ыңғайлап қолданады.
Кез келеген социологиялық зерттеу мынадай бес негiзгi кезеңнен тұрады:
зерттелетiн құбылыстарды анықтап, бастапқы гипотезаларды тұжырымдау;
зерттеу жоспарын жасау;
мәлiметтер жинау;
жинаған мәлiметтердi тәртiпке келтiру;
ғылыми түсiндiрме жасап, оны тексеру.
Бағдарлама қарастырылатын проблеманы дәл айқындауға, зерттеудiң мақсаты мен мiндетiн белгiлеуi, зерттеу нысаны мен пәнiн анықтап, алдын ала талдаулар жүргiзуге, болжамдар жасауға, негiзгi ұғымдарды бөлiп алуға, оларды түсiндiрiп, тексеруден өткiзуге мүмкiндiк беруi қажет. Бұл оның методологиялық қызметi болып табылады.
Бағдарламаның бiрiншi әдiснамалық тарауында бiрнеше құрамдас бөлiмдер болады. Оларға:
проблеманы талдау мен проблемалық жағдайды анықтау;
зерттеу нысанын айқындап, оны алдын ала ой елегiнен өткiзу;
зерттеу пәнiн анықтау, оны алдын ала сараптау;
зерттеудiң мақсаты мен мiндетiн айқындау;
болжам жасау;
негiзгi ұғымдарды iрiктеп алып, оларды түсiндiру.
Зерттеу объектiсiн (зерттелетiн құбылысты) анықтау және жоспарын жасау қоғамдық құбылысты ғылыми танып бiлудiң бiрiншi кезеңi болып табылады, өйткенi жинақталған фактiлердiң объективтiлiгi мен ақиқатылығы, қорытындының ғылыми дұрыстығы көп жағдайда зерттеу объектiсiн дұрыс анықтап алуға байланысты болады.
Зерттелетiн құбылысты анықтағанда оның басқа құбылыстармен қаншалықты байланысты екендiгi де анықталады. Бұл жағдайда зерттелетiн құбылыс жайлы бұрыннан бар бiлiмдер негiзге алынады. Ол бiлiмдер неғұрлым толығырақ болса, соғұрлым зерттелетiн құбылыс дұрысырақ анықталады.
Мәлiметтер жинау социологиялық зерттеудiң ең негiзгi кезеңi болып саналады, өйткенi болашақтағы ғылыми қорытынды осы мәлiметтердiң негiзiнде жасалады. Сондықтан мәлiмет жинаудың әдiс-тәсiлдерiне айрықша көңiл бөлiнуi тиiс.
Қоғам жайлы, әлеуметтiк құбылыстар жайлы жиналған мәлiметтер мүмкiндiгiнше шындыққа сәйкес, әдiлеттi болу үшiн казiргi әлеуметтануда мәлiметтер жинаудың бiрқатар жетiлген әдiс-тәсiлдерi қолданылады. Сондай әдiс-тәсiлдерге бақылау, сұрау әдiстерi, салыстыру, математикалық-статистика әдiстерi жатады.
Бақылау – мәлiметтер жинауда барлық ғылымдарда ежелден қолданылып келе жатқан кең тараған әдiс. Бақылау процесi белгiлi бiр қоғамдық құбылысты қабылдаудан, жазып қоюдан және түсiндiрме жазудан тұрады.
Кез келген қабылдау бақылау бола бермейдi. Ғылыми бақылау – белгiлi бiр мақсатқа сәйкес құбылысты мұқият қабылдау болады. Жай бақылауға қарағанда, ғылыми бақылау жоспарлы да жүйелi түрде, белгiлi бiр зерттеу мақсатында қабылдау болып табылады.
Ғылыми бақылаудың түрлерi: еркiн бақылау және тексерiлетiн бақылау, тiкелей және жанама бақылау, өзi қатыса отырып бақылау және сырттай бақылау, жаппай бақылау және жеке-дара бақылау.
Сауалнама да мәлiметтер жинауда өте жиi қолданылатын социологиялық әдiс болып табылады. Ол зерттеушi мен зерттелушiнiң ауызша сөйлесу түрiнде жүргiзiледi. Зерттеушi өзiне керектi құбылыстар жайлы сұрақтарды ауызшы немесе жазбаша түрде қоюы мүмкiн.
Алдын ала дайындалған сұрақтар жазылған анкеталар тарату әдiсi жиi қолданылады. Анкета тарату жолдары түрлiше болады. Анкеталарды пошта арқылы жеткiзуге болады немесе баспасөзде жарияланып.
Сұхбат дегенiмiз белгiлi бiр мақсатпен бiр немесе бiрнеше адаммен әңгiмелесу жолымен мәлiмет жинау әдiсi.
Тест. Алдағы уақытта болуға тиiстi белгiлi бiр жағдайға байланысты жеке адамдардың қандай ой-пiкiрде екенiн бiлу үшiн мәлiметтер жинаудың құралы ретiнде тест қолданылады.
Математикалық-статистикалық әдiс қазiргi кезде социологиялық зерттеулерде кеңiнен қолданылады. Кейде математикалық әдiспен статистикалық әдiстi жеке-дара атайды. Шынында да бұл екеуi көбiнесе iс жүзiнде бiрге қолданылады, өйткенi олар бiр-бiрiмен iштей бiрлiкте – екеуi де қоғамдық құбылыстар жайлы дәл сан мәлiметтерiн жинаудың құралы. Бұл екеуiн қолданудың арқасында көпшiлiк пен жеке-дара, ерекше мен жекеше, құбылыстардың сандық және сапалық жақтары өзара байланыста, бiрлiкте қаралып, сандық қатынастар арқылы сапалық жақтарын түсiндiруге мүмкiндiк туады.
Социологиялық зерттеуде сондай-ақ салыстыру әдiсi де қолданылады. Бұл әдiс салыстыруға болатын ортақ белгiлерi бар құбылыстардың ұқсастығымен қатар айырмашылығын да табу үшiн қолданылады. Бұл әдiс эксперименттiң және басқа әдiстердiң қолданылу мүмкiндiгi шектеулi болатын құбылыстарды зерттеуге қолданылады.
Құжаттардың мазмұын талдау әдiсi. Бұл зерттеу ғылыми-зерттеу объектiсi болып отырған құбылыстар жайлы жазбаша құжаттардың мазмұнын талдау үшiн қолданылады. Қазiргi заман адамзат қоғамында әлеуметтiк құбылыстар жайлы жазбаша мәлiметтердiң көлемi барған сайын артып келе жатқанын еске алсақ, қоғамдық құбылыстарды зерттеу үшiн қажеттi мәлiметтер жинаудың әдiсi ретiнде құжаттардың мазмұнын талдауды қолданудың қаншалықты маңызды екендiгi өзiнен-өзi түсiнiктi болар.
Социологиялық мониторинг жүйесiн екi салаға: әлеуметтiк мониторинг және статистикалық мониторинг деп бөлiп қарастыру қажет.
Әлеуметтiк мониторинг қоғамда болып жатқан өзгерiстердi қадағалап отырудың бiртұтас жүйесi болып табылады. Оның басты мiндетi – жаңа, қажеттi және жүйеленген мәлiметтердi бiрден емес, белгiлi бiр уақыттарда жүйелi түрде алып тұру болып табылады.
Әдетте, аса зәру проблемалар бойынша әр айда, тоқсанда экспресс сауалнамалар өткiзiлiп тұрады.
Статистикалық мониторинг – сандық сипаттамалар, нақтырақ айтқанда қоғам өмiрiнiң түрлi жақтары туралы статистикалық көрсеткiштер мен коэффиценттер алу жүйесi. Оның басты мақсаты саяси, экономикалық, әлеуметтiк т.б. құбылыстарды тиiмдi талдауға қажеттi әлеуметтiк және экономикалық статистика көрсеткiштерiн жинап беру болып табылады.
Әлеуметтiк мониторинг дегенiмiз – қоғам өмiрiнiң аса зәру проблемалары жайлы әлеуметтiк және статистикалық, мәлiметтер алу, өңдеу және сақтаудың тармақталған жүйесi. Әлеуметтiк мониторингтiң негiзгi сипаты:
елдегi аса елеулi құбылыстарды қамтып отыру;
әлеуметтiк және статистикалық көрсеткiштердiң белгiлi бiр тұрақты түрлерiнiң болуы;
пайдаланудың қажетсiнуiне қарай өзгерiп отыратын, сөйтiп мониторингтiң икемдiлiгiн қамтамасыз ететiн көрсеткiштердiң болуы;
мәлiметтердi байланыс каналдары арқылы орталық есептеу орталығына беру, оларды өңдеу және сақтау жүйесiнiң болуы;
мониторингтi бiртұтас ұйымдық орталықтан жүргiзу;
бар мәлiметтердi пайдалануды ұйымдастыру.
3. Зерттеушi құбылыстар жайлы мәлiметтер жиналып болған соң оларды ғылыми жағынан классификациялауға (жүйеге келтiруге) кiрiседi. Классификацияның негiзi ретiнде құбылыстард алынады, өйткенi сондай белгiлер құбылыстарды мүмкiндiгiнше терең танып бiлуге негiз болады.
Зерттелушi құбылыстарды жүйелi түрде тәртiпке келтiрiп, олардың заңдылығын бiлдiретiн iшкi байланыстарын ашып көрсету үшiн, классификация белгiлi бiр логикалық ережелер мен теориялық талаптарға сәйкес келуi тиiс. Олар мыналар:
классификация зерттеу үшiн мәндi белгiсi бойынша жасалуы тиiс;
классификация жүйелi болуы қажет, яғни ол бiрден бiрнеше белгiсi бойынша жасалмай, бiр ғана белгi бойынша жасалуы тиiс;
классификация толық болуы тиiс, яғни белгi бойынша сол құбылысқа қатысты жағдайдың бәрiн қамтуы тиiс;
құбылыстардың әр тобының арасындағы ауырмашылықтар елеулi болуы керек.
Зерттеушi құбылыстарды бұлайша классификациялауға кiрiспес бұрын жиналған мәлiметтердi мұқият ретке келтiрiп, мәндi белгiлерiн анықтап алу керек.
