Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халықаралық құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.38 Mб
Скачать

4. Әуе қатынастарын халықаралық-кұқықтық реттеу.

Жолаушыларды, пошта мен жүктерді белгілі бір сыйақы үшін тасымалдау мақсатында ортақ пайдалануға ашық болатын екі және одан көп мемлекеттердіц аумақтары арасында әуе кемелерінің үшуы халыкаралық-қүқыктық әуе катынастары деп аталады.

Хальщаралық әуе қозгалыстарын реттеу проблемалары жиынтығында мемлекеттік қауіпсіздікті,сондай-ақ халықаралық үшулардың қауіпсіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ететін үшу-

техникалық нормаларды белгілеуге байланысты. Өзінің әуе кеңістігінде шетелдік әуе кемелеріне ұшу күкығын және өз аумағындағы нүктелерде кону құқығын берген әуе қатынастарын реттеу мәселелері мемлекеттін экономикалық мүдделерін қорғауға арналған.

Халыкаралық әуе желілерін пайдаланатын шетелдік әуе кемелерінің коммерциялық қызметін реттеу проблемаларының мынадай негізгі аспектілері бар:

• халықаралық әуе көлігіндегі коммерциялық қүқықтар;

• коммерциялық қүқықтарды жүзеге асыратын шетелдік авиакәсіпорындарды бақылау;

• халықаралық әуе желілерінің маршруттарын реттеу;

• тасымалдау мелшері мен халықаралық әуе желілерін пайдаланудың басқа да шарттарын реттеу;

• ұдайы емес халықаралық әуе катынастарын қүқыктық реттеу. Халықаралық әуе көлігіндегі коммерциялық құқықтардың әуе құқығында маңызды орны бар. Бүл мәселе маныздылығы жағынан үшу құқығынан кейін тұрады. Халықаралық әуе көлігіндегі коммерциялық қүқықтар дегеніміз - авиакәсіпорындарға коммерциялық іспен айналысуға рүқсат беру, яғни жолаушылар, багаждар, жүктер және пошталардың әуе тасымалдауын жүзеге асыру. Бір мемлекеттің аумағы шегінде орналасқан нүктелер арасындағы тасымалдаудың орындалуы, сонымен қатар, екі және одан да көп мемлекеттер арасындағы тасымалдаудың орындалуы осы қүкықтардың мазмүны болып табылады. Осы заманғы халықаралық тәжірибеде коммерциялық қызмет құқығын "әуе еркіндігі" деп аталатын шартты санаттарға бөлу орын алған. Әдетте мүндай санат саны бесеу болып келеді:

  1. Шетелдік мемлекеттін аумағында транзитті қонусыз үшуды жүзеге асыру қүкығы.

  2. Осы мемлекет аумағындағы нүктелерде коммерциялык мақсат-сыз қонуды жүзеге асыру құқығы.

  3. Әуе кемесі тіркелген елде бортка алынған багаждарды, жүктерді, пошталарды және жолаушыларды түсіру құқығы.

  4. Әуе кемесі тіркелген мемлекетіне жеткізу үшін осы мемлекеттін аумағында бортқа жолаушыларды, багажды, жүктерді, пошталарды алу күқығы.

  5. Осы мемлекеттің аумағындағы нүктелерге жолаушыларды, багаждарды, жүктерді, поштаны әкелу құқығы, сондай-ақ оларды осы нүктелерде кез-келген үшінші елдерден немесе басқа үшінші елдерге жеткізу үшін бортқа алу.

Коммерциялық, құқықтарды жүзеге асыратын шетелдік әуе кәсіпорындарын бақылау. Халықаралық келісім бойынша үшу күқықтары мен халықаралық әуе желілерін пайдалануға арналған коммерциялық құқықтар алған мемлекет осы құқыктардың жүзеге асырылуы үшін өзінін бір немесе бірнеше кәсіпорындарына дербес өкілеттік бере алады. Бір жағынан, мүндай қүқықтар беретін мемлекетте оның аумағындағы желілерді қандай сипатта және қалай пайдаланатынына немқұрайды карай алмайды. Осыдан барып халықаралық әуе қүкыгында шетелдік әуе кәсіпорындарын бақылау мәселесі пайда болды.

Шетелдік әуе кәсіпорындарына әуе желілерін пайдалануға беру туралы келісім-шарттың негізделген алдын ала шарты, ол - пайдалануға рүқсаттың берілуі болып табылады.

Ондай рұқсат шетелдік әуе компаниясына осы әуе компаниясын тағайындаған мемлекеттің заңдары мен ережелеріне сәйкес, сондай-ақ аумағында әуе желілері пайдаланылатын мемлекеттердің заңдары мен ережелеріне сай күрылғанын және әрекет ететінін, куәландыратын құжаттарды көрсеткен жағдайда беріледі.

Халықаралық әуе желілерінің маршруттарын реттеу. Халықаралық әуе байланыстарының қарқынды дамуы әуе маршруттардың реттеудің анағүрлым күрделі тәртібіне көшуді талап етті. Әдетте, тараптардың аумактарында аяқталатын накты белгіленген әуе желілерін келісімдерде бекітудін орнына, келісім-шарттарга әрбір тарапқа келісімде аталып өткен жалпы бағыттардың, маршруттардың негізінде қандай нақты әуе желілерін үсына алатынын дербес аныктауға қүқықтар берілетін болды. Үшінші, мемлекет аумағында орналасқан, келісімдерде көрсетілген пункттер, осы үшінші елдерде тараптардың үшуға және қонуға деген құқығына келісімді бекітеді дегенді білдірмейді. Бүл қүқықтарды мүдделі тараптардың әрқайсысы дербес түрде алуы керек.

Тасымалдау көлемі мен халықаралық әуе желілерін пайдаланудың басқа да жагдаиларын реттеу. Мемлекеттер тәжірибесі бүл мәселенің түрлі аспектілерінен келіп шығады. Бір мемлекеттер тасымалдау мөлшерін анықтау қажеттігін жақтаса, басқа біреулері әртүрлі мемлекеттерде әуекәсіпорындары арасындағы бәсекелестіктің шектеулі шараларын бекітуді жақтайды, үшінші біреулері ресми теңдік, әділеттік және тең мүмкіндіктер қағидасына сүйенуді жақтады. Таңдап алынған саясат түріне қарамастан, мемлекеттер кемсіту шараларын қолданбауы керек, мүдделі мемлекеттер арасында тасымалдау мөлшерін және халықаралық әуе желілерін пайдаланудың басқа шарттарын міндетті түрде келісімдеп, жоспарлау қажет.

Жүйесіз халықаралык әуе қатынастарын қуқықтық реттеу қажеттігі мынада:

• қатысушы басқа мемлекеттің аумағында аякталатын нүктедегі үшуды атқару үшін;

  • Осындай құқық беретін мемлекет аумағында қонусыз транзиттік ұшу үшін;

  • Осындай құқық беретін мемлекеттің аумағында қону арқылы транзиттік ұшу. Мұндай ұшулар егер бұл құқықты беретін мемле-кеттің ерекше рұқсаты берілмесе, коммерциялық мақсатта орындал-мауы керек.

22 тақырып. Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық.