Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халықаралық құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.38 Mб
Скачать

2. Мемлекеттің сыртқы қатынас органдары.

3. Дипломатиялық өкілдіктердің міндеттері, артықшылықтары және иммунитеттері. Дипломатиялық өкілдік пен оның персоналының мәртебелерінің дамыған шарттық негіздерінің болуы дипломатиялық іс-тәжірибенің сұранысын толық қанағаттандырады деген тұжырымдама дұрыс емес деп ойлаймыз. Дипломатиялық өкілдік институты эволюциясының себеп-салдарына мыналар жатады:

• мемлекеттердің өзара тәуелділігінің күшеюі;

•мемлекеттер арасындағы байланыстардың дамуы. Дипломатиялық құқық саласында негізгі халықаралык-құқықтық құжаттардың кабылдануы халықаралық қатынастың белгілі бір тарихи даму кезеңдерін бейнелейді. Алайда, халықаралық кұқықтық іс-тәжірибеде дипломатиялық өкілдік пен оның персоналдарының құқықтық мәртебелерінің кейбір мәселелері тиістІ шешімін таппайтын жағдайлар жиі кездесіп қалуда. Мысалы, дипломатиялық курьерлердін, дипломаттың уақытша резиденциясының иммунитеті, ішкі қызмет, дипломатиялық баспана мәртебелері айқындалмаған. Құқықтық реттеудегі осындай кемшіліктердің барлығы - мемлекеттер арасындағы жанжалды жағдайлардың қайнар көзі болып отыр.

Мемлекеттердің халықаралық іс-тәжірибелерінде дипломатиялық өкілдіктер мен олардың персоналдарының мәртебесін реттейтін құқықтық нормалардың талдамаларында олардың құқықтық реттеулерін өзгерткен өзгерістер болып өтті. Дипломатиялық кұқық нормаларын одан әрі жүйелеудің, Конвенцияларды қайта қараудың объективті қажеттігі туындады. Соған байланысты дипломатиялық курьер мәртебесі мен дипломатиялық курьер алып жүрмейтін дипломатиялық поштаның мәртебесі туралы баптардың жобасын дайындау жөніндегі БҰҰ-ның Халықаралық құқық комиссиясы атқарған жұмысы қызығушылық тудырып отыр.

Дипломатиялық өкілдік дипломатиялық өкілдік орналасқан елдегі мемлекеттің өкілдігі қызметін жүзеге асырады. Өз мемлекетінің, оның ұйымдарының, өкілдіктерінің, заңды және жеке тұлғаларынын мүдделерін халықаралық құқық рұқсат беретін шектерде қорғайды. Сонымен бірге, дипломатиялық өкілдік міндеттеріне: дипломатиялық өкілдік орналасқан елінің мемлекеттік органдарымен келіссөздер жүргізу және ресми байланыстар орнату; дипломатиялық өкілдік орналасқан елінің ішкі саяси жағдайын, биліктің барлық органдарының қызметіқ саяси, экономикалық және әлеуметтік даму үрдістерін, оның сыртқы саясатын барлық заңды құралдармен зерттеуі жатқызылады. Дипломатиялық өкілдік қызметі мемлекеттер арасындағы экономикалық, мәдени, ғылым және басқа салалардағы қатынастарының дамуына жәрдемдесуі керек.

Иммунитет ұғымы дипломатиялық және консулдық құқықтағы негізгі ұғымдардың біреуі, Халықаралық келісімдерде белгіленген артыкшылықтар мен иммунитет сөздерін айыра білу керек. Артықшылықтар деп мемлекет басшылары мен олардың өкілдерІнің ерекше құқықтық артықшылығын айтамыз. Осындай артықшылықтардың ең елеулілері ретінде қол сұғушылық пен кемсітуден қорғау құқығын, белгілі бір жағдайларда арнайы белгілер мен эмблемаларды пайдалану құқығын (мысалы, өз жалауын) шетелдерде өзінің арнайы байланыс құралынын болуына деген (курьерлер, шифрленген хабарламалар) құқықты және басқаларды айтуға болады.

Иммунитет деп мемлекет басшыларынын, үкімет басшылары мен мүшелерінің, шетел мемлекеттерінің парламент мүшелері мен өкілдеріқ сондай-ақ шетелдегі мүліктер мен мемлекеттік кемелердің дипломатиялық өкілдік орналасқан елдің сотының, қауіпсіздік қызметінің қаржылық аппаратының мәжбүрлі әрекеттерінен қорғалуын, онын ішінде талап-арыздан, қамаудан, тінтуден, жауап алудан және т.б. қорғалуын айтамыз.