
- •Муниципалдық менеджмент пәні бойынша
- •5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары Оқу жоспарынан көшірме
- •3. Оқу бағдарламаның тәртібі – (syllabus)
- •3.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3.2 Пререквизиттері:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұнымен
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •3 Мемлекеттік басқару түсінігі
- •4 Басқару қызметтері
- •Тақырып. Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде
- •3 Тақырып. Басқарудың даму тарихы
- •4. Тақырып. Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы
- •5 Тақырып. Өкілетті және атқарушы билік органдарының басқарудағы ұйымдық іс-әрекетінің негізі
- •6 Тақырып. Жергілікті басқару органдарындағы іс-әрекетті жоспарлау
- •7 Тақырып. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •8 Тақырып. Жергілікті басқарудың экономикалық негізі
- •9 Тақырып. Орталық және аймақтық экономикалық басқару органдары: жауапкершілікті бөлу және өзара қатынас механизмі
- •10 Тақырып. Қазақстан Республикасының аймақтық саясаты
- •11 Тақырып. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейту жолдары
- •1 Қазақстан экономикасын басқарудың саяси экономикалық негіздері
- •2 Өзін-өзі басқару тұжырымдамасы және оның негізгі жағдайы
- •3 Қазақстанның реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасы
- •4 Сыртқы экономикалық қатынастардың қалыптасуын басқару
- •13 Тақырып. Аймақтың әлеуметтік - экономикалық мәселелері
- •14 Тақырып. Шет мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Әдістемелік нұсқау: Шетелдік нақты бір аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, басқару әдісіне тоқтал..
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10..Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •1. Германиядағы муниципалды басқару қалай жүргізіледі?
- •12. Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •1 Германиядағы муниципалды басқару
- •13. Жазбаша жұмыстар және курстық жұмыстар тақырыптары
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Е) дұрыс жауабы жоқ
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1) 3
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары 3
- •5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •470061, Қарағанды, Гоголь к-сі, 38
5 Тақырып. Өкілетті және атқарушы билік органдарының басқарудағы ұйымдық іс-әрекетінің негізі
1 Маслихат іс-әрекетінің формасы
2 Экономикалық дамуды басқару облысындағы мемлекеттік
органдардың міндеттері
3 Аймақтың экономикасын басқару органдарының құрылымы және қызметтері
4 Экономиканы басқару саласындағы мемлекеттік аппараттардың жұмысын жетілдіру бағыттары
1 Маслихат іс-әрекетінің формасы
«ҚР-дағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңның 4-бабында маслихаттар мен акиматтар үшін қойылған негізгі талаптар мен шектер бөліп қарастырылады.
Маслихаттар мен акиматтар өз қызметі шеңберінде міндетті:
жалпымемлекеттік сыртқы және ішкі, қаржылық және инвестициялық саясатқа қайшы келетін шешімдер қабылдауды болдырмау;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ҚР-ның міндеттерін сақтау;
қоғамдық маңызды қызмет салаларында орнатылатын жалпымемлекеттік үлгілерді ұстану;
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету.
Маслихаттар мен акиматтарға біріңғай еңбек нарығының құрылуына және ҚР-ның шеңберінде тауар мен қызметтердің еркін айналымына кедергі болатын шешімдер қабылдауға тыйым салынды.
Маслихаттар мен акиматтар тарапынан қабылданатын территориялардың даму жоспарлары ҚР-ның дамуының стратегиялық жоспарларына сәйкес болу керек.
Заңға көрсетілгендей, маслихаттар сәйкес әкімшілік-территориялардың бірлік халқымен 4 жылдық мерзімге құпия дауыс беру арқылы жалны, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде сайланады.
Маслихат депутаты болып 20 жасқа жеткен ҚР-ның азаматы сайлана алады.ҚР-ның азаматы тек қана маслихаттың депутаты бола алады.
Сәйкес маслихаттың депутатының саны ҚР-ның орталық сайлау комиссиясымен келесі шектерде анықталады: облыстсқ, Астана мен Алматы қалаларының маслихаттарында -елу,қалалық маслихаттарында – отыз,аудандық маслихатта-жиырма бес депутатқа дейін.
Маслихат ҚР-ның орталық сайлау комисиясымен анықталға жалпы депутаттар санының ҫ -інен кем емес депутаттардың сайлау шарты бойынша құқыққа ие деп есептеледі.
Маслихаттар депутаттарының сайлауы ҚР-ның сайлау туралы заңымен регламент алады. Маслихаттар өкілеттігі бірінші сессияны ашу сәтінен басталып, жаңа сайланған маслихаттың бірінші сессиясының жұмысының басталуымен аяқталады.
Әкімшілік-территориялдық бірлікті қайта ұйымдастыру (қосу, жаңарту, бөлу) кезінде маслихат депутаттары өз өкілеттерін сақтап қалады және қайта ұйымдасқан маслихаттың депутаттары болып саналады. Оның құрамына сайланушылардың көп бөлігі енеді және қайта сайланған маслихаттың сессиясының жұмысының басталуына дейін қызмет атқарады.
2 Экономикалық дамуды басқару облысындағы мемлекеттік органдардың міндеттері
Қазақстанда нарықтық экономикада экономикалық саясатты басқаратын және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жаңа әкімшілік органдары құрылған болатын. Қазіргі жағдайда мемлекеттің және үкіметтің міндеттеріне келесілер кіреді:
• нарықтық экономика үшін әкімшілік және қаржылық инфрақұрылымды құру;
• бағаны либерализациялау;
• жеке меншікті құқықтық рәсімдеу және легализациялау;
• инвестиция үшін нарықтық жағдай жасау, өнеркәсіптік саясатты негіздеу және жүзеге асыру;
• макроэкономикалық жағдайды басқару, фискалдық балансқа жету, ақша-несие саясатын жүргізу;
• орталық, аймақтық, жергілікті билік органдарының қызметін кординациялау;
• әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыру және еңбек нарығы;
• тиімді мемлекеттік қызметті қоса алғанда, әкімшілік нарықтық экономика бойынша үкіметтің қабілеттерін арттыру.
әлеуметтік-экономикалық даму облысындағы саясатты жүргізушілер құрамына ҚР индустрия және сауда Министрлігі, энергетика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі, ҚР қаржы Министрлігі, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі , ҚР энергетика және минералды ресурстары Министрлігі, транспорт Министрлігі, ҚР байланыс және коммуникация Министрлігі, ҚР ауыл шаруашылық Министрлігі.
3 Аймақтың экономикасын басқару органдарының құрылымы және қызметтері
Экономиканы басқару органдарының құрылымы мен қызметтері ҚР басқа субъектілерінде әртүрлі болып келеді.
Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің негізгі міндеттері:
• аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясын өңдеу, құрылымдық саясатты өндіру, нарықтық экономика жағдайындағы экономиканың дамуына мемлекеттік әсер ету шараларының жүйесі;
• экономиканы дамыту және тұрақтандыру бойынша ұсыныстарды тайындау, өндірістік, ғылыми потенциалды және аймақтың әлеуметтік жағдайын дамыту мақсатындағы қаржылық және материалдық, еңбектік, табиғи ресурстарды тиімді қолдану, осы аймақта тұратын халықтың өмір деңгейі арттыру;
• мақсатты әлеуметтік-экономикалық және инвестициялық бағдарламаларды жасау, олардың ресурстық қамсыздандырудың көздерін анықтау және болжамдау;
• инвестициялық саясатты анықтау және осы қызметті реттеу;
• бюджеттік түсімдердің көздерін зерттеу және олардың көбею тәсілдерін анықтау;
• тұтыну нарығын қалыптастыруға әсер ету;
• валюталық ресурстарды қолдану және ішкі экономикалық реттеу механизмдерін жасау;
• кәсіпкерлік пен меншік формаларының даму стратегиясын өңдеу.
Аймақтың қаржылық сұрақтарымен айналысатын, қаржылық Министрлігінің негізгі қызметтері:
• аймақтың жергілікті бюджеттік жобасын жасау, оның орындалуына басшылық ету және қаржылық шаралар жүргізу;
• салықтық жүйенің қызметіне талдау, бухгалтерлік есепке бақылау жүргізу және осы шараларды жетілдірудің жолдарын іздеу;
• жергілікті бюджет пен аймақтық бюджеттің қаржыларының қатынасын анықтау және ұсыныстарды жасау;
• аймақтық бюджеттік қаржылардың ведомстволарының дұрыс және ұтымды қолданылуына қаржылық бақылау жүргізуді қамсыздандыру.
Транспорт, коммуникация және байланыс Министрлігінің негізгі қызметтері:
• транспорт және байланыс, кәсіпорын және ұйымдар жұмысын координациялау;
• аймақтың өнеркәсіптік дамуына әсер ету, транспорттық кешенін дамыту, жол шаруашылығын, пошталық, телеграфтық, телефондық және радиобайланыстарды дамыту;
• өнім өндірісінің динамикасын жоспарлау;
• жаңа технологияларды енгізу, өндірістік ұжысдардың жұмысын жетілдіру;
• монополизді жаулау және бәсекелестік үшін жағдай жасау, шағын кәсіпкерліктің, меншік түрлерінің дамуына әсер ету.
Индустрия және сауда Министрлігі келесі міндеттерді шешеді:
• тауар ресурстарының резервтерін құру және мемлекеттік сауданың дамуының негізгі бағыттарын анықтау;
• ішкі нарықты қорғау бойынша басқа органдармен бірігіп шаралар жүргізу, орталықтанған ресурстардан тауарларды жүзеге асыру, кәсіпкерлік пен меншік формаларының дамытуға әсер ету.
4 Экономиканы басқару саласындағы мемлекеттік аппараттардың жұмысын жетілдіру бағыттары
Қазіргі уақытта барлық ел үшін басты міндет - өзара толықтыратын мемлекеттік және жеке құрылымдармен жаңа басқару жүйесін құру.
Келесі бағыттарды көрсетуге болады:
1. Жекешелендіру
2. орталықтандыру.
3. мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.
Мемлекет аппаратының тиімді жұмысының маңызды жағдайы болып, қабылданатын шешімнің бұқаралық және міндетті негізделген болуы керек.
Қазіргі уақытта мемлекет аппаратының жұмысын жетілдірудің бірнеше әдістері қолданылады:сапаны тоталды басқару, ең жақсы көрсеткіштер әдісі, реинжиниринг, жобалық басқару, стратегиялық басқару, ұйымдық даму, және т.б.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметті реформалаудың жалпықазақстандықбағдарламасын жүзеге асырудың және өңдеудің қажеттілігі пайда болды. Бұл бағдарлама нарықтық қатынастар жағдайындағы экономиканы мемлекеттік басқарудың тұтастай жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз етуге құралған.
Негізгі әдебиеттер: 1,2,3
Қосымша әдебиеттер: 4,5