
- •Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi
- •Студенттерге арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пән бойынша негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
- •Бөж жазу тәртiбi
- •Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
- •Жалпы теориялық социология
- •Орташа социология
- •Микросоциология
- •Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
- •Ш.Уәлихановтың әлеуметтану жөнiндегi тұжырымдамалары
- •Абайдың әлеуметтанулық ой-пiкiрлерi
- •Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
- •Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
- •Әлеуметтiк топтар қоғамның әлеуметтiк құрылымының элементтерi
- •Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары
- •Девиаиця және әлеуметтік бақылау
- •Білім беру әлеуметтануы
- •Мәдениет әлеуметтануы
- •Экономикалық әлеуметтану
- •Саяси әлеуметтану
- •Отбасы әлеуметтануы
- •Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудiң әдісі мен техникасы
- •Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
- •Iрiктеудi есептеудiң әдiсi Облыс бойынша соцологиялық зерттеуге қатысатын респонденттер санын анықтау
- •Барлық:
- •586 Адам Анықтамалық сөздік
Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI
БЕКIТЕМIН
Факультеттің жұмыс бағдарламасы жөнiндегi
комитеттiң төрайымы
________ Құламанова З.А.
«_____»__________ 2013 ж.
Студенттерге арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені
«ӘЛЕУМЕТТАНУ»
Кафедра: «Қазақстан тарихы»
2013/2014 оқу жылы, 3/5 семестр
Пререквизиттер: Тарих, Психология
Постреквизиттер: Философия, Мәдениеттану
Мамандық: барлық мамандықтарға
Кредит саны: 2 кредит
Оқытушының Ф.А.Ә: Сулеймен Мадина Арсыланқызы
Тараз 2013ж.
Курстың пререквизитi
Әлеуметтану курсын ЖОО-да оқу үшiн мiндеттi пәндермен қатар, «Тарих», «Психология», «Мәдениеттану» пәндерiн толық бiлуiңiздi талап етедi.
Пән бойынша негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
№ |
Кітаптың, оқу құралының аталуы |
Баспа, бас. жылы |
Кітапхананың аталуы мекені |
Саны (дана) |
1 |
Әлеуметтану |
Ғылым,2003 |
ТарМУ, (тех. корпус) |
10 |
2 |
Социология |
Білім, 2000 |
ТарМУ, (тех. корпус) |
15 |
3 |
Социология |
Өлке, 2003 |
ТарМУ, (тех. корпус) |
10 |
4 |
Социология |
Қазақ университеті 2002 |
ТарМУ, (тех. корпус) |
5 |
5 |
Социология |
Юнити, 2001 |
ТарМУ, (тех. корпус) |
15 |
6 |
Социология краткий тематический словарь |
Феникс, 2001 |
ТарМУ, (тех. корпус) |
5 |
Курстың мазмұны
Адам мен қоғам жөніндегі ғылымдардың ішінен, әлеуметтік дүние тұлғаның әлеуметтік өзара қатынастары жөніндегі ғылым - әлеуметтану маңызды орын иеленеді. Қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелердің өзектілігін тұлғаның қоғамдағы орнын және адам жөніндегі білімінің рөлін арттырады. Әлеуметтану адамдар өз өмірін қамтамасыз етіп, қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, ұрпақ қалдырып, қоғамның біртұтастығын сақтап қалу мақсатында құрған күрделі әлеуметтік жүйені, институттарды түсінуге көмектеседі. Әлеуметтану кез келген құбылысты адамдық тұрғыдан қарастыруға, оның әлеуметтік механизмдері мен салдарларын көруге мүмкіндіктер береді. Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика мен әлеуметтік мемлекеттің түпкі конституциялық қағидаларын тек әлеуметтану пәні арқылы нақты түсініктермен толығады.
Оқу курсында «әлеуметтік», «қоғамдық қатынастар», «әлеуметтік әрекеттер», «әлеуметтік бақылау», «әлеуметтік институт», «әлеуметтік және рухани нормалар», «тұлға», «әлеуметтік орта», «әлеуметтік процестер» сияқты негізгі категориялар мен ұғымдар қарастырылады.
Курстың мақсаттары мен міндеттері – Қазақстан Республикасындағы жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттестікпен даму заңдылықтарының қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылық пен өзара байланысқа түсуі және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді.
Курс компоненттерiнiң негiзгi талаптары.
Сабаққа мiндеттi түрде қатысу қажет. «Әлеуметтану» курсын оқу үшiн негiзгi теориялық қырлары көрсетiлген лекция конспектi ұсынылады.
Курсты оқуға Сiз шындап ниеттенедi деген үмiттемiз. Сабақты себепсiз жiберiп алғанда, тәртiп бұзушылық кезiнде, көросетiлген оқу кестесiне бағынбағанда Сiзге жаза санкциясы қолданылады.
- сабаққа қатыспағанда (-1 балл);
- себептi жағдайда (0 балл);
- дискуссияға қатыспағанда (-1 балл);
- iскерлiк ойынға, фокус топқа қатыспағанда (-1 балл).
- Интернеттен алынған рефераттар плагиат ретінде табылып қабылданбайды.
- дәріске кіргеннен бастап ұялы телефондарды қолдануға қатаң тыйым салынады.
Дискуссия (пiкiрсайыс):
Белгiленген тақырып бойынша пiкiрсайысқа барлығы мiндеттi түрде дайындалады, алдын ала қандай да болмасын аспектiге өзiнiң түсiнгенiн – түсiнбегенiн бiлдiредi. Пiкiрсайыс сұрақтары төменде «курс мазмұны» таблицасында көрсетiлген.
Пiкiрсайыс топ түрiнде өткiзiледi, 2 топтан тұрады, әр пiкiрсайысқа жаңа топ қатысады. Оқытушы тiзiмiне алдын ала жазылу керек.
Терминологиялық диктант – Әлеуметтануда қолданылатын спецификалық сөздер мен сөз тiркестерiн сабақта мағыналарына зер салады. Оқытушы терминологиялық диктантта әлеуметтанулық терминдi атайды, бiлiмгер жеке-жеке параққа берiлген терминнiң анықтамасын және ұғымын түсiндiредi. Оқытушы бiлiмгердiң өзiндiк және шығармашылық жақындауын бағалайды, жұмыс жазылып бiткен соң аты-жөнi жазылып тапсырылады, аты-жөнi көрсетiлмеген жұмыс қабылданбайды.
Үй тапсырмасы – үй тапсырмасы классик социологтардан бастап бүгiнгi күнiмiздегi социолог-ғалымдардың теориялары мен концепцияларын жете меңгеру үшiн қосымша әдебиеттердi пайдалану арқылы қажеттi ақпарат жинақтау үй тапсырмасында орындалатын басты мiндет. Әлеуметтану пәнiнен керектi тақырыптарда бiлiмгер өз алдына дайындалу арқылы бiлiмiн ұштай алады.
Социологиялық зерттеулер - бұл қоғам мен әлеуметтiк және қоғамдық қатынастарды ғылыми зерттеу. Ол шындық әлемiндегi мәлiмет пен айғақтарға сүйене отырып оған ғылыми түсiнiк беру арқылы оны зерттеуге ұмтылады.
Социологиялық сауалнама – алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап алу. Бұл әдiстiң ерекшелiгi – тiкелей (сұхбат) немесе жанама (анкеттеу) арқылы зерттеушi мен жауап берушi арасындағы әлеуметтік-психологиялық байланыс.
Бiлiмгерлердiң өзiндiк жұмысы – (БӨЖ) баяндама және ауызша презентация түрiнде дайындалады. Баяндама рефераттық түрде, көлемi 5-7 бет болуы керек. Жазбаша реферат алдын ала таңдалған тақырыпта орындалады. Қажет деген жағдайда қосымшалар: таблица, схема түрiнде және қолданылған әдебиеттер тiзiмiн көрсетедi. Бiлiмгер жұмысты бiтiрiп белгiлiнген мерзiмдегi аптаның басында оқытушыға өткiзуi тиiс, тексерiлiп бiткеннен кейiн бiлiмгер өзiндiк жұмысын аудиторияда оқытушының алдында қорғайды.
Емтихан талаптары
Емтихандағы барлық тапсырма үй жұмысына, практикалық тапсырмаларға, тесттерге және т.б. негiзделедi. БӨЖ орындауда Сiзге өткен тақырыптар мен материалдар өте қажет болады.
Емтихан сұрақтары консультацияда берiледi.
Емтихан сұрақтары оқу бағдарламасы тақырыптарымен сәйкес келедi.
Емтихан сұрақтары барлық оқу материалдарын қамтиды.
Емтихан алдында өткен тақырыптарды қайталап, қорытынды жасау керек. Емтихан тест түрінде өтедi.
Белсендiлiк – пiкiрсайыста (дискуссия), БӨЖ-дегi белсендiлiгi ескерiледi. Ол үшiн сабақ кезiнде жұмыстарға белсене қатысу қажет. Бiлiмгер оқуға жақсылап дайындалып келуi тиiс. Сабаққа белсене араласса алдын-ала көрсетілген балл жинауға көмектеседi.
Пәннiң мазмұны
№ |
№ апта |
Сабақтың тақырыптары |
Ескертпе |
1 |
1 апта |
Курспен танысу №1 Лекция. Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде. |
10-28 бб.. Радугин |
2 |
1 апта |
№1 Семинар. Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде. Үй тапсырмасы. Әлеуметтану ғылым ретінде. |
10-28 бб.. Радугин |
3 |
2 апта |
№ 2 Лекция. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде |
25-40 бб.. Тұрғынбаев |
4 |
2 апта |
№ 2 Семинар. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде. Үй тапсырмасы. Әлеуметтану білімінің құрылымы. |
25-40 бб.. Тұрғынбаев |
5 |
3 апта |
№ 3 Лекция. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация. |
25-40 бб.. Тұрғынбаев |
6 |
3 апта |
№ 3 Семинар. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация. № 1 Дискуссия (Пiкiрсайыс) «Қазiргi заманда жастардың мамандық таңдауы» |
100-122 бб.. Аитов, Биекенов |
7 |
4 апта |
№4 Лекция. Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары. №1 Терминологиялық диктант. |
115-131 бб.. Лавриненко В. |
8 |
4 апта |
№4 Семинар. Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары. Үй тапсырмасы. Топта социометриялық сауалнама жүргiзу |
115-131 бб.. Лавриненко В. |
9 |
5 апта |
№5 Лекция. Девиация және әлеуметтік бақылау. |
115-131 бб.. Лавриненко В. |
10 |
5 апта |
№5 Семинар. Девиация және әлеуметтік бақылау. Үй тапсырмасы. «Нашақорлық пен қылмыстың әлеуметтiк себептерi» |
4-14 бб.. Тұрғынбаев |
11 |
6 апта |
№6 Лекция. Білім беру әлеуметтануы. Мәдениет әлеуметтануы. |
207-233 бб.. Кравченко |
12 |
6 апта |
№6 Семинар. Білім беру әлеуметтануы. Мәдениет әлеуметтануы. Үй тапсырмасы. «Ұлтаралық қақтығыстар» |
207-233 бб.. Кравченко |
13 |
7 апта |
№7 Лекция. Экономикалық әлеуметтану. Саяси әлеуметтану. № 2 Терминологиялық диктант |
Әбсаттаров Р. 238-256 |
14 |
7 апта |
№7 Семинар. Экономикалық әлеуметтану. Саяси әлеуметтану. Үй тапсырмасы. Жамбыл облысындағы еңбек нарығына әлеуметтiк-экономикалық талдау жасау. |
Әбсаттаров Р. 238-256 |
15 |
8 апта |
№ 8 Лекция. Отбасы әлеуметтануы. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы. |
5-13 бб.. Әбдiкерiмова |
16 |
8 апта |
№ 8 Семинар. Отбасы әлеуметтануы, Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы. № 2 Дискуссия (Пiкiрсайыс) «Қазiргi заман Қазақстандық қоғам (кемшiлiгi мен артықшылығы)» Үй тапсырмасы. ҚР-дағы мемлекеттiк тiлдiң проблемалары |
5-13 бб.. Әбдiкерiмова |
17 |
9 апта |
№ 9 Лекция. Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы. |
Рахметов Қ. 180-207 б. |
18 |
9 апта |
№ 9 Семинар. Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы. Үй тапсырмасы. Әлеуметтанулық зерттеудің әдістемесі, әдісі және техникасы |
Рахметов Қ. 180-207 б. |
19 |
10 апта |
№10 Лекция. Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау. |
Әбсаттаров Р. 294-318 б |
20 |
10 апта |
№10 Семинар. Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау. Қорытынды |
Әбсаттаров Р. 294-318 б |
Баға қою саясаты
Курстың компоненттерi |
Тапсырма саны |
Макс. балл |
Балл мөлшерi
|
Терминологиялық диктант |
2 |
3 |
6 |
Дискуссия (пiкiрсайыс) |
2 |
3 |
6 |
Үй тапсырмасы |
8 |
3 |
18 |
Аралық аттестация |
1 |
8 |
8 |
БӨЖ |
2 |
6 |
12 |
Белсендiлiк |
10 |
1 |
10 |
Емтихан |
1 |
40 |
40 |
Барлығы |
|
|
100 |
№1 Терминологиялық диктант – Әлеуметтануға байланысты әлеуметтанушылардың еңбектерiнде кездесетiн әлеуметтанымдық ұғымдарды, түсiнiктердi терең бiлу мақсатымен бiлiмгерлерден сұралады. Бұлар: авторитаризм, аграрлық қоғам, азаматтық қоғам, анкеттеу, әлеуметтану зерттеуі, әлеуметтану сауалнамасы, әлеуметтанудағы латенттілік, әлеуметтанудағы сандық әдістер, әдет-ғұрып, әлеуметтену, әлеуметтік байланыс, әлеуметтік бақылау, әлеуметтік динамика, әлеуметтік жоспарлау, әлеуметтік жүйе, әлеуметтік қауымдастық, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік құндылықтар, әлеуметтік мәдениет, әлеуметтік мотивация, әлеуметтік нормалар, әлеуметтік прогресс, әлеуметтік төңкеріс, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік-саяси белсенділік, әлеуметтік-саяси болжам, әлеуметтік-саяси дағдарыс, әлеуметтік-саяси коммуникация, әлеуметтік-саяси қозғалыс, әлеуметтік-саяси мүдделер т.б. Білімгер терминологиялық диктантқа дайындалуы үшін анықтамалық сөздік берілген.
№2 Терминологиялық диктант – Қазіргі заман Батыс әлеуметтанушыларының және еңбектерiнде кездесетiн әлеуметтанымдық ұғымдарды, түсiнiктердi терең бiлу мақсатымен бiлiмгерлерден сұралады. Бұлар: әлеуметтік-саяси реформа, әлеуметтік-саяси шиеленіс, әлеуметтік-саяси элита, басқарушы аппараты, бедел, билік, бихевиоризм, бюрократия, гендерлік зерттеу, дәстүр, демократия, диаспора, еңбек бөлінісі, индустриалды қоғам, қоғам, қоғамдық пікір, қоғамдық-экономикалық формация, қоғамның тұтастығы, қолданбалы әлеуметтану, макро-микроәлеуметтану, маргиналдар, мемлекет, отбасы, өзін-өзі басқару, өмір салты, өркениет, постиндустриалды қоғам, репрезентативтілік, респондант, саяси төңкеріс, сословия, социум, сұрыптау, сұхбат, сұхбатнама, урбанизация, ұлт, ұлыс, іштей бақылау, эгалитаризм, этатизм, этнос т.б. Білімгер терминологиялық диктантқа дайындалуы үшін анықтамалық сөздік берілген.
Аралық аттестация –бағдарламада жоспарланған тақырыптар бойынша білімгердің дайындалып сұрақтарға жауап беруі, аралық аттестация жалпы сынаққа дайындық болып табылады.
Дәрістің тәжірибелік тапсырмасы - пән бойынша оқытушының берген тапсырмасын тәжірибелік дәрежеде терең зерттеу арқылы білімгердің тақырыпты ашуы. Пәндік ерекшелікке орай әлеуметтанушылардың жүргізген әлеуметтік зерттеулерін әлеуметтанумен байланыстыра білу, салыстырмалы түрдегі зерттеу тәсілін еркін пайдалануды жүзеге асыру.