Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SAYaSATTANU_P_1240_NINEN_EMTIKhAN_S_1200_RA_117...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
497.66 Кб
Скачать

15. Саяси билік: түсінігі, мәні, типологиясы мен қызметтері.

1. Билік құбылысы: генезисі, мәні, анықтамалары, концепциялары, құрылымы.

Билік – саясаттанудың негізгі ұғымы болып табылады. Билік – адамзат қауымдастығының, адам өмірінің негізгі бастауларының бірі. Қоғам бар жерде билік бар, билік бар жерде қоғам бар. Билік жүргізу үшін сол билікке мойын ұсынатын қоғам қажет. Қоғамның бүкіл саяси өмірі осы билік айналасында өтеді.

Биліктің қажеттілігін ертедегі грек ойшылдарынан бастап айта бастаған болатын. Ежелгі заман ойшылы – Аристотель айтуы бойынша, билік ең алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін қажет, ол қоғамның тұтастығын, бірлігін сақтау үшін керек деп көрсетті. Кез келген қоғам белгілі бір тұрақтылық болмаса өмір сүре алмайды, осы тұрақтылықты қамтамасыз ететін нәрсе – бұл билік.

Билік – қоғамдық құбылыс, ол адамзат қоғамымен бірге пайда болды. Саяси биліктің пайда болуын саясаттануда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Кез келген қоғамда түрлі мүдделер (жеке дара, топтық мүдделер) болады, оларды әлеуметтік қоғамдастық реттеп, ұйымдастырып отыруы қажет. Мүдделер арасында қайшылықтар пайда болып, олар қақтығысқанда әлеуметтік шиеленіс күшейеді, сондықтан оларды реттеу қажет. Қоғам өмірін, ондағы топтар, жеке адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін механизм – билік қатынастары болып табылады. Биліктің мәні — өз еркін басқаларға (зорлықпен міндеттеу) жүргізе алу қабілеті.

Саясаттануда билік теориясы негізгі орын алады, ол саясатпен тығыз байланысты. Саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік үшін күрес және билікті жүргізу. Саяси ғылымда билікті саяси құбылыс ретінде зерттейтін саланы кратология («kratos» -билік, «logos» — ілім, ғылым) деп атайды. Саясаттануда билік, оның ішінде саяси билік туралы түрлі түсініктер, концепциялар, анықтамалар бар. Биліктің жиі кездесетін анықтамалары: телеологиялық, бихевиористік, құрылымдық, инструменталистік (құралдық), күштеу, еріктік, билік ықпал ретінде, конфликтік. Саясаттануда биліктің мәні туралы мынадай концепциялар бар: жүйелік концепциясы, реляционистік теориялар.

3. Биліктің қызметтері, жіктелуі

Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Олар:

1. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру.

2. Оның саяси жүйесін қалыптастыру.

3. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару.

4. Үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау.

5. Саяси және басқа қатынастарды бақылау.

6. Белгілібір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты құру.

7. Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау.

8. Дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу.

9. Қоғамдық келісімге, мәмілеге келу. т.с.с.

Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, қызмет етеді:

1.Жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей.

2.Орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шенбердегі жергілікті әкімшілік билік кіретін орта деңгей.

3.Адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.,

Ал демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару мақсатында, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп үш тармакқа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк(1632 - 1704)пен француз ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689 - 1753) болды.

Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды.

Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды, ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.

Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заң бұзушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялы жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.

Биліктің бейнесін, қоғамдағы рөлін, қызметін және болашағын бағалау үшін оны жүйелеп, топтастырудың мәні зор. Билік түрлері өзара байланысты бірқатар белгілермен өзгешеленеді.

1. Институционалданған (өзінің басқарушы және тәуелді құрылым деңгейі бар әр түрлі мекемелер түрінде ұйымдасқан, төмен шенділердің жоғары шенділерге бағынышты болып, араларында билеу-бағыну қатынастары орнаған) және институционалданбаған (биресми, басқарушы және атқарушы топтар анық, ашық көрсетілмеген) биліктің түрі.

2. Жұмыс істеу саласына байланысты билік саяси және саяси емес болып бөлінеді.

3. Құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері мен саласына қарай билік мемлекеттік, ассоциативтік болып, сыртқы саясат қатынастарында, дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың халықаралық билігі болып жіктеледі.

4. Биліктің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес, ұжымдық, т.с.с. болып топталады.

5. Қолданылатын әдіс, тәсіліне қарай үстемдік, озбырлық, басқа түрлерді еріксіз көндіру, сендіру, ерік, бедел, т.с.с. билігі болып бөлінеді.

6. Әлеуметтік түріне қарай феодалдық, буржуазиялық, т.с.с. болып бөлінеді

16. Биліктің анықтамалары және ресурстары.

Қазіргі саяси ғылым әдебиеттерде биліктің 5 анықтамасы кездеседі:

1. Бихевиористік анықтама бойынша билік бір адамның басқа адамның мінез-құлқына әсер етуші мүмкіндігіне негізделген ерекше мінез-құлық деп түсіндіріледі.

2. Телеологиялық анықтамада — билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жетудің амалы дегенді білдіреді.

3. Инструменталистік анықтама бойынша — билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады. Мысалы: зорлық, күштеу, т.б.

4. Структуралистік анықтамада — билік басқарушылар мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.

5. Конфликттік анықтама бойынша қоғамдағы игіліктерді даулы жағдайларды бөлісу, үйлестіру, құрастыру амалдары ретінде түсіндіріледі.

Жалпы алғанда билік дегеніміз қоғамдағы тап, әлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам т.б.субъектілердің тарапынан өзіндік ерік-жігерді іске асырудағы қабілеттіліктермен пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсінуге болады.

Қазіргі саяси ғылыми әдебиеттерде кеңінен белгілі Саймон деген американ саясаттанушының билік туралы пікірі таралған. Ол билікті былай деп түсінген «егер «В-ның» мінез- құлқын «А» өз талаптарына бағындыра білсе, онда «В-ның» үстінен «А» билік жүргізеді».

Сонымен, билік барлық ғылыми анықтамаларда адамдардың өз ерік жігерін әр түрлі (бедел, заң, күштеу) әр түрлі құралдары арқылы іске асыру тәсілі мен мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі.

Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуына төмендегі бөлшектердің болуы шарт: 1. Кем дегенде билік қатынасының жеке адамда немесе топтан тұратын екі өкілі болуы керек. 2. Билікті жүзеге асыру үшін оған бағынбаған жағдайда жазалау шараларын қолданатындығы жөніндегі басқарушының бұйрығы болуы тиіс. 3. Билікті жүзеге асырушыға билігі жүретін адамдардың бағынуы керек. 4. Бұйрықты берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуы тиіс. Ол бұл бұйрықтың кімге қатынасты болса, биліктің жүргізушіге бағынуға міндеттілігін айқындауға тиіс.

Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, күштеу, демографиялық.

Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б.

Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі.

Ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б.

Күштеу - бүл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура құрайды.

Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]