- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Емтихан 3 семестр
- •Білімді бағалаудың әріптік балдық-рейтингі
- •Баға қою критерийлері
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Практикалық (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Аралық бақылау Пән бойынша №1 аралық бақылауды тапсыру үшін (жазбаша жұмыстар) тақырыптар
- •Нормативтік құқықтық актілер тізімі:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Дәрістер кешені.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •3 Тақырып. Орта және жаңа ғасырдың халықаралық құқығы және халықаралық құқықтық көзқарастары. Жоспар:
- •Орта және жаңа ғасырдың халықаралық құқығы.
- •Халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Жоспар:
- •5 Тақырып. Халықаралық құқықтың қағидалары. Жоспар:
- •1. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •2. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары және мемлекеттің негізгі құқықтары мен қағидалары.
- •Жоспар:
- •3. Халықаралық құқықмирасқорлық институы.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •2. Халықаралық ұйымдар ұғымы және құқықтық табиғаты.
- •3 Халықаралық ұйымдардың даму тарихы. Бұұ- ның алғашқы бейнесі- Ұлттар Лигасының құқықтық табиғаты.
- •9 Тақырып. Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұұ) –әмбебап халықаралық ұйым ретінде. Жоспар:
- •Қазақстан Республикасы – бұұ-ның мүшесі.
- •Жоспар:
- •2. Ұжымдық қауіпсіздік ұғымы және түрлері.
- •3. Қарусыздану және қарулануға шек қою.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •2. Мемлекеттің сыртқы қатынас органдары.
- •15 Тақырып. Консулдық құқық. Жоспар:
- •Консулдық құқық ұғымы, қайнар көздері.
- •Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер.
- •16 Тақырып. Халықаралық қауіпсіздік құқығы. Жоспар:
- •2. Бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін Халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының ынтымақтастығы.
- •3. Президент н.Назарбаевтың аөсшқ ұсынысының іс жүзінле жүзеге асуы.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •3. Әуе кеністігінің режимі және халықаралық ұшуды кұқықтык реттеу.
- •4. Әуе қатынастарын халықаралық-кұқықтық реттеу.
- •Жоспар:
- •2. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі.
- •3. Ғарышкерлердің кұқықтық режимі.
- •4. "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың құқықтық проблемалары.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •2. Халықаралық гуманитарлық құқық қағидаларының жүйесі.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •«Халықаралық бұқаралық құқығы» пәнін оқып үйренуге арналаған әдістемелік нұсқаулар
3. Халықаралық құқықмирасқорлық институы.
Құқықмирасқорлық – бұл бір субъектінің құқықтары мен міндеттерінің белгілі бір оқиғалар мен жағдайлардың туындауы нәтижесінде екінші біреуге өтуі. Халықаралық құқықта қарастырылып отырған институт азаматтық құқықтағы құқықмирасқорлықтан өзгерешек екені сөзсіз. Мұндай айырмашылықтардың болуы халықаралық құқықтың ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, субъектілік құрам, құқықтар мен міндеттер көлемі, құқықмирасқорлық мәселелерін құқықтық реттеу сияқты болып келеді.
Халықаралық құқық тарихынан екі диаметралдық қарама-қайшы теориялар белгілі. Әмбебап құқықмирасқорлық теориясы XVII-XIX ғасырларда пайда болған. Бұл теорияның мәні субъект-мирасқордың барлық құқықтар мен міндеттерді толық көлемде мұраға алуынан көрінеді. Бұл теорияны Г.Гроций енгізген болатын. Ал келеңсіз теория ХХ ғасырдың басында пайда болды. Оның өкілі А.Кейтс болды, ол халықаралық құқықтың жаңа субъектісінің бұрынғы субъектісіне ешқандай қатысы жоқ деп есептейді. Осы теорияның бірқатар жүйесі де болды. Ол: tabula rasa теориясы – «таза тап теориясы» мен «мінсіз бедел теориясы» еді. Құқықмирасқорлықтың қазіргі жағдайында қарастырылып отырған теориялардың бірде-бірі дәлел таппай отыр.
Халықаралық бірлестік 1961 ж осы институтты жүйелеу әрекетін жасап көрді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1961 ж 18 желтоқсандағы 1686 қарары құқықмирасқорлық туралы мәселені мынадай әмбебаптық және аумақтық көпжақты шарттармен реттеледі: 1971 ж 23 тамызындағы мемлекеттердің шарттарға қатысты құқықмирасқорлығы туралы Вена Конвенциясы, 1983 ж 8 сәуіріндегі мемлекеттік меншік, мемлекеттік мұрағат және мемлекеттік қарыздарға қатысты құқықмирасқорлық жөніндегі Вена Конвенциясы, КСРО-ның сытрқы мемлекеттік қарыздары мен мұрағаттарының құқықмирасқорлығы туралы 1991 ж 4 желтоқсандағы Шарт. КСРО таратылып, тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін, ТМД құқықмирасқорлық институтына қатысы бар мынадай шарттарға қол қойды:
ТМД мемлекет басшыларының «Бұрынғы КСРО-ның шетелдердегі меншігі туралы» 1991 ж 30 желтоқсандағы Келісімі.
КСРО-ның сыртқы мемлекеттік қарыздары мен активтеріне қатысты құқықмирасқорлық туралы шартын толықтыру жөніндегі 1993 ж 13 наурыздағы Келісім.
Бұрынғы КСРО-ның шетелдердегі барлық меншігін бөлу жөніндегі 1992 жылдың 6 шілдедегі Келісім.
Халықаралық құқықта мемлекеттердің құқықмирасқорлығы туралы мәселелері мынадай жағдайларда туындайды: а) әлеуметтік революцияларда; б) отарлардан мемлекеттердің құрылуы кезінде; в) мемлекеттердің бір бөлігінің бөлек шығуы; г) мемлекет аумағының бір бөлігінің басқа мемлекетке өтуі кезінде.
А) Әлеуметтік революциялар кезінде.
Мұндай тарихи мән-жайлар кезіндегі құқықмирасқорлық мағынасы әлеуметтік революциялар нәтижесінде пайда болған жаңа мемлекетке бұрынғы мемлекеттің бірқатар халықаралық құқықтары мен міндеттерінің өтуімен түсіндіріледі.
Аумақтық – жаңа мемлекет бұрынғы мемлекеттің аумағында қалады;
Халыққа қатысты мәселелер – мемлекеттің қол астындағы бұрынғы азаматтар жаңа мемлекеттің азаматтары болып қалады; ал шетелдегі адамдар мұндай жағдайда өздері туралы хабарлауы тиіс;
Меншік мәселелері – бұрынғы мемлекеттің активтері мен пассивтері жаңа мемлекетке берілуі тиіс.
Б) Мемлекеттердің отарлардан бірігуі кезінде
Жаңа мемлекет бұрынғы отар аумағында қалыптасады.
В) Мемлекеттің бір бөлігінің бөлек шығуы кезінде
Аумақтық ұмтылыстар шарттық тәртіпте келісіледі;
Халыққа таңдау құқығы және өздері жататын ұлтқа қосылу құқығы беріледі;
Меншік мәселелері шарттық тәртіпте шешіледі.
Г) Мемлекет аумағының бір бөлігінің басқа бір мемлекетке өтуі кезінде
Аумақтық ұмтылыстар шарттық тәртіпте келісіледі;
Халыққа таңдау құқығы және өздері жататын ұлтқа қосылу құқығы беріледі;
Меншік мәселелері шарттық тәртіпте шешіледі.
7 тақырып. Халықаралық шарттар құқығы.
