Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халықаралық құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.38 Mб
Скачать

Жоспар:

1. Халықаралық қауіпсіздік құқығы ұғымы, мақсаттары мен қағидалары.

2. Ұжымдық қауіпсіздік ұғымы және түрлері.

3. Қарусыздану және қарулануға шек қою.

Негізгі ұғымдар: халықаралық қауіпсіздік, қарулану, ұжымдық қауіпсіздік.

1. Халықаралық қауіпсіздік құқығы ұғымы, мақсаттары мен қағидалары.

Мемлекеттер қауіпсіздігі проблемасын халықаралық құқық жүйесі тұрғысынан қарастырғанда, мемлекет оның негізгі құрылымы болғандықтан, қаіпсіздікті қамтамасыз теудің бірыңғай тетігі бар деп айтуға болады. Мемлекеттер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және бейбітшілікті нығайтуға жәрдемдесу сияқты халықаралық қауымдастықтың барлық қатысушыларының негізгі міндеттері ретінде қарастырылады. Мемлекеттердің сыртқы саясаттағы бағыт- бағдарлары халықаралық бейбітшлік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында әрекет ететін осы заманғы халықаралық құқық нормаларын пайдалануды көздейді.

Халықаралық іс- тәжірибеде халықаралық- құқықтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларының жеке аспектілері бойынша мемлекеттердің біршама тәжірибелері бар. Сол арқылыл мемлекеттер қауіпсіздігінің құқықтық кепілдемелерінің қалыптасу және даму мәселелерін біршама саралауға мүмкінгдік туады. Мұндай жағдайда халықаралық құқық қағидаларының , нормаларының және институттарының өзарар байланысына және өзара келісуге ерекше көңіл аударылғанын айтып өткен дұрыс болар. Біз, поляк ғылымы М. Добросельскийдің «қауіпсіздік» ұғымына айқын анықтама беруге әрекеттенген кез келген талпыныс алдын ала сәтсіздікке ұшырайды және оның ешқандай іс- тәжірибелік маңызы болмайды, өйткені барлық жағдайларда қауіпсіздікке кепіл беретін элементтерді, құрылғыларды немесе процестерді алдын ала білу және ескеру мүмкін емес- деген пікірімен келісеміз.

Кез келген мемлекет халықаралық құқықтың субьектісі ретінде «қауіпсіздік» ұғымына сүйене отырып, біріншіден, жағымсыз ықпал етуден сақтану, қауіпсіз болу жағдайын; екіншіден, нақты мемлекеттің осындай ықпал етуі дербес немес халықаралық- құқықтық тетік көмегімен жеңу мүмкіндігін көздейді.

Мемлекеттің халықаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетігі оның халықаралық құқықтың басқа субьектілерімен қатынастарында өзара қорғану және өмір сүруге кепіл беретін жағдайлар жиынтығын көрсетеді. Ондай тетік құрылымын айқындаған кезде мынадай мәселелерге назар аударған дұрыс болар еді:

  • Халықаралық құқық теориясы мен іс- тәжірибесінің қандай мәселелері қауіпсіздік проблемасымен байланысты?

  • Халықаралық қаматамысз етудің құқықтық құралдары қандай?

  • Мемлекетте қандай ресурстар (табиғи, экономикалық) бар?

Әскери күш пен дипломатияның қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары екендігі жалпыға мәлім. Соған орай, қауіпсіздік мүдделері әскери және дипломатиялық құралдардың қамтамасыз ету обьектілері болып табылады. Жоғарыда аталған құралдар мемлекет саясатының жалғасы және белгілеу тәсілдерінің нысандары бойынша әр түрлі болып келеді. Сонымен бірге, мемлекет қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, белгілі бір табиғи және материалдық ресурстарға ие болуы керек.

Қауіпсіздік құқық субьектісіне жағымсыз әсер ету мен оның осы әсерлерді өз күшімен немесе шетелдік, я болмаса өз мемлекетінің басқа субьектілерінің қолдануымен, кейде халықаралық қауымдастық күшімен жеңуі арасындағы белгілі бір тепе- теңдікті ұстап тұрады. Мемлекет өзінің тұтастығын басқа мемлекеттердің жағымсыз әсерінен қорғауын қамтамасыз етсе, онда ұлттық қауіпсіздік туралы айтамыз. Халықаралық құқықта «ұлттық қауіпсіздік» ұғымы «мемлекет қауіпсіздігі» ретінде қалыптасып кеткен. Сонымен қатар, халықаралық қауіпсіздікті нығайту туралы Декларацияда, КСРО бастамасымен 1986 ж. қабылдаған бәрін қамтитын қауіпсіздік Тұжырымдамасында қауіпсіздіктің бөлінбейтіндігі жөнінде кешенді ұғым жарияланған болатын. 1992 ж. 10 шілдесіндегі «Уақыт және өзгерістер талабы» деген Хельсинки құжатында қауіпсіздік бөлінбейді және әрбір мемлекеттің қауіпсіздігі басқа мемлекеттер қауіпсіздігімен тікелец байланысты деп белгіленген.

Егемендіктің иесі және кез келген мемлекеттегі биліктің жалғыз көзі- көпұлтты халықтың қауіпсізідігін ұлттық қауіпсіздік деп айтады.

Мысалы, 1997 жылы қабылданған және 2000ж айқындалған Ресей Федерациясының ұлттық қауіпсіздігі туралы Тұжырымдама Ресейдің әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайды. Ресейдің ұлттық мүдделері жеке адамның, қоғамның және мемлекет мүдделерінің үйлесімді жиынтығы ретінде көрсетілген. Қолданылу аясын белгілей отырып, Тұжырымдамада ұлттық қауіпсіздік түрлерін айқындаған: экономикалық, әскери, ақпараттық, экологиялық, демографиялық, физикалық, техникалық, әлеуметтік, халықаралық, азық- түліктік, шекаралық, энергетикалық және басқалары.

Халықаралық құқықтың бейбітшілік пен қауіпсіздіктің барлығын қамтитын жүйесін құрудағы рөлі бейбітшілікті қолданудың тиімді әрекет тетігі арқылы және жаңа халықаралық- құқықтық міндеттемелер мен нормаларды жасау ароқылы қамтамасыз етіледі. БҰҰ Бас Ассамблеясының «Халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздіктің барлығын қамтитын жүйесін құру туралы» 1986 ж. 5 желтоқсандағы қарарының 1- тармағында БҰҰ Жарғысында орын алған ұжымдық қауіпсіздік жүйесі бұрынғысынша халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін негізгі және таптырмас құрал болып табылады деп белгіленген. Сонымен бірге жаңа халықаралық- құқықытық міндеттемелердің қалыптасуы халықаралық құқықтың қағидалар жүйесіне сәйкес келеді. Бас Ассамблеясының 1988ж .9 желтоқсандағы 43/170 қарарына орай БҰҰ Жарғысы және Ұйымның фактілерді бекітудегі рөлін күшейту жөніндегі Арнайы Комитеті 1989 ж өз сессиясында БҰҰ- ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау саласындағы фактілерді бекіту жөніндегі құжаттарды дайындауға кірісті. Арнайы Комитет осы тақырыптағы жұмысын 1990 ж сессиясында одан әрі жалғастырды. 1991ж сессиясында ол жобаны аяқтап, бас Ассамлеяның қарап, қабылдауына ұсынады. 1991 ж 9 желтоқсанындағы Бас Ассамблея БҰҰ- ның бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау саласындағы фактілерді бекіту туралы Декларациясын дауыс берусіз бірауыздан қабылдады.

Күннен-күнге дамып келе жатқан халықаралық ынтымақтастық халықаралық қауіпсіздікті нығайтады деген фактіні көпшлік мрйындап үлгерді. Оған сенім мен мемлекеттер аррасындағы өзарар түсінікті тереңдеткен жағдайда қол жеткізуге болады. Осы заманғы қатынастарда туындаған дауларды бейбіт жолмен реттеу және әскери қимылдарды болдыртпау үшін жағдайлар жасайтын құқықтық нормалар жүйесі бар. Мұндай шаралар жиынтығы халықаралық қауіпсіздік құқығының мазмұнын құрайды.

Халықаралық қауіпсіздік құқығы - бұл халықаралық құқықтың негізі қағидалар жйесіне сәйкес келетеін, бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған және мемлекеттердің әлемдік қауымдастық бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін басқыншылық актілері мен жағдайларға қарсы ұжымдық шараларында қолданатын құқықтық және өзге де тәсілдерінің жиынтығы.

Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі халықаралық- құқықьық құралдарына мыналар жатады:

  • Дауларды бейбіт жолмен шешу құралдары;

  • Жалпы және аймақтық қауіпсіздік

  • Қарусыздану; халықаралық шиеленісті азайту және қару- жарақты жаппай шығаруды тоқтату жөніндегі шаралар; ядролық соғыстың алдын алу жөніндегі шаралар;

  • Блоктарға қосылмау және бейтараптық саясаты;

  • Басқыншылық актілерін, өзін- өзі қорғауды бұлтартпау жөніндегі шаралар жүйесі; халықаралық ұйымдар жүргізетін шаралар;

  • Жеке аумақтарды бейтараптандыру және қарусыздандыру, шетелдік әскери базалдарды тарату, ядросыз аймақтар құру;

  • Мемлекеттер арасындағы сенімді нығайту жөніндегі шаралар.

Мұндай шаралар жүйесі үзілді- кесілді емес. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде әлемдік тәжірибе жинақталған сайын жаңа құралдар да пайда бола берді. Ал, қауіпсіздікті қамтамасыз еьудің қазіргі халықаралық- құқықтық құраддары, олардың тиімділігін арттыру мақсатында жетілдіретін болады.

Халықаралық қауіпсіздік құқығының қағидалары нормативтік сипатта. Оларға теңдік қағидасы, бірдей қауіпсіздік қағидасы, басқа мемлекеттің қауіпсіздігіне залал келтірмеу қағидасы жатқызылады.

Мұндай қағидалар әлемдегі әскери- стратегиялық тепе- теңдіктің фактілі заңи мазмұнын сипаттайды. Осы қағидаларға сәйкес, мемлекеттер қарулану деңгейін қысқартуға ұмтылып, тепе- теңдікті бұзбауларыы тиіс. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы кез келген шаралар әскери- стартегиялық тепе- теңдікті сақтау қажеттігіне байланысты теңгерілген болуы керек. Теңдік және біркелкі қауіпсіздік қағидаларының мазмұны қарусыздану саласына тікелей қатысты емес. Соған орай, әскери- стратегиялық тепе- теңдік қарулану және қарулы күштер деңгейінің әдеттегі тепе- теңдігі болып табылмайды. Стратегиялық тұрақтылық әскери- стартегиялық тепе- теңдікке жатады. Ол елдің және оның одақтастарының әскери әлуетін, мемлекеттердің географиялық орналысуына, стартегиялық тұжырымдамасына, армияның қарулардың жаңа түрлерімен жабдықталғанына, кадрлық әлуетіне байланысты болады.халықаралық қауіпсіздік құқығы қағидаларының заңдық мазмұны мынандай құрамдас бөліктермен қаматамасыз етіледі:

  • әрбір мемлекеттің ешқандай ерекшеліксіз қауіпсіздікке деген құқығы;

  • қауіпсіздікті жалпы және тең қамтамасыз ету;

  • халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде кемсітушіліктердің болмауы;

  • қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ешкімнің де біржақты артықшылықтар ала алмауы;

  • өз мемлекетінің қауіпсіздігін басқа мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтіре отырып, нығайтуға тыйым салу, мұндай залалдар келтіретін әрекеттерден бас тарту. Теңдей қауіпсіздік қағидасы халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты дербес теңдік қағидасының көрініс табуының бір нысаны болып табылады.