Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халықаралық құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.38 Mб
Скачать

2. Ұжымдық қауіпсіздік ұғымы және түрлері.

Ұжымдық- қауіпсіздік- бұл БҰҰ Жарғысында бекітілген халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мақсатында және осы әмбебап ұйым мен басқа аймақтық ұйымдар аясында бейбітшілікке қауіп төндіретін және басқыншылық актілерінің немесе бейбітшілікті бұзатын басқа қауіп- қатерлердің алдын алу және жою үшін мемлекеттердің жүзеге асыратын ортақ іс- әрекеттерінің жүйесі.

Ұжымдық қауіпсіздік осы заманғы халықаралық қатынастарда кез келген мемлекеттің қауіпсіздігі басқа мемлекеттердің қауіпсіздігімен тығыз байланысты және кез келген жергілікті дау- жанжал дүниежүзіліксоғысқа айналып кетуі мүмкін деген мағынадағы бейбітшіліктің бөлінбейтіндігі туралы ұғымның бейнеленуі болып табылады.

Ұжымдық қауіпсіздік, біріншіден, халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидалары мен нормаларының жүйесі. Соның ішінде ең маңыздылары күш қолдану және күш қолданамын деп қоқан- лоққы жасауға тыйым салу; туындайтын халықралалық тек бейбіт құралдар арқылы шешу; тәуелсіздікті құрметтеу; мемлекеттердің тең құқылығы; ішкі істерге қол сұқпаушлық және басқалары. Екіншіден, ұжымдық қауіпсіздік халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу жүйесі ретінде белгіленген. Үшіншіден, мемлекеттер қауіпсіздігі бейбітшілкке қауіп төндіру, бейбітшілікті бұзу және басқыншылық актілерінң алдын алу және жою үшін ұжымдық шаралар жүйесін қолдануды белгілейді. Төртіншіден, ұжымдық қауіпсіздік қарусыздану жөнінде ұжымдық шараларды қолдануды көздейді.

Ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне мынадй белгілер тән:

  1. мемлекеттердің мынандай міндеттемелерді қабылдуы: мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарында күш қолданбау; пайда болғандауларды бейбіт жолдармен шешу, бейбітшілікке төнген кез келген қауіпті жою үшін белсенді ынтымақтасу.

  2. мемлекеттердің ұйымдық бірлігінің болуы. Бұған ұжымдық қауіпсіздіктің классикалық нысаны арқылы, атап айтқанда, әмбебап және аймақтық халықраралық ұйымдардың қызметі арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті консультативтік немесе үйлестіруші органдар құру арқылы, халықаралық конференциялар мен жиналыстарды шақыру арқылы қамтамасыз етуге болады.

Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің екі түрі бар: олар әмбебап және аймақтық жүйелер.

3. Қарусыздану және қарулануға шек қою.

XIX ғ екінші жартысында қарусыздану үшін күрестің ғылыми негізділігін келешегін ашқан және бұл күрестің маңыздылығын белгілеп берген алғашқы бағдарламалық ережелер жария бола бастады. Осы заманғы жағдайда мүндай ережелердің маңызы ерекше. Олар терең ғылыми болжалдын нақты мысалы бола алады және ол сол кездін өзінде-ақ қарусыздану бағдарламасының жүзеге асуының іс-тәжірибелік маңызының бейнесін суреттеуге мүмкіндік берген болатын.

Қарусыздану мәселелері Ф. Энгельс пен К. Маркстің бірқатар еңбектерінде қарастырылып өткен. Ф. Энгельстің Еуропадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған белгілі еңбектерінде осы мәселелерге айрықша назар аударылған. Аталмыш еңбектерде XIX ғ. екінші жартысындағы Еуропадағы қару-жарақты жаппай шығарудың алдын алу жөніндегі іс жүзіндегі шаралардың кең көлемдегі бағдарламасы мазмұндалған.

Атқарылған жүмыстар нәтижесі бойынша қарусыздану мәселелері жөнінде кешенді нормалардың жасалуы халықаралық құқыққа қатысты мәселелердің бірі еді. Осындай мәселелер туралы шарттар мен келісімдердің тұтастай жүйелері пайда болды. Қарусыздану - бүл соғысты жүргізудің материалдық құралдарын азайтуға, ақырында толық жоюға бағытталған мемлекеттермен келісілген шаралар кешені.

Қарусыздану проблемасының басты ерекшелігі - халықаралық құқықта қарусыздану қағидасының қалыптасуы. Осы қағиданың нақты мазмұны мынада:

а) БҰҰ Жарғысы қарусыздануды халықаралық бейбітшілікті қолдау саласындағы БҰҰ-ның басты органдарының алдына қойылған маңызды міндеттерінің бірі ретінде айқындайды (11-баптың 1- тармағы; 26, 47-баптар). Жарғылық ережелерде қарулануды реттеу және қарусыздану деген екі ұғым пайдаланылған. Екінші нұсқасы одан кеңірек ұғым, қарусыздану қарулануды қысқарту әрекеттерін көздейді деген сипатта. Сонымен, БҰҰ Жарғысында қарусыздану жөніндегі шаралар жүргізу үшін қажетті заңдылық база орын алған. Б¥¥ өзінің іс-тәжірибелік қызметінде қарусыздану проблемасының түрлі аспектілеріне біршама көңіл бөлді. БҰҰ-ның басты органдары, ен алдымен Бас Ассамблея Б¥¥ Жарғысының тиісті ережелерін үдемелі дамытуға көмектесетін маңызды шешімдер қабылдады. Әсіресе, бұл процесс 1959 ж. жаппай және толық қарусыздану туралы белгілі кеңес ұсыныстарынан кейін жедел сипат алды. Содан кейін, қарусыздану мәселелері туралы қарарлар Б¥¥ Бас Ассамблеясының барлық сессияларында қабылданатын шешімдердің құрамдас бөлігіне айналды. Мысалы, 1963 ж. ядролық сынақтарды ішінара тоқтату туралы шарт, ал 1968 ж. - ядролык қаруды таратпау туралы шарт қабылданды.

б) қарусыздану құқығының шарттық құқыққа айналуы:

в) қарусыздану мәселелерін талқылау және тиісті халықаралық- құқықтық құжаттарды жасау үшін арнайы халықаралық тетіктің болуы айтарлықтай маңызды фактор. Қарусыздану қағидасын орындау мемлекеттердін тікелей қаруларын тастап шығуын білдірмейді. Мемлекеттер қарусыздану саласында халықаралық шарттар жасауға ұмтылулары тиіс және ездеріне жүктелген міндеттемелерді адал орындауы керек. Сөйтіп, қарусыздану қағидасының мазмұнына сәйкес: біріншіден, қарусыздану саласында іс-тәжірибелік шаралар жасау; екіншіден, қарусыздану мақсатына жету; үшіншіден, қарусыздану саласында әрекет ететін шарттар талабын орындау керек.

Халықаралық құқық теориясы қарусызданудың екі деңгейін белгілейді: ішінара және түгелдей. Түгелдей қарусыздану жалпылай және толық қарусыздануды жүзеге асыру деген мағына береді. Қарусызданудың сипаттық белгілері қандай?

  • Қарусыздану халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ен тиімді тәсілі.

  • Қарусыздану қарулану мен қарулы күштердің тиімді деңгейіне қол жеткізуге бағытталған. Жалпылама және толықтай қарусыздану ең дұрыс шешім болар еді.

  • Ядролық қарусыздану, жаппай қырып-жоятын қаруларға тыйым салу қарусыздану саласындағы негізгі мәселе.

  • Қарусыздану қолданыстағы әскери-стратегиялық тепе-теңдікті бүзбауы тиіс, біржақты артықшылықтвр болмауы керек. Қарусыздану және қарулануды шектеудің кез келген шаралары бірдей қауіпсіздікті Камтамасыз етуі қажет.

  • Қарусыздану қару-жаракты жаппай шығарудың басқа салалар мен кеңістіктерге таралуын қамтамасыз етеді және қарудың жаңа жүйесін жасауға тыйым салады.

  • Қарусыздану саласында жүргізілетін шаралар мемлекеттер арасында қалыптасқан қатынастарды ескеруі тиіс және мемлекеттер арасындағы сенім шараларын нығайтуға көмектесуі қажет.

4. Қылмыстық істермен күрестегі халықаралық ынтымақтастық. Мемлекеттердің қылмыстық істермен күрестегі халықаралық ынтымақтастығы - бұл халықаралық қауымдастыққа қатысушылардын іс жүзіндегі мүмкіндіктерін үйлестіруге және келісуге деген мемлекеттердің объективті сұранысы болып табылады.

Халықаралық ынтымақтастықтың қажеттігі бірқатар объективтік факторларға байланысты. Оларға: бірнеше немесе көптеген мемлекеттердің мүдделеріне қол сұғатын белгілі бір санаттағы қылмыстардын ерекше сипаты; қылмыстық әрекеттердің алдын алу және бұлтартпау жөнінде және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтқк көмек көрсетудегі әрекеттерін біріктіру кажеттігі жатады.

Мемлекеттердің қылмыстық істермен күресудегі халықаралық ынтымақтастығынын алғашқы сатыларында нақты қылмыстын түрлерімен күресуде және бірлескен әрекеттер, құкықтық көмек көрсету мәселелері бойынша жеке шешімдер қабылдау басым болды. Ал, қазіргі кезде мұндай ынтымақтасу аталмыш проблемаға кешенді тұрғыдан қарауға негізделген. Ол мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

  • мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін шешуге бағытталған көп жақты конвенциялар жасау;

  • әмбебап халықаралық ұйымдар мен Б¥¥ органдар жүйесінің және арнайы ұйымдардың кызметіне негізделген халықаралық ынтымақтастық нысандарының шарттық және институционалдық үйлесуі, мысалы Интерпол;

  • мемлекетаралық ынтымақтастықтың анағұрлым икемді және тиімді нысандары ретінде екі жақты ынтымақтастықты пайдалану;

  • ынтымақтастықтың материалдық және іс жүргізу аспектілеріне негізделген халықаралык-құқықтық және ішкі мемлекеттік нормалар мен тетіктерді келістіру арқылы.

Қылмыстылықпен күресудегі халықаралық ынтымақтастық мынадай мәселелерді шешеді:

  1. Әлемдік қауымдастыққа қауіп төндіретін қылмыстар санатын айқындайды.

  2. Осындай қылмыстардың алдын алу және бүлтартпау жөніндегі шараларды үйлестіреді, сәйкестендіреді.

3. Қылмыскерлер мен кылмыстардың юрисдикциясын бекітеді.

  1. Барлық заңды құралдар мен тәсілдер арқылы жазалаудан қашып құтылмауды қамтамасыз етеді.

  2. Қылмыскерлерді ұстап беруді қоса алғанда, көп жақты және екі жақты негізде құқықтық көмек көрсетеді.

Қылмыстылықпен күрес туралы халықаралық шарттар бойынша мемлекеттер міндеттемелерінің негізігі түрлері мынадай болып келеді:

а) арнайы конвенцияларда көзделген әрекеттердің қылмыстық жазаланатынын мойындау;

б) қылмыскерлерді іздестіру және ұстауға көмектесу;

в) ұрланған объектілерді іздестіруге және қайтаруға көмектесу;

г) қылмыскерлерді сотқа беру немесе қылмыс жасаған деп айыпталушы тұлғаларды ұстап беру;

д) тергеу іс жүргізуіне көмектесу.

Халықаралық сипаттағы қылмыстық Істердің жеке түрлері мен мемлекеттердің оларды бұлтартпау және қылмыскерлерді жазалаудағы ынтымақтастығына мыналар жатады:

а) құлдык және құл саудасы;

б)есірткі және психотроптық заттарды заңсыз өндіру;

в) теңіздегі қарақшылық;

г) әуе кемелерін заңсыз басып алу;

д)халықаралық терроризм;

е) ядролық материалдарды ұрлау және т.б.

Қылмыстылықпен күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын мемлекеттер арасындағы іргелі саяси шарттарда осы проблемаға ерекше ережелер арналатындығы айғақтайды. Мәселен, ТМД Жарғысының 2-бабында көрсетілген Достастастықтың мақсаттарының бірі - бұл мүше мемлекеттер арасында халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және қарусыздануды іске асыруда ынтымақтасу, сондай-ақ басқа да құқықтық қатынастарда өзара құқытық көмек көрсету және ынтымақтастық болып табылады. Сонымен бірге, осы қужатта ТМД елдерінің бірлескен қызмет аясы айқындалған. Оларға адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етумен қатар, сыртқы саяси қызметті үйлестіру, ұйымдасқан қылмыспен күресу жатқызылады. ТМД қатысушы-мемлекеттерінің ынтымақтасуының құқықтық саласына азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құкықтық саласына азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мен құқықтық қатынастарды дамыту, модельді заң актілерін дайындау және баска да бағыттардагы жұмыстар кіреді. Жарғының 29-бабында, ТМД мүше-мемлекеттері күқық саласында ынтымақтастықты жүзеге асырады, соның ішінде құқықтык көмек көрсету туралы көп жақты және екі жақты шарттарды жасау арқылы және ұлттық заңдарды жақындастыруға көмектеседі деп белгіленген.

1993 ж. 22 қаңтарында Минскіде "Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық комек пен құқықтық қатынастар туралы" Конвенцияға қол қойылды. Оған тоғыз мемлекет қатысты: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазакстан Республикасы, Молдова Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы жэне Украина.

Бұл Келісім кіріспеден және 83 баптан түрады. Қарастырылып отырған проблемаға орай, "Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек" деп аталатын IV бөлімге жүгінсек, онда әдеттен тыс ұстап беру (экстради­ция), қылмыстық құраддарды жүзеге асыру және қылмыстық істер бойынша құкықтық көмек туралы арнайы ережелер көзделген. Конвенция мүше-мемлекеттердің "бір-бірлерінің талап етуі бойынша, аумақтарындағы адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін немесе үкімді орындау үшін беру" міндетін белгілейді (56-баптың 1-тармағы).

Онда сондай-ақ, әдеттен тыс ұстап беруден бас тарту, оны кейінге қалдыру шарттары, беру туралы талап қайшылықтарынын негіздері көрсетілген; берілген адамды қылмыстық қудалау шегі мен баска да жағдайлар айқындалған.

11 тақырып. Халықаралық-құқықтық жауапкершілік.