
- •Муниципалдық менеджмент пәні бойынша
- •5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары Оқу жоспарынан көшірме
- •3. Оқу бағдарламаның тәртібі – (syllabus)
- •3.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3.2 Пререквизиттері:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұнымен
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •3 Мемлекеттік басқару түсінігі
- •4 Басқару қызметтері
- •Тақырып. Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде
- •3 Тақырып. Басқарудың даму тарихы
- •4. Тақырып. Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы
- •5 Тақырып. Өкілетті және атқарушы билік органдарының басқарудағы ұйымдық іс-әрекетінің негізі
- •6 Тақырып. Жергілікті басқару органдарындағы іс-әрекетті жоспарлау
- •7 Тақырып. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •8 Тақырып. Жергілікті басқарудың экономикалық негізі
- •9 Тақырып. Орталық және аймақтық экономикалық басқару органдары: жауапкершілікті бөлу және өзара қатынас механизмі
- •10 Тақырып. Қазақстан Республикасының аймақтық саясаты
- •11 Тақырып. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейту жолдары
- •1 Қазақстан экономикасын басқарудың саяси экономикалық негіздері
- •2 Өзін-өзі басқару тұжырымдамасы және оның негізгі жағдайы
- •3 Қазақстанның реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасы
- •4 Сыртқы экономикалық қатынастардың қалыптасуын басқару
- •13 Тақырып. Аймақтың әлеуметтік - экономикалық мәселелері
- •14 Тақырып. Шет мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Әдістемелік нұсқау: Шетелдік нақты бір аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, басқару әдісіне тоқтал..
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10..Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •1. Германиядағы муниципалды басқару қалай жүргізіледі?
- •12. Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары
- •Тақырып 7. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
- •Тақырып 15. Федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
- •1 Германиядағы муниципалды басқару
- •13. Жазбаша жұмыстар және курстық жұмыстар тақырыптары
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Е) дұрыс жауабы жоқ
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1) 3
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары 3
- •5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •470061, Қарағанды, Гоголь к-сі, 38
7 Тақырып. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері
1 Меншікті жекешелендіру және мемлекет иелігінен шығару
2 Муниципалдық меншік
3 Қазақстанда бюджетаралық қатынастарды реформалау
4 Жергілікті қоғамдастық қаржылары
1 Меншікті жекешелендіру және мемлекет иелігінен шығару
Жекешелендірудің негізгі мақсаты орталық жоспардан нарықты экономикаға ауысуына қажетті жағдайды қалыптастыру болып табылады.
Ұлттық мүліктің Республика халқына мемлекеттен қайтару үрдісінде меншік иелену дербестендіру (персонификация) негізінде жүргізілуі тиіс.
Бұл мқсатқа жету келесі негізгі мәселелерді шешуді болжайды:
көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың акционерленуі мен шаруашылық құрылымның шамалы рынокты жолмен тездетіп қалыптасуы, мемлекеттік меншік объектісінің кіші және көпшілік жекешелендіруді жүргізу;
тиімді шаруашылық субъектісі ретінде жеке иелену қабатының қалыптасуы;
бәсекелестік орта құру және өндірісті монополиясыздандырумен қамтамасыз ету;
шағын және орта бизнестің дамуы;
ірі және теңдессіз халық шаруашылық объектілердің жеке жаңғырту проектісін шығару (реализация);
шетел инвесторларын тарту мен жеке бизнестің басым болу ұйымдық шаруашылық құрылымның қалыптасуы;
бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесінің күшеюі және дамуы.
Бұл бағдарлама мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді әр түрлі салалардың ерекшелігі негізінде қағидалы әдіс амалдарды анықтайды.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруге жататын объектілер тізбегі осы бағдарламамен байланысты. Жыл сайын өкіметпен бекітіледі.
Мемлекеттік меншік объектілері 2 классификациялық топтарға бөлінеді:
мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруге жатқызылатын объектілер;
жекешелендіруге тыйым салынған объектілер.
Қазақстан республикасының меншігінен шығарылып тастаған, жекешелендіруге жатпайтын объектілер:
жер, су, әуе кеңістігі, жануар және өсімдік әлемі, табиғи ресурстары, т.б.
Жекешелендірудің негізгі бағыттарында жекешелінген әдістері мен нысаналар кешені арқылы түсіну және жекешелендірілген объектілердің әр топтарының айрықшаландыруы мен байланысты іске асырылады.
Критерийлер барысында кәсіпорындарды жекешелндірудің негізгі бағыттарына төмендегілерді жатқызуға болады:
объектінің халық шаруашылық мағынасы;
салаға қатыстылығы;
қызметкерлер саны;
негізгі қорлардың құны.
Кәсіпорынның және ұйымдардың жұмыс істеушілер санына байланысты шартты төмендегідей бөлінеді:
жұмыс істеушілердің саны 20 адамнан кем емес кіші кәсіпорындар;
жұмыс істеушілердің саны 200-ден 5000 адамға дейін орта кәсіпорындар;
жұмыс істеушілер саны 5000 адамнан астам ірі кәсіпорындар.
Жекешелендіру объектісіне жыл сайынғы тізім жасалған кезде жекешелендіру салалардың, аймақтардың және басқа объектілердің ерекшеліктерін ескере отырып кәсіпорынның кіші, орта және ірі топтарына жатқызылатыны анықталуы мүмкін.
Осы бағыт айналасында жекешелендірілген объектілердің негізгісі көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет өрісі болып табылады.
Кіші жекешелендіру үрдісі 3 кезеңнен тұрады:
бірінші кезеңде, объектілерді таңдау және олардың жекешелендіру мерзімін анықтау қажет;
екінші кезеңде, объектінің аукциондарда немесе конкурста сатылуын дайындау;
үшінші кезеңде, объектінің сатылуы.
2 Муниципалдық меншік
Нарықтық қатынастарға өту мемлекет меншігінің демоноползациялануын тек оның мемлекеттік бөліну және приватизация жолымен ғана ұйғарылмайды, сонымен бірге жалпы қоғамның сәтті қызмет етуін қамтамасыз ететін басқа формалардың құрылуын да ұйғарады.
Муниципалдық меншіктің құрылу үрдісі Қазақстан КСР 1992 жылы 13 қантарда «Қазақстан Республикасы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңын қабылдағаннан кейін басталды.
Қазақстан Республикасы. Азаматтық кодексіне сәйкес қалалық, ауылдық тұрғындардың және басқа да муниципалдық құрылу меншігінің құқығына жататын мүлік муниципалды меншік болады.
Қазақстан Республикасында жергілікті «муниципалдық» құрылу меншігіне жататын екіге бөлінеді. Бір бөлігі оперативті басқару және шаруашылықты жургізу құқығында муниципалды кәсіпорындармен және мекемелерде бекітілген.Оның келесі бөлімі, яғни жергілікті бюджеттің және басқада муниципалды құралдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, муниципалды кәсіпорындармен және ұйымдармен бекітілмейді, олар муниципалды қазынасын құрайды.
Муниципалдық меншік құрамына келесілер кіруі қажет:
жергілікті бюджет, бюджеттен тыс фондтардың қаржылары;
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының муліктері;
муниципалдық меншікке жататын муниципалды жерлер және басқа табиғи ресурстар;
муниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдар;
муниципалдық банктер және басқа да қаржы-кредиттік ұйымдар;
муниципалдық тұрғын үй фонды және тұруға келмейтін үйлер
білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, басқа да қозғалмалы және қозғалмайтын муліктердің муниципалды мекемелері. Басқарудың территориялық органдары муниципалды меншік субъектісі болады.
3. Қазақстанда бюджетаралық қатынастарды реформалау
Қазақстан Республикасы Конституциясынан, Қазақстан Републикасының «Қ.Р. Үкіметі туралы» Заңының, әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша күші бар заңшығарушылық актілерге енгізілген өзгерістерді есептеп және министрліктер мен ведомствалардың қызметінен шығатын орталық және жергілікті атқарушы, органдарымен орындалатын қызметтерді бөлу негізінде. Қазақстан Республикасының «Бюджетті жүйе туралы» (1999 ж. қабылданған). «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарына бюджеттердің деңгейлері бойынша шығындар үлестірілген. Бұл бюджетті ұйымдарды қаржы жағынан ұстау принципінен олардың қызметтерін қаржыландыру принципімен өтуге мүмкіндік берді. Сонымен, әр мемлекеттік қызмет нақты мемлекеттік қызметтерді орындауда шаралар жинағын қосатын мемлекеттік бағдарламадан тұратын ескеру керек.
Республикалық бюджетпен қаржыны жұмсау келесі түрде болады (9бап):
1. Республикалық бюджеттің ақша қаражатын төмендегілерді қаржыландыруға жұмсалады:
- мемлекеттік басқарудың жалпы қызметтерін опындайтын Президенттің, Қ.Р Парламентінің, Конституциялық Кеңестің, Есептік комитетінің, Орталық сайлау комиссиясының, атқарушы және басқа органдардың қызметтеріне;
- сот жүйелеріне;
- сыртқы саясаттық қызметіне;
- қаржылық және салық қызметіне;
- фундаментальды және қолданбалы ғылыми қызметтерге;
- қорғаныс және қауіпсіздікке;
- республикалық деңгейде төтенше жағдайлар бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға;
- юстиция өрісіндегі қызметтерге;
- жоғары білімдерге;
- республикалық деңгейде білім беру саласындағы арнайы бағдарламаларға;
- республикалық деңгейде денсаулық сақтау саласындағы арнайы бағдарламаларға;
- орталық атқарушы органдардың мамандандырылған ауруханаларына;
- республикалық клиникаларда және ғылыми- зерттеу институттарында мамандарылған дәрігерлік жәрдемдерге
- заң шығарушы актілермен бекітілген пенсияларды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдем ақшаларды, мемлекеттік арнайыжәрдем ақшаларды төлеуге;
- республикалық деңгейде мәдениет, спорт және ақпарат сферасындағы қызметтерге;
- миграция сферасындағы қызметтерге,
- ауыл, орман, су және балық шаруашылығындағы приориттеті бағдарламаларға;
- қоныстандырушылыққа;
- республикалық деңгейде өтетін айналадағы табиғи ортаны сақтау шараларына;
- республикалық деңгейдегі объектілердің өнеркәсіп және құрылыс саласындағы арнайы бағдарламаларға;
- жер қойнауын пайдалануға;
- гидрометеорологилық мониторингтерге;
- мемлекеттік қызметтерге қызмет көрсетуге байланысты жұмсауларға;
- үкіметтік кепілдік беру бойынша міндеттемелерін орындауға;
- мемлекеттік бюджеттерден жергілікті бюджеттерге өтетінофициалды трансферттерге,
2. Сонымен қатар республикалық бюджетпен жоғарыда аталғандардың территориялық бөлімшелерін және мемлекеттік ведомстволық мекемелердің қызметтерін жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың администраторларын ұстау үшін жұмсалатын шығындар қаржыландырылады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың администраторларын ұстау үшін жұмсалатын қаржыны Президент және ҚР Үкіметінің актілерімен бекітілген штаттық лимит санына және ҚР Үкіметінің актілерімен бекітілген мемлекеттік органдардың топтары бойынша бір жұмыскерге кететін ағымдағы шығындардың нормативтеріне негізделіп қойылады.
3.Ұлттық Валютаның айырбас курсынан жоспарланған өзгерісіне сәйкес қойылған және сыртқы экономикалық қызметпен байланысты республикалық бюджеттің қаржысы Ұлттық валютаның бөлінуі кезіндегі айырбас курсы бойынша жұмсалады.
Жергілікті бюджетпен қаржы жұмсау төмендегідей іске асады \12бап\:
1.Жергілікті бюджеттердің қаржысы келесілерде қаржыландыруға жұмсалады:
- мектепке дейінгі, бастапқы жалпы, негізгі жалпы, орташа жалпы, қосымша жалпы және орта мамандық білімдерге;
- санақ және әскери қызметке шақыру бойынша шараларға;
- жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайларға байланысты жұмыстарға;
- жергілікті деңгейдегі құқық қорғаушы қызметтерге;
- тұрғындарға кепілдік берілген көлемді тегін дәрігерлік қызметтерге;
- жергілікті деңгейде арнайы жергілікті бағдарламаларға;
- маслихаттардың шешімдеріне сәйкес әлеуметтік қамтамасыз ету ортасында адресті әлеуметтік жәрдемдерге;
- жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы,
- тұрғын үй бағдарламасына;
- жергілікті деңгейде мәдениет-көрініс бағдарламаларына;
- жергілікті деңгейде объектілердің өнеркәсіптеріне және құрылылыстарына;
- жергілікті деңгейде айналдырған ортаны қорғау;
- тұрғылықты пунктерді жақсартуға, кала жолдарын және көшелерін;
- жергілікті мағынадағы жолдарды жөндеу және пайдалану;
- жергілікті бюджеттерден республикалық бюджеттерге берілетін ресми транферттерге;
- жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін
- арнайы экономикалық зоналардың дамуына байланысты бағдарламаларға;
2. Сонымен қатар республикалық бюджеттен жоғарыда аталғандардың мемлекеттік ведомствалық мекемелердің қызметтерін жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың администраторларын ұстау үшін жұмсаулары қаржыландырады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың администраторларын ұстау үшін жұмсалатын қаржы облыс әкімдерінің және Астана мен Алматы қалаларының актілерімен бекітілген бір жұмыскерге нормативтіағымдағы жұмсаулардан және штаттық лимит сонымен шығып тағайындалады.
3. Маслихаттар шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар республикалық бюджеттік бағдарламаларды қозғамай қызметтің басқа бағыттары бойынша бюджетті бағдарламалар енгізуге құқықты.
4. Ұлттық валютаның айырбас курсының жоспарланған өзгерісіне сәйкес қойылған және сыртқы экономикалық қызметпен байланысты республикалық бюджеттердің қаржылары Ұлттық валютаның бөлінуі кезіндегі айырбас курсы бойынша жұмсалады.
4 Жергілікті қоғамдастық қаржылары
«Қ.Р жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасында белгіленгендей жергілікті қоғамдастықтың табыс көзі келесілер арқылы құрылуы мүмкін:
1) Жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржылар;
2) Жергілікті қоғамдастықтың мүмкін жолға беруден және комерциялық ұйымдардың құрылуынан жергілікті қоғамдастық алған табыстар;
3) Жергілікті қоғамдастықтың тұрғындарының еркін салу нәтижесіндегі алынған ақшалар;
4) Заңды және физикалық тұлғалардың еркін көмек беруі;
5) Заңшығарушылықпен тыйым салынбаған басқа қаржы;
Жергілікті қоғамдастықтың табыстарын және шығындарын жуықтап есептеу, сонымен қатар оның орындалуы жөнінде жылдық есеп жергілікті қоғамдастықтың сәйкес кенесімен бекітіледі және жергілікті қоғамдастықтың мүшелеріне дейін жетеді.
Қаржы ортасында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының биліктері
Негізгі әдебиеттер: 1,2,3
Қосымша әдебиеттер: 4,5