
- •Муниципалдық менеджмент пәні бойынша
- •5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары Оқу жоспарынан көшірме
- •3. Оқу бағдарламаның тәртібі – (syllabus)
- •3.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3.2 Пререквизиттері:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұнымен
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •3 Мемлекеттік басқару түсінігі
- •4 Басқару қызметтері
- •Тақырып. Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде
- •3 Тақырып. Басқарудың даму тарихы
- •4. Тақырып. Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы
- •5 Тақырып. Өкілетті және атқарушы билік органдарының басқарудағы ұйымдық іс-әрекетінің негізі
- •6 Тақырып. Жергілікті басқару органдарындағы іс-әрекетті жоспарлау
- •7 Тақырып. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •8 Тақырып. Жергілікті басқарудың экономикалық негізі
- •9 Тақырып. Орталық және аймақтық экономикалық басқару органдары: жауапкершілікті бөлу және өзара қатынас механизмі
- •10 Тақырып. Қазақстан Республикасының аймақтық саясаты
- •11 Тақырып. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейту жолдары
- •1 Қазақстан экономикасын басқарудың саяси экономикалық негіздері
- •2 Өзін-өзі басқару тұжырымдамасы және оның негізгі жағдайы
- •3 Қазақстанның реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасы
- •4 Сыртқы экономикалық қатынастардың қалыптасуын басқару
- •13 Тақырып. Аймақтың әлеуметтік - экономикалық мәселелері
- •14 Тақырып. Шет мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Әдістемелік нұсқау: Шетелдік нақты бір аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, басқару әдісіне тоқтал..
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10..Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •1. Германиядағы муниципалды басқару қалай жүргізіледі?
- •12. Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •1 Германиядағы муниципалды басқару
- •13. Жазбаша жұмыстар және курстық жұмыстар тақырыптары
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Е) дұрыс жауабы жоқ
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1) 3
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары 3
- •5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •470061, Қарағанды, Гоголь к-сі, 38
Тақырып. Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде
1 Муниципалды менеджменттің мәні
2 Муниципалды басқарудың мақсаты мен міндеті
3 Муниципалдық басқару объектілері
4 Өзін-өзі басқару тұжырымдамасы және оның негізгі жағдайы
1 Муниципалды менеджменттің мәні
Муниципалды менеджмент жергілікті (муниципалды) меншікті басқару ретінде жергілікті өзін-өзі басқарумен теңестіріледі.
Ғылыми пән ретінде муниципалды менеджмент экономикалық географиямен және аймақтанумен тығыз байланысты. Экономикалық география өндіріс күштерінің орналасуын оқытады, аймақтану-шаруашылықтың аумақтық ұйымын, экономикалық ауданды (зона, шағын зона), ал муниципалды менеджмент аймақ ішінен әлеуметтік экономикалық жүйелерді және оларды басқаруды оқытады. Шаруашылықтың аумақтық, әлеуметтік-экономикалық ұйымды зерттеудің негізгі тәсілі болып жүйелік анализ болып табылады.
Муниципалды менеджмент ең алдымен менеджменттің, содан кейін маркетингтің, экономикалық тарихтың, экономика және еңбек әлеуметтануының, статистиканың, психологияның және т.б. пәндердің тәсілдері мен әдістерін қолданады.
Муниципалды менеджмент – бірнеше жергілікті өзін-өзі басқарудың келесілері жатады.
Бірінші, тереңдетілген білім:
берілген аймақтың (қаланың, ауданның, ауылдың және т.б.)
табиғи ресурстың потенциалы
тарихи, ұлттық, демографиялық ерекшеліктері
экономиканың даму деңгейін
кез келген муниципалды білім беруге оңтайлы және қолайлы басқару жүйесін құру
Екінші, жүргізе білу:
жергілікті білім берудің жарғыларды жасау мен қабылдауды
жарғы талаптардың орындауды бақылау
муниципалды білім беруді қаржы-экономикалық қамтамасыз етуді
табиғи ресурстарды пайдалануды, бақылауды
табиғатты қорғауды
санитарлық бақылауды
қуат-жанармай, сумен қамтамасыз ету жүйесін қамсыздандыру
өндірістік және әлеуметтік құрылымды жасау және оның қызметін қамтамасыз ету
тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау
халықты саудамен тұрмыстық және қызмет көрсетумен қамтамасыз ету
Үшінші шешу:
халықтың жұмысбасылық сұрақтарын
экономикалық байланыстарды нығайту кезінде қаржы-экономикалық дербестік
Қазақстанның бірыңғай экономикалық кеңістігін сақтау
Аймақтық нарықты құру және т.б.
2 Муниципалды басқарудың мақсаты мен міндеті
Муниципалды басқару туралы нақты көрініс алу үшін осы басқарудың объектілерін суреттеу, басқару субъектілерін сипаттау, басқару функцияларын және мемлекеттік міндеттерді бейнелеу керек. Алайда бастапқы нүкте болып муниципалды басқарудың мақсаттары мен міндеттері есептеледі.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі мақсаттары мен міндеттеріне келесілер жатады:
А) Әлеуметтік мақсаттар мен міндеттер
берілген аумақ халқының өмір сүрудің негізгі жағдайларын, баспана, тұрмыстық қызмет көрсету, коммуникация құралдары, т.б. басқа бастапқы жағдайлар сияқты өмірлік қажеттілігі бар шешімдерге қол жеткізуді жасау, қамтамасыз ету, қолдау, жақсарту;
азаматтардың өзінің білім еңбек, өнер білімін қолдану және дамыту бойынша таң бастапқы мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету жағдайларын құру;
әлеуметтік әділеттілікті сақтау кезінде, яғни отбасылардың азаматтардың жинақталған мүлкін, табыстарын денсаулық жағдайларын, жасын есепке ала отырып, қоғамдық бөлу игіліктеріне әлеуметтік қол жеткізуді қамтамасыз ету;
жұмысбасылықты қамтамасыз ету, жұмыссыздықты басу;
халықтың әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау;
әлеуметтік конфликттерді алдын алу, әлеуметтік қысымды жұмсарту және жою.
Б) Экономикалық мақсаттар мен міндеттер:
муниципалды билік органдары басқарылатын, табиғи, еңбек, материалдық, қаржылық, информациялық ресурстарды қоса алғанда муниципалдық білім берудің экономикалық ресурстарды тиімді пайдалану;
муниципалдық білім беру аумағында экономикалық және қаржылық жағдайларды тұрақтандыру, экономикалық қаржылық дағдарыстарды алдын алу және басу, өндірісті қайта құруды және өсіруді қолдау;
кәсіпкерлікті, әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорынның дамуын қолдау;
аймақтық нарықтардың дамуы, нарықтық бәсекелестікті және муниципалдық құру аймағында өндірілетін өнімдердің тауарлардың, қызметтердің бәсекелестігінің күшеюіне жәрдемдесу.
Муниципалдық құрудың осы мақсаттар мен міндеттерін әрі қарай бақылау, оларды мақсатты көрсеткіштердің сандық мәнге жеткізу аумақтық құру ерекшеліктерін есепке алуды талап етеді және уақытша бағдарларға тәуелді.
Муниципалдық қызмет бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес институты. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қызметшілерді ұстауға байланысты кететін шығындар жергілікті бюджет есебімен іске асады. Заңмен муниципалдық қызметшілер мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген. Муниципалдық қызметтің негізгі міндеттері:
Муниципалды құрылу территориясында мемлекеттік қызметпен бірге адамның және азамамттық құқығын және еркіндігін қамтамасыз ету;
Тұрғындардың жергілікті мағына мәселесін дербес түрде шешуін қамтамасыз ету;
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының билігі шегінде дайындық, қабылдау, атқару және бақылауды шешу;
Муниципалды құрылудың заңды және құқықты ықыластарын қорғау;
Муниципалды қызмет төмендегі принциптерде негізделеді;
Заңдық;
Жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің мәнін – мағынасын анықтайтын адам және азаматтың құқықтары мен еркіндік приоритеті;
Қызметтегі жетістіктеріне, мамандандырылған дайындығына сәйкес муниципалды қызметтің лауазымына көтерілу үшін Республика азаматтары тең құқылы;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметшілеріне бақылау, муниципалдық құрылудың тұрғындары алдында жауапты;
Муниципалды қызметті іске асырудың белгілі болуы;
Муниципалды қызметшілердің мамандығы және компетенттілігі;
Муниципалдық қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғанысы;
Муниципалдық қызметшілердің партиядан тыс болды;
Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүргізуге жатады;
Жергілікті қоғамдастық ережесін қабылдау және өзгерту;
Жалпылық қолдану орындарын жақсарту жұмыстарын ұйыдастыру (парк, даңғылдар, демалыс зоналары және т.б.);
Сәйкес территорияны жақсарту және өсімдіктер отырғызу;
Ұйымдардың тұрғындарға жылу, электр, газ, сумен қамтамасыз етулеріне бақылау жүргізу;
Мектепке дейінгі, орта және мамндық білім, әлеуметтік-мәдениет ортасының мекемелерін дамыту, көтеру;
Тұрғындарға транспорттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
Қоғамдастық территориясындағы әлеуметті әлсіз азаматтарға көмек және қорғау көрсету;
Жергілікті қоғамдастық территориясында өнеркәсіп дамуына көмек көрсету;
Жергілікті қоғамдастық территориясында қоғамдық ретті көтеруге қолдау көрсету;
3 Муниципалдық басқару объектілері
Муниципалдық басқарудың экономикалық объектілеріне, ең бірінші, муниципалдық меншікті объектілері және муниципалдық басқаруға өтетін мемлекеттік меншікті объектілері жатады. Осындай объектілерге қатысты муниципалдық органдар тікелей басқаруды қолдануға құқықты. Ал экономикалық стимулдардың және итермелеушліердің моралды – психологиялық басқаруы арқылы реттеудің жанамалы басқару объектілері болып барлық кәсіпорындар, ұйымдар, кәсіпкерлер және кәсіпкерлік құрылымдар жатады. Демек, аумақтық таксокаманиялық бірлікпен, территориямен байланысты муниципалдық басқарудың әсер ету ортасына экономикалық объектілердің және әлеуметтік – экономикалық үрдістердің кең жиынтығы түседі.
Территориялық бірлік тұрғындарының талаптарын және еріктерін іске асыруға шақыратын жергілікті өзін -өзі басқару органдары муниципалдық басқарудың субъектілері болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымы бойынша мемлекет өкіметінің органдарын білдіргенімен, олардың принциптік ерекшелігі- муниципалдық органдар мемлекет өкіметінің органдар жүйесіне енбейді және заң шығарушы мен олардың статустарын анықтайтын басқада нормативті-құқықтық актілермен бекітілген олардан тәуелсіз меншік компетенция шегінде әрекет етеді. Бұл жалпы ықыласты көрсететін олардың бірлікпен компетенцияларына жататын мәселелер шегінде муниципалды, субфедералды және федералды органдардың бірлесіп әрекет етуін болдырады.
4 Өзін-өзі басқару тұжырымдамасы және оның негізгі жағдайы
Республика экономикасын басқару жүйесінің әдістемелік негіздерінің бірі болып-осы тұжырымдамасы берілген,өзін-өзі басқаруға көшудің теориялық алғышарттарының жүйесі саналады.Құрылымы бойынша ол Республика экономикасын басқарудағы маңызды аспектілерді қамтитын он бес бөлімнен тұрады. Онда сратегиялық мақсаттар, меншікке қатынас, республиканың қаржылық базасы, баға мәселесі қарастырылған, банктер, несие және ақша үндеу сұрақтары, әлеуметтік саясат,еңбек және еңбекақы,аймақтық саясат берілген.Кейбір бөлімдер макродеңгейде жоспарлауға, ғылыми - техникалық прогресті басқаруға, инвестициялық саясатқа, табиғатты пайдалуға және қоршаған ортаны қорғауға арналған. Өзін-өзі басқаруда республиканың сыртқы экономикалық қатынастардың дамуына территориялық басқару жүйесіне және Қазақстандағы шаруашылық аясына жеткілікті көңіл бөлінуде.
Тұжырымдама республиканың әлуметтік-экономикалық дамуында мынадай ғаламдық сұрақтарды қамтиды:өндірістік ұйымдағы кемшіліктер шамадан тыс орталықтандырылған басқару және егемендікке шек қою үшін*салалық және территориялық үйлеспеуді тереңдету*салалық экономика және өндірісті орналастыру басқаруындағы басымдылық ведомстволық үстем –бұл үстем республиканың және оның аймақтарының дамуына кедергі факторға айналды.
Басқарудың ведомстволық механизмі әлеуметтік аясының дамуына”қалдық принцип”қаражат бөлінуін күшейтті.Бұл көптеген мүшкіл жағдайдағы,алшақта жатқан аридалық табиғи-климат аймақтарында орналасқан селолық аудандарға ерекше білінді.Білім және денсаулық сақтау аясы қолайсыз жағдайда қалып қойды. Базалық білім жүйесінің жағдайы өте қиын болды. Денсаулық сақтауды қаражаттандыру бірталай қысқарды. Орталықтандырылған басқару жүйесі нарықтық экономикадағы механизмді қолдануға мүмкіндік бермеді.Тауарлы-ақша қатынастарды,құн пропорциясын, шығынның және нәтиженің қате тәсілдерін елемеу-жалпы кеңестік экономикаға республиканың ақша салымының өзгеруіне әкелді.
Негізгі әдебиеттер: 1,2
Қосымша әдебиеттер: 4,5