- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Емтихан 3 семестр
- •Білімді бағалаудың әріптік балдық-рейтингі
- •Баға қою критерийлері
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Практикалық (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Аралық бақылау Пән бойынша №1 аралық бақылауды тапсыру үшін (жазбаша жұмыстар) тақырыптар
- •Нормативтік құқықтық актілер тізімі:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Дәрістер кешені.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •3 Тақырып. Орта және жаңа ғасырдың халықаралық құқығы және халықаралық құқықтық көзқарастары. Жоспар:
- •Орта және жаңа ғасырдың халықаралық құқығы.
- •Халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Жоспар:
- •5 Тақырып. Халықаралық құқықтың қағидалары. Жоспар:
- •1. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •2. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары және мемлекеттің негізгі құқықтары мен қағидалары.
- •Жоспар:
- •3. Халықаралық құқықмирасқорлық институы.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •2. Халықаралық ұйымдар ұғымы және құқықтық табиғаты.
- •3 Халықаралық ұйымдардың даму тарихы. Бұұ- ның алғашқы бейнесі- Ұлттар Лигасының құқықтық табиғаты.
- •9 Тақырып. Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұұ) –әмбебап халықаралық ұйым ретінде. Жоспар:
- •Қазақстан Республикасы – бұұ-ның мүшесі.
- •Жоспар:
- •2. Ұжымдық қауіпсіздік ұғымы және түрлері.
- •3. Қарусыздану және қарулануға шек қою.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •2. Мемлекеттің сыртқы қатынас органдары.
- •15 Тақырып. Консулдық құқық. Жоспар:
- •Консулдық құқық ұғымы, қайнар көздері.
- •Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер.
- •16 Тақырып. Халықаралық қауіпсіздік құқығы. Жоспар:
- •2. Бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін Халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының ынтымақтастығы.
- •3. Президент н.Назарбаевтың аөсшқ ұсынысының іс жүзінле жүзеге асуы.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •3. Әуе кеністігінің режимі және халықаралық ұшуды кұқықтык реттеу.
- •4. Әуе қатынастарын халықаралық-кұқықтық реттеу.
- •Жоспар:
- •2. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі.
- •3. Ғарышкерлердің кұқықтық режимі.
- •4. "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың құқықтық проблемалары.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •2. Халықаралық гуманитарлық құқық қағидаларының жүйесі.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •«Халықаралық бұқаралық құқығы» пәнін оқып үйренуге арналаған әдістемелік нұсқаулар
Жоспар:
Халықаралық жария құқығының субъектілерінің ұғымы.
Мемлекетті тану.
Мемлекеттің құқық мирасқорлығы.
Негізгі ұғымдар: субъект, мемлекетті тану, мирасқорлық, құқық мирасқорлығы, әлеуметтік революция, тану нысандары, де-юре, де-факто.
1. Халықаралық құқықтың кейбір ерекшеліктеріне қарамастан, теориядағы құқық субъектілеріне берілген түсінік оған да бірдей болып келеді. Субъективті заңдық құқықтары мен міндеттері бар халықаралық құқық қытанасы қатысушылары халықаралық құқық субъектілері болып табылады. Олар халықаралық қатынастарға дербес күйде қатысуға; басқа субъектілермен заңдық әрекеттестікке тікелей түсуге қабілетті және тәуелсіз болады. Халықаралық құқық субъектілері екі топқа бөлінеді: алғашқы және туынды. Алғашқы топқа тәуелсіздігі бар мемекеттер: өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттар кіреді. Соңғылары өзінің бұл екі тобы алғашқы топқа жалпы белгілері – тәуелсіздігі арқылы бірікке. Мемлекетте ол белгі – мемлекеттік болса, өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар мен халықтарда – ұлттық белгі болады. Екінші топқа халықаралық ұйымдар мен мемлекет тәріздес құрылымдар кіреді. Жеке тұлғалар халықаралық құқық субъектілерінің ерекше тобын құрайды.
Мемлекеттер – халықаралық құқықтың негізгі субъектілері. Қазақстан Республикасы – халықаралық құқық субъектісі. Халықаралық құқық субъектісі ретіндегі мемлекеттер үшін ерекше саяси-заңдық сипат, өз аумағындағы үстемдігі және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі тән. Мемлекет өз тәуелсіздігінің күші бойынша құқық субъектілікке ие, яғни өзінің өмір сүру фактісінің нәтижесінде ие болады. Мемлекеттердің әрекет қабілеттігі оның халықаралық шарттық тәжірибелерге қатысуының, дипломатиялық және елшілік қатынастарды орнату нәтижесінен, халықаралық ұйымдарға мүше болу мәселелерінен көрінеді. Мемлекеттің халықаралық құқық субъектісі ретінде болуы халықаралық жүйенің өзгешелігін құрайды. Мемлекет, бір жағынан алғанда, халықаралық жүйенің бір бөлігі болса, екінші жағынан, одан тыс та дами береді. Мысалы, ХХ ғ. 60-жылдарының басында Албания халықаралық ұйымдардың құрамынан шығып, басқа мемлекеттермен дипломатиялық және елшілік қатынастардың бәрін тоқтатып, дербес дамуға бел байлады. Дегенмен, халықаралық құқықтың даму тарихында мемлекеттердің өз ішкі мүмкіндіктерін түгелдей тауысқан кездері сияқты мысалдар да аз емес. Халықаралық ынтымақтастықты қажет ететін объективті сұраныс туындайды. Осындай тарихи кезеңнен Албания да өтті, ол бүгінгі таңда халықаралық құқықтың тең құқылы субъектісінің бірі.
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықсубъектілік үшін өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығы нысанындағы тәуелсіздікке ие болуы қажет еді. Егемендік – мемлекеттің сыртқы және ішкі қатынастарда тәуелсіз саяси ұйым болуына мүмкіндік береді. Халықаралық құқық позициясынан мемлекет жағдайын белгілегенде, біз оның таптық мәнін ғана емес, сонымен қатар халықаралық құқықтық негізін және билік, аумақ, халық сияқты элементтерін де айқындаймыз. ҚР Конституциясының 2-бабының 2-тармағында «Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді» деп бекітілген. Аталған конституциялық нормаларды қабылдаған бірқатар заңдар растайды, 1993 ж. 13 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заң, мемлекеттердің, олардың сыртқы шекараларындағы тұрақты жағдайды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы ТМД шеңберіндегі 1992 ж. 9 қарашасындағы Келісімге қол қою, 1994 ж. 15 сәуіріндегі тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты сақтау және шекаралардың қол сұғылмастығы туралы Декларациялар, Қазақстан – Қытай мемлекеттік шекаралары туралы 1994 ж. 26 сәуіріндегі шарттық ереже, Ресей Федерациясымен ынтымақтастық және сыртқы шекараларды қорғау туралы 1994 ж. 21 қарашадағы шарттық ереже. Бүгінгі таңда Қазақстан – Қытай шекарасын делимитациялау және демаркациялау туралы мәселе оңды шешімін табуда. Қазақстан Республикасы өзінің шекарасын қайта қарау мәселесінде сенімді қауіпсіздіктің орнауына мүдделі болып отыр. Бейбітшілікті жақтайтын кез келген мемлекетте атқарушы, заң шығарушы және сот органдарының дербес жүйесі бар. Бұл Конституцияның 3-бабы, 4-тармағымен; ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар жарлықтармен айқындалады. Сөйтіп, Қазақстанда тепе-теңдік және тежеу жүйесін қолдану арқылы биліктің барлық тармақтарының өзара әрекеттестігі және бөлінісінің мңызы қағидасы бекітілген. Жас, тәуелсіз мемлекет шетелдік мемлекеттік құрылымдардың тәжірибесін кеңінен пайдаланды. Мәселен, олар Мемлекет басшысының қызметін, Парламенттің екі палаталық құрылымын, Конституциялық Кеңестің мәртебесін, сот әділдігінің құқықтық негізін айқындағанда қолданылады. Әрине, әр түрлі мемлекеттердің конституциясында атқарушы, заң шығарушы және сот биліктерінің өкілеттерінің көлемі де әр түрлі.
Бейбітшілікті жақтайтын кез келген мемлекеттің адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі – оның сөзсіз басымдығы. Халықаралық құқықта мемлекет халқын өз азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар құрайды. Халықтың осы тобының заңнамалық бекітілуіне және адам құқықтарын қорғаудағы ұлттық стандарттардың халықаралық стандарттармен сәйкес келуіне мүмкіндік туады.
Қазақстан Республикасының халықаралық құқық субъектілігінің мұндай объективті қасиеті оның дербес шарттық тәжірибесінің болуы. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері көлемді шарттық-құқықтық базасын қалыптастырды, сол арқылы мемлекеттің барлық елдермен шаруашылық байланыстарының интеграциялық процесі жеделдетіліп, сыртқы саяси қызметінің басым бағыттарында белсенді қатысуы қамтамасыз етілуде. Бүгінгі таңда Қазақстан қол жеткізген екі тарапты және көптарапты халықаралық ұқықтың нормалары мен қағидаларына негізделген даму міндеттері ескере отырып, ынтымақтастықтың түрлі салаларын нығайтуға арналған. Қазақстанның шарттық тәжірибесі мемлекеттермен арақатынастарды реттеуде сенімді құрал ретінде пайдаланылуда, оның ішінде даулы мәселелерді ретту, туындауы мүмкін жанжалдардың алдын алу құралы ретінде. Шарттық-құқықтық базаны нығайту, дамыту және жаңарту мәселелеріне ұдайы көңіл бөлініп келеді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шарттық-құқықтық басқармасы жалпы даму мақсаттарын, басым бағыттарды айқындайды, олар ұзақ мерзімді, сенімді құқықтық базаға негізделуі мүмкін.
Халықаралық құқық субъектілік кез келген тәуелсіз мемлекетке тән және өзінің шығу тегі мен сипатына қарай алғашқы және негізгі болып табылады. Ол мезгіл жағынан да, кеңістіктен де, құқықтық реттеудің пәнінен де шектелмейді. Құқық субъектілік халықаралық құқықтық қатынастарға қатысудың жалпы алғышарты болады, ал мемлекеттер құқықтық мәртебені өзара айқындайды, құқықтар мен міндеттерді нақтылайды. Қазақстан Респубдикасы ашық еуроазиялық мемлекет және басқа мемлекеттермен өзара тиімді негіздерде ынтымақтасуға дайын. Мұнда, мүдделерді өзара ескеру, өзара түсініктік, ынтымақтасудың мақсатқа сай болуы, әріптесінің ішкі істеріне қол сұқпау біздің сыртқы саясатымыздың мазмұны болады.
Өз тәуілсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттардың халықаралық құқық субъектілігі. Бұл бастапқы субъектінің болуы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары – халықтардың теңдігі мен өз тағдырын өзі шешу қағидаларының мазмұнына байланысты, мұндай қағиданың генезисі әлем халықтарының ұлт-азаттық күресімен айқындалады. БҰҰ Жарғысы халықтардың өз тағдырларын өзі шешу құқығын халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған нормасы деп таныды. Кейінірек, өз тағдырын өзі шешу құқығы тәуелсіздікті беру туралы мәселелерде, бірқатар халықаралық-құқықтық құжаттарда нақтылана түсті, Мемлекеттер арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларацияда, БҰҰ-ның 1970 ж. 24 қарашадағы Жарғысына сәйкес, «Жарғыда бекітілген халықтардың тек құқықтығы мен өз тағдырын өзі шешу қағидаларының күші бойынша барлық халықтардың өзінің сяси мәртебесін басқалардың қол сұғуынсыз айқындауына және экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуын... жүзеге асыруға құқығы бар» деп жарияланған. Халықтардың теңқұқылық және өз тағдырын өзі шешу қағидалары оларға саяси тәуелсіздік беру жолымен іске асады. Оған күрестің барлық құралдарын, ұлт-азаттық күресті қоса алғанда қол жеткізілуі мүмкін. Азат етілген мемлекеттегі тәуелсіздік алған халықтың өзінің саяси мәртебесін өзгертуге құқығы бар. Қарастырып отырған қағида осы заманғы жағдайға, халықтарға басқаның қол сұғуынсыз, еркін, дербес күйде өзінің саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік дамуын айқындауға мүмкіндік береді.
2. Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі. Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арасындағы немесе халықаралық ұйымдардың арасындағы шарттардың құқығы туралы 1986 ж Вена Конвенциясының 3-бабына сәйкес, халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектілері болып табылады. Оларды негізгі субъектілер болып табылатын мемлекеттер әр түрлі ауқымдағы ынтымақтастық үшін құрады. Сондықтан да қарастырып отырған субъект туынды топқа жатқызылады. Халықаралық ұйымдар санының өсуі және халықаралық қауымдастықта маңызды мәселелерді шешудегі рөлінің артуы оларды нормативтік тұрғыдан бекіту қажеттігін туғызады. Мысалы, әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдардың қатынасындағы мемлекеттердің өкілдіктері туралы 1975 ж Вена Конвенциясы, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттардың құқықтары туралы 1986 ж Вена конвенциясы.
Мемлекет тәрізді құылымдардың халықаралық құқық субъектілігі. Халықаралық құқықтың тарихы арнайы шарттар арқылы ерекше саяси-аумақтық құрылымдардың мәртебесін айқындап берді. Оларға «еркін қалалар», Батыс Берлин мен қазіргі кезде Ватикан жатқызылып жүр.
«Еркін қалалар». 1815 ж Вена трктатына сәйкес, мұндай қалаларға 1846 ж дейін өмір сүрген Краков қаласы, 1919 ж Версаль бейбітшілік шарты бойынша – Данциг қаласы жатқызылады, сондай-ақ «Триест бос аумағын» құруға талпыныстар жасалды, бірақ олар жүзеге аспады. Кейінірек, осы аумақ Италия мен Югословияның құрамына кірді.
Батыс Берлин мәртебесі 1971 ж төрт тарапты келісіммен реттеледі, ол КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция арасында болды. Мұндай мемлекет тәрізді құрылымның болуы ГДР мен ФРГ-нің өмір сүруімен байланыстырылып түсіндіріледі. Жоғарыда аталған 1971 ж Келісімнің ережелеріне сәйкес, Батыс Берлин дербес саяси бір тұтастықты көрсетеді. Германия біріккен соң халықаралық құқықтың аталмыш субъектісі таратылды.
Жеке тұлғалардың халықаралық құқық субъектілігі. Халықаралық шарттарға сәйкес жеке тұлғаға берілетін құқықтар көлемінің халықаралық және аймақтық деңгейінің кеңеюіне байланысты ол халықаралық құқық субъектісінің бірі болды.
