
- •Коммерциялық емес акционерлік қоғам алматы энергетика және байланыс университеті
- •Электрмен жабдықтау жүйелерінің релелік қорғанысы жӘне автоматикасы
- •5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының барлық оқу түрінің студенттері үшін дәрістер жинағы
- •Мазмұны
- •1 Дәріс. Ток трансформаторлары орамаларының қосылуының типтік сұлбалары
- •1 Ток трансформаторлары орамаларының қосылуының типтік сұлбалары
- •1.1 Тт және реле орамаларының толық жұлдызшаға қосылу сұлбалары
- •1.1 Сурет - тт және реле орамаларының жұлдызшаға қосылу сұлбасы
- •1.2 Сурет - Токтардың векторлық диаграммалары
- •1.3 Сурет – симметриялық құраушы токтардың өтуі
- •1.2 Тт және реле орамаларының толық емес жұлдызшаға қосылу сұлбасы
- •1.4 Сурет- тт және реле орамаларының толық емес жұлдызшаға қосылу сұлбасы
- •1.3 Екі фаза тогының айырмасына қосылған, екі тт және бір реленің қосылу сұлбасы
- •1.4 Тт нөлдік тізбек тогының сүзгішіне қосылу сұлбасы
- •2 Дәріс. Бағытталмаған ток қорғаныстары
- •2.1 Максималды ток қорғанысы. Ток қорғанысының әсер ету принципі
- •2.2 Сурет – үш фазалы мтқ принципиалды сұлбасы
- •2.2 Қосылу тогын таңдау
- •2.3 Ток үзінділері. Ток үзінділерінің әсер ету принципі
- •2 .4 Сурет – Электр механикалық релелердегі ток үзіндісінің тұрақты ток тізбегіндегі сұлбалары
- •3 Дәріс. Бағытталған ток қорғаныстары
- •3.1 Екі жақты қоректендірілген тораптардағы бағытталған ток қорғанысы
- •3.1 Сурет – Екі жақты қоректендірілген тораптың сұлбасы және осы тораптарға рқ орналастыру
- •3.2 Сурет - Бағытталған ток қорғанысының әсер етуі және
- •3.3 Сурет – Электр механикалық релелі бағытталған мтқ екі фазалық сұлбасы
- •3.4 Сурет - екі релелік бағытталған мтқ оперативті тізбегі
- •4 Дәріс. Тұйықталу токтары жоғары тораптардағы жерге қысқа тұйықталудан токтық қорғаныстар
- •4.1 Бейтарабы жерге қысқа тұйықталуған тораптардағы жерге қысқа тұйықталудан қорғаныс
- •4.1 Сурет – Тораптағы бір фазалы қт (а) және i0 тогының u0 (б) әсері арқылы өтуі
- •4.2 Сурет - Бір фазалы қт кезіндегі нөлдік тізбектегі токтың таралуы
- •4.3 Сурет - Нөлдік тізбектегі токтың қорғаныс сұлбасы
- •5 Дәріс. 10-35 кВ тораптардағы жерге тұйықталудан қорғаныс
- •5.1 Бейтарабы оқшауланған тораптардағы бір фазалы жерге тұйықталудан қорғаныс, бір фазалы жерге тұйықталу кезіндегі токтар және кернеу
- •5.1 Сурет – Бейтарабы оқшауланған тораптағы жерге тұйықталу кезіндегі фазалық токтардың өтуі
- •5.2 Сурет Фазалық токтар мен кернеудің векторлық диаграммасы
- •5.2. Жерге бір фазалық қысқа тұйықталудағы қорғаныстың орындалу принципі
- •5.3 Сурет – Жерге тұйықталу кезіндегі селективті емес
- •5.3 Нөлдік тізбектегі токтардың сүзгіштері
- •5.4 Сурет – Нөлдік тізбектегі ток трансформаторы:
- •6 Дәріс. Трансформаторлардың және автотрансформаторлардың резервтік қорғанысы
- •6.1 Сурет- Екі орамды трансформатордың максималды ток қорғанысы
- •7 Дәріс. Трансформаторлардың және автотрансформаторлардың негізгі ток қорғанысы
- •7.1 Трансформаторлардың токтық қорғанысы
- •7.1 Сурет- Трансформаторлардың дифференциалды қорғанысының әсер етуі
- •7.2 Трансформаторлардың газдық қорғанысы
- •7.1 Сурет- Трансформаторда газдық релені орналастыру:
- •7.2 Сурет – Қалтқылы газдық реленің құрылғысы; газдық қорғаныс тізбегінің шықпалық сұлбасы.
- •8 Дәріс. Электр қозғалтқыштарын қорғау
- •8.1 Электр қозғалтқыштарын фаза арасындағы қт және асқын жүктелуден қорғау
- •8.2 Сурет - Электр қозғалтқыштарын асқын жүктелуден қорғаудың сұлбасы
- •8.2 Электр қозғалтқыштарын жерге тұйықталудан қорғау
- •8.3 Сурет - Жерге тұйықталудан қорғаудың структуралық сұлбасы
- •Әдебиеттер тізімі
Коммерциялық емес акционерлік қоғам алматы энергетика және байланыс университеті
«Өндірістік кәсіпорынды электрмен жабдықтау» кафедрасы
Электрмен жабдықтау жүйелерінің релелік қорғанысы жӘне автоматикасы
5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының барлық оқу түрінің студенттері үшін дәрістер жинағы
Алматы 2010
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: М.В. Башкиров. К.М. Асанова «Электрмен жабдықтау жүйелерінің релелік қорғанысы және автоматикасы», 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының барлық оқу түрінің студенттері үшін дәрістер жинағы, Алматы: АЭжБУ, 2010. – 36 с.
«Электрмен жабдықтау жүйелерінің релелік қорғанысы және автоматикасы» пәні бойынша дәрістер жинағында қозғалтқыштар мен трансформаторлардың қорғанысы, 10-35 кВ желісіндегі жерге тұйықталудың қорғанысының негізгі түрлері көрсетілген.
Мазмұны
1 Дәріс. Ток трансформаторлары орамаларының қосылуының типтік сұлбалары |
4 |
2 Дәріс. Бағытталмаған ток қорғаныстары |
8 |
3 Дәріс. Бағытталған ток қорғаныстары |
11 |
4 Дәріс. Тұйықталу токтары жоғары тораптардағы жерге қысқа тұйықталудан токтық қорғаныстар |
15 |
5 Дәріс. 10-35 кВ тораптардағы жерге тұйықталудан қорғаныс |
18 |
6 Дәріс. Трансформаторлардың резервтік қорғанысы |
23 |
7 Дәріс. Трансформаторлардың және автотрансформаторлардың негізгі ток қорғанысы |
27 |
7.1 Трансформаторлардың токтық қорғанысы |
27 |
7.2 Трансформаторлардың газдық қорғанысы |
29 |
8 Дәріс. Электр қозғалтқыштарын қорғау |
31 |
8.1 Электр қозғалтқыштарын фаза арасындағы ҚТ және асқын жүктелуден қорғау |
31 |
8.2 Электр қозғалтқыштарын жерге тұйықталудан қорғау |
35 |
Әдебиеттер тізімі |
37 |
1 Дәріс. Ток трансформаторлары орамаларының қосылуының типтік сұлбалары
Дәрістің мазмұны: ток трансформаторларының негізгі қосылу сұлбалары, әртүрлі ҚТ арналған векторлық диаграммалар келтірілген.
Дәрістің мақсаты: ток трансформтаорларының негізгі қосылу сұлбаларымен танысу және әртүрлі ҚТ түрлеріндегі екіншілік токтардың таралуын анықтау, сұлба коэффициенті туралы түсінік алу.
1 Ток трансформаторлары орамаларының қосылуының типтік сұлбалары
1.1 Тт және реле орамаларының толық жұлдызшаға қосылу сұлбалары
Ток трансформаторлары барлық фазаларда орналастырылады. ТТ екіншілік орамалары мен реле орамалары жұлдызша болып қосылады және де олардың нөлдік нүктелері нөлдік деп аталатын бір сыммен қосылады (1.1 суретке қара). Нөлдік нүктеге ТТ орамаларының бір аттас қыстырғыштары қосылады. Жебемен ТТ орамаларының полярлығы ескеріліп, біріншілік және екінішілік токтарының оң бағыттары шартты түрде көрсетіліп, нүктемен белгіленген.
1.1 Сурет - тт және реле орамаларының жұлдызшаға қосылу сұлбасы
1.1 суретте көрсетілгендей үш фазалы ҚТ және қалыпты режімде, I, II және III релелерде Iа = IA / KI; Ib = IB /KI; Ic = IC / KI, фазаларының тогы өтеді; ал нөлдік сымда олардың геометриялық суммасы:
Iн.п = (Iа + Ib + Iс), (1.1)
Олар симметриялық режімде нөлге тең (1.2, а суретке қара). Екі фазалық ҚТ кезінде ток зақымдалған екі фазада ғана және сәйкесінше зақымдалған фазаға қосылған ТТ релесінде өтеді (1.2, б суретке қара), зақымдалмаған фазада ток болмайды:
IC = -IB.
Нөлдік сымдағы ток жүктелген (симметриялық) режімде және де екі және үш фазалық ҚТ да болмайды. Бірақ ТТ қателіктері мен сипаттамаларының бірдей болмау себебінен нөлдік сымда баланс емес тогы өтеді Iн.п = Iнб: қалыпты режімде оның шамасы 0,01- 0,2 А, ал ҚТ кезінде өседі.
Бір фазалық ҚТ кезінде біріншілік ток тек зақымдалған фазада өтеді (1.2, в суретке қара). Оған сәйкестендірілген екіншілік ток бір реле арқылы өтеді де нөлдік сымға тұйықталады. Жұлдызшаға қосылу сұлбасының нөлдік сымы НТ (НП) токтың сүзгіші болып табылады.