Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
муницип.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.32 Кб
Скачать

3 Мемлекеттік басқару түсінігі

Қазіргі заманғы мемлекет қоғамдық пайдалы қызмет жасауға бағытталған ұйымдастыру теорияларымен тығыз байланысты. Ұйымдастыру мақсаттарын сәтті орындау үшін басқару құрылымы құрылуда, оған сәйкес еңбектің тік және көлденең бөлінісу үрдісі қалыптасады. Мемлекетті кейде белгілі жерде орналасқан адам қауымдастықтың саяси ұйымы деп айту кездейсоқтық емес. Осыған бйланысты, мемлекетті белгілі бір елдің әлеуметтік және экономикалық үрдістерімен басқару үшін құрылған ұйымның формасы деп атайды.

Мемлекеттік өмір сүрудің мағынасы мемлекеттік басқарудың және мемлекеттік саясаттың мазмұнында және технологиясында жатады. Сондықтан, мемлекеттің негізгі функциялары – қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, технологиялық және басқа үрдістерімен басқару. Біздің айтып тұрғанымыз – бұл мемлекеттік басқару жүйесі. Барлық азаматтар қандай да болмасын формада немесе дәрежеде мемлекеттік басқарумен қатынаста болады. Олардың барлығы өзінің өмірінде бір рет болса да өздерінің мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдарына немесе өзін-өзі жергілікті басқару органдарына жолыққан еді. Олар болса бақылаудағы объектілер ролін атқарады.

Басқару социологиясында зерттеуге арналған төрт объектісі бар екенін ескерту керек. Біріншіден, бұл басқару үрдісі мен әлеуметтік қатынастарға ықпал етудің әдістері мен әдістемелері. Екіншіден, басқару органдары мен олардың функциялары, кадрмен қамтамасыз ету мен басқару шешімдерін қабылдау ерекшеліктері. Үшіншіден, өндіріспен басқарылатын ұжымдағы функцияларын бөлудің және жақсы қатынастарды орнықтырудың мәселелері. Төртіншіден, бұл басшылық пен қол астындағылардың тік қатынастардан көлденең қатынастарға көшірілген, басқару қызметінің ерекше формасы болып есептелетін өзін-өзі басқару.

4 Басқару қызметтері

Қазіргі кезде барлык ұйымдар қолдануға болады деп есептелетін басқару қызметі тұрлерінің бірігуіне негізделген амал қабылданды. Басқару үрдісінің жоспарлау, ұйымдастыру, жетекшілік, ынталандыру және бақылау қызметтері бар. Бұлар басқарудың негізгі қызметтерін көрсетеді.

І.Жоспарлау. Жоспарды кұру үнемі басқару үрдісінің бастапқы кезеңі ретінде қарастырылады. Ол нені, қалай, қашан және кім орындайды деген сұрақтарды шешеді.

  1. Ұйымдастыру. Жоспар кұрылғаннан кейін оны дайындап, оның орындалуын камтамасыз ету керек. Мысалы, егер сізде үй салу жоспары бар болса, онда оны орындау ұйымына жұмысшыларды таңдау және орналастыру, құрылысқа қажет материадцарды сатып алу мен жеткізу жұмыстары кіреді.

  2. Жетекшілік. Жұмыс үрдісін жоспарлап, ұйымдастыр-ғаннан кейін, біз өз қызметімізді орындауға бағьптаймыз.

  3. Ынталандыру. Басқарушының ең күрделі міндеті оның қол астындағылары жоспарда көзделгендерді орындауы немесе "жұмысты баскалардың қолымен жасауы" қажет. Ынталандыруды айтқан кезде адам ынтасын реттей отырып, ұйымның мақсатына жету керек.

5. Бақылау. Бақылау басқару үрдісінің соңғы кезеңі болып есептеледі. Бұл дегеніміз - жоспарды нақты нәтижелермен салыстыру.

Баскару үрдісі осымен аяқталады. Жақсы басқарушы болу үшін бес қызметті жақсы біліп, дұрыс орындау керек.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 4,5

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]