Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халықаралық құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.38 Mб
Скачать

Жоспар:

  1. Халықаралық экономикалық құқық ұғымы, қалыптасуы және қайнар көздері.

  2. Халықаралық экономикалық құқықтың қағидалары.

  3. Халықаралық экономикалық шарттар.

  4. Мемлекетаралық экономикалық қатынастар саласындағы халықаралық ұйымдар.

Негізгі ұғымдар: экономикалық қатынас, халықаралық экономикалық құқық, халықаралық экономикалық қағидалар, халықаралық экономикалық шарттар.

1. Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мемлекеттің экономикалық саясаты мен ұйымдық-құқықтық шаралар жүйесіне байланысты. Қазіргі кезеңде кез келген мемлекеттің экономикалық саясатындағы айқын және кезекті сәтіздіктерден шығудың тиімді жолдарын жасауға, экономикалық реформалауға үлкен мән берілуде. Экономикалық даму үшін құқық арқылы экономикаға ықпал ету, экономикалық проблемаларды басқара білудің проблемаларының тәжірибелік маңызы зор.

Қазіргі таңдағы әлемдгі халықаралық экономикалық қатынастар үшін мәселелердің көпшілік бөлігін бара-бара ұлттық құқықпен ғна емес, сонымен қатар халықаралық құқықтың нормаларын, қағидаларын, институттарын қолдану арқылы немесе негізінен халықаралық құқықпен қарастыру орын алып келеді. «Мемлекеттің ішкі құзырет биліктерін тәуелсіздікті саналы, үйлестірілген күйде түрлі шектеулер деңгейде ақырындап беру (сытн сызған – біз, автор) туралы сөз болып отыр, яңни бекітілетін құқық нормаларында ұлттық, аймақтық, блоктық мүдделермен қатар, тұтастай алғандағы халықаралық қауымдастықтың мүдделері де көрініс табуы керек». Интернационалдық үрдісі, немесе қазіргі кезде айтылып жүргеніндей, шаруашылық өмірдің жаһандасуы айқын және оны көпшілік мойындап отыр. Әсіресе халықаралық құқық үлкен ықпалдарға ұшырауда, себеі: мемлекет пен оның ұлттық құқығына ірі көлемді ықпалдар халықаралық құқық арқылы жүзеге асырылады. Жаһандасу процесі халықаралық құқық жүйесінің ерекшелігін, халықаралық жүйенің тұтастай алғанда өнімді қызмет етуін тағы бір рет дәлелдеп отыр.

Халықаралық экономикалық қатынастар адамзаттың ғаламдық проблемаларын шешуде маңызды рөл атқаады. Олар елдер арасындағы экономикалық айналымды реттеу қажеттігіне байланысты пайда болады және саяси сипатқа ие. Мемлекеттер осы заманғы халықаралық құқықтың негізгі субъектілері ретінде өздерінің сыртқы саясатының мәселелерін шешеді, сыртқы экономикалық саясат оның бір бөлігі болып табылады. Экономикалық қатынастарды демократияландырудың объективті қажеттігі туындайды, ол халықаралық экономикалық құқықтың көптеген күрделі проблемаларын шешуді қамтамасыз етеді. Сонымен, халықаралық экономикалық құқық – халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы, олардың халықаралық экономикалық қатынастары саласындағы қызметін реттейтін қағидалар мен нормалардың жиынтығын көрсететін халықаралық құқықтың бір саласы.

Халықаралық құқық ғылымы халықаралық экономикалық қатынас мәселелрімен толық көлемде тек әлемдік капиталистік нарық жедел дами бастағанда ғана айналыса бастады. Халықаралық құқық халықаралық экономикалық қатынастардың кең көлемді саласын іс жүзінде реттемеген де болатын. Ал халықаралық аренада экономикалық қарым-қатынас қатысушылары ұлғая берді. Сөйтіп реттеу объектісінің заңдық табиғатын айқындаудың объективті қажеттігі пайда болды. Мемлекеттердің экономикалық тиісті сипатта әрекет ету тәжірибесі де байқалып келеді, яғни қандай да бір тәртіпті туралы айтуға болады.

Халықаралық-құқықтық бағыт халықаралық экономикалық құқықты халықаралық жария құқықтың бір бөлігі немесе саласы деп белгілейді. Ал, екінші бағыт халықаралық экономикалық құқыққа халықаралық экономикалық қатынастар объектісі болып табылатын кез келген нормаларды жатқызады. Халықаралық экономикалық құқықты қалыптастыру туралы мәселе 1967 ж Г.И. Тункиннің еңбектерінде қайтадан көтеріле бастады. Ол мемлекеттер арасындағы сауда және басқа экономикалық қатынастарға қатысты жалпы халықаралық құқық нормаларының ұлғайып келе жатқанын көрсетті. Мұндай процесс халықаралық экономикалық құқықтың қалыптасуына әкелді. Е.Т. Усенконың еңбектрінде халықаралық экономикалық құқық халықаралық жария құқықтың бір саласы ретінде қарастырылған. Сонымен қатар, оны халықаралық шаруашылық қатынастарын реттейтін түрлі тәсілдерді зарттейтін «кешенді пән» ретінде белгілеу туралы да ұсыныстар айтылды. Г.И. Вельяминов оны халықаралық сауда құқығы деп атауды ұсынды, себебі оның реттеу заты бірінші кезекте мемлекеттердің сауда-экономикалық қатынастары болып табылады деді.

2. Күрделі және қарама-қайшылықты даму нәтижесінде құқық ғылымында билік аралық сипаттағы мемлекетаралық экономикалық қатынастарды реттейтін нормаларадың жиынтығын халықаралық құқықтың бір саласы – халықаралық экономикалық құқық көрсетеді деген тұжырымдама бекітіліп қалды.

Халықаралық экономикалық құқықты айқындау проблемасы жаңа халықаралық экономикалық тәртіптің идеялары мен қағидаларын саралаумен тығыз байланысты. Дамушы мемлекеттер жаңа халықаралық экономикалық тәртіптің мақсаттарын мынадай етіп айқындайды:

  • мемлекеттердің өз табиғи ресурстарына толық және тұрақты тәуелсіздік етуі, дербес теңдік, экономкалық және әлеуметтік жүйелерді таңдау еркіндігі және кесітушілікке жол бермеу сияқты қағидалары жүзеге асыру;

  • дамушы мемлекеттерге халықаралық шешімдер қабылдау процесінде әділ рөл беруді қамтамасыз ету;

  • осы елдердің әлемдік нарықтағы экономикалық өзара байланыстың нақты салалрындағы талаптарын қанағаттандыру.

Жаңа халықаралық экономикалық тәртіп тұжырымдамасы – халықаралық экономикалық қатынастардың қайта құрылуының жетекші тұжырымдамаларының бірі ретінде дамушы мемлекеттердің бастамасымен бекітіліп қалды.

Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының халықаралық экономикалық қатынастарды реттеу үшін негіз қалайтын маңызы бар.

Мемлекеттің тәуелсіздігін құрметтеу қағидасы халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне икемдеоіп, мемлекеттердің өз тәуелсіздіктерін қорғауға ұмтылыстарына қайшы келмей-ақ, мемлекеттердің экономикалық өзара тәуелсіздіктерін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің өз байлықтары мен табиғи ресурстарына ажырамас тәуелсіздігі қағидасы БҰҰ-ның «Табиғи ресурстарға ажырамас тәуелсіздік туралы» декларациясында алғаш тұжырымдалған болатын. Кейінірек, бұл қағида 1964 ж Женева қағидаларында, экономикалық, әлеуметтік және мәдени ұқықтар туралы 1966 ж халықаралық Пактіде заң жүзінде ресімделді. Хартия мен 1974 ж Декларацияда ол түпкілікті тұжырымдалып болды.

Ажырамас тәуелсіздік қағидасы мемлекеттердің отарсыздандыру және табиғат ресурстарын тиімді бақылау, табиғат және басқа да ресурстрады пайдалануды өтеу және толық алу, сондай-ақ келтірілген залалдың өтелуін деген құқығын көздейді.

3. Сыртқы экономикалық байланысты ұйымдастыру нысанын таңдау қағидасы мемлекеттердің дербес теңдік және ішкі істерге қол сұқпау қағидасының қисынды жалғасы болып табылады. Осы қағиданың нормативтік мазмұнына орай, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар түрлі режимдерді таңдауға ерікті: кедендік, тарифтік, лицензиялық, экспорттық, импорттық және басқа да режимдер.Ұлттық режим қағидасы шетелдік заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ шетелдік тауарларға өзінің жеке және заңды тұлғалары мен тауарлары пайдаланылатын барлық құқықтар мен артықшылықтарды беруді көздейді.

Өзара бірдейлік қағидасы шетелдік әріптеске белгілі бір құқықтарды, артықшылықтарды немесе жеңілдіктерді, осындай арықшылқтар беріп отырған мемлекеттің де оы шетелдік мемлекетте ұқсас құқықтарды, артықшылықтарды немесе жеңілдіктерді пайдаланатын болуын көздеген жағдайд жасалады.

Халықаралық экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу мазмұны түрлі-түрлі экономикалық шарттардың өсуіне әкелді.

Сауда шарттары мемлекеттер арасында сауда және өзге де қатынастардың қағидаларын айқындайды және құқықтық негізін қалайды. Олардың негізгі мазмұны кедендік салық салу режимін анықтауға, әкелу-әкетуді реттеу мәселлеріне, көлік жағдайларына, транзит мәселелеріне, заңды тұлғалар мен заң актілерінің мәртебесін мойындауға жеке және заңды тұлғалардың қызметінен келіп шығады.

Контингентті сауда шарттары тауар айналымы және тауарларды өзара жеткізу мәселелері бойынш жасалады. Оларда жеткізілетін тауарлардың атауы, мөлшері, сондай-ақ тауарларды импорттауға рұқсат беру мәселелері айқындалады.

Халықаралық есеп айырысу туралы келісімдер – бұлар төлемдер жүргізу, тәртібі туралы келісімдер: төлемдік, клирингтік және төлем-клирингтік келісімдер. Төлемдік келісімдер дек еркін немесе шектеулі айырбасталатын валютамен есеп айырысуды көздейтін келісімдерді айтады.

4. Халықаралық несие шарттары – бұлар экономикалық әріптестер арасында жасалатын келісім, оағн сәйкес бір тарап – несие беруші екінші тарапқа – борышқорға белгілі бір ақша немесе тауар береді, ал борышқор белгілі бір мерзім ішінде қарыз сомасын қайтаруға және нисені пайдаланғаны үшін сыйақы төлеуге міндеттенеді.

Халықаралық экономикалық құқық саласында халықаралық ұйымдар туынды субъектілер болып табылады. Осындай тұрақты және уақытша ұйымдар аясында маңызды экономикалық проблемалардың талқылануы олардың жағымды рөлдерін қамтамасыз етеді. Олардың кейбірінің тұрақты сипаты мемлекеттерге туындйтын проблемаларды білікті шешуге жәрдемдеседі.

Халықаралық экономикалық ұйымдардың ішінде мамандандырылған мекемелер жүйесімен қоса, БҰҰ маңызды орынға ие.

БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі – бұл халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың көмектесу. БҰҰ-ның басты органдар жүйесінде бұл мәселемен Бас Ассамблея мен Экономикалық және әлеуметтік Кеңес айналысады. БҰҰ Жарғысының 13-бабына сәйкес, Бас Ассамблея экономикалық, әлеуметтік және басқа да салаларда халықаралық ынтымақтастыққа көмектесі үшн зерттеулер ұйымдастырады және мемлекеттерге ұсыгыстар береді. БҰҰ ЭКОӘЛК-і халықаралық экономикалық ынтымақтастық саласындағы қызметтерді атқарады. ЭКОӘЛК-ның маңызды қызметтерінің бірі БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің қызметін үйлестіру болып табылады, ол мекемелердің көпшілігі халықаралық экономикалық құқық мәселелерімен айналысады.

Халықаралық даму және қайта құру банкі мүше-мемлекеттерге олардың амақтарын қайта құруға және экономикалық дамытуға өндірістік мақсаттар үшін капитал салу арқылы көмек көрсетуді мақсат тұтады.

14 тақырып. Дипломатиялық құқық.