- •Коммерциялық емес акционерлік қоғам алматы энергетика және байланыс университеті
- •Электрмен жабдықтау жүйелерінің релелік қорғанысы жӘне автоматикасы
- •5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының барлық оқу түрінің студенттері үшін дәрістер жинағы
- •Мазмұны
- •1 Дәріс. Ток трансформаторлары орамаларының қосылуының типтік сұлбалары
- •1 Ток трансформаторлары орамаларының қосылуының типтік сұлбалары
- •1.1 Тт және реле орамаларының толық жұлдызшаға қосылу сұлбалары
- •1.1 Сурет - тт және реле орамаларының жұлдызшаға қосылу сұлбасы
- •1.2 Сурет - Токтардың векторлық диаграммалары
- •1.3 Сурет – симметриялық құраушы токтардың өтуі
- •1.2 Тт және реле орамаларының толық емес жұлдызшаға қосылу сұлбасы
- •1.4 Сурет- тт және реле орамаларының толық емес жұлдызшаға қосылу сұлбасы
- •1.3 Екі фаза тогының айырмасына қосылған, екі тт және бір реленің қосылу сұлбасы
- •1.4 Тт нөлдік тізбек тогының сүзгішіне қосылу сұлбасы
- •2 Дәріс. Бағытталмаған ток қорғаныстары
- •2.1 Максималды ток қорғанысы. Ток қорғанысының әсер ету принципі
- •2.2 Сурет – үш фазалы мтқ принципиалды сұлбасы
- •2.2 Қосылу тогын таңдау
- •2.3 Ток үзінділері. Ток үзінділерінің әсер ету принципі
- •2 .4 Сурет – Электр механикалық релелердегі ток үзіндісінің тұрақты ток тізбегіндегі сұлбалары
- •3 Дәріс. Бағытталған ток қорғаныстары
- •3.1 Екі жақты қоректендірілген тораптардағы бағытталған ток қорғанысы
- •3.1 Сурет – Екі жақты қоректендірілген тораптың сұлбасы және осы тораптарға рқ орналастыру
- •3.2 Сурет - Бағытталған ток қорғанысының әсер етуі және
- •3.3 Сурет – Электр механикалық релелі бағытталған мтқ екі фазалық сұлбасы
- •3.4 Сурет - екі релелік бағытталған мтқ оперативті тізбегі
- •4 Дәріс. Тұйықталу токтары жоғары тораптардағы жерге қысқа тұйықталудан токтық қорғаныстар
- •4.1 Бейтарабы жерге қысқа тұйықталуған тораптардағы жерге қысқа тұйықталудан қорғаныс
- •4.1 Сурет – Тораптағы бір фазалы қт (а) және i0 тогының u0 (б) әсері арқылы өтуі
- •4.2 Сурет - Бір фазалы қт кезіндегі нөлдік тізбектегі токтың таралуы
- •4.3 Сурет - Нөлдік тізбектегі токтың қорғаныс сұлбасы
- •5 Дәріс. 10-35 кВ тораптардағы жерге тұйықталудан қорғаныс
- •5.1 Бейтарабы оқшауланған тораптардағы бір фазалы жерге тұйықталудан қорғаныс, бір фазалы жерге тұйықталу кезіндегі токтар және кернеу
- •5.1 Сурет – Бейтарабы оқшауланған тораптағы жерге тұйықталу кезіндегі фазалық токтардың өтуі
- •5.2 Сурет Фазалық токтар мен кернеудің векторлық диаграммасы
- •5.2. Жерге бір фазалық қысқа тұйықталудағы қорғаныстың орындалу принципі
- •5.3 Сурет – Жерге тұйықталу кезіндегі селективті емес
- •5.3 Нөлдік тізбектегі токтардың сүзгіштері
- •5.4 Сурет – Нөлдік тізбектегі ток трансформаторы:
- •6 Дәріс. Трансформаторлардың және автотрансформаторлардың резервтік қорғанысы
- •6.1 Сурет- Екі орамды трансформатордың максималды ток қорғанысы
- •7 Дәріс. Трансформаторлардың және автотрансформаторлардың негізгі ток қорғанысы
- •7.1 Трансформаторлардың токтық қорғанысы
- •7.1 Сурет- Трансформаторлардың дифференциалды қорғанысының әсер етуі
- •7.2 Трансформаторлардың газдық қорғанысы
- •7.1 Сурет- Трансформаторда газдық релені орналастыру:
- •7.2 Сурет – Қалтқылы газдық реленің құрылғысы; газдық қорғаныс тізбегінің шықпалық сұлбасы.
- •8 Дәріс. Электр қозғалтқыштарын қорғау
- •8.1 Электр қозғалтқыштарын фаза арасындағы қт және асқын жүктелуден қорғау
- •8.2 Сурет - Электр қозғалтқыштарын асқын жүктелуден қорғаудың сұлбасы
- •8.2 Электр қозғалтқыштарын жерге тұйықталудан қорғау
- •8.3 Сурет - Жерге тұйықталудан қорғаудың структуралық сұлбасы
- •Әдебиеттер тізімі
1.4 Тт нөлдік тізбек тогының сүзгішіне қосылу сұлбасы
Ток трансформаторлары үш фазада орналасады, екіншілік орамның бірдей аталатын қысқыштары паралллель қосылады және оларға КА релесінің орамы қосылады (1.6 суретке қара).
Реледегі ток үш фазаның екіншілік токтарының геометриялық суммасына тең:
Ip = Iа + Ib + Ic = 3I0. (1.8)
Қарастырылған сұлба НТ токтардың сүзгіші болып табылады. Реледегі ток тек бір және екі фазалық жерге ҚТ пайда болады. Сондықтан да сұлба жерге ҚТ РҚ қолданылады. Релені 1.6 суреттегідей қосылуы оның 1.1 суреттегідей жұлдызшаның нөлдік сымына қосылғанымен тең.
2 Дәріс. Бағытталмаған ток қорғаныстары
Дәрістің мазмұны: 10-35кВ тораптардағы фаза аралық ҚТ ток қорғанысының негізгі түрлері келтірілген.
Дәрістің мақсаты: максималды ток қорғанысының әсер етуін, ток үзіндісін, селективтілікке жетудің әдісі мен сезімталдық коэффициентін жоғарылатуды үйрену.
2.1 Максималды ток қорғанысы. Ток қорғанысының әсер ету принципі
ҚТ пайда болуының белгілерінің бірі ЭЖЖ токтың жоғарылауы болып табылады. Бұл белгі токтық деп аталатын РҚ орындауда қолданылады. Токтық РҚ ЭЖЖ фазаларындағы ток белгілі бір мәннен асқан кезде іске қосылады. Токтың жоғарылауына әсер ететін реле ретінде максималды ток релесі қызмет етеді.
Токтық реле максималды ток релесі және ток үзіндісі болып бөлінеді. Бұл РҚ басты айырмашылығы селективтілікті қамтамасыз етуде болып табылады. Максималды токтық РҚ селективтілігінің әсері уақыт ұстанымы арқылы жасалады. Ток үзіндісінің селективтілігі сәйкес іске қосылатын токты таңдау арқылы қатамасыз етіледі.
Қорғаныстың селективтілігі және әсер ету принципі. Максималды ток қорғанысы (МТҚ) бір жақтан қоректендірілетін тораптағы РҚ негізгі түрі болып табылады. Олар әр ЭЖЖ басының қоректендіру жағында орналасады (2.1, а суретке қара). Әр ЭЖЖ өзіндік РҚ болады, ол одан қоректенетін ҚС шинасында, және көршілес ЭЖЖ резервінде тұрған РҚ, ЭЖЖ өзінде зақымдалу болған жағдайда ажыратады.
Тораптың қандай да бір нүктесінде, мысалы К1 нүктесінде ҚТ болса, қоректендіру көзі мен зақымдалған жердің арасындағы ҚТ тогы тораптың барлық учаскелерінен өтеді, нәтижесінде барлық РҚ іске қосылады (1, 2, 3, 4). Селективтілік шарты бойынша зақымдалған ЭЖЖ орналасқан 4 РҚ өшірілуі қажет. Көрсетілген селективтілікті қамтамасыз ету үшін МТҚ уақыт ұстанымымен жұмыс жасайды, ол 2.1, б суретте көрсетілгендей тұтынушыдан қоректендіру көзіне қарай өседі. Осы принципті ұстанған жағдайда К1 нүктесіндегі ҚТ кезінде МТЗ 4 іске қосылып басқалардан бұрын зақымдалған ЭЖЖ өшіреді. Уақыт ұстанымы жоғары 1, 2 және 3 қорғаныстары өшірілмей тұрып өз қалпына келеді. Сәйкесінше К2 нүктесіндегі ҚТ кезінде бәрінен бұрын МТЗ 3 іске қосылады, ал уақыты көп МТЗ 1 және 2 іске қосылып үлгермейді.
а
)
МТҚ орналасуы б) сатылық принципімен
таңдалған МТҚ уақыт ұстанымы;
2.1 сурет – Радиалды тораптағы максималды токтың РҚ
Тұрақты оперативті токтағы МТҚ принципиалды сұлбасы. Электр механикалық реледегі сұлбалар.
2.2 суретте еліміздің электр тораптарында көп қолданылатын, электр механикалық реледе жасалған үш фазалы МТҚ сұлбасы келтірілген. Үш өлшем органы (2.2, а суретке қара) РТ-40 релесінің көмегімен, уақыт мүшесі - РВ-100 релесінің көмегімен, орныдаушы элемент - РП-20, РП-16 түріндегі аралық релелер немесе ажыратқыштың өшіру электрмагнитінің тогына арналып есептелген басқа аралық релелер арқылы жасалады. Сұлба бойынша қарастырсақ бұл қорғаныс ҚТ барлық түрінде жұмыс жасайды.
а) – токтізбектері; б)- қорғаныстың оперативті тізбегі
