- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Емтихан 3 семестр
- •Білімді бағалаудың әріптік балдық-рейтингі
- •Баға қою критерийлері
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Практикалық (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Аралық бақылау Пән бойынша №1 аралық бақылауды тапсыру үшін (жазбаша жұмыстар) тақырыптар
- •Нормативтік құқықтық актілер тізімі:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Дәрістер кешені.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •3 Тақырып. Орта және жаңа ғасырдың халықаралық құқығы және халықаралық құқықтық көзқарастары. Жоспар:
- •Орта және жаңа ғасырдың халықаралық құқығы.
- •Халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Жоспар:
- •5 Тақырып. Халықаралық құқықтың қағидалары. Жоспар:
- •1. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •2. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары және мемлекеттің негізгі құқықтары мен қағидалары.
- •Жоспар:
- •3. Халықаралық құқықмирасқорлық институы.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •2. Халықаралық ұйымдар ұғымы және құқықтық табиғаты.
- •3 Халықаралық ұйымдардың даму тарихы. Бұұ- ның алғашқы бейнесі- Ұлттар Лигасының құқықтық табиғаты.
- •9 Тақырып. Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұұ) –әмбебап халықаралық ұйым ретінде. Жоспар:
- •Қазақстан Республикасы – бұұ-ның мүшесі.
- •Жоспар:
- •2. Ұжымдық қауіпсіздік ұғымы және түрлері.
- •3. Қарусыздану және қарулануға шек қою.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •2. Мемлекеттің сыртқы қатынас органдары.
- •15 Тақырып. Консулдық құқық. Жоспар:
- •Консулдық құқық ұғымы, қайнар көздері.
- •Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер.
- •16 Тақырып. Халықаралық қауіпсіздік құқығы. Жоспар:
- •2. Бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін Халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының ынтымақтастығы.
- •3. Президент н.Назарбаевтың аөсшқ ұсынысының іс жүзінле жүзеге асуы.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •3. Әуе кеністігінің режимі және халықаралық ұшуды кұқықтык реттеу.
- •4. Әуе қатынастарын халықаралық-кұқықтық реттеу.
- •Жоспар:
- •2. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі.
- •3. Ғарышкерлердің кұқықтық режимі.
- •4. "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың құқықтық проблемалары.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •2. Халықаралық гуманитарлық құқық қағидаларының жүйесі.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •«Халықаралық бұқаралық құқығы» пәнін оқып үйренуге арналаған әдістемелік нұсқаулар
Жоспар:
Халықаралық құқықтағы шарттар құқығының анықтамасы.
Халықаралық шартқа қатысушылар.
Халықаралық шарт жасасу сатылары.
Негізгі ұғымдар: шарт, шарт құқығы, шарттық нормалар, шарт тараптары, шарт мазмұны, шартты бекіту.
1. Халықаралық шарттар құқығы – шарттық-құқықтың нормалар жынтығын құрайтын, халықаралық шарттардың жасалу тәртібін, жарамдылық шарттарын, әрекет етуі мен тоқтатылуын айқындайтын халықаралық жария құқықтың бір саласы. Халықаралық шарттардың құқығы осы заманғы халықаралық құқықтың негізгі салаларының бірі, ол халықаралық құқықтың барлық құқықтық нормаларымен, институттарымен және салаларымен тығыз байланысты болып табылады. Бұл сала осы заманғы халықаралық құқықтың қызмет тәртібін, шарттық нормаларды жасау тәртібін, олардың жарамдылығын, әрекет ету, тоқтау рәсімдерін, өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салдарын айқындайды. Шарттық құқықтың мұндай басымдылық рөлі оның реттеу объектісінің ерекшелігімен, осы заманғы халықаралық қатынастардағы маңызымен, сондай-ақ халықаралық шарттар құқықтарының қайнар көздерінің өзгешелігімен айқындалады. Халықаралық шрттың өзі халықаралық шарттар құқығының объектісі болып табылады, ол халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі, әдеттегі ғана емес, сонымен бірге шарттық ережелерді де өзгерту құралы; халықаралық жария құқықтың барлық салаларында халықаралық құқықтың маңызды жаңа нормаларының жасалуына мүмкіндік береді. Құқықтың осы саласының құрылымында, мазмұнында болып жатқан өзгерістердің халықаралық құқықтың басқа салаларының мазмұнынан көрініс табары сөзсіз. Жоғарыда атап өтілгендер халықаралық жария құқықтың осы заманғы жүйесінде халықаралық шарттар құқығының ерекше орын алатынын көрсетеді.
Халықаралық шарт – бұл халықаралық құқық субъектілерінің, ең алдымен және негізгі орайда мемлекеттер еріктерінің келісілген көрінісі, ол тараптардың өзара мүдделі мәселелелрі бойынша жаалады және қатынастарды халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сай, өзара құқықтар мен міндеттерді жасау жолымен реттейтін шарттық ережелер болып табылады.
Шарттық процестің негізгі субъектілері – мемлекеттердің тәуелсіздігін сыртқы жағынан шектеу.
Халықаралық құқық субъектілерінің ішкі құзыреттерін құрайтын мәселелерге қол сұғу.
Өз мемлекеттерінің заңдарына бағындыру әрекеті.
Келісуші мемлекеттердің құқықтар мен міндеттерді бөлісудегі әжептәуір үйлеспеушіліктерінің болуы.
Қаржылық міндеттемелердің сәйкессіздігі, өзара тиімділіктің болмауы, жол беруде бірдейліктің, теңдіктің жоқ болуы.
Халықаралық шарт мемлекеттер арасында туындайтын дауларды бейбіт жолмен шешудің жалғыз құралы, тиісінше халықаралық келісімдер мемлекетаралық қатынастармен бір мезгілде пайда болған деуге болады. Мемлекетаралық ынтымақтастықтың даму тарихы мұндай шарттардың көптігі мен түрлі-түрлі болғандығын дәлелдейді. Әлемдік бірлестіктің дамуына қарай, шарттық процесс қатысушыларының міндеттемелері нақтыланып, заңи сипат ала бастады. Мысалы, алғашында шарттық міндеттемелер діни моральға негізделсе, XVII-XVIII ғғ. шарттар монархтардың саяси моралына сүйене бастады; халықаралық шарттар құқығында ХІХ ғ. саяси шарттардың тек құқықтық нысанда ғана емес, сондай-ақ дін мен моральға сүйенген кезеңі ретінде сипатталады.
Халықаралық шарттар құқығының қалыптасу процесі рим құқығының әсеріне, оның ішінде міндеттемелік құқық нормаларының әсеріне көп ұшырады. Мәселен, «pacta sunt servanda» - «шарттар орындалуы тиіс» деген шарттар құқығының негізгі ережесі рим құқығынан алынған. Шарттық құқықтың жүйеленуі тұтастай алғандағы халықаралық құқық жүйеленуінің ажырамас бөлігі болып табылады. 1935 ж Гарвард университетінің негізінде бір топ заңгерлердің Гарвард Жобасы деп аталатын еңбектері жарыққа шықты.
2. Халықаралық шарттар құқықтарының теориялық курсы үшін халықаралық шарттардың жіктелуінің үлкен маңызы бар. Жіктеуге мыналар негіз болады:
Шартқа қатысушылардың сандық құрамына байланысты: екі тарапты және көп тарапты. Екі тарапты шарттар, өз кезегінде әр тарапта бір қатысушы болатын әдеттегі екі тарапты шарттарға және бір тарабында да, екінші тарабында да бірнеше қатысушылары бар шарттарға бөлінеді. Көп тарапты шарттардың ішінде қатысушылары шектеулі шарттр және жалпы шарттар болатынын айыра білу керек.
Халықаралық шарт объектілерінің түрлеріне байланысты: саяси, экономикалық, арнайы мәселелер бойынша.
Халықаралық шарттарды жасайтын органдарға байланысты шарттар мемлекетаралық, үкіметаралық, ведомтвоаралық болып бөлінеді.
Заңдық салдарына, ұлттық заңдардың өзгеруіне байланысты халықаралық шарттарды өзі орындалатын және өзі орындалмайтын халықаралық шарттар деп бөледі.
Халықаралық шарттарды жсау дегеніміз – бірнеше жүйелі сатылардан құрылатын күрделі процесі. Халықаралық шарттар процесінің теориясында осы процесті техникалық жаққа қарай жатқызу туралы пікірлер қалыптасқан.
Халықаралық шарттың келісілген мәтінін жасау шарт процесіндегі міндетті саты болып табылады. Осы сатыға шарт жобасын талқылау мен қабылдау және оның түпнұсқасын бекіту де кіреді. Келіссөздер жүргізу келісілген мәтінді дайындаудың негізгі сатысы болып табылады. Олар халықаралық шарттың келісілген мәтінін дайындаудың мынадай сатыларынан өтеді:
әдеттегі дипломатиялық көздерді пайдалану;
халықаралық конференциялардың қызметі;
халықаралық ұйымдардың қызметі.
Шарт мәтінін қабылдау – дауыс берудің қажетті рәсімі, оның көмегімен мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың өкілетті тұлғалары шарттың мәтінімен келісетіндіктерін білдіреді.
Екі тарапты шарттар және аз мемлекеттер қатысатын шарттардың мәтіні келіссөздерге қатысқан барлық мемлекеттердің дауыс беруі арқылы қабылданады.
Халықаралық шарттың өзі үшін міндетті болатындығына мемлекеттің келісім беруінің маңызды тәсілдерінің бірі оған қол қою. Халықаралық шарт жасасудың қазіргі кезең тәжірибесінде шарттың қол қою сатысынан өтпейтін кездері де болады. Мысалы, халықаралық Еңбек ұйымының кейбір көп тарапты конференцияларын мемлекеттер қол қоймай-ақ бекітеді. Дегенмен, қол қою шарт жасасудың маңызды сатысы болып қала бермек, сондықтан болар шартқа қол қойған күн шарттың жасалу мерзімі болып есептелінеді.
3. Шарт жасасудың барлық сатыларында мемлекеттің ескертулер жасау құқығы бар. Ескерту дегеніміз – мемлекеттің кез келген нысанда және кез келген атауда жасайтын бір тарапты жариялауы.
Бекіту – ратификациялау шарт процесінің маңызды сатыларының бірі, ол мемлекеттік биліктің жоғары органының халықаралық шартты бекітуін көрсетеді. Бекіту шартқа заңдық күш береді. Кейбір елдерде, мәселен АҚШ-та бекіту конституциялық түзетулерді бекітудің ерекше тәртібі болып саналады.
Бекіту процесінің белгілі бір заңи салдары бар. Біріншіден, бекіту мемлекеттің шарттық міндеттемелерді міндетті орындуға келісімін бекітеді. Екіншіден, бекіту шартты бекіткен мемлекетке егер шарт заңды күшіне енбеген болса, оның объектісін, мақсатын жойып жіберетін әрекеттерді тоқтата тұруды міндеттейді. Үшіншіден, шартта алдын ала уағдаласқан бекіту грамоталарының жеткілікті көлемі жиналған жағдайда шарт өз күшіне енеді. Ең соңында, төртіншіден, мемлекет бекіту сәінен бастап, халықаралық шарттың тең құқықты қатысушысына айналады.
Депозитке беру деп депозитарийге халықаралық шарттың, бекіту грамоталарының, халықаралық шартқа қосылу туралы құжаттардың немесе шарттың бұзылғаны туралы құжаттардың түпнұсқасын сақтауға беруді айтады.
Халықаралық шарттың заңи жарамдлығының оның ерекше қасиеті болып саналады. Тек жарамды халықаралық шарт қана халықаралық құқықтың субъектілері үшін міндетті қайнар көз болып табылады.
Халықаралық шарттардың құқықтары туралы 1969 ж Вена Конвенциясында жарамдылық мәселелері, нақтырақ айтқанда жарамсыздық мәселелері V бөлімде қарастырылған. Халықаралық шарттардың жарамдылығы халықаралық құқық көздейтін заңи негіздерге ғана ие. Басқаша айтқанда, жарамдылық оның халықаралық-құқықтық толыққандылығын, құқыққа сай екендігін айқындайды, соның күшімен гарт оның қатысушыларының орындауы үшін міндетті және шарттың талаптарына процестің басқа қатысушыларының қосылуы үшін міндетті және шарттың талаптарына процестің басқа қатысушыларының қосылуы үшін мүмкіндік береді. Жарамды халықаралық шарттар – бұл заңдық күшіне халықаралық құқық тұрғысынан шәк келтіруге болмайтын және оларға қарсы ешқандай халықаралық-құқықтық қарсылықтар келтіруге болмайтын шарттар.
Халықаралық шарттардың жарамдылық презумпциясы 1969 ж вена Конвенциясының 42-бабында қарастырылған. Осы бап келісуші субъектілердің арасындағы шарттық қатынастардың тұрақтылығын бекітеді. Мұндай жағдайда жарамдылықтың іс жүргізу және материалдық аспектілері тұтастай біріккен. Іс жүргізу аспектісі шарт жасау процесінің құқыққа сай екендігін көрсетеді, яғни тараптардың шрт процесіне қатысу құқықтары болу керек; тараптар шарттың талаптарын орындауға міндетті. Шарттық ережелердің халықаралық құқықтық стандартқа сәйкес келуі жарамдылықтың материалдық жағын құрайды.
8 тақырып. Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі.
