Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
муницип.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.32 Кб
Скачать

11 Тақырып. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейту жолдары

1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

2 Жергілікті бюджет

3 Жергілікті бюджет тапшылығы

4 Бюджеттің кіріс бөлігін көбейту жолдары

1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі унитарлы мемлекет ретіндегі сипаты: екі буынды болуы. Ол мемлекет бюджет және жергілікті бюджет. Жергілікті бюджеттер-облыстық, қалалық (мемлекеттік және облыстық мағнадағы қала), аудандық бюджеттер, экономикалық аймақтық арнайы бюджеттер.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті

Мемлекеттік бюджет

Жергілікті бюджет

Облыс бюджеті

Аудандар

Сурет.1. Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылымы.

Кейбір мемлекеттерде бюджеттік жүйеге мемлекеттік консадирленген қаржылық балансты еңгіеді. Консадирленген қаржылық баланс деп өз бетімен жергілікті және мемлекеттік ақшалай қорлардың сәйкес болуы (арнайы экономикалық аймақ бюджетімен қоса), бюджеттен тыс қорлардың қызмет етуін айтамыз. Мемлекеттік консадирленген қаржылық балансы өзіне бюджеттен тыс қорлармен мемлекеттік бюджетті еңгізді.(арнайы экономикалық аймақ бойынша). Консадирленген қаржылық баланс мемлекеттің қаржылық ресурстарын басқару мақсатындағы бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарының көрінуі және бюджеттік жүйенің көрсеткіштерінің қалған экономека саласары көрсеткіштерімен және мемлекеттік шоттың жүргізілуі арасындағы байланысты айқындайды.

Мемлекеттік бюджетті құраудың негізгі әдісі —елдің экономикасы дамуының бірнеше нұсқаларын қарастырудағы маңызды болып табылатын, сценарлық болжамдау.

Бюджеттің орындалуын бақылау қаржы Министрлігінің аймақтық басқарудың жергілікті органдары арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бюджет өзіне жергілікті бюджеттерді кіргізеді. Жергілікті бюджет — жергілікті өзінбасқару органдарымен жүзеге асырылатын орындау және басқару, қалыптастыру болып табылады.

Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігі қазіргі уақытта толық әлеуметтік бағыты бар-80 пайызға дейінгі шығыс бөлігі білімге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамтамасыз етуге, әлеуметтік көмекке және т.б. тұтынуға жұмсалады.

Капиталдық шығындар жалпы баптар бойынша бюджетке жазылады. Қаржылық ресурстардың шектеулі капиталдық жабдықтар мен құрылысты шағын қаржыландыруды анықтайды, яғни аймақтардың ұзақ мерзімді даму негіздері қаланбайды.

Істің жағдайын өзгерту бюджеттің барлық деңгейін орта мерзімді үш жылдық кезеңге әзірлеуге көшуге және жергілікті бюджеттің шығындарын ағымдағы және инвестициялыққа бөлуге мүмкіндік береді.

2 Жергілікті бюджет

Жергілікті бюджеттер облыстық бюджеттер, калалардың, аудандардың бюджеттері. Қаржы жылына арналған республикалык бюджет Қазакстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген. Бюджет жүйесінің істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай ак республикалық және жергілікті бюджетгер туралы есеппен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бгоджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтылығы, нақтылығы және жариялылығы қағидаттарына негізделді:

жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттеріУ облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа), қалалардагы аудандарды қоспағандағы, аудандардың бюджеттері;

жергілікті бюджетгік багдарлама - тиісті каржы жылына арналған жергілікті бюджеттің кұрамында жергілікті өкілді орган бскітетін жергілікті мемлекеттік басқару міндеттерін орындауга және жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарлама;

жергілікті уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің қаржыларын басқаруға әкім уәкілеттік берген атқарушы орган;

Аймақтың бюджеттік жүйесінің негізгі қызметтері:

• аймақтың халқының өмір сапасын және деңгейін арттыру жағдайын құру;

• аймақ территориясындағы халықтың жеке топтарының табыстарын әділетті бөлу;

• аймақтың даму бюджеті арқылы немесе тікелей мемлекеттік инвестициялар жолымен аймақтық шаруашылық кешенінің өсуі, аймақтағы іскерлік белсенділіктің дамуын арттыру;

• әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымның, өндірістін даму жолымен аймақтың аумақтық қалыптасуындағы кәсіпкерлік жағдайын түзелту.

Аймақтың бюджеттік құрылымында кірістің негізгі бөлігін салық құрайды.

Ал, шығын құрылымында негізгі орынды әлеуметтік-мәдени шараларға, капиталсалымына кеткен шығындар алады. Соның ішінде мемлекеттік дотация және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығына кеткен.

3 Жергілікті бюджет тапшылығы

Бюджет тапшылығы - шығыстар көлемінің бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуі. Бекітілетін республикалық бюджет тапшылығының мөлшері үлттық валютамен және ішкі жалпы өнімге қатысты процентпен, ал облыстық бюджеттердің Астана және Алматы қалалары бюджеттердің тапшылығы үлттык валютамен көрсетіледі;

жергілікті атқарушы органның борышы — жергілікті аткарушы органның, алынған және өтелмеген заемдарының, сондай—ақ жергілікті өкілді органның, шешімдерімен жергілікті атқарушы органның,борышына жатқызылған белгілі бір күнге борыш мідеттемелерінің сомасы;

Бюджеттік толықтылығы бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтын шығыстарын шоғырландыру, әрбір бап бойынша мемлекеттің барлық түсімдері мен шығыстары ескерілетін бюджетті жасауды білдіреді. Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлык түсімдердің, соның ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік кәсіпорындарда алынатын түсімдердің толық тізбесінің және шығыстарының бюджеттерді міндетті және толық көрсетілумен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажетгігіп қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай -ақ бюджет шыгыстарының көлемі мен нақтылыкы бағыттарын айқындау қажет.

4 Бюджеттің кіріс бөлігін көбейту жолдары

Қазіргі уақыттағы стратегиялы бюджеттік жүйенің құрылымы келесіндей:

- шығындар бойынша жауапкершілікті нақты бекіту;

- билік деңгейлері бойынша салықты дұрс бөлу;

- бюджетаралық трансферттердің тиімді жүйесі;

Шығындар бойынша жауапкершілікті арттыру немесе нақты бекіту заңдық сипатта болып, сәйкес билік деңгейінің қызметіне жауап беруі керек.

Салықтардың тиімді бөлінуі бюджеттік кірістердің, яғни осы салықтардың тез жиналуының кепілі болып табылады.

Бюджетаралық трансферттердің тиімді жүйесі орталықсыздандыру саясатына үлкен маңызды мағынаға ие болады. Трансферттер жоғары тұрған бюджетпен төменгі деңгейлі бюджеттерге бөліне отырып, тік бюджеттік дисбаланстан арылу мақсатында төленеді және тұрақтандырушы сипатқа ие.

Бюджет жүйесінің негізгі бағыттары: бюджеттік жоспарлаудың болашақтық жүзеге асуы, орталық және аудандық бюджеттік қаиынастардың тұрақты орта мерзімдік нормативтерге көшуі; сыртқы қарыз стратегиясын қатаңдату : нормативті-құқықтық базаны дамыту мен кеңейту негізінде мемлекеттік шығындарды басқару болып табылады. Ерекше мақсаттар қатарына сонымен қатар, әлеуметтік маңызды бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру, соңғы қарызгерлерді бюджет құралдарын қайтаруын қатаңдату, бюджет құралдарын мақсатты қолдануға бақылау орнату және бюджеттік тапшылықты қысқарту.

Маңызды мәселе мемлкеттік бюджеттің кретиторлық қарыздардың жинақтауына жаңа шаралар қолдану. Бұл мәселені шешудің бір әдісі бюджетті жоспарлаудағы нарықтық пен оның міндеттемелерін нақты тіркеу. Бұл бюджетке алушыларға бюджеттік қаржыландырудың мүмкіндіктері мен кредиторлық қарыздың құқрылуын бақылауды қамтамассыз етумен қадағалауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты кезекті экономикалық шаралар қатарына мыналар кіреді:

-бюджеттің негізгі парамеетрлерін орта мерзімді жоспарлауға көшу(түсімдер көлемі, шығындар мен кредиттер, тапшылық);

-бюджеттік бағдарламалар мен олардың орындалу нәтижелердің қаржылық шығындарын сәйкестендіру негізінде бюджеттік қаржыландыру әдісін жетілдіру;

-негізгі бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың жоспарының нормативті әдісін енгізу, оған қоса әкімшілік шығындарының нормасын бекіту;

-бюджеттік жеткіліктілікті құру мақсатында аудандық бюджеттің қарым-қытынастарын тұрақты орта мерзімді нормативтер негізіндегі жүйені жаңаландыру;

-бюджеттің орындалуының ерекшеліктерін анықтап, бюджеттік кредиторлық қарыздарын төмендетіп, қаржылық міндеттемелерді тіркеу механизмдерін құру.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 4,5

Тақырып 12. ҚР-ның әкімшілік –территориялық құрылысының реформасы

1 Қазақстан экономикасын басқарудың саяси экономикалық негіздері

2 Өзін-өзі басқару тұжырымдамасы және оның негізгі жағдайы

3 Қазақстанның реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасы

4 Сыртқы экономикалық қатынастардың қалыптасуын басқару

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]