Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халықаралық құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.38 Mб
Скачать

Жоспар:

  1. Халықаралық теңіздердің құқықтық режимі.

  2. Халықаралық өзендердің құқықтық режимі.

  3. Халықаралық өзендер мен теңіздерге қойылатын талаптар.

Негізгі ұғымдар: халықаралық теңіз, аумақ сулары, халықаралық теңіз құқығы, іргелес зона, ашық теңіз, транзит.

1960 жылдан бастап өнеркәсіп,ауылшарушылығының,энергетиканың дамуы қоршаған ортаға кері әсерін тигізе бастады және ғаламдық көлемде бүлдірушілік сипат алды. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау адамзаттың қажеттілігіне айналды. Осыған байланысты мемелекеттердің 1972 жылғы Стокгольм декларациясында, қоршаған ортаға қамқорлық көрсете отырып, дүниежүзі халықтары өз әрекеттерін реттеуі қажет екенін көрсететін кезең туғаны айтылған. Қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғау, ол қоршаған ортаны қорғау аясындағы қатынастарды реттеу болып табылады.

БҰҰ Бас Ассамблеясының ХХУ11 сессиясында «Қоршаған орта саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі ұйымдық және қаржылық шаралар» деген қарар қабылданды. Кейінірек 1975 жылы Хельсинки Қортынды актісінде «Экономика, ғылым, техника және қоршаған орта саласындағы ынтымақтастық»деген арнайы бөлім пайда болды. Кейінірек 1992 жылы халықаралық экологиялық құқықтың маңызды қайнар көздері: Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио декларациясы, Биологиялық алуан түрлілік туралы Конвенция, Климаттың өзгеруі туралы негіздемелі конвенция, ХХ ғасырдың күн тәртібі қабылданды.

Алғаш рет экологиялық құқық қағидалары 1972 жылы БҰҰ Стокгольм конференциясында түжырымдалған, онда өз ресурстарын пайдалануға құық бойынша қоршаған ортаға зиян келтірмеу және жауапкершілік, ауа, су, жер, флора, фаунаны табиги экожүйелерді болашақ үшін ұқыпты жоспарлау, қажеттігіне қарай басқару, қалпына келмейтін ресурстарды келешекте таусылудан қорғау және олардың пайдасын бүкіл адамзат көретіндей жасау болса оның дамуы БҰҰ-ы мақұлдаған Бүкіләлемдік табиғат хартиясында жалғасып, онда бологиялық ресурстар,олардың табиги қабілеттілігін қалпына келтірілу мүмкіндігі, топырақтың өнімділігі т.б. арқылы толықты.

Экология адамзаттың өзекті мәселесіне айналғандықтан, оны шешуге халықаралық ұймдардың басым көпшілігі қатынасты.БҰҰ-мы мүндай маңызды мәселені шешуге үлкен үлес қосты. БҰҰ Бас Ассамблеясының «Қоршаған орта саласындағы халықаралық қатынастар бойынша ұймдастырушылық және қаржылық шаралар» жөнінде 1972 ж. 15-желтоқсанда қабылданған 2997-қарарына сай қоршаған ортаға байланысты БҰҰ бағдарламасы «ЮНЕП» деген атқа ие боланын атап өтуге болады.

Халықаралық ұйым ЮНЕСКО қоршаған ортаны қоғауға байланысты ғылыми мәселелермен айналысады. Оның бастауымен тропиктик және құрғап кеткен аймақтардың табиғатын қрғауға байланысты түбегейлі зерттеулер жүргізілген.

Табиғатты қорғау міндеттерін шешуге қоғамдық күштерді жұмылдыру үшін арайы құрылған үкіметтік емес ұйым-Табиғат және табиги ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақ «МСОП». Ол 1948 жылы қазанда Фонтенеблода «Франция» өткен құрылтай ассамблеясының шешімі бойынша құрылған. Ол табиги ресурстарды сақтау және табиғатты қорғау мәселесімен айналысатын жеке тұлғалардың арасындағы қатынастарға жәрдемдеседі.

Халықаралық теңіз құқығы, бұл сауда сауда саласында, сондай-ақ әскери теңіз жүзулерінде, әлемдік мұхитта минералдық ресурстарды өндіру, зерттеу, игеру қатынастарында және басқа да қызымет түрлерінде қалыптасатын құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығы. Мемелекеттер арасындағы қатынастарды реттейді және теңіз құқығы техникалық нормалармен тығыз байланысты құқықтық нормаларды мазмұндайды, мемелекеттерге тиесілі жеке кемелер қатынасын реттейді

Салт-дәстүр халықаралық теңіз құқығының қайнар көзі ретінде көп мөлшерде сақталған, ал мемелекеттердің теңіздегі қызметінің дамуы, теңіз құқығының нормалары ретіндегі белгілі бір ережелерді орнатуғы және бекітуге алып келген. Сондықтан халықаралық теңіз құқығы ХХ-ғасырдың ортасынан бастап конвенциялық норма болып дами бастаған, Теңіз құқығы туралы БҰҰ-ның бірінші Конференциясы Женевада 1958 ж. 24 ақпан мен 27-сәуір аралығында өтті. Оған 79 мемелекеттің делегациялары және 16 халықаралық ұйымдардан бақылаушылар қатысты. Онда төрт Конвенция қабылданды: «Аймақтық теңіз және іргелес аймақ жөніндегі», «Ашық теңіз жөніндегі», «Балық аулау және ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау жөніндегі», «Континентік қайраң» жөніндегі конвенциялар. Кәзіргі уақытта 40-қа жуық конвенциялар өз күшінде.

Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары:ашық теңіз бостандығы, теңіз ресурстарын сақтау және орынды пайдалану, теңіздік ортаны қорғау, әлемдік теңіздерді бейбіт мақсатта пайдалану.

Кәзіргі заманда, барлық теңіздер мен мұхиттар кеңістіктерінде,теңіз кеңістіктерінің белгілі түріне қатысуға негіз болатын өзіндік құқықтық мәртебесі мен режімі бар, олар:

1. Ішкі теңіз сулары-теңіз жағалауы бар кез келген мемелекет аймағының құрамдас бөлігі.

-Теңіз порттарының акваториялары.

-Барлық жағалаулары және екі жағасы басқа теңізбен қосылған бір мемелекетке жататын теңіздер, Мысалы Ақ теңіз.

Теңіздің кішкене шығанақтары, кірмелер т.б. ені 24 теңіз милінен аспайтын бір мемелекетке жататын жағалар, басқа жағдайда шығанақтың ішкі ұзындығы 24 мил. болатын сызығы.

2. Аймақтық теңіз «сулар» - бұл жағалаудағы мемелекеттің ішкі теңіз суларына немесе аймақтық құрлығына жанасатын, ені 12 теңіз миліне дейінгі теңіз белдеуі.

3. Ашық теңіз-аймақ суының сыртқы шекарасында орналасқан теңіз және мұхит кеңістігі, яғни аймақ суы мен кез келген мемелекеттің ішкі суларына енбейтін теңіздің барлық бөлігі.

4.Іргелес айлақ-аймақ суына жанасып жатқан аудан. Іргелес аймақтың ені, аймақ суының ені өлшенетін бастапқы сызықтан бастап 24 теңіз мил.шегі.

5. Континентік қайраң-ағылшын тілінде сөре,шығыңқы жер, саяз жер дегенді білдіреді.Ол дегеніміз теңіз түбі тігінің кенеттен ұлғаюы белгіленетін, жағалау сызығынан тереңдігіне дейін жайылып жататын материктер айналасындағы су асты жазығы.

6. Айрықша экономикалық аймақ-аймақ суы және аймақ суының енінен өлшенетін бастапқы сызықтан бастап ені 200 теңіз мил. қосып есептегендегі аудан.

7. Теңіз түбінің халықаралық ауданы. БҰҰ-ның конвенциясына сәйкес,теңіз түбі»адамзаттың жалпы мұрасы» болып танылады. Бірде бір мемелекет немесе жеке тұлға оның қандай да бір бөлігіне иелік ете алмайды.

8. Халықаралық бұғаздар-қандай да бір құрлық участкілерін бөліп тұратын және көршілес су бассейіндерін немесе оның бөлігін қосып тұратын біршама тар су кеңістігі.

9. Архипелагтік сулар-мемелекеттер арасындағы сулар.

10. Теңіз каналдарының құқықтық мәртебесі - теңіз жолдарының ұзындығын қысқарту үшін теңіз кеңістігін қосатын жасанды су жолы.

11. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі:

Қаспий бұл ерекше тұйықталған ағынсыз суат. Сондықтан оған теңіз, көл ережесін қолдануға болмайды. Осы туралы жағалау мемелекеттерінің ұстанымы: - Қазақстан-Каспий теңізі тиісті аймақтарға бөлініп «аумақтық сулар, ерекше экономикалық аймақ» оларға жағалаулық мемелекеттердің міндеттік құқығы таралуы тиіс.

-Иран, Ресей, Түркменстан-теңіздің орталық бөлігі бірігіп қолданылатын кондоминиум режимі, артынан ол пікір өзгерген.

Ресей-теңіздің түбін бөлу,ал су қабатын бірігіп пайдалану.

Түркменстан-Каспийді 45 милдік жағалаудағы аймақтарға бөлу,ортасын жағалаулық мемелекеттер бірлестігі, акционерлік қоғам ретінде пайдалану.

Иран-кондоминиум мәртебесін қорғай отырып, бір мезгілде әділетті негізде теңізді бөлу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

20 тақырып. Құрлықішілік мемлекеттердің құқықтық мәртебесі.