Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomikaly_1179_taldau.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.33 Mб
Скачать

15.2 Қорытынды бағаны есептеу

Пән бойынша қорытынды баға пайыздық мазмұнда келесі формула бойынша есептеледі:

И% = Р1+Р2 х 0,6 + Э х 0,4

2

мұндағы:

Р1 –1- рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны;

Р2 – 2- рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны;

Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны (тест-емтихан).

15.3 Студенттің оқу жетістіктерінің балдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау және сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың сандық баламасы

Оқу пәнін меңгерудің %-қ мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

A

4,0

95-100

үздік

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

15.4 Академиялық тәртіп саясаты

Үлгі

Тәртіпті бағалау критерийлері

Баллдар саны*

1.

Сабақтан кешігу

2.

Сабақ кезінде ұялы телефонмен сөйлесу

3.

Практика (семинар) сабақтарына белсене қатысу

4.

Басқа да критерийлер

*Ескерту: студенттің рейтингін төмендететін баллдар минуспен, жоғарылататын баллдар плюспен қойылады.

Алматы экономика және статистика академиясы

«Есеп және аудит» кафедрасы

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

«Экономикалық талдау » пәні бойынша

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы

Алматы, 2014г.

Тақырып 1. Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектіci және мазмұны.

Дәрістің мақсаты: студенттерге экономикалық талдау негіздері бойынша теориялық аспектілерін қарастыру және түсіндіру.

Дәріс сұрақтар:

1. Экономикалық талдаудың мазмұны, пәні, объектілері және міндеттері.

2. Экономикалық талдау және шектес ғылымдар.

3. Шаруашылық субъектісін басқарудағы экономикалық талдаудың рөлі.

Дәрістің мазмұны

1 Экономикалық талдаудың мазмұны, пәні, объектілері және міндеттері.

«Талдау» сөзі грек тілінен аударғанда «бөлу, бөлшектеу» деген мағынаны білдіреді. Бөлшектеп, зерттеліп отырған құбылыстар мен процесстердің адам саны, деңгейіне, қоршаған ортада қарастыруға мүмкіндік береді. Алайда, жинақтамалы тәжірибеде көрсеткендей талдау «таза» күйінде экономикалық құбылысты түсіндіре алмайды және сол себепті зеттеліп отырған пәннің жеке бөліктері арасында байланыс орнатып, бір-біріне тәуелділігін анықтап және оны біртұтас жүйеге келтіру керек.

Экономикалық талдау негіздері дегеніміз ол экономикалық құбылыстар мен процесстердің оларды құралдарға, бөліктерге бөлшектеу негізінде және олрды жан-жақты байланыстырып зерттейтін ғылым теориясы.

Экономикалық талдаудың мақсаттары:

1. Объектінің жағдайларына нақты баға беру

2. Қойылған талаптан айырмашылығын көрсету

3. Активтер мен міндеттемелердің өзгерістеріне әсер ететін факторларды зерттеу

4. Өндіріс тиімділігін арттыру, резервтерді анықтау

Экономикалық талдаудың негізгі объектісі болып шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижелері:

2. Экономикалық талдау және шектес ғылымдар.

Экономикалық талдаудың даму кезеңдері 3 бөлінеді:

  1. 5-18 ғғ. Бұл кезеңде экономикалық ғылым өзінің мінез-құлқын жарата бастаған кезі

  2. 18-19 ғғ. Бұл кезеңде материалдық ресурстарды өндіру, бөлу, пайдалануды іске асырып мысалы: экономикалық қатынастарды үй шаруашылық процессіне жатқызған

  3. 19-21 ғғ. Мұнда адам тәрбиесінің оптималды етуіне жағдай жасайды. Осы кезеңнен соң өз орнын шаруашылықта пайда көзімен таба алады

Табиғаттың және қоғамдық өмірдің құбылыстарын зерделеу талдаусыз мүмкін емес. Талдау термині – грек сөзінің «анализ», яғни аударғанда «бөлу», «бөлшектеу» деген мағынаны білдіреді. Осыған орай, талдау – қысқартып айтқанда құбылыстарды бөлшектеу немесе қатты толық зерделеу үшін, олардың бөліктерін, элементтерін құрамдарға бөлшектеу. Бұл жағдай экономикалық құбылыстар мен процестерге тікелей қатысты. Мысалы: Пайданың мәнін түсіну, оның алудың көздерін білуді, сонымен қатар оның ауқымын анықтайтын факторларды анықтауды қажет етеді. Бірақ, талдау зерттеліп жатқан затты синтезсіз, толық ашып, көрсете алмайды. Яғни, байланыс пен тәуелділікті оның бөліктерімен алмасу, яғни оның толық бөлінуге болмайды. Мысалы: Пайданы зерттеген кезде, оған әсер ететін факторлардың өзара байланысын, қарым-қатынасын бірге зерттеу керек. Тек, талдау мен синтез бірге болғанда ғана заттар мен құбылыстарды ғылыми зерттеу қамтамасыз етіледі.

Экономикалық талдау – ол экономикалық құбылыстар мен процестерді, оларды құралдарға, бөліктерге бөлшектеу негізінде және оларды жан-жақты байланыстырып зерттейді. Экономикалық талдау жеке ғылым болып XX ғасырдың I-жартысында пайда болды. Яғни, осы талдаудың көмегімен басқару шешімдерін қабылдау жүзеге асырылды. Мысалы: Талдау – үлкен кәсіпорын менеджерлеріне қашан және қанша экспорт, импорт алуы туралы көмектеседі. Экономикалық талдау – нарық жағдайын зерттейді. Яғни, осы талдаудың көмегімен белгілі-бір уақыт аралығында өзгерістерге баға белгіленеді.

Экономикалық талдау пәні объективті және субъективті факторлырының әсерінен жинақталып, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы алынған кәсіпорындардың, бірлестіктердің шаруашылық процесстерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметтерінің шаруашылық нәтижелері болып табылады.

Теориялық, саяси-экономикалық талдау – абстракцияның жоғарғы дәрежесіне негізделген сапалы логикалық талдау, дәлме-дәл айтқанда экономикалық заңдылықтар, категориялар мен түсініктердің талдауы.

Нақты экономикалық талдау – нақты есептеулер мен формулалар арқылы берілген сандық талдау.

Теориялық талдау және нақты талдау бір-бірімен әрқашанда байланысты. Кез-келген формула немесе модель математикалы дұрыс болып қана қоймай, қарастырылып отырған құбылысқа немесе көрсеткішке теориялық жағынан негізделуі керек.

Макроэкономикалық талдау – бұл әлемдік шаруашылықтың талдауы, мемлекеттің халық шаруашылығының жүйелі талдауы. Халық шаруашылығына қатысты сандар өз алдына маңызды сандар, бірақ оларды салалық, аймақтық, халық-шаруашылық, ғылыми техникалық және экономикалық программалар сияқты топтарға бөле білу қажет. Осыған байланысты талдаудың салалық экономикалық, аумақтық экономикалық және программалық бағытталған түрлері туындайды.

Макроэкономикалық талдау теориялық талдауды да, нақты экономикалық талдауды да қолданады.

Микроэкономикалық талдау дегеніміз мекеменің халық шаруашылығының негізгі бөлімдерін жүргізудің талдауы. Мекеменің шаруашылық жүргізуін талдау дегеніміз зерттеулер мен ақпараттық базада өзінің ерекшелігі бар экономикалық талдау. Әр мекеменің салалық бөлімдері, аумақтары бар екендігін және олар ғылыми-техникалық, экономикалық бағдарламаларды орындауға мемлекеттік тапсырыстар ала алатынын айта кету керек. Мекеменің нәтижесі халық шаруашылығының көрсеткіштерінде көрінеді. Микроэкономикалық және макроэкономикалық талдаулардың өздерінің ерекшелігі болғанмен, олар әрқашан салыстырылып отыру керек.

Экономикалық зерттеулер ішінде экономикалық талдау өз алдына өзінің пәні мен әдістері бар ғылым ретінде қалыптасты.

Ғылым ретінде экономикалық талдау дегеніміз мекеменің қызметі туралы экономикалық ақпараттарды өңдеу және талдауға қолданатын әдіс-тәсілдердің арнайы жүйесінің жиыны.

2. Шаруашылық субъектісін басқарудағы экономикалық талдаудың рөлі

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық талдау басқарудағы және қаржылық болып екіге бөлінеді.

Э кономикалық талдау

Басқарудағы талдау Қаржылық талдау

Ішкі талдау Сыртқы талдау

Мұндай бөлу коммериялық құпияларды сақтау заңы іс-ірекетіменен негізделген және тәжірибе жүзінде бухгалтерлік есеп жүйесінің кәсіпорын көлемінде басқару және қаржылық есепке бөлуіне байланысты, ал есеп беру басқарудағы және қаржылық есеп беру болып бөлінеді. Басқарудағы есеп беру өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құны жайлы немесе өтпей қалған тауарлар төменгі сападағы тауарлар туралы сыртқы тұлғалардан қатал құпияда ұсталынатын деректері бар есеп қисап.

Ал қаржылық есеп беру - бұл кәсіпорын жағдайын білу үшін оның қаржы жағдайы мен шаруашылық қызметінің есеп беру жылындағы нәтижесімен танысу үшін акционерлерге, банктерге, сақтандыру компанияларына, мемлекеттік ұйымдарға арналған арнайы анықтама және қаржы газеттерінде, бухгалтерлік бюллетеньдерінде жарияланатын есеп беру. Басқаруды талдау тек ішкі ғана болып бөлінбейді. Ол өндірістік және қаржылық талдауға бөлінеді және барлық экономикалық ақпараттарды қолданады. Тек қана осындай талдау кәсіпорынның жағдайын нақты бағалауға мүмкіндік береді. Сол кәсіпорынның басшылары талдау жүргізгенде өндірістік талдаумен бірге бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтеріне негізделген қаржылық талдау да жүргізіледі.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

  • Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;

  • Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

  • Айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;

  • Қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;

  • Кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

  • Ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;

  • Баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;

  • Кәсіпорын табыстылығын бағалау;

  • Кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқы мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау;

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау.

Өз білімін бақылау сұрақтары:

  1. Экономикалық талдау деп нені түсінеді?

  2. Экономикалық талдаудың қандай тұжырымдамалары бар?

  3. Қандай ғылымдармен экономикалық талдау тығыз байланысты?

Ұсынылған әдебиеттер:

    1. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2010. - 416 с.

    2. Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2009. - 222 с.

    3. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2008. - 336 с.

    4. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2007. - 294 с.

    5. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2009. – 128 с.

    6. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

Тақырып 2. Экономикалық талдаудың әдістеpi мен тәсілдері.

Дәрістің мақсаты: студенттерге экономикалық талдауды жүргізу кезінде қолданылатын әдістер мен амалдардың әдістемесі бойынша негізгі сұрақтарды түсіндіру.

Дәріс сұрақтар:

1 Экономикалық талдау әдісі және оның сипаттамалық ерекшеліктері.

2 Экономикалық талдаудың әдістемелік әдістері мен тәсілдері.

- дәстүрлі (абсолютті және қатысты айырымдар әдісі, орташа көлем әдісі, салыстыру және топтастыру әдісі, индекстік әдіс, тізбектелген қойылымдар әдісі, баланстық әдіс)

- экономико-математикалық әдістер (қарапайы математика әдісі, математикалық талдаудың классикалық әдісі, математикалық статистика және ықтималдылық теория әдісі, эконометриялық әдістер және т.б.).

Дәрістің мазмұны

1 Экономикалық талдау әдісі және оның сипаттамалық ерекшеліктері.

Талдау әдісі деп шаруашылық құбылыстар мен процестердің, олардың құралуы мен дамуына зерттеу жағынан және диалектикалық тұрғыдан жақындау амалы. Талдау әдісі келесі ерекшеліктерге тән:

1. Көрсеткіштер жүйесін пайдалану. Фирманың қызметін бағдарлайтын кезде бірнеше көрсеткіштер пайдаланылады. Фирманың жұмысын мынадай көрсеткіштермен бағалауға болады: пайда, рентабельдік, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың болуы.

2. Негізгі белгілі бір факторды зерттеу. Мысалы: Кез-келген компанияның таза табысына көптеген факторлар әсер етеді. Олар сатылатын тауардың саны, олардың бағасы, тауардың бәсекеге қабілеттігі, халықтың төлем қабілеттілігі, ауа райы, жолдың жағдайы және т.б. Барлық факторларды зерттеу мүмкін емес. Сондықтан тек негізгі көрсеткіштер ғана зерттеледі. Олар тауардың саны, олардың бағасы, тауардың бәсекеге қабілеттігі.

3. Өзара байланыстық, өзара тәуелділік. Фирманың барлық көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы: Таза табыс сатылатын тауардың сакнына, олардың бағасына, сатып алушылардың сұранысына байланысты. Сол уақыттағы сатып алушылардың төлем қабілеттілігі олардың еңбекақысына, жұмыс лауазымына, көңіл-күйіне байланысты. Осылайша компанияның барлық көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланысты.

Талдаудың әдістері теориялық және практикалық зерттеудің және объектіні, талдауды жүзеге асыруды түсіндіреді. Әдістемесі өз кезегінде әдістердің қолданылу тәртібін ашады. Талдаудың орындалу ережелерін әйгілі және ұсынылған жолдарды және талдаудың барлық кезеңдерінде аналитикалық процедураларының орындалуының негізін ұсынады.

Талдауда қолданылатын барлық әдістер басқарудағы әдістер сияқты 3 топқа бөлінеді:

1. Жалпылама әдістер

2. Арнайы әдістер

3. Жалпы әдістер

Жалпылама әдісі нақты ғылым мен олардың арасындағы алдыңғы орындағы философия болып табылады. Мұнда барлық құбылыстар мен процесстер тұрақты қозғалыста болады.

Жалпылама басқару әдісі ретінде мойындаудың диалектикалық әдісі танылады. Ол материалдық дүниенің әртүрлі зеттеудің ұтымды жүзеге асырылуына негіз болады. Қазіргі заманғы өндірістің басқару жүйесінің талдаудың диалектикалық әдісіне келесілер тән:

1) Мәселені қарау қиын емес,себебі экономикалық жүйенің барлық элементтерімен тығыз байланысты.

2) Ұйымды зеттеу және ұйымды басқару әрдайым дамуда. Бұл өз кезегінде осы дамудың заңдылықтарын анықтауға және жүйенің қайта өзгерту жолдарын зерттеу.

3) Практика мен теорияның тығыз байланысын,соның ішінде салалардың алдыңғы тәжірибелі жалпылама біріктіру.

4) Экономикалық ғылыммен байланысты нақты ғылымдармен және техникалық, қоғамдық жетістіктердің соңғы үлгілерін қолдану.

Арнайы тәсілдер. Экономикалық талдауда басқа тәсілдер сияқты жалпы тәсілдер де маңызды орын алады, яғни дерексіздендіру, жалпылама индукция, дедукция, фармальдау, салыстыру, болжау әдістері жатады. Барлық осы тәсілдер оңаша қолданады. Ал ережеге сай кешенді талдауда жалпы ғылым бір жүйесі ретінде, мысалы: дерексіздендіру әдісі бойынша символ түріндегі басқару жүйесінде болып жатқан терең процесстер ашылады. Ғылыми дерексіз талдаумен тығыз байланысты құбылыстардың элементтерге бөлінуін пайымдайтын одан жалпы және заттай бөлінуін зерттейді.

Кейін қолданылатын индукция және дедукция әдістері өзара байланысты және бірін-бірі толықтырып отырады.

Индукция әдісте жалпы нәтиже жеке бөліктерден құралады, дедукция әдісі жалпы жағдайлардан жеке нәтижегежету жағдайларда қолданылады.

Жалпыны бірлік ретінде мойындау және олардың өзара байланысы синтез арқылы жүзеге асырылады. Сонмен қатар жэүйелі құрылымдық зерттеулер экономикалық жүйедегі әртүрлі кемшіліктерді зерттеу және тиімді шынайы жүйелерді құраумен тығыз байланысты.

2.Экономикалық талдаудың әдістемелік әдістері мен тәсілдері

Экономикалық талдаудың әдістері шаруашылық субъект жүйелік кешенді зерттеу, өлшеу және өндірісті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында қолданылады.

Арнайы тәсілдер 4 топқа бөлінеді:

1. Ақпаратты жай логикалық тәсілмен өңдеу

2. Детерменді талдау

3. Стохастикалық факторларды талдау

4. Талдаудағы көрсеткіштердің оптималдау тәсілі

Ақпаратты жай логикалық тәсілмен өңдеу.Жай логикалық тәсіліне кіретіндер:

- салыстыру әдісі

- аналитикалықкестелердің құрылымдық тәсілі

- қатысты және орта ауқымдық тәсілі

- экспертті бағалау әдісі және т.б.

Детерменді талдау әдісіне:

- моделдеу әдісі

- тізбекетелген қойылымдар

- абсолютті және қатысты шамалар әдісі

- алгоритмдік, интегреалды әдіс

- қаржылық-анықтамалық тәсілдер

Стохастикалық факторларды тәсілдің құрамына:

- регрессивті талдау тәсілі

- корреляциялық

- көп мөлшерлі факторлық талдау

- тәуекелділіктердің қазіргі заманға сай тәсілі

Оптималдау тәсілдеріне жоғарыда айтылған тәсілдердің барлығы қатыстырылады. Қазіргі нарықтық экономиканың дамуына олардың мүмкіндіктерін іске асыруына байланысты бөлек топтарға бөліп талдайды. Бұл әдіске экономикалық-математикалық әдістер, сзықтық және сызықтық емес бағдарландыру тәсілі, шешім қабылдау теория тәсілі, ойын теория тәсілі және т.б. жатады.

Экономикалық талдаудың өзіндік әдісі бар.

Дәстүрлі әдістер: 1. Салыстыру, 2. Тізбектелген қойылымдар, 3. Айырмалар, 4. Баланстық байланыстыру, 5. Топтастыру, 6. Индекстік әдіс, 7. Динамикалық қатарлар, 8. Абсолютті және қатысты айырмалар әдісі.

Экономика-математика әдістері: 1. Матрицалық әдіс, 2. Ойындар теориясы, 3. Жаппай қызмет көрсету теориясы.

Дәстүрлі әдістердің ішінде ең кең тараған әдісі салыстыру әдісі. Салыстырудың бірнеше жолдары бар:

  1. Болжаммен (жоспармен) салыстыру

  2. Өткен жылмен салыстыру

  3. Сала бойынша орташа мәліметтермен салытыру

  4. Ең жақсы отандық және шетел тәжірибелерін салыстыру

Бұл тәсілдердің көмегімен экономикалық дамудың жетерлік деңгейіжене өсу қарқыны анықталады. Жоспармен, өткен жылмен салыстыру нәтижесінде айқындалатын ауытқудың шамасы + немесе – ие болады.

Салыстыру кезінде есептік нүктені және сәйкестендіру белгілерін сақтау қажет:

  1. Бағаны бір деңгейде ұстап тұру

  2. Өнімді сату құрылымының бірдей болуы

  3. Көптізбелі белгілердің салыстырмалығы

  4. Климаттық және аймақтық жағдай есебінің ерекшеліктері

Өз білімін бақылау сұрақтары:

  1. Салыстыру тәсілінің мәні неде?

  2. Талдауда салыстырудың қандай типтері қолданылады және олардың мақсаты неде?

  3. Салыстырмалы шамалардың негізгі түрлерін сипаттап беріңіз.

  4. Эвристикалық әдістердің қандай түрлері талдауда қолданылады?

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2010. - 416 с.

2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2007. - 222 с.

3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.

4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2007. - 294 с.

5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2009. – 128 с.

Тақырып 3. Факторлық талдау.

Дәрістің мақсаты:

Дәріс сұрақтар:

1. Факторлық талдаудың түсінігі, мақсаты және типтері.

2. Экономикалық талдаудың факторларын жіктеу және жүйелеу.

3. Факторлық жүйелердің қайта құрастырылуы және детерминациялық моделдеу.

Дәрістің мазмұны

1.Факторлық талдаудың түсінігі, мақсаты және типтері.

Ұлттық экономиканың сәйкес салаларын, қаржыландыру мен несиелеу тәртіптілік қаржылық және несиелеу органдарынан мекемелерімен байланыстылығын белгілейтін шаруашылық.

Қызметті жоғары дәрежеде талдауға мүмкіндік жоқ. Бұл ғылымда белгілі – бір дәрежеде бірлік бірі өзара байланысты. Талдаудың негізгі объектілеріне жататындар.

  • Кәсіпорының өндірістік құрылымы өндірілген өндірістің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру.

  • Өндірісті басқару процесін ұйымдастыру.

  • Шаруашылық статистикасын таңдау өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу.

  • Өндірісті қал-у капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын қорландыру.

  • Өндірістің материалдық техникалық, базамен қамтамасыз етілу.

  • Шикізаттардың материалдық жеткізілуі босалқы қорды қолдау және оларды ұтымды пайдалану

  • Өндірістің техникалық жағдайымен қажетті инфрақұрылымды құрылыс,

  • Өндірістік шығындарды қалыптастыру өнімнің өзіндік құнын кав-сы өн-ң баға сая-ты,

  • Өндірістің қаржы ресурстары: Қаржылық шаруашылық қызыметі,кә-ті тәу-к баға.

  • Кәсіпорын жаңару қызметі өнімнің сапасы және эканомикалық проблемалар.

  • Кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу жүйесі, және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.

Шаруашылық қызметтер талдауының жіктелуі

Олар сәйкесінше салалық кезеңдік, кеңістік белгілерінен, периоттық жүргізу, басқару объектілері.

Зерттеу әдістері, объекті жалпы қамту прогламалардың мазмұндары, тұтынушыларды талдаудан тұрады.

2. Экономикалық талдаудың факторларын жіктеу және жүйелеу

Шаруашылық қызметтің талдауының жіктелуі оны дұрыс түсіну үшін оның мазмұны мен тапсырмалары үлкен мағынаға ие. Экономикалық әдебиеттерде шаруашылық қызметтерді талдау әр түрлі мағынасы бойынша жіктелінеді. Солар баойынша, қоғамдық еңбекті болуы негізінде анықталады, талдау салалық болып бөлінеді. әр түрлі экономикалық салалар (өндірістік, ауыл шаруашылық,көлік сауда ж.т.б) яғни оларға арнайы тәсілдер қолданылады, және сала аралық. Бұл ұлттық экономиканың шаруашылықтың қызметін талдаудың теориялық және методологиялық болып табылады. Яғни шаруашылық қызметтің талдауының теориясы.

Салалық шаруашылық қызметін талдаудың объекті қажеттелігі өндірістегі салалардың әртүрлі болуымен түсіндіріледі қоғамдық өндірістерідің саласы өзінің еңбектің әрқилығын ерекшеліктеріне ие, өзінің мамандануы яғни экономикалық қарым қатынастар нәтижесінде болады. Әр түрлі салалардың мамандануы әр экономикалық ерекшелігімен шарттарын жасау қажеттілігімен негізделеді.

Салалық барлық қоғамдық өндіріс салалары Бір*бірімен тығыз байланысты оларда ортақ нәрсе көп жеке салалардың бір-бірімен байланысы, олардың арасындағы ішінара байланыстың болуы саларалық талдауын Шаруашылық қаржылық талдау жасау қажеттелігін тудырады. Шаруашылықты қызметтің талдаудың теориясы бұл- ғылымның жалпы методологиялық ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Шаруашылық қызметті талдаудың әр түрлі экономикалық саласын алдыңғы тәжербиелермен толықтырады. Экономикалық анализдің мазмұнын жалпы және салаларды қоса толықтырады. Экономикалық талдау бойынша жалпы теориялық білімін білу, салааралық талдауда ұқыпты квалификациялық практикалық қолданудың біріңғай әдісін жасау қажетті шарттардың бірі болып табылады.

Кезеңдік белгісі бойынша шаруашылық қызметті талдау алдағы кезең мен келешектегі ретраспективті тарихи. Алдағы кезеңді талдау шарашылық операциялардың іс-жүзіне асырғанша жүргізіледі. Басақарушылық шешіммен жоспарлы тапсырма саларалық болжамжы жоспарлау және жоспарды орындау күтімділік бағасы, ескерту қажеттілігіне негізделеді.

3.Факторлық жүйелердің қайта құрастырылуы және детерминациялық моделдеу.

Келешектегі талдау шаруашылық акт аяқталғанан кейін жүргізіледі. Ол жоспарды орындауды қадағалау пайдаланбаған резевтер қорын қорытындылау кәсіпоарын шешімдеріне қанағатты баға беру негізінде қолданылады.

Ретроспективті талдау оперативті және қорытынды деп бөлінеді. Оперативті талдау шаруашылық операциялары аяқталғанан немесе ситуациялық аз уақыт ішінде өзгеруіне негізделеді.

Қорытынды есеп беру кезеңінде жүргізіледі.

Оның құндылығы кәсіпорынның кезең ішінде есеп қорытындысын ауқымды және жан жақты зерттеуді қолда бар мүмкіндікті пайдалану кәсіпорындағы толық баға беруді қамтамасыз етеді.

Кеңістік белгілері бойынша ішкі шаруашылық немесе шараушылық аралық талдауды қарасытрады.

Ішкі шаруашылық талдау тек қана зерттелетін кәсіпорын мен рның өлшемдері мен қызметтерін қарасытрады. Шаруашылық аралық талдауда екі немесе одан көп кәсіпорындардың шешім қызметтері салыстырылады. Алдағы тәжербие мен кемшіліктер кәсіпорын қызметінің тиімділігіне дұрыс бағалау айқындауға мүмкіндік береді.

Мазмұндық программаны талдау кешенді және тақырыптық болып келеді. Кешенді талдау кәсіпорын қызметін жан-жақты қарасытырады. Сол уақыттығы қызықты мәліметтердің мысалы материалдық ресурстарды қолдану кәсіпоарнының өндірістік қуатты өнімінің өзіндік құнын төмендеті немесе тағы басқа. Осы айтылған шаруашылық қызметін талдау формалары ұйымдастыру ен жүргізу әдістері өз бетінше біріңғай.

Бақылау сұрақтары:

  1. Факторлық талдаудың түсінігі, мақсаты және типтері.

  2. Экономикалық талдаудың факторларын жіктеу және жүйелеу.

  3. Факторлық жүйелердің қайта құрастырылуы және детерминациялық моделдеу.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Абрютина М.С Гарачев А.В. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебно-практическое пособие-М. Издательство «Дело и Сервис», 2007-256с.

2. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник 2 – е издание / И.А. Богдиновская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и д.р. под общ.ред. В.И. Стражева – М.М. выш.школа 2008 – 397 с

3. Баканов М.Н., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник 7 – е, издательство, доп.и перераб. – М: Финиасы и статистика, 2009 – 416с

4. Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субьекта 2 – е издание, доп.- М.: Финансы и статистика, 2011 – 208с

5. Вакуленко Т.Г., Фомина Л.Ф. Анализ бухгалтерской (финансовой) отчетности для принятия управленческих решении – СПб.: Издательский дом Герда: 2008 – 288с

6. Дюсембаев К.Ш., Егембердиев С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие – Алматы: экономика, 2009– 294с

Тақырып 4. Қаржылық коэффициенттер әдісі.

Дәрістің мақсаты: Қаржылық коэффициенттер әдісін студенттерге қарастыруға

Дәріс сұрақтар:

1. Қаржылық коэффиценттер.

2. Төлемқабілеттілік және өтімділік көрсеткіштері.

3. Рентабельділік және табыстылық коэффиценттері. Қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштері.

Дәрістің мазмұны

1.Қаржылық коэффиценттер

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бірн кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

“Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы”.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар мәсер етеді, оларды В.М.Радионова және М.А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді:

- пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;

- нәтиженің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;

- құрылысы бойынша – қарапайым және күрдделі;

- әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.

Қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынандай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

  • кәсіпорынның салалық топқа жатуы;

  • шығарылатын өнімнің құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;

  • төленген жарғылық капиталдың мөлшері;

  • шығындардың көлемі, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен ресурстарының жағдайы;

  • кәсіпорындарды басқару тиімділігі;

  1. Төлем қабілеттілік және өтімділік көрсеткіштері

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының мінездемесін сипаттайтын көрсеткіштің бірі төлем қабілеттілік, яғни өз уақыты келгенде өтем ақыларын алуы болып табылады. Төлем қабілеттілік дегеніміз – кәсіпорынның сыртқы қаржылық жағдайы, оның беріктілігі. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі ішкі және сыртқы серіктертер алдында, сонымен қатар мемлекет алдында қаржылық міндеттемелерді толық және уақытылы орындауға мүмкіндігімен сипатталады. Төлем қабілеттілік коммерциялық келісім-шарттарды іске асыру шарттарына және негізгі нысанға тікелей әсер етеді, сонымен қатар несие және займ алу мүмкіндігін қосады. Өтімділікті талдау тек кәсіпорындарды бағалау мақсаты мен қаржылық қызметіне болжам жасау үшін ғана емес, сонымен қатар сыртқы инвесторлар (банктер) үшін де маңызды.

Сыртқы инвесторлардың төлем қабілеттілікті бағалауы ағымдағы активтердің өтімділігін сипаттайды. Баланстың өтімділігі дегеніміз – субъектінің шаруашылығы активтерін қолма-қол ақшаға айналдыра алуы және өзінің өтем міндеттемелерін жаба алуы, нақты айтқанда – бұл кәсіпорынның өз міндеттемелерін активтерімен жабу, қолма-қол ақшаға айналдыру мерзімі, өтеу мерзімі келген міндеттемесін жабу мерзіміне сай келуі. Ол барлық төлем қаражаттар көлемінің қысқа мерзімді қарыздық міндеттемеге сай келу деңгейіне тәуелді.

Баланстың өтімділігіне қарағанда кәсіпорынның өтімділігі жалпы түсінікті ұғындырады. Баланс өтімділігі төлем қаражаттарының тек ішкі көздерден ғана (активтерді іске асыру) жабылуын қарастырады. Бірақ кәсіпорынның сырттан займдық қаражат тартуына болады, егер ол кәсіпкерлік өмірге сай имиджі болса және инвестициялық қызықтырушылық деңгейі жоғары болса.

Сурет – Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігінің көрсеткіштері арасындағы байланыс көрсетілген

Өтімділік кәсіпорынның тез және минималды деңгейдегі қаржы жоғалтуда өз активтерін (мүліктер) ақша қаражаттарына айналдырып алуымен анықталады. Ол сонымен қатар кассада қалған қалдық ақша нысанында, банктер шоттарындағы ақша қаражаттар түрінде және ағымдағы активтердің тез іске асыра алатын элементтерімен сипатталады.

Төлем қабілеттілік пен өтімділік түсініктері өте жақын, бірақ екіншісі икемдірек. Төлем қабілеттілік баланс өтімділігіне тәуелді. Өтімділік сонымен қатар ағымдағы шоттар жағдайын және перспективасын да сипаттайды. Кәсіпорын нақты бір кезеңде төлем қабілетті болуы мүмкін, бірақ болашақта жағымсыз жағдайға ұшырауы да мүмкін. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, өтімділігін және баланс өтімділігінің арақатынасын көп қабатты ғимаратпен салыстыруға болады, мұнда барлық қабаттар бірдей, бірақ барлық қабаттар бірінші қабатсыз отырып қалады. Бұдан баланс өтімділігі кәсіпорынның төлем қабілеттілігі кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігінің негізі екенін білеміз. Басқа сөзбен айтқанда, өтімділік төлем қабілетті ұстап тұрушы тәсілдердің бірі деп айтуға болады. Егер кәсіпорын үлкен имиджге ие болса және әр уақытта төлем қабілетті болса, онда оған өз өтімділігін ұстап тұру оңай болады.

Осылайша өтімділік - ұйымның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша жауап бере алуы. Егер кәсіпорынның төлем қабілеттілігі төмен болса, бұл қаржылық денсаулығының әлсіздігінен және өз қызметінің көптеген сұрақтарын шеше алмайтындығын көрсетеді. Басқаша өтімділікті қәсіпорынның айналым (ағымдағы) активтерінің сапасы ретінде және олардың қарыздарды жаба алуы қабілеті ретінде анықтайды. Егер кәсіпорын негізгі стратегиялық жоспар құратын болса, онда өтімділік проблемасы ұзақ мерзімді жобалау процесіне дейін шешіліп қоюға тиіс.

Кәсіпорынның төлем қабілетінің жақсаруы айналым активтерін және ағымдағы пассивтерін басқару саясатымен тығыз байланысты. Бұндай саясат айналым қаражаттарының оптимизациясын және қысқа мерзімді міндеттеменің минимизациясын сипаттайды. Кәсіпорынның төлем қабілетін және өтімділігін бағалау үшін келесі негізгі әдістерді қолдануға болады: баланстың өтімділік талдауы; өтімділіктің қаржылық коэффициенттерін есептеу және бағалау; ақша (қаржы) ағымын талдау.

  1. Рентабельділік және табыстылық коэффиценттері.

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне ішкі жағдаймен қатар сыртқы шарттар да әсер етеді. Қаржылық көрсеткіштер кәсіпорынның нақты шаруашылық қызметіндегі және кәсіпорын басшылығы таңдаған стратегиялық іс-әрекеттердегі қолайсыздықтарды сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады. Осымен қоса қанағаттанарлықсыз қаржылық көрсеткіштер жалпы стратегиясын қайта қарастырудың негізі болуы қажет.

Қаржылық көрсеткіштердің ішінде маңыздысы болып табыстылық саналады (пайдалылық, рентабельділік). Оларға таза табыстың салынған капиталдың айналымдылығы, акционерлік капиталға келетін таза табыс коэффициенті жатады.

Айта кететін жәйт, динамикадағы табыстылық көрсеткіштерін салыстыру кәсіпорынның пайдасын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі кездегі қаржылық жоспарлауда екі категорияны талдау кеңінен қолданылады:

  • Қаржылық тетіктерді (рычаг) қолдану көрсеткіштері;

  • Кешенді көрсеткіштер (композитті).

Қаржылық тетік (рычаг) несиені қолдану есебінен меншікті капитал табыстылығын ұлғайтудың әдісі болып табылады. Меншікті капиталдың рентабельділік көрсеткіші таза табыстың меншікті капиталға қатынасы арқылы анықталады. Зайымдық құралдардың шамасы қаншалықты көп болса, тетік (рычаг) соншалықты ұзағырақ, және рентабельділік жоғарырақ болатынын айта кеткен жөн.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қаржылық коэффиценттер.

  2. Төлемқабілеттілік және өтімділік көрсеткіштері.

  3. Рентабельділік және табыстылық коэффиценттері.

  4. Қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштері.

  5. Нарықтық белсенділік көрсеткіштері.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Абрютина М.С Гарачев А.В. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебно-практическое пособие-М. Издательство «Дело и Сервис», 2007-256с.

2. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник 2 – е издание / И.А. Богдиновская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и д.р. под общ.ред. В.И. Стражева – М.М. выш.школа 2008 – 397 с

3. Баканов М.Н., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник 7 – е, издательство, доп.и перераб. – М: Финиасы и статистика, 2009– 416с

4. Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субьекта 2 – е издание, доп.- М.: Финансы и статистика, 2011 – 208с

5. Вакуленко Т.Г., Фомина Л.Ф. Анализ бухгалтерской (финансовой) отчетности для принятия управленческих решении – СПб.: Издательский дом Герда: 2008 – 288с

6. Дюсембаев К.Ш., Егембердиев С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие – Алматы: экономика, 2009 – 294с

Тақырып 5. Басқарушылық талдаудың негізi.

Дәрістің мақсаты: студенттерге экономикалық талдауды ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз етудегі басқарушылық талдаудың маңыздылығын түсіндіру.

Дәріс сұрақтар:

1 Басқарушылық талдаудың мақсаты мен міндеті.

2 Басқарушылық талдаудың рөлі мен мәні. Басқарушылық және қаржылық талдау арасындағы байланыс.

3 Басқарушылық талдаудың ақпарат көздері.

Дәрістің мазмұны

1 Басқарушылық талдаудың мақсаты мен міндеті.

Талдамалық жұмыс шешім қабылдайтын әрбір басшының, әрбір менеджердің қызметтің міндеттеріне кіреді. Осыдан оны ұйымдастыруда маңызды қағидаларға кіретіндер:

  1. Атқарушылар арасында талдауды жүргізу бойынша міндеттерді анық бөлу;

  2. Талдамалық үдерістің үнемделуін және тиімділігін қамтамасыз ету;

  3. Регламенттеу және унификациялау. Регламенттеу әрбір атқырушы үшін кестелер мен талдаудың шығыс нысандарын міндетті минимумдарын өңдеуді қарастырады.

Экономикалық талдаудың әрекет етушілігі мен тиімділігіне байланысты болатын маңызды шарт ол талдамалық жұмыстың жоспарлануы табылады. Жоспар кешенді және тақырыптық болуы мүмкін.

Талдамалық жұмыстың кешенді жоспары оны жүргізуге жауапты болып тағайындалған маман бір жылға дайындайды. Жоспарда талдау объектілерінің тізімі қарастырылады, талдау мақсаттары, әрбір объекті бойынша талдау жүргізу кезеңділігі және талдамалық жұмыстың орындалу мерзімі, ақпарат көздері мен әрбір зерттелетін сұрақ бойынша талдауды әдістемелік қамтамасыз ету анықталады.

Тақырыптық жоспарлар – бұл терең зерттеуді талап ететін кешенді сұрақтар бойынша талдау жүргізу жоспарлары. Онда талдау объектілері, субъектілері, сатылары, жүргізу мерзімі, оның атқарушылары қарастырылады.

Талдаудың барлық ақпарат көздері жоспарлы, есептік және есептен тыс болып бөлінеді.

Жоспарлы сипаттағы ақпарат көздеріне кәсіпорында өңделінетін жоспардың барлық типтері жатады (перспективті, ағымдағы, оперативті, технологиялық карталар, нормативтік материалдар, сметалар, ценниктер, жобалық тапсырмалар).

Есептік сипаттағы ақпарат көзіне бухгалтерлік, статистикалық, және оперативті есеп пен есептілік құжаттарын қамтитын барлық мәліметтер жатады.

Есептен тыс ақпарат көздеріне шаруашылық қызметті реттейтін құжаттар жатады. Оған мемлекет заңдары, жарлықтары, бұйрықтары, тексеру және ревизия актілері, келісім шарттар, баспалық жариялымдар, есеп берудер және т.б. жатады.

2.Басқарушылық талдаудың рөлі мен мәні. Басқарушылық және қаржылық талдау арасындағы байланыс.

Басқаруды талдауды ұйымдастырудың негізгі сатыларына мыналар жатады:

1. Экономикалық талдаудың субъектілерін, объектілерін зерттеуді ұйымдастыруды анықтау

2. Аналитикалық жұмысты жоспарлау

3. Экономикалық талдауды ақпараттармен қамтамасыз ету

4. Мәліметтерді аналитикалық талдау

5. Талдаудың нәтижелерін рәсімдеу

6. Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстарды өндіріске енгізуді бақылау

Экономикалық талдау үшін барлық ақпарат көздері жоспарлы, есепті және есептен тыс болып бөлінеді.

3 Басқарушылық талдаудың ақпарат көздері.

Жоспарлы ақпараттарға барлық жоспарлардың түрлері: ағымдпғы, жедел ақпараттар жатады.Есепті ақпарат көздеріне:

  1. Бухгалтерлік есеп және есеп беру

  2. Статистикалық есеп және есеп беру

  3. Жедел есеп және есеп беру

  4. Іріктелген есеп мәліметтері жатады

Есептен тыс ақпарат көздеріне жататындар:

  1. Ішкі және сыртқы ревизия материалдары

  2. Ішкі және сыртқы аудит материалдары

  3. Салық қызметі тексерудің метериалдары

  4. Басылым материалдары

  5. Түсініктеме хаттар

  6. Өндіріс жиналысының материалдары

Талдаудың нәтижелері құжаттар түрінде рәсімделуі тиіс. Оларға түсіндірме хат, анықтама, қорытынды есеп берулер жатады.

Түсіндірме хат мынандай сұрақтарды көрсетуге тиісті:

  1. Кәсіпорының экономика дамуының деңгейі

  2. Шаруашылық жағдайын

  3. Қызметтің жеке бағыттар және жоспарының орындалуын көрсетуге тиісті

Анықтама мен қорытындылар түсіндірме хаттан айырмашылығы олар жетіспеушіліктер анықталған резервтерді өндіріске енгізуді нақты көрсету кезінде қажет етеді.

Өз білімін бақылау сұрақтары:

  1. Ұйымның шаруашылық қызметіне талдау жүргізудегі басқарушылық талдаудың ролі

  2. Басқарушылық талдаудың ұйымдастырушылық нысандары мен атқарушылары.

  3. Талдамалық жұмысты жоспарлау.

  4. Ұйымның шаруашылық қызметін талдауды ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету.

  5. Басқарущылық талдау нәтижелерін құжаттық рәсімдеу.

  6. Талдаушының автоматтандырылған жұмыс орнын ұйымдастыру.

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2010. - 416 с.

2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2007. - 222 с.

3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2008. - 336 с.

4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2007. - 294 с.

5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2009. – 128 с.

6 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

Тақырып 6. Компанияның маркетингтік қызметін талдау.

Дәрістің мақсаты: студенттерге ұйымның маркетингтік қызметін талдау сұрақтарын жан-жақты түсіндіру

Дәріс сұрақтар:

1. Маркетингтік қызметті талдаудың мәні мен міндеті.

2. Өнімге сұранысты және тапсырыстар портфелінің қалыптасуын талдау.

3. Баға саясатын талдау. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау.

Дәрістің мазмұны

1.Маркетингтік қызметті талдаудың мәні мен міндеті

Маркетингтік талдау шаруашылық субъектінің маркетинг бөлімі кәсіпорынның сыртқы ортасын зерттеу үшін қолданады: дайын өнімді сату және шикізат нарығы, оның бәсеке қабілеттілігі, сұранысы мен ұсынысы, коммерциялық тәуекелділік, баға саясатын қалыптастыру, маркетингтік қызметтің тактикасы мен стратегиясын өңдеу.

Маркетингтік талдаудың міндеттері:

  1. Ақпаратты жинау, сұрыптау және соңғылығы;

  2. Фирманың өзіндік мүмкіндіктерін бағалау, талдау мен болжау.

  3. Бәсекелестердің мүмкіндіктерін және белсенділігін бағалау және талдау.

  4. Нарық конъюктурасын бағалау және болжау.

  5. Сұранысты болжау, оның икемділігін бағалау.

  6. Коммерциялық тәуекелділікті айқындау және бағалау.

  7. Маркетингтік стратегияны негіздеу және т.б.

Маркетингтік талдау – нарықтық сұранысын есепке алат отырып, өндіріс пен сатуды реттеу құралы.

Маркетингітк талдаудың әдістері:

  • Модельдер, мысалы, фирманың іскерлік белсенділік моделі. Ол шаруашылық портфель жағдайын және өзгерісін бағалау үшін қолданылады.

  • Статикалық әдістер, фирманың өзіндік мүмкіндіктерін, оның бәсекеге қабілеттілігін деңгейін, фирманың несиелік-қаржылық әлеутін, тауар қозғалысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

  • Стратегиялық индекс, фирманың тәртібі туралы шешімді бағалау үшін қолданылады.

  • Коэффициенттер әдісі, мысалы, жұмылдыру коэффициенті, пайдалы тиімділік коэффициенті, тартымдылық коэффициенті.

  • Эксперттік бағалау әдісі.

  • Тәжірибе қисығы, өнімнің өзіндік құнының өндіріс көлемінің өсуіне кері тәуелділігін сипаттайтын модель.

  • Сату реакциясы қисығы.

  • Оқыту қисығы.

  • Ранжирлеу.

Маркетингтік талдаудың негізгі мақсаты - өнімге деген сұранысты зерттеу және тапсырыстар портфелін қалыптастыру. Тапсырыстар портфелінен кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы және оны пайдалану тиімділігі байланысты. Сондықтан да сұранысты талдау маңызды болып келеді.

2.Өнімге сұранысты және тапсырыстар портфелінің қалыптасуын талдау.

Сұранысты талдау үдерісінде сұраныстың өсу қарқыны мен көлемін салыстырады. Сату көлемі төмендеген кезде бағаның өсуі тиімді болады, егер өнім бірлігіне келетін қосымша табыс шамасы өнім бірлігіне келетін қосымша шығындар мөлшерінен асатын болған жағдайда болған кезде.

Сұранысты қалыптастыру факторларын зерттеу үшін корреляциялық талдау маңызды.

Шаруашылық қызмет тәжірибесіне нақты бір өнім түріне деген сұраныстың өзгеруі кәсіпорын жалпы түсіміне қалай әсер беретінін білу маңызды:

TR=P x Q ,

Мұндағы, TR- жалпы түсім, P – тауар бағасы, Q – осы баға бойынша сатылған тауар саны.

Сұраныс икемді болған жағдайда бағаның төмендеуі сату көлемін бірден ұлғайтады. Сұраныс икемсіз болған жағдайда, бағаның төмендеуі жалпы түсімді азайтады, себебі сату көлемін кеңейту бағаның төмендеуінен болған жоғалтудың орнын толытру үшін жеткілікті болады.

Өзін өзі қаржыландыруға жетудің қажетті шарты болып нарық жағдайында өндірістің тұтынушылар мен бәсекелестерге бағдар етуі, өзгеріп тұратын нарықтық конъюктураға икемді бейімделу табылады.

Кез келген кәсіпорын өзінің өндіріс көлемін жоспарлаудан, өндірістік қуаттылықты қалыптастырудан бұрын қандай өнімді, қандай мөлшерде, қайда және қашан және қандай баға бойынша сату керектігін анықтап алу қажет. Кез келген кәсіпорынның қызметі маркетингтік талдаудан басталады.

Маркетингтік талдау шаруашылық субъектінің маркетинг бөлімі кәсіпорынның сыртқы ортасын зерттеу үшін қолданады: дайын өнімді сату және шикізат нарығы, оның бәсеке қабілеттілігі, сұранысы мен ұсынысы, коммерциялық тәуекелділік, баға саясатын қалыптастыру, маркетингтік қызметтің тактикасы мен стратегиясын өңдеу.

Маркетингтік талдаудың міндеттері:

  1. Ақпаратты жинау, сұрыптау және соңғылығы;

  2. Фирманың өзіндік мүмкіндіктерін бағалау, талдау мен болжау.

  3. Бәсекелестердің мүмкіндіктерін және белсенділігін бағалау және талдау.

  4. Нарық конъюктурасын бағалау және болжау.

  5. Сұранысты болжау, оның икемділігін бағалау.

  6. Коммерциялық тәуекелділікті айқындау және бағалау.

  7. Маркетингтік стратегияны негіздеу және т.б.

Маркетингтік талдау – нарықтық сұранысын есепке алат отырып, өндіріс пен сатуды реттеу құралы.

Маркетингітк талдаудың әдістері:

  • Модельдер, мысалы, фирманың іскерлік белсенділік моделі. Ол шаруашылық портфель жағдайын және өзгерісін бағалау үшін қолданылады.

  • Статикалық әдістер, фирманың өзіндік мүмкіндіктерін, оның бәсекеге қабілеттілігін деңгейін, фирманың несиелік-қаржылық әлеутін, тауар қозғалысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

  • Стратегиялық индекс, фирманың тәртібі туралы шешімді бағалау үшін қолданылады.

  • Коэффициенттер әдісі, мысалы, жұмылдыру коэффициенті, пайдалы тиімділік коэффициенті, тартымдылық коэффициенті.

  • Эксперттік бағалау әдісі.

  • Тәжірибе қисығы, өнімнің өзіндік құнының өндіріс көлемінің өсуіне кері тәуелділігін сипаттайтын модель.

  • Сату реакциясы қисығы.

  • Оқыту қисығы.

  • Ранжирлеу.

Маркетингтік талдаудың негізгі мақсаты - өнімге деген сұранысты зерттеу және тапсырыстар портфелін қалыптастыру. Тапсырыстар портфелінен кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы және оны пайдалану тиімділігі байланысты. Сондықтан да сұранысты талдау маңызды болып келеді.

Сұранысты талдау үдерісінде сұраныстың өсу қарқыны мен көлемін салыстырады. Сату көлемі төмендеген кезде бағаның өсуі тиімді болады, егер өнім бірлігіне келетін қосымша табыс шамасы өнім бірлігіне келетін қосымша шығындар мөлшерінен асатын болған жағдайда болған кезде.

Сұранысты қалыптастыру факторларын зерттеу үшін корреляциялық талдау маңызды.

Шаруашылық қызмет тәжірибесіне нақты бір өнім түріне деген сұраныстың өзгеруі кәсіпорын жалпы түсіміне қалай әсер беретінін білу маңызды:

TR=P x Q ,

Мұндағы, TR- жалпы түсім, P – тауар бағасы, Q – осы баға бойынша сатылған тауар саны.

3.Баға саясатын талдау. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау.

Сұраныс икемді болған жағдайда бағаның төмендеуі сату көлемін бірден ұлғайтады. Сұраныс икемсіз болған жағдайда, бағаның төмендеуі жалпы түсімді азайтады, себебі сату көлемін кеңейту бағаның төмендеуінен болған жоғалтудың орнын толытру үшін жеткілікті болады.

Өз білімін бақылау сұрақтары:

  1. Маркетингтік талдау деп нені түсінеді?

  2. Маркетингтік талдаудың негізгі міндеттерін және әдістерін атаңыз.

  3. Маркетингтік талдауды жүргізудің негізгі мақсаты қандай?

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2010. - 416 с.

2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2007. - 222 с.

3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2008. - 336 с.

4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2007. - 294 с.

5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2009. – 128 с.

6 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

Тақырып 7. Өнімді өткізу және өндірісті талдау.

Дәрістің мақсаты: студенттерге ұйымның ішкі қызметіндегі өнімнің өндірілуі мен сатылуы жөнінде мәліметтер көздерін талдауды түсіндіру

Дәріс сұрақтар:

1. Өнімді өндіру және өткізу динамикасын бағалау.

2. Өнім көлеміне әсер ететін әртүрлі факторларды талдау.

3. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалау.

Дәрістің мазмұны

1. Өнімді өндіру және өткізу динамикасын бағалау

Өнімдерді сату, өндіру бойынша жоспардың орындалуын және динамикасын талдау. Өнімдердің сапасын талдау. Өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін талдау. Кәсіпорын жұмысының ырғақтылығын талдау.

Өнім өткізу көлемі мен өндіріс көлемі тығыз байланысты көрсеткіштер болып табылады. Шектеулі өндіріс мүмкіндігінде және шектеусіз сұраныс шартында өнім өндірісінің көлеміне басымдылық беріледі, ол өз кезегінде сату көлемін анықтайды. Алайда, нарықтың толыққанды болу мөлшерін және бәсекелестіктің күшеюін өндіріс өнім шығарылым көлемімен анықтамайды, керісінше мүмкін өнім шығарылымы өндіріс жоспарын қарастыруға негіз болады. Кәсіпорын тек өзі өткізе алатын тауарды және өнім көлемін өндіруі керек.

2. Өнім көлеміне әсер ететін әртүрлі факторларды талдау

Өнім өндірісінің көлемінің және өткізу көлемі, оның сапасының артуының өсу темпі тікелей ұстаным көлеміне, пайдаға және кәсіпорын рентабельдігіне әсер етеді. Сондықтан бұл көрсеткіштердің талдануы үлкен мағынаға ие болады.

Талдаудың негізгі міндеттері:

  • жоспардың орындалуын, өндіріс динамикасын және өнім өткізілімін бағалау деңгейі;

  • бұл көрсеткіштерге әсер ететін факторларды анықтау;

  • шығарылымның өсу қорын ішкі шаруашылық жүргізуде анықтау және өнім өткізілімінде;

  • қорлар бойынша бағдарламалар жүргізу.

Өндіріс көлемі және өнім өткізілімін натуралды, шартты-натуралды, еңбек және құнды өлшеуіштерге байланысты өлшеуге болады. Кәсіпорын қызметінің көлемін жалпылама көрсеткіштерге байланысты құндық бағалау арқылы таба аламыз, ол үшін сәйкестендіруші және ағынды бағаларды қолданады.

Өнім өткізілімінің көлемі сатып алушыларға жіберілген тауармен немесе төлемге (выручка) байланысты анықталуы мүмкін. Нарық экономикасында бұл көрсеткіш бірінші дәрежелі мағынаға ие болады. Өнімнің қалай сатылатындығына, нарықтағы оған деген сұранысқа тауар өндірісінің көлемі байланысты болады. Өндірістік бағдарламаны орындауды бағалау үшін өндіріс көлемінің және өнім өткізілімінің (тал, метр, тонна, т.б.) маңызды рөл атқарады. Оларды өндіріс көлемін талдауда және жеке түрлерге байланысты біртекті өнімнің өткізілімін талдау барысында қолданылады.

Шартты натуралды көрсеткіштер құндық бағалау тәрізді өндіріс көлемін жалпылап мінездеу үшін қолданылады, мысалы, консерві зауыттарында осындай көрсеткіштер қолданылады, мыңдаған шартты банкалар, жөндеу өнеркәсіптерінде-шартты жөндеу көлемі; аяқ-киім өнеркәсібінде- шартты аяқ-киім парлары, коэфициенттер негізінде олардың еңбек көлеміне аударымдар т.б.

Нормативті еңбек шығындары өнім шығарылымының көлемін жалпылама бағалау үшін көптүрлі тауар өндіру шартында жалпы көлемді натуралды және шартты натуралды өлшемдермен көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайда қолданылатын көрсеткіш.

Талдау өнім динамикасын және өнім өндірісін зерттеуден, базистік, цептік өсім темптерін және өсімді есептеу арқылы анықтауға болады. Сондықтан өндіріс көлемі және тауарды өткізу көлемі сәйкестендіру бағасына негізгі базистік периодтағы бағалар қолданылады.

Базистік өнім темпі әрбір келесі деңгейдің алғашқы жылдық динамикалық қатарына қатынасы арқылы есептеледі, цептік- өткен көрсеткішке байланысты анықталады.

Орташа жылдық өсім темпін өнімнің және өнім өткізіліміне орташа геометриялық және орташа арифметикалық арқылы есептеуге болады.

3. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалау.

Тауардың өндірісінің және жөнелтілуінің оперативті талдауында факттық және жоспарлық тауар өндірісінің және жалдану көлемінің, 1 күндегі ассортименті (ай басынан өсетін), жоспардан ауытқуы да негізге алынады.

Тауар өндірісінің талдануы өнімді жеткізу келісім міндеттерімен тығыз байланысты. Кәсіпорын үшін жоспарды орындамау пайданың азайып, штрафтарды төлеумен көрсетіледі. Сонымен қатар бәсекелестік шартында кәсіпорын өнім өткізу нарығын жоғалтып, өндіріс көлемін төмендетуі мүмкін.

Тауарды уақытылы жеткізбеу тек кәсіпорын жұмысына, қорытындысына ғана емес, сонымен қатар сауда ұйымдарының, көлік ұйымдарына, алып старлардың да жұмысына кері әсерін тигізеді.

Өнімнің өткізілімін талдау барысында айрықша көңілді мемлекеттік тапсырыс бойынша міндеттерді орындау, жеткізумен байланысты және өнім экспортындағы міндеттерді де ұмытпау керек.

Өз білімін бақылау сұрақтары:

1. Өнімдерді сату, өндіру бойынша жоспардың орындалуын және динамикасын талдау.

2. Өнімдердің ассортименті мен құрылымын талдау.

3. Өнімдердің сапасын талдау.

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2010. - 416 с.

2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2007. - 222 с.

3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2008. - 336 с.

4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2007. - 294 с.

5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2009. – 128 с.

6 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

Тақырып 8. Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау.

Дәрістің мақсаты: студенттерге ұйымның еңбек ресурстарына талдау жасау негіздемесін қарастыру және түсіндіру

Дәріс сұрақтар:

1. Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді талдау.

2. Жұмыс уақыты қорын пайдалануды талдау.

3. Еңбек өнімділігін талдау.

4. Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау.

Дәрістің мазмұны

1. Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді талдау.

Кәсіпорынның еңбек ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау. Жұмыс уақыт қорын пайдалануды талдау. Еңбек өнімділігін талдау. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды талдау. Еңбек ақы қорын пайдалануды талдау.

Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді талдау. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтылуы және оларды тиімді пайдалануы барлық жұмыстардың уақытылы және көлемді орындалуына, механизмнің, машина, құрылғыларды мақсатты қолдану деңгейіне, өнім өндірісінің көлемі, оның өзіндік құны, пайда, тағы басқа эко-номикадық көрсеткіштерге әсер етеді.

Талдаудың негізгі міндеттері:

  • Кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелері-нің сапалы және санды параметрлерге байланысты еңбек күшімен қамтылыуын зерттеу;

  • Кәсіпорындағы еңбек күшін пайдалануды интенсивті, экстенсивті және эффективтілігін (мақсатты) бағалау;

  • Кәсіпорынның еңбек күшін пайдаланудағы толықтылығын және мақсаттылығын анықтау.

Ақпараттың қайнар көздері – еңбек жоспары, статистикалық есеп, ''Еңбек бойынша есеп'', табельдік есеп ақ-параттары және кадр бөлімінің есебі.

2. Жұмыс уақыты қорын пайдалануды талдау

Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтылуын жұмысшылардың категориялары мен мамандығына байланысты санын факттық жоспарлық сұраныс бойынша еңбек күшін салыстыру арқылы анықталады. Кәсіпорын маңызды мамандықтар бойынша жұмыс атқаратын еңбекшілерді талдауға көп көңіл бөлінеді. Жұмысшыларды квалификация деңгейіне байланысты сапалық құрамын талдау да маңызды. Квалификация деңгейі жұмысшының жасына, жұмыс стажына, білім деңгейіне т.б байланысты. Сондықтан талдау барысында жұмысшының құрамының өзгеруі осы балгілерге байланысты зерттеледі. Жұмысшының сапалық өзгеруі олардың қозғалысына байланысты өзгеріп отыратындықтан, талдау барысында осы сұраққа көп көңіл бөлінеді.

Жұмысшылардың қозғалысын анықтау үшін келесі көрсеткіштің динамикасын талдайды:

1) Жұмысшылардың жұмысқа орналасу айналымының коэффиценті (Кпр):

Кпр = жұмысқа қабылданған персонал саны

орташа тізім бойынша персонал саны

2) Жұмыстан шығу айналымының коэффиценті (Кв):

Кв = жұмыстан шыққан еңбекшілер саны

орташа тізім бойынша персонал саны

3) Кадрлардың ағылуылық (текучесть) коэффиценті (Ктк):

өз еркімен және ереже бұзғаны үшін жұмыстан боса- тылғандарсаны

Ктк = орташа тізім бойынша персонал саны

4) Кәсіпорын жұмысшыларының құрамының тұрақтылық коэффиценті (Кпс):

К пс = толық жыл бойы жұмыс істеген жұмыстар саны

кәсіпорын жұмысшыларының орташа тізім бойынша саны

Кәсіпорын жұмысшыларының жұмыстан шығу се-бептерін зерттеу керек: өз еркімен, кадрларды қысқарту, еңбек дисциплинасын бұзғандықтан. Кәсіпорындарды еңбек ресурстарымен қамту мәселесі толық қолда бар еңбек ресурстарын қолдану арқылы, еңбек өнімділігінің өсуі, өндірілісті интенсификациялау, өндіріс процестерін комплексті механизациялау және автоматизациялау, жаңа өндіруші қабілеті жоғары техниканы енгізу арқылы, технология мен өндіріс процестерін дамыту арқылы жеңілдетуге болады. Егер кәсіпорын өз қызметін кеңейтсе, өндіріс күштерін, қуаттылығын арттырса, жаңа еңбек орнын ашса, еңбек ресурстарының қосымша категориялар мен мамандығы бойынша және оларды еліктіру қайнар көздері бойынша жаңа жұмыс орнын анықтау.

Өнім көлемінің қосымша еңбек күші есебінен көбею қоры олардың өсімінің факттық орташа жылдық бір жұмыстың есеп периодына көбейту арқылы анықтаймыз:

Р↑ВП=Р↑КР x ГВ1

Мұндағы:

Р↑ВП - өнім көлемінің өсу қоры (ӨК↑Қ)

Р↑КП – жұмыс орны санының өсу қоры (ЖС↑Қ)

ГВ1 – факттық орташа өндірудің жұмыстық есеп периоды.

Жұмыс уақыттың қорын пайдалануды талдау. Жұмысшылардың толықтай қолданысын талданатын уақыт аралығындағы бір жұмысшының атқарған күндері мен сағаттары; жұмыс уақытының қорын қолдану дең-гейіне байланысты бағалауға боолады (ЖҰҚ). Бұндай талдау жұмысшының жеке категориясына, өндірістік салаға, барлық кәсіпорын бойынша да жүргізіледі.

ЖҰҚ жұмысшы санына, орташа бір жылдағы жұмыс атқарған күнінің санына, орташа жұмыс уақытының ұзақтығына байланысты. Оны келесідей жазуға болады:

ЖҰҚ = ЖС x К x Ұ

(ФРВ = ЧР x Д x П )

Жұмыс уақытының толық бір күндік және смена ішідегі уақытын жоғалтуын анеықтау үшін факттық және жоспарлы жұмыс уақыттың балансын сәйкестендіреміз. Жұмыс уақытын жоғалту объективті немесе субъективті себептерге, жоспарда қаралмаған: адменистрацияның рұқсатымен берілген қосымша демалыстар; жұмысшының уақытша жұмысқа араласа алмай, ауырғандықтан; құрылғылардың, машина, механизмдердің істен шығуынан; себепсіз жұмысқа келмеуінен; жұмыс, шикізат, материал, электроэнергия, отын тағы басқанын болмағандығынан. Әрбір жоғарыда көрсетілген себептер, әсіресе кәсіпорын тарапынан болатын қателіктер талданып, қолға алынады.

3.Еңбек өнімділігін талдау.

Еңбек өнімділігін талдау. Персоналды интенсивті қлдану деңгейін бағалау үшін еңбек өнімділігінің жал-пылама, жеке, көмекші көрсеткіштерінің жүйесі қолданы-лады. Жалпылама көрсеткіштер – бұл бір жұмысшының орташа-жылдық, күндік, сағаттық өнім өндіруге және ба-ғалық анықталған бір жұмысшыға шаққандағы өнім өн-дірісі. Жеке көрсеткіштер – бұл белгілі бір өнім бірлігін өндіруге шығындарған уақт (өнімнің еңбек сыйымдылығы) немесе белгілі бір өнімнің натуралды белгілеуіндегі адам-сағат, адам-күн. Көмекші көрсеткіштер – белгілі бір тауарды өндіруге кеткен уақыт шығыны, не уақыт бірлігіндегі жасалған жұмыс көлемі. Еңбек өнімділігін анықтаудағы ең жалпылама көрсеткіш болып, бір жұмысшымен өндірілген орташа жылдық өнім көлемі табылады. Оның көлемі жұмысшы өнімділігіне, персоналдың жалпы снына, олардың жұмыс жасаған күндеріне және жұмыс күнінің ұзақтылығына да байланысты.

Бір жұмысшының өндірілген өнімін келесі факторларға байланысты жазуға болады:

ЖӨ = Үл x К x Ұз x СӨ

(ГВппп = Уд x Д x П x ЧВ)

Еңбек өнімділігінің өсуінің негізгі қоры:

  1. өнім өндіру көлемінің барлық мүмкін көлемін қол-дану;

  2. еңбек шығынын механизация және өндірісті авто-матизациялау, еңбнеті ұйымдастыруды еңбек интен-сивтілігін арттыру арқылы азайтуға болады.

Персоналды басқару саясатының таңдалған нұсқасына қарамастан, өндірістің орташа сағаттық қорының өсуі (ӨС↑Қ – Р↑ЧВ) келесідей анықталады:

ВП1 + Р↑ВП – ВП1

Р ↑ЧВ = ЧВВ – ЧВ1 = ФРВ1 – Р↓ФРВ + ФРВд ФРВ1

Мұндағы:

Р↑ЧВ – орташа сағаттық өнімділіктің өсу қоры;

ЧВв және ЧВ1 – сәйкесінше орташа сағаттық өнімдердің факттық және мүмкін деңгейі;

Р↑ВП – инновациялық жаңалықтарды енгізу арқылы өнім көлемінің өсу қоры;

ФРВ1 – есептік перодтағы өнім өндіруге кеткен еңбек уа-қытының факттық шыңыны;

Р↓ФРВ – еңбек уақытын өндірістік процестерді механи-зация және автоматтандыру есебінен, еңбекті ұйымдасты-рудың жақсаруымен жұмысшының квалификациясының өсу деңгейіне байланысты қысқарту;

ФРВд - өнімді өндіру көлемінің өсуіне байланысты қо-сымша еңбек шығыны.

4.Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау

Еңбек ақы қорын пайдалануды талдау. Еңбек ресурстарын қолдануды, еңбек өнімділігінің өсуін еңбек ақы төлеумен тығыз байланыста қарастырған жөн. Еңбек өнімділігі артса ол өз кезегінде оның ақысының өсуіне де себепкер болады. Ал еңбек ақының өсуі оның мати-вациясының және өнім өндірісінің де өсуіне ықпал ете-ді. Сондықтан, еңбек ақы төлеуге кеткен шығындар тал-дау барысында үлкен маңызға ие.

Еңбек ақы қорын пайдалануды талдау (ЕҚТ – ФЗП) барысында, бірден факттық өлшемнен жоспарлының аб-солюттік және қатыстық ауытқуларын анықтау керек.

Абсолюттік ауытқу (∆ЕҚТабс - ∆ФЗПабс) – еңбек ақы төлеуге шығындалған факттық қорлармен кәсіпорын жұ-мысшының категориясы және бөлімшелеріне байланысты жалпы кәсіпорын есептелген базалық ЕҚТ – ФЗП – ның арасындағы айырма ретінде есептеледі:

∆ЕҚТабс = ЕҚТ1 – ЕҚТ0

Абсолюттік ауытқу өнім көлемінің өзгерісін есепке алмай қолданылатындықтан, оған қарап ЕҚТ-тың үнем-делгенін немесе шығындалғанын айтуға болмайды.

Қатыстық ауытқуы (∆ЕҚТқат - ∆ФЗПотн) – еңбек ақыға факттық аударылған сомма мен өнім өндірісінің көлемі-нен индексіне корректрленген, базалық қор арасындағы айырма ретінде есептеледі:

∆ЕҚТқат = ЕҚТ1 – ЕҚТкөрр

Өз білімін бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпорынның еңбек ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау.

  2. Жұмыс уақыт қорын пайдалануды талдау.

  3. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды талдау.

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 416 с.

2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 222 с.

3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.

4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.

5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.

6 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

Тақырып 9. Өнімнің өзіндік құнын талдау

Дәрістің мақсаты: студенттерге өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын талдау бойынша тәжірибелік негіздерін түсіндіру

Дәріс сұрақтар:

1 Өнімнің өзіндік құнын талдаудың ақпарат көздері, маңызы және міндеттері.

2 Өнімнің өзіндік құнының құрамы мен құрылымы.

3 Өнімдерді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарды экономикалық элементтер бойынша талдау.

Дәрістің мазмұны

1. Өнімнің өзіндік құнын талдаудың ақпарат көздері, маңызы және міндеттері.

Өнім өндіруге кеткен шығындардың жалпы сомасын талдау. Өндірілген өнімдердің 1 теңгесіне кеткен шығындарды талдау. Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнын талдау. Еңбек және тікелей материалдық шығындарды талдау. Жанама шығындарды талдау.

Өнімнің өзіндік құны– өндіріс ресурстарын пайдаланады және оның барлық жақтарында көрініс табатын маңызды эконормикалық көрсеткіш. Өнімнің өзіндік құнының деңгейі кәсіаорынның қаржылық жағдайының деңгейіне, өндірістің кеңею темпіне, шаруашылық жауапкершілікті серіктестіктің қаржылық қатынасына байланысты болады. Өнімнің өзіндік құнын талдау арқылы оның өзгерудеңгейін, жоспардың сол деңгей бойынша атқарылуы, оның факторларының өсімге, қорға, кәсіпорын жұмысын бағалауға, сол арқылы өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

2 Өнімнің өзіндік құнының құрамы мен құрылымы.

Өнімнің өзіндік құнын талдау объектілері:

  1. өнімнің толық өзіндік құны және шығын элементтері бойынша

  2. шығарылған өнімнің 1 теңгеге шығын деңгейі

  3. жеке заттардың өзіндік құндары

  4. шығынның жеке статьялары

3.Өнімдерді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарды экономикалық элементтер бойынша талдау

Өнімнің өзіндік құнын талдауды шығынның жалпы соммасы мен оның негізгі элементін қарастырудан бастайды.

Өнім өндірудегі шығынның жалпы соммасы келесіге байланысты өзгеруі мүмкін:

  • өнім көлемі

  • өндіріс структурасы

  • тұрақты шығынның соммасы

  • өнім бірлігіне шығын

Өнім көлемі өзгергенде тек ауыспалы шығындар көбейіп отырады, ал тұрақты шығын қысқа мерзімде тұрақты болады.

Шығын тұзуі тұрақты және ауыспалы шығын бар кезде бірінші дәрежелі теңдеу құрады:

Шбарл = ∑ ( VBПi ∙в i ) + А;

мұндағы Шбарл - өнім өндірісіндегі барлық шығын

VBП - өнім өндірісінің көлемі

в - өнім бірлігінің шығын өзгерісінің деңгейі

А – барлық өнімге кеткен тұрақты шығынның абсолюттік соммасы.

Өнімнің өзіндік құны өз кезегінде ресурс кһлеміне (еңбек күші, материал, энергия т.б.) және инфляцияға байланысты тұтыну ресурстарына, бағаның өзгеруіне байланысты болады.

Кәсіпорын жұмысын талдауда оған сыртқы инфляциондық фактордың әсер етуін ескеру керек. Ол үшін өндірістегі факттық тұтыну ресурстарының көлемін жеке ресурстардың бағасын орташа деңгейіне көбейту керек.

Өнімнің өзіндік құнын анықтаудағы өнеркәсіп өнімдерінің шығындарын азайту (Р↓С) –дың негізгі қайнар көзі болып келесі табылады:

  1. Оның өндіріс көлемінің кәсіпорынның өнеркәсіптік қуатының толық қолдану арқылы көбейту (Р↑VBП)

  2. Еңбек өнімділігі, шикізатты үнемді пайдалану, материалдар, электроэнергия, отын, құралды мақсатты пайдалану, өндірістік емес шығындардың қысқаруы және өндірістік ысырап оның өндіріс шығындарының азаюына әсер етеді (Р↓З)

З1 - Р↓З + Зg З1

Р↓С = Cв - С1=--------------------------- - ---------

VBП1 + Р↑VBП VBП1

Мұндағы Cв және С1 - өнім бірлігіне сәйкес өнімнің өзіндік құнының факттық және мүмкін деңгейі

З1 - өнім өндірісіне кеткен факттық шығын

Р↓З - өнім өндірісіне кеткен шығынның қысқарылған қоры

Зg – қосымша шығындар

VBП1, Р↑VBП – сәйкесінше факттық көлем мен өнімнің шығарылым қорының өсуі.

  1. Өндірістегі өнім қорының көбеюі өндірістік бағдарламаның орындалуын талдауда көрініс табады. Өндіріс қуаты бойынша кәсіпорын өнімнің көлемінің артуы тек өзгермелі шығындарын ғана арттырады (жұмысшылардың еңбекақысы, тура материалдық шығындар т.б.), тұрақты шығын соммасы өзгермейді, сол арқылы өнімнің өзіндік құны төмендейді.

  2. Шығынның төмендеу қоры белгілі инновациялық дамытуларға байланысты шығынның әрбір статьясында белгіленіп отырады (жаңа, прогрессивті техниканы және технологияны қолдану: еңбекті ұйымдастыру т.б.) , олар еңбекақыны азайту, шикізат, материал, энергия т.б. үнемдеуге әкеледі.

Еңбекақы төлеу бойынша экономия инновациялық дамытулар кезінде пайда болады, оны есептеу үшін дамытулар енгізбес бұрынғы (ТЕ0) және кейінгі (ТЕ1) айырманы орташа сағаттық еңбек төлемінің деңгейін (ОТ) және жоспарланған өнім көлемін көбейту арқылы табамыз:

Р↓ЗП = ∑ (ТЕ1 - ТЕ0) ∙ ОТпл ∙ VВПпл

Материалдық шығындардың төмендеу қорын (Р↓МЗ) - өнеркәсіптегі бағдарланған өнімнің шығарылуына жаңа технология мен өзгерістер енгізу арқылы келесідей табуға болады:

Р↓МЗ = ∑ (УР1 - УР0) ∙ VВПпл∙ Ц пл

Мұндағы УР1, УР – материалдық ресурстарының өнім бірлігіне өзгеріске дейінгі және кейінгі кеткен шығыны

Ц пл – материалдарға жоспарлы баға

Негізгі қорды сақтауға арналған шығынды азайту қоры ұзақ мерзімді арендаға беру, консервация, керек емес, артық, қолданбайтын көлік, ғимарат, құрал-жабдықтардың есептен алынуы (списание) (Р↓ОПФ) арқылы оның басты соммасын амортизация нормасына (НА) көбейту арқылы табамыз:

Р↓АМ = ∑ (Р↓ОПФi ∙ НАi)

  1. Өнім шығарылымының көбеюіне арналған қосымша шығындар, оның жеке түрі бойынша қосымша өнімге саналады. Бұл негізінен еңбекақы, шикізат, материалдар, энергия мен т.б. өзгермелі шығындардан құралады. Ол өнім көлеміне пропорционалды болады. Ол үшін өнім көлемінің көбею қорын (неше түрлі өнім) факттық өзгермелі шығындардың есептік периодтағы деңгейіне көбейту керек.

Зg = Р↑VBП i ∙ вi1

Өз білімін бақылау сұрақтары:

  1. Өнімнін өзіндік құны талдау факторлары мен объектілері.

  2. Өндіріліген өнімдердің 1 теңгесіне кеткен шығындарды талдау.

  3. Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнын талдау.

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 416 с.

2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 222 с.

3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.

4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.

5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.

6 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

Тақырып 10. Қаржылық талдаудың негізі

Дәрістің мақсаты: студенттерге қаржылық талдау бойынша теориялық негіздерін қарастыру және түсіндіру

Дәріс сұрақтар:

1 Қаржылық талдаудың мақсаты мен міндеті.

2 Басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы қаржылық талдаудың рөлі.

3 Қаржылық талдау әдістері.

Дәрістің негізгі мазмұны

1 Қаржылық талдаудың мақсаты мен міндеті.

Кәсіпорын қаржылық-шаруашылық қызметінің диагностикасы мен талдауының пәні болып жұмыстың қорытындысы, оның өзгеру себебі мен болуы мүмкін экономикалық зардаптары табылады. Шаруашылық жүргізудің қорытындысы кәсіпорынның қаржылық жағдайымен, алынған пайда көлемімен (экономикалық қорытынды), өндірілген және сатылған өнім көлемімен (өндірістік қорытынды), техникалық және әлеуметтік жағдайдың деңгеймен түсіндірілуі мүмкін. Аталғандардың барлығы өзара байланысты және шарттасқан, себебі олар қаржылық, экономикалық, өндірістік және әлеуметтік салалардың да қызмет тиімділігін көрсетіп тұр.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің диагностикасы мен талдауының міндеттері олардың басқа қолданбалы салаларындағы функцияларымен байланысты пайда болады. Олардың негізгілері:

- бизнес-жоспарлар және ішкі өндірістік нормативтер құрастырудағы ғылыми-экономикалық негіздің артуы;

- еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын (бөлек немесе бірге) қолданудың тиімділік деңгейін бағалау;

- барлық қаржылық-шаруашылық қызметтің деңгейінде шығынды үнемдеу қорын іздеу;

- басқарушылық шешімдер мен жоспардың орындалуына бақылау.

Талдауды функционалды белгілеріне байланысты бөлу оған деген тәжірибелік қызығушылық тудырады, яғни оның қандай роль атқарып, міндеттерді шешуіне байланысты. Талдаудың қаржылық, басқарушылық, маркетингтік, инвестициялық, экономика-техникалық, логистикалық, функционалды-құндық және т.б. түрлерін бөліп қарастырады.

Қаржылық талдау орталық орындардың алғашқыларының бірін алады. Ол аудит және қаржылық менеджмент элементтерімен іске алады.

Оның негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық қорытындысының диагностикасы, қаржылық жағдайдың бағалануы және қаржылық қызметтің тиімділігі.

Қаржылық талдау барысында келесі сұрақтарға жауап алуға болады:

- есептік жыл барысында кәсіпорынның мүліктік потенциалы қандай және онда қандай өзгерістер туындады;

- талданып отырған кезеңде төлемқабілеттілігі қамтамасыз етілді ме;

- кәсіпорын активтерінің құрылымы қаншалықты оптималды;

- кәсіпорын қор құрылымы қандай және онда есептік жыл барысында қандай өзгерістер туындады;

- кәсіпорын төлемқабілеттілігін қалпына келтіруі немесе зиян перспективасы қандай;

- жақын және алыс болашаққа қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілген бе;

- кәсіпорын жалдамалы құрал еліктіру дұрыс мақсат па және несие алу үшін объективті болжамдар бар ма;

- кәсіпорын алға қойған мақсатына жету үшін басқарушылық шешімдер бағыты қандай болуы керек.

2.Басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы қаржылық талдаудың рөлі.

Қаржылық талдаудағы басқарушылық шешімдерді мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын шығарылған қорытындылар негізінде бағалау, оның жақсаруына кеңес беру. Ол ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Сыртқы талдау міндеттері жинақтық ақпараттыңтұтынушылар қызығушылығы арқылы анықталады. Ішкі қаржылық талдау кәсіпорындағы қаржылық жағдайдың себептерін тереңірек зерттейді, айналым және негізгі құралдарды тиімді пайдаланады, көлем, өзіндік құн және табыс көрсеткіштері арасындағы өзара байланысты қарастырады.

3.Қаржылық талдау әдістері.

Қаржылық талдау жүргізбес бұрын оның мақсаты мен міндеттерін анықтау керек. Содан соң талдаудың бағдарламасы ұйымдастырылады, әдістері, мақсаттары мен міндеттерін шешуге арналған нұсқаулары, талдаудың ақпараттық базасы, өзгеріс туындаған сәтте қабылданатын шешім талаптары анықталады.

Әдістемелік талдаудың келесі бөліктерін қамтиды: есептік жылдағы қаржылық жағдайдың жалпы бағалануы және өзгерісінің жалпы бағалануы; кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс жойылуын талдау; кәсіпорынның төлемқабілеттілігін және іскерлік белсенділігін талдау; қаржылық қорытынды талдау.

Өз білімін бақылау сұрақтары:

1. Қаржылық талдау басқару шешімдерін қабылдау базасы ретінде.

2. Кәсіпорынның қаржылық есептілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық базасы ретінде.

3. Қаржылық талдау әдістері және олардың жіктелуі.

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 416 с.

2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 222 с.

3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.

4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.

5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.

6 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

Тақырып 11. Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау

Дәрістің мақсаты: студенттерге баланс мәліметтері бойынша оның құрылымына және құрамына, сонымен қатар өтімділігіне талдау жасау әдістемесін түсіндіру

Дәріс сұрақтар:

1. Ұйымның активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау: пассив құрылымын талдау, актив құрылымын талдау.

2. Балансты тікелей және көлденең талдау.

3. Салыстырмалы талдамалық баланс.

Дәрістің негізгі мазмұны

1.Ұйымның активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау: пассив құрылымын талдау, актив құрылымын талдау.

Ұйым балансын талдаудың негізгі мақсаты ұйымның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық қызметке қызығушылық танытқан тұлғалар үшін шешім қабылдауына қажетті ақпараттарды ашып көрсету. Бухгалтерлік балансты талдаудың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

1. Ұйымның мүліктік жағдайын сипаттайтын баланстың активтерінің құрамы мен құрылымын оқып үйрену

2. Ұйым активтерінің қалыптасу көзддері болып табылатын капитал мен міндеттемелердің құрамы мен құрылымын зерттеу

3. Баланс активтерінің өтімділіктерін талдау

4. Ұйымның төлем қабілеттілігі мен несиелік қабілеттілігін талдау

5. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау

2. Балансты тікелей және көлденең талдау.

Бухгалтерлік балансқа сапалы түрде талдау жасау үшән ең алдымен оны оқи білу қажет. Балансты оқу дегеніміз оның бұлімдері мен топтарының өзара байланыстарын әрбір баптардың мазмұнын бәлу дегенді білдіреді. Бухгалтерлік балансты дұрыс оқи білу мынандай мүмкіндіктер береді:

1. Ұйым туралы жан – жакты ақпараттар алу

2. Ұйымның меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз ету деңгейін анықтау

3. Ұйым активтерінің көлемі қандай баптар есебінен өзгергендігін анықтау

4. Ұйымның қаржылық жағдайын бағалау

Бухгалтерлік балансты зерттей отырып, белгілі бір есептік кезең ішіндегі баланс валютасының өзгеруін бағалай аламыз. Сонымен бірге баланс валютасының өсуін сол ұйымдағы өндіріс көлемінің өсу қарқынымен салыстыруға мүмкіндіктер туады.

Бухгалтерлік баланстың баптары бір – бірімен өзара байланысты. Оны келесілерден көруге болады:

1. I+ II=III+IV+V.Бұл баланста көрсетілген қаражаттардың 2 аспектіде көрсетілгендігімен түсіндіріледі:

а) құрамы және орналасу бойынша (активтер)

б) қалыптасу көздері бойынша (меншікті капитал, сырттан тартылған қаражаттар)

2. I > III

3. II < V Меншікті капитал есебінен ұзақ мерзімді активтердің негізгі бөлігі қалыптасу керек. Бұл теңсіздік ұйым капиталының бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерді қалыптастыруға бағытталғандығымен түсіндіріледі

4. А=М+МК

2. Қаржылық есептіліктің маңызды элементтерінің бірі болып табылатын активтерді талдау кезінде олардың нақты бар екендігі, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің құрылымына талдау жүргізу олардың орналасуы туралы мәліметтер алуға мүмкіндіктер бар. Белгілі бір есептік кезең ішінде активтердің көбеюі ұйымның дамуы туралы куәландырады. Бухгалтерлік баланс мәліметтері негізінде активтердің құрамы мен орналасуына талдау жүргізу үшін келесідей кесте құрастыру қажет.

Баланс баптары

Есептіккезең басындағы мәлімет

Есептіккезең соңындағы мәлімет

Есептік кезеңдегі өзгерістер

сомма мың тг

үлес салмағы %

сомма мың тг

үлес салмағы %

мың тг

3-1 гр

% 5/1*100

үлес салмағы

4-2гр

1

2

3

4

5

6

7

Талдау жүргізу үшін келесідей коэффиценттерді анықтау маңызды болып табылады:

1. Активтердің мобилділік коэффиценті ҚМА сомасын бөлеміз барлық активтерге.

Бұл көрсеткіш ұйым қарыздарын өтеу үшін қажетті ақша қаражаттарының үлесін сипаттайды. Осы коэффиценттің мәнә жоғары болған сайын ұйымның үздіксіз түрде жұмыс істеуі үшін мүмкіндіктердің жоғары екендігін көрсетеді

2. Активтердің орналасу тиімділігін сипаттайтын коэффицент есептеледі. Бұл коэффицент ҚМА сомасын ҰМА сомасына бөлу арқылы есептеледі

3. Ұйымның мүліктік жағдайда қандай сапалық өзгерістердің болғандығын талдау үшін арнайы есептеу жүргізеді. Ол үшін ұйымның өндірістік потенциалының маңызды элементтерінің бірі және сол ұйымның материалдық техникалық базасын құрайтын негізгі құралдарға талдау жұргізеді. Негізгі құралдардың наңты құнын анықтайтын коэффицентті есептеу үшін негізгі құралдардың қалдық құнын (баланстағы құны), қалдық құнын барлық активтерсомасына бөлу арқылы есептеледі

4. Ұйым активтерінің ішінде ҚМА-ге көбірек талдау жұмыстары жүргізіледі. Себебі ҚМА өтімділігі жоғары активтеріне жатады. Талдау жүргізу кезінде ҰМА бөліміндегі әрбір баптардың үлес салмағын аныұтау маңызды болып табылады. Сол арқылы қйымдағы өтімдімділігі жоғары активтердің үлесі анықталады. Талдау жүргізуші қысқа мерзімдң дебиторлық қарыздарға талдау жүргізу кезінде олардың пайда болу себептерін анықтауға көңіл бөлуі қажетСебебі ҚМА жалпы құнындағы қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың үлесі ұйымның қаржылық тұрақтылығына ісер ететін көрсеткіштердің бірі болып табылады.

3. Салыстырмалы талдамалық баланс.

Балансқа талдау жүргізгеннен кейін осы активтерді қалыптастыру көздеріне талдау жасаудың маңыздылығы бар. Ұйым активтерін қалыптастыру көздері 2 бөлінеді:

1. Меншікті қаражаттар

2. Сырттан тартылған қаражаттар

3. Өтімділік бұл ұйымның өз міндеттерін жабу үшін активтерін ақша қаражаттарына айналдыру қабілеттілігін көрсетеді. Ұйым активтері өтімділік деңгейлері бойыынша мынандай топтарға бөлінеді

А1 өтімділігі неғұрлым жоғары активтер: ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар: МЕКАМ, МЕОКАМ, МЕАКАМ, ҰЖО

А2 тез сатылатын активтер: қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар, қысқа мерзімге берілген аванстар

А3 жай сатылатын активтер: ҚМА-ң қалған баптары жатады, қорлар

А4 сатылуы қиын активтер: ҰМА-ң барлық баптары жатады

Баланс пассивтері оларды төлеу мерзімділіктері бойынша 4 топқа бөлінеді:

П1 неғұрлым тез төленуі қажетті міндеттемелер: қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар жатады

П2 қысқа мерзімді міндеттемелер: ҚММ : қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер, салыөтар бойынша міндеттемелер, басқа ерікті және міндетті төлемдер бойынша мәндетттемелер

П3 ҰММ: баланстың ҰММ барлық баптар жатады

П4 тұрақты міндеттемелер: баланстың 5 бөліміндегі барлық баптар жатады

Баланс өтімділігін анықтау үшін активтер және пассивтер бойынша топтарда көрсетілген қорытындыларды салыстыру қажет. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің балансы келесідей қатынастар сақталған жағдайда өтімді деп саналады:

1. А1 ≥ П1

2. А2 ≥ П2

3. А3 ≥ П3

4. А4 ≤ П4

Яғни алынған активтердің алғашқы 3 тобы сәйкес пассив топтарын толығымен жапқан жағдайда немесе соған тең болса баланс өтімді деп саналады. Алғашқы 3 теңсіздіктің орындалуы 4 теңсіздіктің орындалуына әкеледі.

Өз білімін бақылау сұрақтары:

  1. Ұйым активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау.

  2. Ұйым активтерін өтімділік дәрежесі бойынша топтастыру.

  3. Ұйым пассивтерін жедел өтеу дәрежесіне қарай топтастыру.

  4. Ұйым өтімділігін талдау

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 416 с.

2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 222 с.

3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.

4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.

5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.

6 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

Тақырып 12. Баланс өтімділігін талдау.

Дәрістің мақсаты: студенттерге баланс мәліметтері бойынша өтімділігіне талдау жасау әдістемесін түсіндіру

Дәріс сұрақтар:

1.Кәсіпорын активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау

2.Қаржылық тұрақтылықты талдау.

3.Төлем қабілеттілігін және өтімділікті талдау.

Дәрістің мазмұны

1.Кәсіпорын активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау.

Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның "өтімділігін" анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік -бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні - активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, — өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар)- айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттеме-лерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында геленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі тәлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген дебитор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырьь сады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебигорлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды.

Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық -тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.

Сатуға арналған дайын өнім және материалдық құндылықтар қорының өтімділігі бұдан да төмен болады, олар негізінен келесі топты құрайды.

A3. Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің II бөлімінің "Тауарлы-материалдық қорлар" бабы және баланс активтінің I бөліміндегі "Ұзақ мерзімді инвестициялар" (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайтылған) бабы.

Бірақ бұл кезде "Алдағы кезең шығындары" бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатьш алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті; егер, мысалы, темір қаңылтырды сатып алушыны табу оңай болса, одан жасалған штампталған жартылай өнімді сатып алушыны табу анағұрлым қиын. Бұл белгілі бір бұйымды дайьшдауға арналған жартылай өнім барлық адамға бірдей керек емес болуы мумкін, Сондықтан немістер өтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған өндірістің құнын қоспайды. Алайда американ кәсіпорындарда аяқталмаған өндіріс құнын өтімді активтердің қунына қосуға жол беріледі.

А4. Қиын өткізілетін активтер - баланс активінің I бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. I бөлім жиынынан "Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар" бабы бойынша соманьщ бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басгы орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады - кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның "өтімділігін" (өтімді капиталын), яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы-материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.

ІІ1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер - бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойын-ша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер - қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер - ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4. Тұрақты міндеттемелер - пассивтің I бөлімінің "Меншікті капитал" баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің "Алдағы кезең шығындары" бабы бойынша сомаға азайтылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:

2.Қаржылық тұрақтылықты талдау

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда маңызды тапсырмалардың бірі оның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштермен танысу болып табылады. Қаржы тұрақтылығын талдау кәсіпорынның меншікті және қарыз қаражаттарын қаншалықты дұрыс басқарып отырғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Қаржы тұрақтылығының мазмұны, қалыпты өндірістік-коммерциялық қызмет үшін қажетті ақша ресурстарының тиімді қалыптасуы мен пайдалануымен меншікті капитал қаржы ресурстарына ең алдымен таза (бөлінбеген) пайда мен амортизациялық аударымдар жатады. Қаржы тұрақтылығының сыртқы белгісі ретінде шаруашылық субъектінің төлем қабілеттілігі көрініс табады. Төлем қабілеттілік – бұл кәсіпорынның коммерциялық, несиелік және төлем түріндегі басқа операцияларынан туындайтын өзінің қаржылық міндеттемелерін орындай алу қабілеттілігі.

Қор көлемі

Сурет – Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштер

3.Төлем қабілеттілігін және өтімділікті талдау

Кәсіпорынның қанағаттанарлық төлем қабілеттілігі келесідей параметрлермен расталады:

  • Есептік, валюталық және банктің басқа шоттарында бос ақша қаражаттарының болуы;

  • Жабдықтаушылардың, персоналдың, бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың және басқа кредиторлардың алдында ұзақ мерзімді мерзімі ұзартылған қарыздың болмауы;

  • Меншікті айналым қаражатының (таза айналым капиталының) болуы.

Төмен төлем қабілеттілік кездейсоқ, уақытша, ұзақ мерзімді немесе созылмалы болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді төмен төлем қабілеттілік кәсіпорынды дағдарысқа алып келуі мүмкін.

Қаржылық тұрақтылықтың жоғарғы типі кәсіпорынның негізінен қаржыландырудың меншікті қайнар көзі негізінде даму қабілеттілігі. Бұл үшін ол қаржылық ресурстардың икемді құрылымы мен қарыз қаражатын тарту мүмкіндігіне ие болуы, яғни несие қабілетті болуы қажет. Кәсіпорын несие қабілетті болып саналады, егер меншікті қаржы ресурстар негізінде кредиторға алынған ссуданы уақытында қайтару қабілеттігі болса.

Қаржы тұрақтылығын сақтап қалуы үшін кәсіпорынға тек пайда көлемінің өсуі ғана емес сонымен қатар оның деңгейінің салынған капиталға қатысты өсуі де, яғни рентабельділік де қажет.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы – бұл кәсіпкерлік тәуекелділіктің ең төменгі деңгейінде төлем қабілеттілік пен несие қабілеттілікті сақтай отырып меншікті қаражат негізінде кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ететін кәсіпорынның ақша ресурстарының жағдайы.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығына көптеген факторлар әсер етеді:

  • Тауар және қаржы нарығындағы кәсіпорынның жағдайы;

  • Сұранысы бар және бәсекеге қабілетті өнімді өндіру мен өткізу;

  • Іскерлік бірлестіктегі кәсіпорынның рейтингі;

  • Сыртқы несиегерлер мен инвесторларға кәсіпорынның тәуелділік деңгейі;

  • Төлем қабілетсіз дебиторлардың болуы;

  • Өндіріс шығындарының көлемі мен құрылымы, олардың ақшалай кірістерге қатынасы;

  • Төленген жарғылық капитал көлемі;

  • Коммерциялық және қаржылық операциялардың тиімділігі;

  • Мүліктік потенциалдың жағдайы;

  • Қаржы менеджерлерінің қаржылық дайындық деңгейі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпорын активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау.

  2. Қаржылық тұрақтылықты талдау.

  3. Төлем қабілеттілігін және өтімділікті талдау.

  4. Меншікті капиталдың қажетті өсімін талдау.

  5. Кредиторлық берешектің орташа ұзақтығы қалай есептелінеді?

  6. Капитал айналымдылық коэффициенті және капитал сыйымдылығы қалай есептелінеді?

  7. Капитал айналымдылығының өсуі нәтижесінде экономикалық тиімділік айналымы қалай анықталады?

  8. Меншікті капиталдың рентабельділігі деген не?

  9. Меншікті және жиынтық капиталдың қандай өзара байланысы бар?

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Абрютина М.С Гарачев А.В. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебно-практическое пособие-М. Издательство «Дело и Сервис», 1998-256с.

2. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник 2 – е издание / И.А. Богдиновская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и д.р. под общ.ред. В.И. Стражева – М.М. выш.школа 1998 – 397 с

3. Баканов М.Н., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник 7 – е, издательство, доп.и перераб. – М: Финиасы и статистика, 2002 – 416с

4. Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субьекта 2 – е издание, доп.- М.: Финансы и статистика, 2000 – 208с

5. Вакуленко Т.Г., Фомина Л.Ф. Анализ бухгалтерской (финансовой) отчетности для принятия управленческих решении – СПб.: Издательский дом Герда: 2001 – 288с

6. Дюсембаев К.Ш., Егембердиев С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие – Алматы: экономика, 1998 – 294с

Тақырып 13. Қаржылық тұрақтылықты талдау

1 Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері. Қаржылық тұрақтылықтың үш факторлы моделі.

2 Қаржылық тұрақтылықтың қатысты көрсеткіштері мен оларды талдау.

3 Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің ерекшеліктерін түсіндіру.

Дәрістің мазмұны

1. Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері. Қаржылық тұрақтылықтың үш факторлы моделі.

Қаржылық тұрақтылық бұл өндірістік шығындарды қаржылындыруды қамтамасыз ететін қаржылық ресурстардың жағдайын көрсететін көрсеткіш. Қаржылық тұрақтылықты талдау арқылы ұйымның қаржылық ресурстарынды қалай басқарып отырғандығын анықтауға болады. Қаржылық тұрақтылықты анықтау үшін мынандай 3 көрсеткіш есептеледі:

1. Меншікті айналым капиталының бар болуы

2. Қорларды меншікті және ұзақ мерзімді қарыздар есебінен қалыптастыру

3. Қорларды қалыптастырудың негізгі көздерінің жалпы көлемі

2.Қаржылық тұрақтылықтың қатысты көрсеткіштері мен оларды талдау

Ұйымның төлем қабілеттілігін сипаттайтын мағңызды көрсеткіштердің бірі несиелік қабілеттілікті талдау болып табылады. Несиелік қабілеттілік қарыз алушының несие алу және оны қайтару мүмкіндіктерін көрсететін көрсеткіш. Банкпен клиент арасындағы несиелік қатынастар несиелік келісімшарт арқылы реттеледі. Онда мынандай шарттар міндетті түрде көрсетілуі қажет:

- несиелеу объектісі

- берілген несие сомасы

- мерзімі

- пайыздық мөлшерлемесі

- несиені қамтамасыз ету формалары(мүлік кепілі, гарантия)

- екі жақтың міндеттері, құқықтары, жауапкершіліктері

Банк пен клиент арасында несиелік келісімшарт бекіткенге дейін ұйымның несиелік қабілеттілігіне талдау жұргізіледі. Несиелік қабілеттілікті талдаудағы негізгі мақсат қарыз алушының қаржылық жағдайын сапалы түрде бағалау және қарызға алынған қаражаттарды қайтару қабілеттілігін зерттеу болып табылады. Несиелік қабілеттілікке талдау жүргізу міндеттемелеріне мыналар жатады:

1. Ұйымның қаржылық жағдайын анықтау

2. Қарыз алушының шаруашылық қызметін тиімсіз ұйымдастыру әсерінен несиелік ресурстарды жоғалтудың алдын алу

3. Ұйымның тиімділігін жоғарлатуға бағытталған қарыз алушының қызметін ынталандыру

4. Несиелеудің тиімділігін жоғарлату

Бүгінгі күні коммерциялық банктер үшін несиелік қабілеттілікті талдаудың біріңғай коэффиценттерді анықтамаған. Несиелік қабілеттілікті талдау кезінде оған бірқатар факторлар әсер етеді. Олар: қарыз алушының беделі, несиелік тарихы, несиелік ресуртарды пайдалану мақсаттары, несие сомасы, несиені қамтамасыз ету формасы, меншігіндегі активтер сомасы, елдегі жалпы экономикалық жағдай

3. Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің ерекшеліктерін түсіндіру

Несиелік қабілеттілікті талдау кезінде мынандай коэффиценттер жиі пайдаланылады:

1. Ағымдық өтімділік коэффиценті тең өтімділігі өте жоғары активтерді бөлеміз ҚММ

2. Аралық өтімділік коэффиценті = (ақша қаражаттары + қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар + қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар)/ ҚММ

3. Қорлардың айналым капиталмен қамтамасыз етілу коэффиценті = ( МК + ҰММ – ҰМА) / қорлар

4. Ұзақ мерзімді қаржылық тәуелсіздік коэффиценті = (МК + ҰММ) / баланс валютасы

5. Пайыздық төлемдерді жабу коэффиценті = ақша қаражаттары / төленуге тиісті пайыздық мөлшерлемелер

6. Ұйым қарыздарын жабу коэффиценттері = ақша қаражаттары / ( ҚММ + ҰММ)

Өз білімін бақылау сұрақтары:

1 Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштерін атаңыз

2 Қаржылық тұрақтылықтың қатысты көрсеткіштері мен оларды талдау.

3 Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің ерекшеліктерін түсіндіру.

4 Ұйымның абсолютті төлемқабілетсіздігі мен тұрақсыздығы түсініктері.

5 Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау.

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 416 с.

2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 222 с.

3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.

4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.

5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.

6 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

Тақырып 14. Ақша ағынын талдау.

Дәрістің мақсаты: студенттерді ұйымның ақша ағымын талдау әдістерімен таныстыру

Дәріс сұрақтар:

1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, оның талдамалық құндылығы.

2. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті қалыптастырудың тура және жанама әдістері

3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің құрылымы: ұйымның қаржылық, инвестициялық, операциондық қызметтерінен болатын ақша ағыны.

Дәрістің мазмұны

1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, оның талдамалық құндылығы.

Ақша қаражаттың қозғалысы туралы есеп белгілі бір қаржының келіп түсуі мен олардың пайдалануы жөнінде ақпараттар береді. Сол арқылы қаржылық есеп мәліметтерін пайдаланушылар компанияның ақша қаражаттарын табу қабілеттілігін және сол ақша қаражаттарын қандай көздерге жұмсауды қажет ететін бағыттарды анықтайды. Сонымен бірге компанияның таза табысымен және оны алумен байланысты әр түрлі түсімдер мен төлемдер арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге болады.

Ақша қаражаттың қозғалысы туралы есепте жасаудағы негізгі мақсат мыналар болып табылады:

    1. Есептік кезең арасындағы компанияға келіп түскен ақша-қаражаттармен олардың жұмсалу туралы ақпараттар.

    2. Есептік кездегі компанияның операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтері туралы ақпараттар алу

Бухгалтерлік есеп тұрғысынан алып қарағанда ақша бұл компанияның кассасындағы қолма-қол ақша қаражаттары және банктер ашылған әр түрлі шоттардағы ақша-қаражаттары болып табылады. (ағымдық, валюталық шот, есеп-айырысу шоттар және т.б. арнайы шоттар)

Компанияның ақша қаражаттар қозғалысы дегеніміз - бұл сол компанияға келіп түскен және жұмсалған қаражаттар. Сондықтан ақша қаражаттарының қозғалыс туралы есеп компанияға келіп түскен және одан жұмсалынған, ақшалардың негізгі көздерін көрсетеді.

2. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті қалыптастырудың тура және жанама әдістері, олардың жетістіктері мен жетіспеушіліктері

Компанияның операциондық қызметін жүзгізу кезіндегі ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсету.Операциондық қызмет бұл табыс алумен байланысты компанияның негізгі қызметі немесе инвестициялық және қаржылық қызметтерге жатпайтын басқа қызметі болып табылады. Компанияның операциондық қызметтері жүргізу кезінде ақша қаражаттарының қозғалысы мынандай әдістерді пайдалану арқылы анықталады:

  1. Тікелей әдіс – компанияға келіп түскен, ақша қаоражаттарымен, төлеенген төлемдердің негізгі түрлерін ашып көрсететін әдіс, яғни компанияның негізгі жүргізілген шаруашылық операциялар бойынша алынған және төленген, ақша қаражаттарытуралы ақпараттар беріледі. Бұл әдіс арқылы әр бір ақшалай операцияны қандай қызмет түріне жататындығын анықтауға болады.

  2. Тікелей әдіс арқылы сол компанияның табыстары мен шығындары туравлы есебінің әрбір баптарына түзетулер енгізуге болады.

  3. Бұл жағдщайда өнімдерді сатудан түскен ақша қаражаттарынан қажетті тауармен шикізаттарды сатып алу бойынша жұмсалған барлық ақша қаражаттарын, ағымдық шығындарды, несиелер бойынша сыйақыларды және бюджетке төленген төлемдерді шегеру арқылы есептелінеді. Нәтижесінде компанияның операциондық қызметі бойынша ақша қаражаттардың жалпы соммасы есептелінеді.

Жанама әдіс − кәсіпорын ағымдық активтер мен міндеттемелердің өзгеруіне байланысты таза табыс немесе шығын сомасы да өзгереді. Сонымен бірге, инвестициялық және қаржылық қызметтер нәтижесінде пайда болатын табыстар мен шығындар сомасы өткен кезеңмен салыстырыла отырып, өзгерістер жасалынады. Яғни бұл әдіс есептік кезеңдегі таза табысты көрсетумен басталады және ақша қаражаттарына тікелей байланыстары жоқ сомаларға түзетулер енгізіледі. Бұл әдіс негізінен бухгалтерлік баланста және табыстар мен шығындар туралы есепте көрсетілген ақпараттарға негізделеді.

Жанама әдіс арқылы табыстар мен шығындар туралы есептің әрбір баптарына өзгерістер енгізіледі. Осы әдіс негізінде таза табыс сомасы өткен кезеңмен салыстырыла отырып өзгереді.

Жанама әдісті пайдалану кезінде таза табыс (зиян) сомасына

енгізілетін өзгертулер.

I

Таза табыс

Бұл сома кәсіпорын табыстар мен шығындар туралы есебінен алынады

II

Таза табысқа түзетулер енгізілген операциялар

II.1

Есептелінген тозу

Кезең бойынша есептелінген тозу сомасы, таза табыс сомасына қосылады. Себебі, олар ақша қаражаттарына тікелей әсер етпейді.

II.2

Қысқамерзімді активтер соманың өзгеруі

Қысқа мерзімді активтер сомасының көбеюі, есептік кезең аралығындағы ақша қаражаттарының ағаманың азаюына алып келеді. Бұл кәсіпорын ақша қаражаттырының шығуын көрсетеді. Ал қысқа мерзімді активтердің азаюы ағаымдық кезеңдегі ақаша қаражаттарының көбеюіне алып келеді. Бұл кәсіпорын ақша қаражаттарының келіп түсуіне алып келеді.

II.3

Ағымдық міндеттемелердің сомасының азаюы

3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің құрылымы: ұйымның қаржылық, инвестициялық, операциондық қызметтерінен болатын ақша ағыны

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп белгілі бір есептік кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен олардың пайдалануы жөнінде ақпараттар беріледі. Сол арқылы қаржылық есеп мәліметтерін пайдаланушылар компанияның ақша қаражаттарының табу қабілеттілігін және сол ақша қаражаттарының қандай көздерге жұмсауды қажет ететін бағыттарды анықтайды. Сонымен бірге компанияның таза табысымен және оны алумен байланысты әртүрлі түсімдер мен төлемдер арасындағы айырмашылықтарын көруге болады.

Ақаша қаражаттарының қозғалысы туралы есептерді жасаудағы негізгі мақсат мыналар болып табылады:

  1. Есептік кезең аралығында компанияға келіп түскен ақша қаражаттары мен олардың жұмсалуы туралы ақпараттар.

  2. Есептік кезеңдегі компанияның операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтері туралы.

Бухгалтерлік есеп тұрғысынан алып қарағанда АҚША – бұл компанияның кассасындағы қолма-қол ақша қаражаттары және банктен ашылған әртүрлі шоттардағы ақша қаражаттары болып табылады. (ағымдық, валюталық, есеп айырысу шоты, т.б.арнайы шоттар).

Компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы – бұл сол компанияға келіп түскен және жұмсалған ақша қаражаттары. Сондықтан, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп компанияға келіп түскен және одан жұмсалынған ақшалардың негізгі көздерін көрсетеді.

Компанияның операциялық қызметті жүргізу кезіндегі ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсету.

Операциялық қызмет – табыс алумен байланысты компанияның негізгі қызметі немесе инвестициялық және қаржылық қызметтерге жатпайтын басқа қызметі болып табылады. Компанияның операциялық қызметін жүргізу кезіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы мынандай әдістерді пайдалану арқылы анықталады:

Инвестициялық қызмет – бұл ұзақмерзімді активтерді сатып алу және сату сонымен бірге қайтарылатын қарыздарды алу және беру қызметтері. Инвестициялық қызмет нәижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысы төмендейді.

І. Ақша қаражаттарының түсуі

- компанияның материалдық емес активтерін, негізгі құрал-жабдықтарын және т.б. ұзақ мерзімді активтерді сатудан түскен түсімдер.

- қаржылық инвестицияларды сатудан түскен түсімдер: сыйақы, дивиденд, пайыздар.

- басқа заңды тұлғалардан қарыздар алу

- т.б. түсімдер

ІІ. Ақша аражаттарының шығуы

- материалдық емес активтер, негізгі құрал жабдықтар және т.б. ұзақ мерзімді активтерді сатып алу.

- қаржылық инвестициялар сатып алу

- басқа заңды тұлғаға қарыз беру

- т.б. төлемдер.

Инвестициялық қызмет компанияның бухгалтерлік балансында көрініс табады және ұзақмерзімді активтер ертінде саналады. Сонымен бірге, инвестициялық қызмет компанияның табыстар мен шығындар туралы есебінде де көрініс табады. Онда негізгі құрал жабдықтарды, бағалы қағаздарды сатудан түскен табыс немесе шығын ретінде көрсетіледі.

Қаржылық қызмет – компанияның меншік капиталымен қарызға алынған қаражаттар көлемі мен құрамында болатын өзгерістердің нәтижесі болып табылады.

Компанияның қаржылық қызметі нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысына мынылар жатады:

І. Ақша қаражаттарының түсуі

- акцияларды және т.б. бағалы қағаздарды шығарып сатудан түсетін табыс

- банктік несиелер алу

- т.б. түсімдер

ІІ. Ақша аражаттарының шығуы

- банктік несиелерді қайтару

- өзінің айналысқа шығарған акцияларын сатып алу.

- дивидендтер төлеу

- т.б. ақша қаражаттарының шығу көздері

Барлық заңды тұлғалар өзінің инвестициялық және қаржылық қызметтерінен келіп түсетін және шығатын ақша аражаттарының негізгі түрлерін жеке-жеке ашып көрсетуі қажет.

Өз білімін бақылау сұрақтары:

  1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебіне талдау жүргізу тәртіптері қандай?

  2. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі қандай әдісті пайдалана отырып жасалады?

  3. Тікелей әдіс дегеніміз не?

  4. Жанама әдіс дегеніміз не?

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 416 с.

2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 222 с.

3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.

4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.

5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.

6 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

Тақырып 15. Компанияның табыстылығын талдау.

Дәрістің мақсаты: студенттерді ұйымның табыстылық көрсеткіштерімен таныстыру

Дәріс сұрақтар:

1. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау

2. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау

Дәрістің мазмұны

1. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау

Ұйымның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Ұйымның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында ұйымның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы - материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екішіде азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондық-тан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.

Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады.

Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикіат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қай та өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – таза табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады :

2. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы ұйымның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен ұйымның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер. Оларды толығырақ қарасты-райық:

Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептелінеді:

Д = Таза табыс / Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал)

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,005 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,003 болды.

Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал)ұйымның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсе-теді.

Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :

Д = Д / Т

Мұнда: Т - ағымдағы активтер.

Д - таза табыс.

Д - ағымдағы активтердің табыстылығы.

Ағымдағы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,012 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,009 болды.

Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, ұйымның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш – меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Ол мына формуламен анықталады:

Д = Д / С

Мұнда: Д - меншікті капиталдың табыстылығы;

Д - таза табыс;

С - меншікті капитал.

Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болыптабы-лады.

Дәл осы көрсеткіш биржада акционерлік компаниялардың акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады.

Меншікті капиталдың табыстылық деңгейі жыл басында – -0,007 пунктке өскен болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,004 болды.

Тәжірибеде ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы деп аталатын көрсет-кіш кеңінен қолданылады. Ол ұзақ мерзімді активтерге салған бір теңгеден кә-сіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :

Д = Д / Т

Мұнда: Т - ұзақ мерзімді активтер;

Д - таза табыс;

Д - ұзақ мерзімді активтер табыстылығы.

Ұзақ мерзімді активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,009 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,004 болды.

Негізгі өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі мына формула бойынша есептелінеді:

Д = Д / З

Мұнда: Д - Өндірістік қорлардың табыстылығы;

Д - Таза табыс;

З - Өндірістік қорлар.

Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі жыл басында – -0,04 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,02 пунктке азайып отыр.

Сату көлемінің табыстылығы мына формула бойынша есептелінеді:

Д = Д / Д

Мұнда: Д - Сату көлемінің табыстылығы;

Д - Жалпы табыс;

Д - Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс.

Жоғарыда жүргізілген есептеулерден көріп отырғанымыздай кәсіпорын қыз-меті шығынды болып табылады, алайда оның қызметі жыл соңына қарай кішке-не болса да жақсаруда [1].

Өз білімін бақылау сұрақтары:

1.Табыстылықтың абсалюттік көрсеткіштерін талдау?

2. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне анықтама?

3. Сату көлемінің табыстылығы қалай көрсетіледі?

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 222 с.

2 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.

3 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.

4 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.

5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

Алматы экономика және статистика академиясы

«Есеп және аудит» кафедрасы

ТӘЖІРИБЕ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

«Экономикалық талдау» пәні бойынша

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]