
- •Реферат
- •I. Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі және макроэкономикалық үлгілер.
- •1.2 Макроэкономикалық үлгілер.
- •1.3 Макроэкономикалық тепе – теңдіктің теориялары.
- •Микроэкономика теориясыныңимакроэкономикадығы рөлі.
- •Макроэкономикалық үлгілер.
- •1.3 Макроэкономикалық тепе – теңдіктің теориялары.
Реферат
Тақырыбы: Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері.
Дайындаған:
Тексерген:
Астана 2008
Жоспар
Кіріспе…………………………………………………………………..3
І. Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі және макорэкономикалық үлгілер……………………………………………………4
Микроэкономика теориясыныңимакроэкономикадығы рөлі…4
Макроэкономикалық үлгілер……………………………………5
1.3 Макроэкономикалық тепе – теңдіктің теориялары…………….7
Қорытынды………………………………………………………………9
Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………….10
Кіріспе
«Макроэкономика» пәні экономикалық оқу орындарында оқытылатын негізгі теориялық базалық курстың бірі болып есептеледі.
Макроэкономика ғылым ретіңде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеді.
Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс - әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады. Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштер экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді.
- 3 -
I. Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі және макроэкономикалық үлгілер.
1.1 Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі.
Макроэкономика теориясының негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәні үй – шаруашылықтары мен фирмалардың берілген экономикалық шарттарда шешім қабылдау және сол «берілген» шарттарда өзара қызметтері арқылы қалыптастыру механизмдері болып табылады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әр түрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макроталдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және т.с.с. ірі бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдістер өзара тығыз байланыста болады.
Макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.
4 -