Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
375.81 Кб
Скачать

Экономикалық әлеуметтану

Экономикалық әлеуметтану, әлеуметтiк өмiрдiң экономикалық және экономикалық емес жақтары мен (дiн, саясат, құқық, мораль т.б.) олардың арасындағы қарым-қатынасын әлеуметтiк әдiс, техника және анық үлгiлердiң көмегiмен зерттейтiн әлеуметтанудың бiр саласы. Басқаша айтқанда тауарлар мен қызмет өндiрiсi, тұтынуы, таралуы, айырбастауы сияқты күрделi қызметтердi қамтитын экономикалық факторлардың әлеуметтануға сүйене отырып зерттелуi. Осымен байланыстыра отырып, экономикалық әлеуметтанудың екi негiзгi тармақтары бар. Бiрiншiсi, экономикалық факторлар, екiншiсi, экономикалық факторлар мен экономикалық емес факторлар арасындағы байланыс.

Әлеуметтiк өмiр экономикалық, саяси, дiни, құқықтық және педагогикалық сияқты бiрнеше қырлардан қалыптасуда. Бұлардың бәрi бiр-бiрiнен бөлек танымдалуда, бiрақ тәжiрибеде бәрi де бiр-бiрiне әсер етуде. Әлеуметтiк өмiрдiң бұл жақтарына керi әсер ететiн әлеуметтiк ғылыми сипаты бар. Мысалы, экономика, саясат, әлеуметтану сияқты. Әр ғылым өзiнiң шеңберiнде зерттеулер жүргiзуде, iзденуде. Әлеуметтану ғылым ретiнде басқа әлеуметтiк ғылымдарға қарағанда әлеуметтiк құбылысты бiрнеше жағынан қарастырады. Осған байланысты әлеуметтану өз iшiнде бiрнеше салаға бөлiнедi: экономикалық әлеуметтану, саясат әлеуметтануы, құқық әлеуметтануы т.б. болып.

Әлеуметтiк өмiрдi жан-жақты түсiнуiмiз үшiн экономикалық құбылысты мұқият зерттеуiмiз керек. Өйткенi экономикалық құбылыстар күрделi әлеуметтiк және қоғамдық өмiрдiң жиынтығы. Мысалы, жұмыс iстеу шарттары мен жалақы туралы жұмысшылар және жұмыспен қамтамасыз ететiндер арасындағы шиеленiс экономикалық құбылыс. Мұның арғы жағында әлеуметтiк әрекеттер мен байланыстар жатыр. Сондай-ақ жұмыссыздық пен ажырасу пайызының артуы арасындағы байланыстың сыртында экономикалық себептер жатқаны белгiлi.

Басқа жағынан әлеуметтiк өмiрдiң экономикалық емес жақтары да экономикалық құбылыстарға әсер етуде. Мысалы, әр түрлi саяси шарттардың қоғамға экономикалық жағынан тигiзетiн әсерiн жорамалдауға болады. Осы тақырыптың басқа мысалы ретiнде атақты немiс әлеуметтанушысы М.Вебердiң қазiргi заман капитализмiнiң түптамырын Англияда дамыған протестан моральына негiзделгенiн көрсетуде. Вебердiң бұл тезисiн көрсетiп дәлелдеуге тырысқан шығармасы (еңбегi) «Протестан моралы және капитализмнiң рухы».

Қысқаша айтқанда экономикалық құбылыстар мен экономикалық емес құбылыстар арасында тығыз байланыс бар. Бұл себептен әлеуметтанушы экономикалық құбылыстарды мұқият зерттеуде, зерделеуде. Экономикалық әлеуметтану болмайды деген экономистер кездесуде, оларға жауап ретiнде «Әлеуметтiк көрсеткiштер мен экономикалық көрсеткiштер» деген тақырыпта өз ойын ашық айтқан экономистiң сөзiн қайталауға тура келедi. «Жақсы либералистердiң iсi, соңында, күлетiндей болып, жоқ болып кетсе, мұның себебi, әрине сөз жоқ әлеуметтiк талдау мен сараптаудың жоқтығынан. Экономикалық көрсеткiш пен жоспарлауды бiлмегендерi үшiн оларға күлудiң немесе мазақтаудың қажетi жоқ. Бiрақ тұтастай көзқарасқа жету үшiн, көз алдымызда тұратын басқа әлеуметтiк құбылыстың бiреуiн ғана бiлмегендерi шындық».