Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халықаралық құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.38 Mб
Скачать

Жоспар:

  1. Мұнай саласындағы халықаралық құқықтық режим.

  2. Ауыл шаруашылық саласындағы халықаралық құқықтық режим.

  3. Труизм саласындағы халықаралық құқықтық режим.

Негізгі ұғымдар: мұнай құқығы, аграрлық құқық, туризм, халықаралық туризм.

2. Шетелдесрдегі ауыл шаруашылығының дамуының әлемдік тәжірибесі ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік реттеу тек қажеттілік емес, сонымен бірге заңдылық екенін көрсетті.

Агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу дегеніміз мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, өңдеу және таратуға, агроөнеркәсіптік өндірісті өндірістік-техникм тық қамтамасыз етуге және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, Агроөнеркәсіптік кешендегі кәсіпорындардың шаруашылық қызмстін ұйымдастыруға нормативтік актілер шығару жолымен әсер ету, мемлекеттік билік органдарының ұйымдасқан қызметін жузеге асыру және экономикалық әдіс арқылы реттеуді жүзеге асырат ауыл шаруашылық органдардың жалпы құырстін басқару.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің бір көрінісі ауыл шаруашылығы өндірісін басқару. Ауыл шаруашылығы өндірісін басқару дегеніміз ауыл шаруашылығы тауар өндірушілігінің және барлық ауыл тұрғындарының қолайлылығына қол жеткізу үшін мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге асыруға бағытталғап және мемлекетпен жүргізілетін шаралар кешені.

Мемлекеттік реттеудің объектілері болып өндірістік-шаруашылық, әлеуметтік және олармен байланысты басқа да ауыл шаруашылығы қызметі саласьіндағы аграрлық қатынастар.

Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік реттеудің арасында мақсатына байланысты айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Нақты алғанда мемлекеттің экономикалық және басқа процестерге әр түрлі қатысуы туралы айтылады.

Орталықтандырылған мемлекеттік басқару әміршілдік-әкімшілдік жүйедегі тоталитарлық мемлекете болған.

Ауыл шаруашылығы өндірісін басқаруды ұйымдастыру мәселелері Қазақстан Рсспубликасының қазіргі кездегі дамуы үшін өзекті болып отыр.

Ерекше өзектілік меншік нысанының көптігіне байланысты.

Нарықтық экономика жағдайында өндіріске экономикалық әсер ету шаралары ғана қажет емес, сонымен қатар әкімшілік реттеу шаралары да қажет. Нарықтық экономикаға өту кезінде әкімшілік әдістерді алып тастап, оларды экономикалық әдіспен ауыстыру емес, екі әдісті де қолдану. Бірақ экономикалық әдісті әкімшілік әдістен басымырақ ұстау көрінеді.

Осыған орай, агроөнеркәсіптік өндірісті нормативтік-құқықтық; реттеудің рөлі арта түсуде.

Басқа ғалымдар қоғаммен келісушілік және саяси тұрақтылық; барлық халықтың мүддесі үшін экономикалық дамыту; қазақстандық патриотизм; мемлекеттік өмірдің маңызды сұрақтарын республикалық референдумдарда дауыс бере отырып, демократиялық әдіспен шешу қағидаларын бөліп қарайды.

3. Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықтар. БҰҰ анықтамасы бойынша, халықаралық туризм мемлекетаралық келісім және мемлекетаралық салт-дәстүрдің негізінде саяхат жүйесін құрайды.

Халықаралық туристік қатынастар халықаралық жария құқықтың нормаларымен; ал отандық және шетелдік заңды тұлғалардың қатынастары; халықаралық жеке құқықтың нормаларымен реттеледі. БҰҰ демалуға қатысты адам құқықтарының негізгісі деп қарастырады, сол себептен халықаралық туризмді дамыту осы құқықтың жүзеге асыруының негізгісін қалайды.

Халықаралық туризмнің халықаралық экономикалық қатынастың айрықша белгісі болып табылатынын қызметі, басқа да кез келген ішкі сауда саттық мәселедегі сияқты шетелдік контрагенттер арқылы, яғни олардың атынан туристік фирма немесе шетелдік туристің өзі қатыса алады. «Турист» - мәнісіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, өзі тұрғылықты тұрмайтын мемлекет территориясында 24 сағаттан кем емес, 6 айдан артық емес уақытта қалатын тұлғаны айтамыз; туризм, сауықтыру, спорт, емдеу, жанұялық жағдайына байланысты, білім алу, діни-наным сенімі бойынша немесе қызметтік мақсатпен рұқсат етіледі.

Осы анықтамаға сәйкес турист қатарына басқа мемлекеттің шекарасын кесіп өткен барлық шетелдіктер жатқызылады. Бірақ мұндай «турист» деген ұғымның анықтамасы өте кең ауқымда. Келесідей анықтама беруге болады: шетелдік турист – бұл өзі келген мемлекетке шетелдік валютаны енгізетін, бұл мемлекеттің территориясында өзі алған тур негізінде 24 сағаттан кем емес уақытқа келген тұлғаны айтамыз.

Туристің құқықтық статусы халықаралық құжатта бекітілген: турист кодексі (1985 жылы қыркүйек айында VI Бүкіләлемдік туристік ұйым Генералдық Ассамблеяда қабылданған).

Халықаралық туристік халықаралық экономикалық қатынастың дамуының эффективті нысанына жатқызуға болады. Бірқатар мемлекеттерде шетелдік туризмнен түсетін, пайда экспорттық тауарлар мен қызмет көрсетудің түскен пайданың 50% құрайды. Егер де Қазақстан туризм индустриясын жоғары дәрежеде дамытса, шетелдік туризмнан келіп түсер пайда да болар еді.

Халықаралық туризм өмір жайлы, тұрмыс, тарих, сол елдің салт-дәстүрі туралы білуге, әр түрлі елдердің тұрғындарының өзара түсінушілігіне ықпал етер еді, халықтар арасындағы достастық пен бейбіт қарым-қатынастың нысанына да өз үшін тигізеді.

Халықаралық туризм мемлекеттер арасында саяси, экономикалық, әлеуметтік ынтымақтастықтың , соынмен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынастың белсенділігінен ықпал етеді.

Қазақстан халықаралық туристік қатынастарға түседі, екіжақты және көп жақты туристік конвенцияларға қол қойды, туризмге қатысты заңнамаларды өңдеуде.

28 тақырып. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың мүшесі және қазіргі халықаралық құқықтың субъектісі ретінде дамуы.