Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.86 Кб
Скачать
  1. Науқастың жасына//

  2. ісік процессінің таралу дәрежесіне//

  3. ісіктің макроскопиялық түріне//

  4. ісіктің орналасу орнына//

  5. организмнің гормондық фонына

***

33. Аналық без обырын емдеуде гормондық терапияның маңыздылығы://

  1. әсері жоқ, сондықтан қолданбайды//

  2. жеке дара ем ретінде қолданылады//

  3. метастаздардың алдын-алу мақсатында қолданылады//

  4. тек қана ісік рецидивін емдеуге қолданылады//

  5. ісік ремиссиясының ұзақтығына әсер етеді

***

34. Аналық бездің гормон бөлетін обырының таралу дәрежесін анықтау мақсатында келесі зерттеулерді жүргізген жөн://

  1. кольпоскопияны//

  2. жатыр қуысынан аспирациялық сұйықтықты алып цитологиялық зерттеу//

  3. гистероскопия жасау//

  4. жатыр мойнынан жұғынды алып цитологиялық зерттеу//

  5. іш қуысы және мықын ағзаларына компъютерлі томография жасау

***

35. Аналық бездің гормон бөлетін обырын сипаттайтын симптомға жатады://

  1. эпигастрий аймағының ауырсынуы//

  2. тік ішектен қан кету//

  3. жүрек айну, құсу//

  4. іштің көлемінің үлкеюі//

  5. сыртқы жыныс ағзаларының қышынуы

***

36. Аналық безінің гормон бөлетін обыры жиі метастаз беретін ағза://

  1. диафрагма//

  2. бас миы//

  3. өкпе//

  4. үлкен шажырқай//

  5. сүйектер

***

37. Аналық бездің гормон бөлетін эпителиальді ісіктеріне жататын белсенді түрі://

  1. серозды цистаденокарцинома//

  2. муцинозды цистаденокарцинома//

  3. эндометроидты цистаденокарцинома//

  4. Бреннер ісігі//

  5. ашық жасушалы мезонефроидты обыр

***

38. Үлкен жыныстық жапсарда келесі қатерлі ісік жиі кездеседі://

  1. Фибросаркома//

  2. ангиосаркома//

  3. меланома//

  4. сарпай обыры//

  5. липосаркома

***

39. Сарпай обыры жиі кездесетін жас://

  1. 30-ға дейін//

  2. 31-ден – 40-қа дейін//

  3. 41-ден – 50-ге дейін//

  4. 50-ден үлкен жас//

  5. барлық жаста

***

40. Қынап обырының жиі кездесетін клиникалық симптомы://

  1. зәр ағудың бұзылуы//

  2. лейкоцитоз, дене температурсының жоғарлауы//

  3. әлсіздік, тез шаршағыштық//

  4. жыныс жолдарынан шығатын қанды бөлініс, ақ түсті бөлініс//

  5. қанмен шығатын нәжіс, іш қатпа

***

41. Қынап обырын емдеуге қолданатын негізгі емдеу шарасы://

  1. Хирургиялық ем//

  2. сәуле емі//

  3. гормондық ем//

  4. химиялық терапия//

  5. иммунды терапия

***

42. Қынапты жиі зақымдайтын зарарсыз ісік://

  1. қынаптың фибромасы//

  2. қынаптың саркомасы//

  3. қынаптың хондромасы//

  4. жеке киста//

  5. қынаптың невриномасы

***

43. Жатыр хориокарциномасын емдеуде бірінші этапта хирургиялық ем жасау керек, егер://

  1. науқастың жасы 20 – ға дейін және ісік процессі жатырмен шектелген//

  2. науқастың жасы 21-27 аралығында және өкпеде метастаз бар//

  3. науқастың жасы 28-32 аралығында және бауырда метастаз бар//

  4. науқастың жасы 40 – қа дейін және бас миында метастаз бар//

  5. науқастың жасы 45 – тен асқан және ісік процессі жатырмен шектелген

***

44. Жатыр хориокарциномасын емдеуде науқасқа бірінші этапта хирургиялық ем жасау керек, егер://

  1. жатыр денесінің көлемі 4 апталық екіқабаттыққа сай келсе және ісік процессі жатырмен шектелсе//

  2. жатыр денесінің көлемі 8 апталық екіқабаттыққа сай келсе және бауырда метастаз болса//

  3. жатыр денесінің көлемі 10 апталық екіқабаттыққа сай келсе және өкпеде метастаз болса//

  4. жатыр денесінің көлемі 12 апталық екіқабаттыққа сай келсе және бас миында метастаз болса//

  5. жатыр денесінің көлемі 15 апталық екі қабаттыққа сай келсе және жатыр денесінің жарылуына күдік болса

***

45. Жатыр хориокарциномасы жиі метастаз беретін ағза://

  1. өкпеге, қынапқа//

  2. бүйрекке//

  3. аналық безіне//

  4. үлкен шарбыға//

  5. сүйекке

***

46. Жатырдың трофобласты ісігінің клиникалық сипаттамасы://

  1. жыныс ағзаларынан қан кету, жатырдың көлемінің ұлғаюы, лютеинді кистаның пайда болуы//

  2. эпигастральді аймағының ауырсынуы, жүрек айну, тұрып қалған тамақпен құсу//

  3. дисфагия, «кофе тұнбасы» тәрізді құсық//

  4. қан, сілемей араласқан сұйық нәжіс//

  5. терісінің қышуы, сел болып терлеу, дене температурасының жоғарлауы

***

47. Хориокарциноманың болжамы нашарлайды, егер ол осы аурудан кейін пайда болса://

  1. түсіктен кейін//

  2. көпіршікті кірме//

  3. бала туғаннан кейін//

  4. жатырдан тыс екіқабаттылықтан кейін//

  5. кесарь тілігінен кейін

***

48. Жатыр мойны обырына жасалатын скринингтің нәтижелілігі жоғарлайды://

  1. жыныстық гигиенаны сақтамайтын әйелдерді тіркеуге алғанда//

  2. эндометриозды уақытында емдеген жағдайда//

  3. скринингтік зерттеуді дұрыс ұйымдастырған жағдайда//

  4. жатыр мойны эрозиясын уақытында емдегенде//

  5. венерологиялық аурулардың тұрақты ремиссиясы болғанда

***

49. Жатыр мойны обырына жасалатын скринингтің нәтижелілік факторына жатады://

  1. жатыр мойнына ультрадыбысты зерттеу жүргізілген әйелдер саны//

  2. жатыр мойнынан алынған сүртіндіні цитологиялық зерттеуден өткен әйелдерді қамту деңгейі//

  3. зерттеуге қатысатын фельдшерлер саны//

  4. кіші жамбас ағзаларына компьютерлі томография жасалған әйелдер саны//

  5. венерологиялық аурулардан жазылып кеткен әйелдер саны

***

50. Жатыр мойны обырына скринингті жүргізетін әйелдер жасы://

  1. 15-19 жас//

  2. 20-24 жас//

  3. мектеп оқушылары және студенттер//

  4. егде жастағы әйелдер//

  5. 25-65жас

***

51. Екіқабат әйелдердің емшегіне жасалатын скринингтік зерттеу алгоритміне кіреді://

  1. сипап сезу, емшекті ультрадыбысты зерттеу, ісікке пункция жасау//

  2. емшекке магнитті резонансты томография жасау//

  3. іш қуысы ағзаларына ультрадыбысты зерттеу жүргізу//

  4. кіші жамбас ағзаларына компьютерлі томография жасау//

  5. маммография жасау

***

52. Жатыр мойны обыры скринингісін жүргізудің ең қолайлы мезгіл - мезгілі://

  1. әрбір әйел скринингті жыл сайын 1 рет өтуі қажет//

  2. әрбір әйел скринингті жыл сайын 2 рет өтуі қажет//

  3. әрбір әйел скринингті келесі 2 жылдан кейін өтуі қажет//

  4. екі жылда бірінен соң бірі өтуі керек, тексерістің нәтижесі теріс болғанда әрбір үшжылда 1 рет//

  5. әйелдер жатыр мойны обыры скринингісін әрбір бес жылда өтуі керек

***

53. Емшектен лимфа ағуының негізгі жолы келесі лимфа түйінге бағытталған://

  1. қолтық асты лимфа түйініне//

  2. жақ асты лимфа түйініне//

  3. мойын лимфа түйініне//

  4. құлақ маңайының лимфа түйініне//

  5. претрахеальді лимфа түйінге

***

54. Емшек обыры жиі метастаз беретін жолдар://

  1. лимфогенді жол//

  2. гематогенді жол//

  3. имплантациялық//

  4. барлық метастаз беру жолдары бірдей//

  5. емшек обыры метастаз бермейді

***

55. Емшек обыры жиі метастаз беретін ағза://

  1. ұйқы безіне//

  2. асқазанға//

  3. сүйекке//

  4. бүйрек үсті безіне//

  5. шап лимфа түйіндеріне

***

56. Науқасқа диагноз қойылды: емшек обыры. Ісіктің диаметрі 3,5 см, аймақтық лимфа түйіндер зақымдалмаған. Алыс ағзаларда метастаз жоқ. Емшек обырының болжамалы сатысы://

  1. I саты//

  2. IIА саты//

  3. IIБ саты//

  4. IIIА саты//

  5. IIIБ саты

***

57. 35 жастағы әйелде сипап сезгенде және ультрадыбысты зерттегенде солжақ емшектің жоғарғы - сыртқы квадрантында диаметрі 2 см ісік анықталды. Цитологиялық - аденокарцинома. Компьютерлі томография жасағанда солжақ өкпеде метастаз ошағы анықталды. Ісіктік процесстің сатысы://