
- •Муниципалдық менеджмент пәні бойынша
- •5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары Оқу жоспарынан көшірме
- •3. Оқу бағдарламаның тәртібі – (syllabus)
- •3.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3.2 Пререквизиттері:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұнымен
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •3 Мемлекеттік басқару түсінігі
- •4 Басқару қызметтері
- •Тақырып. Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде
- •3 Тақырып. Басқарудың даму тарихы
- •4. Тақырып. Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы
- •5 Тақырып. Өкілетті және атқарушы билік органдарының басқарудағы ұйымдық іс-әрекетінің негізі
- •6 Тақырып. Жергілікті басқару органдарындағы іс-әрекетті жоспарлау
- •7 Тақырып. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •8 Тақырып. Жергілікті басқарудың экономикалық негізі
- •9 Тақырып. Орталық және аймақтық экономикалық басқару органдары: жауапкершілікті бөлу және өзара қатынас механизмі
- •10 Тақырып. Қазақстан Республикасының аймақтық саясаты
- •11 Тақырып. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейту жолдары
- •1 Қазақстан экономикасын басқарудың саяси экономикалық негіздері
- •2 Өзін-өзі басқару тұжырымдамасы және оның негізгі жағдайы
- •3 Қазақстанның реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасы
- •4 Сыртқы экономикалық қатынастардың қалыптасуын басқару
- •13 Тақырып. Аймақтың әлеуметтік - экономикалық мәселелері
- •14 Тақырып. Шет мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Әдістемелік нұсқау: Шетелдік нақты бір аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, басқару әдісіне тоқтал..
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10..Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •1. Германиядағы муниципалды басқару қалай жүргізіледі?
- •12. Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •1 Германиядағы муниципалды басқару
- •13. Жазбаша жұмыстар және курстық жұмыстар тақырыптары
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Е) дұрыс жауабы жоқ
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1) 3
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары 3
- •5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •470061, Қарағанды, Гоголь к-сі, 38
14 Тақырып. Шет мемлекеттердегі муниципалды басқару
1 Франциядағы территориялық басқару
2 Ұлыбританиядағы жергілікті басқару
3 Жапониядағы жергілікті өзін-өзі басқару
4 Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі жергілікті басқару
1 Франциядағы территориялық басқару
Әртүрлі мемлекеттердегі жергілікті өзін-өзі басқарудың айырмашылығы мемлекеттік құрылыстың түріне байланысты. Оның ұйымдастырушылық формалары, өкілеттіктері мен құзырлықтары, функциялары алуан түрлі болады. Осы тұста, ол тек демократиялық басқару формасының бөлінбес қасиеті екенін айта кету керек. Сонымен бірге, жергілікті өзін-өзі басқару едәуір дәрежеде федеративтік құрылысқа сай келеді, ондағы федералдық орталықтың федерация субъектілерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының арасындағы өкілеттіктің тігінен бөлінісуі, көп жағдайда конституциямен немесе лайықты заңдармен кепілдік беріледі.
Осы тұрғыдан қарағанда жергілікті өзін-өзі басқарудың үлгілерін құрастыруға болады. Өмір сүруді тоқтатқан кеңес жүйесіндегі жергілікті басқарумен салыстырғанда, батыс политологиялық және құқықтық әдебиеттерінде екі негізгі үлгілер белгіленеді: англосаксондық пен континенталдық (француздық). Ондай бөлу жергілікті органдарының арасындағы және олардың жоғарғы органдарының арасындағы өзара әрекеттесулердің сипаттамасымен дәлелденіледі.
Англосаксондық үлгінің ерекшелігі - жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметін бақылайтын жергілікті деңгейде орталық үкімет өкілінің жоқ болмауы. Осындай жергілікті өзін-өзі басқару органдары оларға берілген өкілеттіктің шеңберінде әрекет жасайтын және төмен тұрған органдардың жоғарыда тұрған органдарға тікелей бағынусыз, формальды түрдегі автономиясы болып табылады.
2 Ұлыбританиядағы жергілікті басқару
Ұлыбританиядағы жергілікті өзін-өзі басқару және қалалар мен территориялар негізінде жасалады, корольдік биліктен қалған. Мысалы, 1129 ж. Генрих шығарған Лондон Хапртиясында: «Азаматтар… шағымдарды қарайтын сотты өз қалауынша сайлау қажет» деп айтылған.
Лондонның барлық тұрғындары да, олардың мүмкіндіктері де көліктік салымдардан да, тасымалдау баж салығынан да, өлшеу салымдарынан да, Англияның бар теңіз порттарындағы салымдардан да босатылуы керек».
Қазіргі кезде британдық жергілікті өзін-өзі басқару келесідей сипатталады: жергілікті өзін-өзі басқару органдарында заңды тұлға статусының болуы; сәйкес территориясындағы әкімшіліктік өкілеттіліктерге ие болу; атақты қаржыылық тғуелсіздік, жергілікті салықты ұйымдастыру құқымен; жергілікті органдардың басшыларын сайлау; 1985 жылдардан жергілікті өзін-өзі басқару заңы жаңартылады және даму мен дамытудағы еркін қағидалардың болуын көрсетеді.
Ұлыбританиядағы муниципалды басұқарудың ұйымдастырылуын келесі кестеде көруге болады. 1972 және 1985 жылындағы жергілікті өзін-өзі басқару заңына сәйкес. Англия графтық және қалалық аймақарға бөлінген. Бірақ өз кезегіндегі графтықтар – аумақтарға, ал олар қауымдастықтарға
бөлінеді.
Графтық, қалалық аумақтардың, аумақтардың территориясында кеңестер құрылған, олар заңды тұлға құқына ие. Берілген сайлау органдары және жұмыс істеп бірінші 3 жылда жасайтын әр үштен бірі жаңартылады.
Графтықтар кеңесі: полиция, өрттен сақтаушыларын, жер иеленушілерді, ұсақ акционерлік компанияларды, көліктік, әлеуметтік қызметтерді, білім беру және мәдени ұйымдарды, жастарды жұмыспен қамту, сату, медициналық қызметтерді бақылау жұмыстарын атқарады. Аймақтық қалалық кеңестер келесі сұрақтарда өкілетті: салық салу, қалалық, ауылдық жер иелену, кәсіпкерлікті дамыту мен тұрғын үй салу, жергілікті жолдар, демалыстарды ұйымдастыру.
3 Жапониядағы жергілікті өзін-өзі басқару
Жапониядағы жергілікті өзін-өзі басқару органдары нақты билікке ие, жергілікті билік органдары өздерінің мүлкін қолдану мен басқаруға хұқылы, сонымен қатар әкімшілікті басқару, өз қаулысын қабылдауды заң шеңберінде орындалады.
Жергілікті автономия жайлы заң, жергілікті билік органдары өз қызметтерінің шеңберінде заңды қаулы қабылдай алатынын және жергілікті өзін-өзі басқару құқын айқндайды. Берілген заңмен қоса, жергілікті өзін-өзі басқарудың заңдық негізін жергілікті комуналды қызметтер, жергілікті салықтар т.б. заңнамалар құрайды.
Жапонияның жергілікті өзін-өзі басқару құрылымы екі деңгейде тұрады:
перфектуалды
қалалық.
Әр жергілікті өзін-өзі басқару деңгейі өкілетті және атқарушы органнан тұрады:
ниципперфектуалды жиналыс – перфектуалды басқарма;
муалды жиналыс – муниципалды басқарма.
Жергілікті өкілетті органдар жергілікті заң шығару органдарының қызметін атқарады. Жиналыстың сәйкес заңнамалық актілері ұлттық заңдар мен үкімет қаулыларына сай жасалады.
Жапония территориясы 43 перфектура «кен», бір арнайы қалалық перфектура «то», екі перфектура «фу» жғне бір перфектура «до»-дан тұрады.
Муниципалды басқаруға қалалар, кеніштер мен ауылдар жатады.
Жергілікті барлық өзін-өзі басқару бірліктері муниципалдыға жататын, бірдей деңгей алады, әртүрлілігі мен көлеміне байланыссыз.
Жиналыс өкілеттілігіне кіретін сұррақтар пленарлы сессияларда қаралады, олар жылына төрт мәрте өтеді.
Пленарлы сессиялар қоғамға ашық бірақ, жабық түрде де өткізілуі мүмкін егер оған депутаттардың 2/3 бөлігінен көбі келіссе. Бұндай жиналыстардың негізгі бөліктері болып:
заңнамаларды қабылдау;
жергілікті бюджетті бекіту;
жергілікті салықтар мен айыптауларды бекіту;
шаруашылық келісімдер жасау;
муниципалды кәсіпорынды басқарудағы қағиданың сұрақтары;
жергілікті атқарушы органдар қызметін қарау.
Перфектурадағы жергілікті әкімшілік басшысы болып: губернатор, қалаларда және кеніштерде – мэр, ауылда – староста табылады.
Жергілікті өкілетті органдар мен жергілікті әкімшіліктің өзара қатынасы қарсылық басымдықтар мен ұстаулар жүйесімен қолданылады. Мысалы, губернатор перфектуалды жиналыс қабылдаған заңнама қызметін тоқтатып, оны жетілдіруге жіберуге құқылы.
4 Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі жергілікті басқару
Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің әр өқайсының өркениетті нарыққа көшу үрдісінің өзгерістерінің бір бөлігі орталық үкіметтердің өз жауапкершіліктері мен өкілеттің жергілікті билікке беру үрдісі болып табылады. Болгария, Чехия Республикасы, Эстония, Венгрия, Латвия, Литва, Польша, Румыния, Ресей, Словакия, Украина сияқты Орта және Шығыс Еуропа елдерінде бір немесе бірнеше жергілікті биліктің ұлттық ассоциациялары құрылған.
Мысалға Венгрияда 7 муниципалды ассоциация, ал 10 елде осыған ұқсас 19 ассоциация құрған, ондағы мүшелік немесе елдің жергілікті билік органдарымен, немесе қаржы жоспарлау, үй тұрмыс шаруашылығының жергілікті билік органдарындағы өкілдері мен мамандарынан тұрады. Сол сияқты Венгрия мен Польшада ірі қала, ауылдар, кіші қалалар және орта өлшемді қалаларының ассоциациялары бар. Бірнеше елдерде Ресей, Польша, Венгрия, Болгарияда аймақтық ассоциациялар құрған, Венгрияда мұндай ассоциацияының саны 36, Болгарияда тек 6-7, кейбіреулері ресми тіркелген, қалған ресми емес бірлестіктер ретінде әрекет етеді. Болгарияда, Польшада және Ресейде негізгі мақсаты жергілікті өзін өзі басқару органдарына білім беру және басқа қызметтер көрсету болып табылатын муниципалды ассоциациялар бар .
Көптеген жағдайларда ассоциациялар жергілікті басқарушы органының орталық үкіметпен қарым-қатынастың жалпы мәселері, оның ішінде бюджет пен заң жобалары, т.б. қатысты қажеттіліктерін шешу үшін құрылған. Бұл елдерде алғашында мұндай муниципалдық ассоциацияларының болмағаны белгілі. Польша мен Болгарияда қалалық ассоциациялар екі дүниежүзілік соғыс арасында пайда болып, бірақ 1940 жылы ізсіз жоғалды.
Негізгі әдебиеттер: 4,5
Қосымша әдебиеттер: 1,2
15 тақырып. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
1 Германиядағы муниципалды басқару
2 АҚШ-тағы территориялық басқару
3 Ресей Федерациясындағы муниципалды басқарудың дамуы
1 Германиядағы муниципалды басқару
Германиядағы муниципалды институтардың құрылудың тарихи тамырлары XI, XII кетеді. Ынталандырушы фактор болып қалалық құқық табылады. Қалалардың, сауда қатынастарының көтерілуі мен дамуы муниципалды басқару органдарымен жүзеге асырылады.
Әдеби еттерде даулы сәттер көрсетілген, олар муниципалды басқару және қалаларда пайда болды деп санайды.
Бұл - жеке қозғалыс, төнкерістік коммуна, территориялық қауымдастық немесе сатушылар гильдиясы болды ма? Бізге мәлім Кельн дәстүрлі тәсілдерден құралған қала, бұндай патрициондық басқарумен суреттелген, жалғыз ғана аристократтардың билігін шектей алған.
Көптеген қалалар Хартияға ие болды, олар герцагтар мен басқа да ақсүйектермен силанған, нәтижесінде көптеген мәселелерді шекті: жергілікті ақсүйектердің әлеуметтік мұқтаждығын төмендетіп, салықтар мен алымдарды төмендетті.
Германиядағы жергілікті өзін-өзі басқарудың осындай шатысқан заңдық тіркеуге қарамастан, онда заң шығару үрдісі келтірілген және олардың қалалық құқықтарға жүйеленеді. Любек, Гамбург, Магдебург заңдарының кең қолданғаны да белгілі.
Мысалы, магдебургтік құқық кең ұғымдағы құқықпен нақты құқықты бөлген, азаматтық заңдар мен таңдау құқығы ажыратылған.
Германиялық жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдары ауысып, дамып отырғандықтары сөзсіз, басқару ерекшеліктерін ескере, соған сәйкес: абсалютизм кезеңіндегі басқару, полициялық мемлекет жағдайында, гибералды құқық «құқықтық мемлекет» жағдайындағы; «тұтынушы қоғамы» кезеңінде; «жоспарлы экономикалы мемлекет» басқаруларынан тұрады.
Сонымен қатар, мемлекеттің федералды құрылымы, ФРГ Конституциясының мемлекеттік органдарға жеке жерлер мен өзін-өзі басқару саласында кең құқықтарды беруді көздеу, сонымен қатар, мемлекеттік ыдыраудың тарихи кезеңі жергілікті өзін-өзі басқару түрлерінде өз көрінісін тауып, ФРГ-ң коммуналдық моделіне ықпал етті.
Коммуналды басқарудың орны мен маңызын көру үшін елдің территориялық құрылымына көңіл аударған жөн. Германияда жерлер территорияны басшылық үкіметтік аумақтарға бөлінеді. Әр үкіметтік аумақ үкіметтің әсеріне өкілетті адаммен бақыланады.
Территорияны үкіметтік аумақтар өз кезегінде, құрамына әкімшілік- территориялық бірліктерді және қалалар мен аудандарды кіргізеді.
Аудандандардан әкімшілік–территориялық бірлік болып қауымдастықтар табылады. Әдетте, қауымдастық территориясындағы тұрғындар саны 30 мыңнан аспайды. Осы қауымдастықтар дәстүрлі түсінікте жергілікті өзін өзі басқару болып табылады.
Көрсетілген муниципалды әкімшіліктер мен өкілетті органдармен өзара қатынастарын ескере отырып коммуналдық модель төрт түрге бөлінеді.
«бургомистр - кеңес»
«кеңес- магистрат»
«қауымдастық – директоры – кеңес – басқару бойынша комитет»
«қауымдастық тұрғындарының кеңесі»
Германиядағы коммуналдық модельдің берілген түрін сипаттай отырып, келесі жағдайларды бөлу қажет.
«Бургомистр - кеңес»-мұндай модельдің түрі, бургомистрдің күштірек тұрғыларын көрсетеді. Біріншіден, ол муниципалды кеңесті басқарады. Екіншіден, ол қауымдастық мүддесін көздейді. Үшіншіден бургомистр өздігінен әкімшілік құрамын анықтайды, кеңес шешімінің орындалуын тоқтатады және басқа да мүдделерді көздейтін қауымдастық басқармасының жұмысын тоқтата алады.
2 АҚШ-тағы территориялық басқару
Американдық федерация шартында барлық қалаларында бірыңғай өзін өзі басқару моделі жоқ. Жергілікті биліктер ешқандай регламентсіз мэрлер мен қала кеңесінің депутаттарының қызмет етуін (АҚШ қаларының муниципалды құрылымындағы Нью-Йорктен басқасында аудандық кеңестер), осы кеңестегі депутаттар санын жергілікті жердегі атқарушы және өкілетті органдарда сайлау өткізу ретін анықтайды. Штаттар мен қалалар құзіретіне муниципалды басқарудың қандай да бір модельдерін нақты жергілікті шарттарға тәуелді таңдаулар кіреді. Қазір АҚШ-та қалалық өзін өзі басқарудың үш негізгі моделі қзмет етеді.
Кеңес –мэр.
Бұл ең көп тараған модель өкілеттілікті мэр түрндегі атқарушы билік пен қалалық кеңес түріндегі өкілетті билік арасында бөлуді қарастырады. Және мэр өкілеттігі өз көлемі бойынша әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан да «мэр-кеңес» моделінің екі варианты бар, оны АҚШ-та « кеңес және әлсіз мэр» және «кеңес және күшті мэр» деп аталады.
«Кеңес және әлсіз мэр» вариантында қаланы басқаруда мэр өкілеттігі шектелген. Ең алдымен мэр қалалық кеңес мүшесі болып осы кеңестің депутуттар құрамынан сайланды. Ол кеңес отырыстарында басқарады және осы өкілеттік биліктің шешім жобаларымен ортаға шыға алады. «Әлсіз» мэр әр түрлі қалалық қызметтерінің түрлі басқарушыларының кандидатурасын ұсыну құқығы және оларды кеңес келісімімен жұмыстан шығаруға құқығы бар. Ал кеңестің өзі осы вариантта кең өкілеттілікке ие болады. Ал мэрдің барлық тағайындаулары мен жұмыстан шығаруын бекіту мен қабылдаудан басқа қалалықө биліктің атқрушы органдары қызметіне қатаң бақылауды жүзеге асырады.
«Кеңес және күшті мэр» варианты қалалық әкімшіліктің үстіндегі биліктің толықтығын қарастырады. Және де осында мэрдің өзі қалалық бюджет жобасын құрады, және де ол кеңес шешіміне вето жасау құқығына ие болады.
«Күшті» мэрді кеңес емес, бүкілқалалық сайлауларда сайлайды, сондықтан қаланың жоғары лауазымды тұлғасы ретіндегі статусын жоғарылатады. Кеңес мүшесі болмай-ақ «күшті» мэр қала қызметтері басқарушыларын өз қарасы бойынша бекітеді, жұмыстан шығарады, тікелей қала әкімшілігін басқарады. Кеңнс оған қала атынан қала жұмыстарын атқаратын әр түрлі келісімге отыру құзіретін береді.
АҚШ Жоғарғы соты өз тарапынан конституциялық қадағалаудың жоғарғы органы бола отырып тура солай штаттардың заңдарын, сонымен қатар қалалық кеңестер шешімдерін жоққа шығаруға мүмкін. Осы кезде жергілікті билік қызметтік шарасыз болып қалмай оларға тиісті саяси-құқықтық мәртебе негізінде әрекет ете береді. АҚШ-тың қазіргі саяси тарихында қалалық кеңестер штат билігі немесе федералдық билік органдарымен таратылған еш жағдай болмаған. Сол уақытта АҚШ Президенті жаппай тәртіп бұзушылық жайылып кеткен қалаларға ұлттық гвардияны бағыттау құқығы бар.
3 Ресей Федерациясындағы муниципалды басқарудың дамуы
РФ-ғы жергілікті өзін өзі басқаруда қалыптасуы мен дамуына мүдде түсінікті: екі егеменді елдің шекараларының территориялық жақындығы, экономикалық және мәдени мүдделердің ортақтығы, геосаяси және басқа да себептерге байланысты.
РФ-ның жергілікті өзін өзі басқарудың заңдық негізі болып РФ Конституциясы, Федерация субъектілерінің конституциясы және жергілікті қауымның қабылдаған жарғылары. Көптеген мемлекет басқаруда және басқа айырмашылықтарға қарамастан Қазақстан үшін ресей тәжірибесі аймақтық саясат сұрақтарын шешуде үлгі болады. Орталықтың субъектілерімен аумақтармен үнемі күресі, осы күрделі қатынастардың заңдылық негізделуі құқықтық өрнектеуді қажет етеді.
Жеке мамандардың ойынша жергілікті өзін өзі басқару түрлі сипаттаулар үшбұрышынан өтеді. Жергілікті өзін өзі басқару конституциялық құрылымның негіздерінің бірі, билік ұйымдастыру қағидасының негізі, басқару жүйесін анықтаушы. Бұл дәйекті Е.С. Шугрин ұсынған он сәйкес заңмен бекітіледі, он «Краснодар аймағындағы жергілікті өзін- өзі басқару жайындағы» заң.
Жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі тұрғы үшбұрышынан ашылады, ол жергілікті өзін- өзі басқаруды азаматтар қызметі деп түсінеді.
Белгілі дәрежеде Ф.И. Бородинның көзқарасы ерекшеленеді, ол бойынша әр жеке азамат пен жергілікті қоғам тұтас қалғанда жауапкершілікті түсініп қана қоймауы қажет, сонымен қатар өз мойнына алуға даяр болуы керек.
Жергілікті өзәін-өзі басқарудың ғылымдық формуласын табуға ұмтылыстар көздеген мақсаттарға жеткізбеу мүмкіндігінің бары сөзсіз. Соған қарамастан, бірқатар негізгі бөлімдер топтары бар, олар творчестволық бағытта дұрыс бағыт табудың құралдық мүмкіндігін береді.
Біріншіден, жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті қауымдастықтың билігін жүзеге асырудың институционалды түрін көрсетеді. Бұл тұрғыда Ф.И. Бородиннің ескертуі құнды болып табылады, өйткені ол жергілікті өзін-өзі басқарудың тәжірибеде қолданылуын түсіндіреді. Мысалы, Мәскеу қаласының тұрғындарының жергілікті өзін-өзі басқаруға құқықтары толық ауқымды жалпы қалалық деңгейде жүзеге асырылады.
Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқарудың кез-келген интерпритациясы құқықтық өңделген болуы қажет. Басқаша айтқанда жергілікті өзін-өзі басқаруда жергілікті қағиданың жергілікті маңыздағы сұрақтарды өздігінен шешу құқығы көрінеді. Мысалы, «Воронеш облысындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңында жергілікті өзін-өзі басқару – халық билігінің түрі, жергікті тұрғындарға туған мәселені өздігінен шешуге және жауапкершілігін алуға көзделген. Сонымен қатар бұл мәселелерді жергілікті өзін-өзі басқарудың маңызды қағидасы болып халықтың жергілікті өзін-өзі басқаруға, қоныстанған бекеттер шекарасында, олардың бірлестіктерінің аумағында ғана құқық береді.
Үшіншіден, жергілікті өзін-өзі басқаруға істік бастама алу түсінікті, өйткені бекітілген заңдар арқылыіс жүзінде жергілікті өзін-өзі басқаруға құқық алуға мүмкін.
Төртіншіден, РФ – ғы жергілікті өзін-өзі басқару, жергікті қауымдастықтың мемлекеттік билік органдарының ұйым қағидасы ретінде бекітілгені маңызды. Бұл жағдай «жергілікті өзін-өзі басқару органдары мемлекеттік билік органдарының жүйесіне кірмейтіндігі» туралы коституциялық талаптардан шығады.
Негізгі әдебиеттер: 1,2,5
Қосымша әдебиеттер: 6,7