- •Муниципалдық менеджмент пәні бойынша
- •5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары Оқу жоспарынан көшірме
- •3. Оқу бағдарламаның тәртібі – (syllabus)
- •3.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3.2 Пререквизиттері:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұнымен
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •3 Мемлекеттік басқару түсінігі
- •4 Басқару қызметтері
- •Тақырып. Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде
- •3 Тақырып. Басқарудың даму тарихы
- •4. Тақырып. Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы
- •5 Тақырып. Өкілетті және атқарушы билік органдарының басқарудағы ұйымдық іс-әрекетінің негізі
- •6 Тақырып. Жергілікті басқару органдарындағы іс-әрекетті жоспарлау
- •7 Тақырып. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •8 Тақырып. Жергілікті басқарудың экономикалық негізі
- •9 Тақырып. Орталық және аймақтық экономикалық басқару органдары: жауапкершілікті бөлу және өзара қатынас механизмі
- •10 Тақырып. Қазақстан Республикасының аймақтық саясаты
- •11 Тақырып. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейту жолдары
- •1 Қазақстан экономикасын басқарудың саяси экономикалық негіздері
- •2 Өзін-өзі басқару тұжырымдамасы және оның негізгі жағдайы
- •3 Қазақстанның реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасы
- •4 Сыртқы экономикалық қатынастардың қалыптасуын басқару
- •13 Тақырып. Аймақтың әлеуметтік - экономикалық мәселелері
- •14 Тақырып. Шет мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Әдістемелік нұсқау: Шетелдік нақты бір аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, басқару әдісіне тоқтал..
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10..Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •1. Германиядағы муниципалды басқару қалай жүргізіледі?
- •12. Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •1 Германиядағы муниципалды басқару
- •13. Жазбаша жұмыстар және курстық жұмыстар тақырыптары
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Е) дұрыс жауабы жоқ
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1) 3
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары 3
- •5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •470061, Қарағанды, Гоголь к-сі, 38
Әдістемелік нұсқау: Шетелдік нақты бір аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, басқару әдісіне тоқтал..
Ұсынылатын әдебиеттер: 3,4,7
Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
Сұрақнама:
Мемлекеттік экономикалық саланы басқарудағы шетел тәжірибесін сипаттаңыз.
Америка қалаларындағы әкімдер мен кеңестердің қызметі неде?
Қазақстан Республикасы жергілікті билігі мен мемлекеттік басқару мамандарын дайындау немесе қайта дайындау тәжірибесі ҝшін шетелдік муниципалды менеджменттің тарихи тәжірибесін оқыту сабағы қандай?
1. Тапсырма. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзіндік басқарудың муниципалды ұйымын, институтының қандай тҝріне жатқызуға болады? (тек бір ғана жауап).
Англосаксондық.
Контигенталды.
Аралас.
Ешқандай тҝрге жатқызуға болмайды.
Әдістемелік нұсқау: Шетелдік нақты бір аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, басқару әдісіне тоқтал..
Ұсынылатын әдебиеттер: 4,5,6
8.Лабораториялық сабақтар жоспары (оқу жоспарында лабораториялық жұмыстар қарастырылмаған)
9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
Пәнді оқу кезінде семинарлық сабақта тақырыпқа байланысты сұрақтар мен жауаптар, тақырып бойынша талдаулар жасау, берілген тақырыптар бойынша реферат жазу қарастырылған.
10..Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
Курстық жұмысты дайындау мен жазуға арналған әдістемелік ұсыныстар
Курстық жұмысты жазу барысында студент статистикалық мәліметтерді талдап, әдебиеттерді қолданып, қажет есептеулерді жүргізіп, қарастырылып отырған пән мен тақырып бойынша қорытынды және оны жетілдіру үшін ұсыныстр жасауы керек..
Курстық жұмысты жазу барысында көптеген әдебиеттерді қолдану керек.
Нақты мәліметтердің қайнар көзі ретінде статистикалық жинақтар мен анықтамалар, бұқаралық ақпарат құралдарында және арнайы әдебиеттерде жарияланған экономиканың, саясаттың, басқарудың жеке алған аспектілеріндегі маңызды мақалалар болып саналады.
Курстық жұмыс құрылымы мынадай: кіріспе, үш бөлім ( бірінші – теориялық, екінші – аналитикалық, үшінші - ұсыныстар) және қорытынды.
Кіріспе бөлімде студент қарастырылып отырған тақырыптың маңыздылығын, мән – мағынасын көрсетуі тиіс. Сондай-ақ мемлект пен бизнестің қызметіндегі тапсырмалардың шешілуін, қойылу ерекшеліктерінашып көрсетіп, курстық жұмыс мақсаты мен зерттеліп отырған объектіні көрсетуі тиіс.
Бірінші бөлімде қарастырылатын тақырыптың теориялық аспектілері қарастырылады. Негізгі түсіндірмелі-категориялық аппарат келтіріледі, оның көмегімен зерттеліп отырған объектінің мәні мен мазмұны ашылады. Сондай-ақ зерттеліп отырған тақырыптың толық ашылу деңгейі сипатталады, берілген мәселеге байланысты отандық және шет елдік ғалымдардың көзқарастары қарастырылады.
Екінші бөлімде мемлекеттік органдар, нақты кәсіпорын, фирма, компания, жеке кәсіпкерліктердің қызметінің мәліметтері негізінде зерттеліп отрған тақырыптың анализі жасалады. Анализ нәтижелері кестелерде, схемаларда, суреттерде, графиктерде көрсетіліп, түсіндірмелі мәтіндер жазылуы тиіс.
Үшінші бөлімде жүргізілген анализ негізінде студент белгіленген тапсырмаларды, мәселелерді шешу, дамудың негізгі бағыттарын және зерттеліп отырған объектінің қызметін жаңартуға мүмкіндік беретін жолдарды көрсетуі керек.
Қорытындыда студент зерттеудің теориялық және тәжірибелік аспектілерді қосып, қарастырылып отырған тақырыпқа ұсыныстар жасап, қорытынды шығаруы тиіс.
Курстық жұмысты дайындау
Курстық жұмысты дайындау келесі элементтерден құралады: ең бірінші беті, мазмұны, кірісп, кестелер, суреттер, есептеулер бар мәтін, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымша.
Бірінші бет тақырып жазуға арналған. Онда: министрлік аты, оқу орны, факультеті, кафедрасы, пәні мен тақырыбы, жұмыстың авторының фамилиясы мен инициалдары, студенттің оқитын курсы мен группасы, жетекшінің фамилиясы мен инициалдары, ғылыми деңгейі, курстық жұмыстың орындалған жері мен жылы жазылады. Бірінші беттегі барлық сөздер толық жазылады.
Мазмұны бірінші беттен кейін орналасады. Тақырыпшаларды курстық жұмыс мәтінідегі ретпен орналастырады.
Жалпы көлемі қолмен жазғанда 40-50 бет (бір бетте 1000-1200 белгі) және басқан түрде 25-35 бет (Times New Roman .14, полуторный межстрочный интервал) болуы керек.
Курстық жұмыста мазмұнында көрсетілген тақырыпшалар белгіленуі тиіс. Тақырыпшада сөздерд тасымалданбайды. Жұмысты жазу барысында абзацтарды белгілеу керек. Сөздер бір беттен екінші бетке тасымалданбайды. Берілген объектті толық талдау үшін кестелерді, суреттерді, диаграммаларды, схмаларды келтіруге болады.
Курстық жұмыста келтірілген барлық суреттер мен кестелер нөмірленуі тиіс. Оларды араб цифларымен жазады. Санның алдында «№» белгісі қойылмайды. Барлық кестелердің тақырыпшалары, ал суреттердің астында олардың мазмұнын ашатын мәтіндер болу керек.
Мәтіндегі барлық кестелер мен суреттерге сілетмелер болуы тиіс. Дәйексөздер мүмкіндігінше қысқа болуы керек. Келтірілген дәйексөздерге, кестелерге, сандық көрсеткіштерге мәтінде алынған көзіне байланысты сілтеме жасалады.
Әдетте әр дәйексөзден кейін оның қайнар көзі көрсетіледі (тік жақшада), ол курстық жұмыстың соңында жазылатын әдебиеттер тізімінде болады. Сонымен қатар сілтеменің алынған бетін де көрсетеді. Мысалы: (4) б. 21. Мұнда «4» - жұмыстағы әдебиеттер тізімі бойынша алынған нөмір, ал «21» - беттің нөмірі.
Жұмыстағы барлық беттер нөмірленуі тиіс. Нөмірлену бірінші беттен басталады, ал нөмір кіріспенің бірінші бетіне қойылады. Бет нөмірі оң жақ жоғарғы бұрышта орналасады.
Егер мәтін ішінде формулалар болса, оларды нөмірлейді. Нөмірлерді беттің оң жағына, доғал жақшаның ішіне орналастрады, мысалы:
MV=PQ (1)
Әр нөмірленген формуланы жеке жолдың ортасына қояды. Әріптік белгілеулердің мағынасын жазу керек. Оны берілген формуладан кейін жазады, мысалы:
M=PQ/V (2)
мұнда М – ақша массасы; PQ – тауар бағасының сомасы; V – ақша айналымының жылдамдығы.
Курстық жұмыста барлық сөздер толық жазылады, тек қысқарылған сөздерен басқа. Жиі кездесетін сөздерді қысқартуға болады. Бірақ бірінші рет ол сөз толық жазылуы керек және жақша ішінде қысқартылған нұсқасы болу тиіс, мысалы: «Жалпы ұлттық өнім» (әрі қарай ЖҰӨ). Бұл тіркестің бас әріптерінің арасына нүкте қойылмайды. Сондай-ақ мәтіннен бос орынмен бөлінген тақырыпшаларда болмауы керек: бірінші бетте, кестелерде және жалпы қолданылатын өлшемдерде, мысалы: метр (м), килограмм (кг), тонн (т) және т.б.
Қосымшалардың реттік нөмірі және мәтінге сәйкес келетін сілтемелер болуы тис.
Қолданылған әдебиеттер тізімін дайындау
Қолданылған әдебиеттер тізіміне тек курстық жұмыс мәтінінде сілтемелер көрсетілген және студент өзі қолданған әдебиеттер енгізіледі. Әдебиеттер тізімі араб цифрларымен нөмірленеді. Автор фамилиясынан кейін оның инициалдарын, кітаптың толық атын, шығарылған жерін, баспасын, баспаға шыққан жылын («жыл» сөзінсіз), беттер санын жазады, мысалы:
1. Каренов Р. С. Основы государственного регулирования экономики. Алматы: Б1л1м, 1999.-256 с. 2. Каренов Р.С., Шаекина Ж.М. Рыночные методы хозяйствования в экономике Казахстана. - Алматы. 1995. - 224 с. При ссылке на статью из сборника научных трудов или тезисов докладов после порядкового номера пишут фамилию или инициалы автора, название статьи, название сборника, место издания, издательство, год издания, страницы, в которых помещена статья в сборнике, например:
1. Каренов Р.С. Экономика Казахстана: состояние и приоритеты перспективного развития / В сборнике научных трудов «Проблемы современного менеджмента и маркетинга». -Караганды: ТОО «Арко», 1998. -с. 142-149
2. Каренов Р.С, Жакупова Ш. Ш. Преимущества и возможности совместного предпринимательства в. Казахстане / В сборнике научных трудов «Теория и практика менеджмента: отечественный и зарубежный опыт» -Караганды: Издательство КарГУ, 1997. - с.55-64
Егер сілтеме журналдағы немесе газеттегі мақалаға берілсе, онда реттік нөмірден кейін автордың фамилиясы мен инициалдарын, мақала тақырыбын, журнал немесе газет атауын, жылын, нөмірін (журнал үшін), күні мен айын (газет үшін), берілген мақала орналасқан беттерін жазады, мысалы:
1. Ахметов Т. А. Государственная поддержка малого предпринимательства // Аль-Пари - 2002. - № 3. - с. 12-13.
