
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Емтихан 3 семестр
- •Білімді бағалаудың әріптік балдық-рейтингі
- •Баға қою критерийлері
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Практикалық (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Аралық бақылау Пән бойынша №1 аралық бақылауды тапсыру үшін (жазбаша жұмыстар) тақырыптар
- •Нормативтік құқықтық актілер тізімі:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Дәрістер кешені.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •3 Тақырып. Орта және жаңа ғасырдың халықаралық құқығы және халықаралық құқықтық көзқарастары. Жоспар:
- •Орта және жаңа ғасырдың халықаралық құқығы.
- •Халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Жоспар:
- •5 Тақырып. Халықаралық құқықтың қағидалары. Жоспар:
- •1. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •2. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары және мемлекеттің негізгі құқықтары мен қағидалары.
- •Жоспар:
- •3. Халықаралық құқықмирасқорлық институы.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •2. Халықаралық ұйымдар ұғымы және құқықтық табиғаты.
- •3 Халықаралық ұйымдардың даму тарихы. Бұұ- ның алғашқы бейнесі- Ұлттар Лигасының құқықтық табиғаты.
- •9 Тақырып. Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұұ) –әмбебап халықаралық ұйым ретінде. Жоспар:
- •Қазақстан Республикасы – бұұ-ның мүшесі.
- •Жоспар:
- •2. Ұжымдық қауіпсіздік ұғымы және түрлері.
- •3. Қарусыздану және қарулануға шек қою.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •2. Мемлекеттің сыртқы қатынас органдары.
- •15 Тақырып. Консулдық құқық. Жоспар:
- •Консулдық құқық ұғымы, қайнар көздері.
- •Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер.
- •16 Тақырып. Халықаралық қауіпсіздік құқығы. Жоспар:
- •2. Бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін Халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының ынтымақтастығы.
- •3. Президент н.Назарбаевтың аөсшқ ұсынысының іс жүзінле жүзеге асуы.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •3. Әуе кеністігінің режимі және халықаралық ұшуды кұқықтык реттеу.
- •4. Әуе қатынастарын халықаралық-кұқықтық реттеу.
- •Жоспар:
- •2. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі.
- •3. Ғарышкерлердің кұқықтық режимі.
- •4. "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың құқықтық проблемалары.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •2. Халықаралық гуманитарлық құқық қағидаларының жүйесі.
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •«Халықаралық бұқаралық құқығы» пәнін оқып үйренуге арналаған әдістемелік нұсқаулар
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК. 09-2009 1 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ |
||
Оқу-әдістемелік кешені |
Ф.4.09-02 |
|
01.02.2009 ж. |
Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор – оқу-дістемелік
жұмыстар жөніндегі проректор
_____________________________
Еркінбаева Л.Қ.
«_____»_________________2012 ж.
Халықаралық құқық пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандықтар: 5В011500 «Құқық және экономика негіздері»
Оқу формасы: қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша сырттай
Талдықорған 2012 ж.
Оқу-әдістемелік кешенді оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В011500 «Құқық және экономика негіздері» мамандықтарына ҚЭН магистрі, аға оқытушы А.Б. Жүніспаева құрастырған.
____________________________
(оқытушының қолы)
Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды.
« » 2012 ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі з.ғ.к., доцент Н.Ш. Шеримова
«_____»__________ 2012 ж. №______ хаттама
заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның тәрайымы А.Б. Жүніспаева
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК. 09-2009 1 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ |
||
Оқу-әдістемелік кешені |
Ф.4.09-02 |
|
01.02.2009 ж. |
Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
С И Л Л А Б У С
Пәні: Халықаралық құқық
мамандықтар: 5В011500 «Құқық және экономика негіздері»
оқу формасы: қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша сырттай
курс: 2
семестр: 3
кредит саны: 3
барлық сағат: 135, оның ішінде аудиториялық: 27
дәріс: 3
практикалық (семинарлық) сабақтар: 3
Консультация F2F 21
Барлық қашықтық сағаттар 108
оның ішінде:
СӨЖ: 78
дәрістер 27
практикалық (семинарлық) 27
ӨЖ 24
Консультация on-line, off-line 30
Аралық бақылау 2
Емтихан 3 семестр
Талдықорған 2012 ж.
Оқытушы жөнінде мәлімет:
Жүніспаева Айнұр Бауыржанқызы – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
байланыс телефоны: 87017944647
эл.почта: ainur_zhunispaeva @mail.ru; ab.zhunispaeva @gmail.com
сабақ сағаттары: сабақ кестесі бойынша
Консультация уақыты – бейсенбі күндері 13.00 мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасында 219 ауд.
Пәннің пререквизиті:
“Халықаралық жария құқық курсының бағдарламасы ТҚЭ-негіздері қызметкерлерін даярлауға арналған.
“Халықаралық құқық” курсын оқып-үйрену үшін мына пәндерді білу қажет: «Халықаралық жеке құқық», «Мемелкет және құқық теориясы», « ҚР әкімшілік құқық», « ҚР әкімшілік жауапкершілік», «Рим құқығы», «Азаматтық және қылмыстық құқықтар».
Пәннің постреквизиті :
Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті жоғары кәсіби білім берудің стандартына сәйкес студенттер мынадай біліммен қарулануға тиіс: кеден құқығы және оның міндеттері, азаматтық және қылмыстық құқықтардың даму жолдары, жалпы территориялық мінез құлық, халықаралық құқықтың даму жолдары, қазақстан аумағындағы халықаралық құқық,оның жүйесі олардың өмірге көзқарасын, азаматтық позициясы, жалпы мәдениеті, өзіне және қоғамға қатынасы және студенттерді болашақ кәсіби мамандыққа даярлаудағы әлеуметтік -психологиялық аспектісі.
Пәнге қысқаша сипаттама:
Бағдарламаның мазмұны қазақстынның зайырлы,тәуелсіз мемелекет ретінде халықаралық жария құқықтағы көзқарасы, жалпы территориялық көзқарас, халықаралық құқықтың қағидаттары, ХХ-ғасырдағы халықаралық құқықтың таралу тарихы, БҰҰ-ның жұмысы.
Курстың мақсаты:
- халықаралық құқық туралы студенттерге білім беру негіздерін қалау,негізгі халықаралық ұғымдар бойынша ғылыми-теориялық көзқарастарды қалыптастыру.
- халықаралық құқық ғылымы туралы түсініктерді дамыту.
- пәннің мазмұнын ашу.
Курстың міндеті:
-Халықаралық құқық туралы толық мәлімет беру, халықаралық құқықтың негіздерін қайнар көздерін, субьектілерін, қағидаттары студенттердің толық меңгеруі.
Халықаралық құқықтағы адам құқығы, экономикалық, кәсіпкерлік, дипломатиялық, консулдық құқықтартуралы білім негізін қалау.
Курс соңында студент білуге тиіс: - Халықаралық құқықтың қайнар көздерін, қағидаттарын, субьектілерін.
- Халықаралық құқықтың құрылымы, атқаратын міндеті.
- Халықаралық құқықтың мазмұнын, жүйесін, тарихын.
Игеруге тиіс:
Пәннің зерттеу мақсаты мен міндеттері жайлы, оның мазмұны және негізгі халықаралы құқықтық ұғымдар мен анықтамалары туралы білімдерді алу керек.
Іске асыра алатыны:
- негізгі халықаралық құқықтық ұғымдар мен анықтамалардың мазмұнын және мәнін ұғып түсіну.
- оқу-танымдық іс-әрекет барысында алған білімдерді өз бетінше пайдалану.
- болашақ практикалық іс-әрекетінде халықаралық құқықтық білімдерді қолдану.
Осы оқу пәнін оқып-білу барысында студенттің міндеті:
Өзіндік жұмысқа және СОӨЖ сабағына әр тақырыпқа тіркелген оқулық пен әдебиеттермен дайындалу керек. Бір семестр уақытында студент төмендегі жұмыс көлемін орындауы қажет.
таңдаған тақырып бойынша рефератты дайындау және қорғау
СӨЖ (студенттердің өзіндік жұмысы) тақырыптары бойынша коллоквиум тапсыру
Екі бақылау жұмысын жазу
Қорытынды емтиханды таңдаған формасы бойынша тапсыру (тест: ауызша, жазбаша)
Силлабуста әрбір бақылау түріне қойылатын балдың критерий көрсетілуі тиіс. Осы мақсатта оқытушы пәннің (спецификасын) өзіне тән ерекшелігін, студенттің мүмкіндігіне сәйкес қойылатын талаптарды ескереді, сонымен бірге оқытушы жалпы белгіленген талаптарды да ескеруі тиіс.
«Ағымдық бақылау» параметрінде сабаққа қатысу, практикалық, лабораториялық және үй тапсырмаларының орындалуын бақылау ескеріледі. Студенттің дәріс сабағындағы белсенділігін де ескеру керек. Балл қойылады: қатысқаны үшін, сабақ барсыныда лектордың тарапынан қойылған проблемалық сұрақтарды талқылауға ат салысқаны үшін, лекторға сұрақ қойғаны үшін, сыни тұрғыдан ойлауына; практикалық (семинар) және ӨЖ сабақтарындағы студенттің барлық қатысу мүмкіндіктері бағаланады. Балл қойылады: мәселенің шешімін тапқаны үшін, үй және тест тапсырмаларын орындағаны үшін, оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бергені үшін, тақтада практикалық жұмыс жүргізгені үшін, бүкіл сабақтың барысында студенттің белсеңді ат салысқаны үшін, ӨЖ тапсырмаларын дайындауда және қорғауға өзіндік шығармашылқ ізденістерін танытқаны үшін және т.б. Әр оқытушы өз пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін, тапсырмаларын пәннің өзіне тән ерекшелігін және бағдармадағы мазмұнын ескере отырып дербес анықтайды, әр аралық бақылаудағы білімді бағалаудың рейтингтік жинақталған жүйесін жасайды.
ӨЖ-ге қойылатын жоғары 100 балл тапсырманың түріне және мазмұнына (ауыр, жеңілдігіне) байланысты бөлінеді, оның негізіне белгіленген талаптар, тапсыру мерзімінің сақталуы тапсырмалар мөлшері, орындалу сапасы жатады.
Әр пәннің мақсаты мен міндеті ескеріле отырып, білім алушының дайындық дәрежесі және өздік жұмысқа бөлінген сағат санын есепке алып ӨЖ формасы (нышаны) мен түрі таңдап алынады. Әрбір ӨЖ талапқа сәйкес бірнеше тапсырмалардан тұрады. Силлабуста әрбір тапсырманың мазмұны мен маңыздылығы және соған сәйкес сол тапсырманы орындағандағы балы көрсетілуі тиіс.
Бағдарламада көрсетілген студенттің қосымша іс-әрекетіне «ғылыми баяндамалары, мақалалары, олимпиядағя конкурс, жарыстарға қатысуы халықаралық грант, жобаларға қатысуы және т.б) үстеме балл бонустар қарастырылып, семестрдегі жинаған балына қосылады. Жіберіп алған сабақтарын және маңызды бақылау қорсонында жүргізіледі. Негізсіз себептермен жіберілген сабақтар және оларды мерзімінен кеш өтеуге балл қойылмайды. Себепсіз сабақ жіберіп алған жағдайда, еңбек тәртібін бұзған кезде, сабаққа кешігіп келгенде, ӨЖ тапсырмаларын аралық бақылау және үй жұмыстарын орындамау немесе өз уақытында тапсырмаған жағдайда балл кешітіледі.
Аралық бақылау нышанын (форма) оқытушының өзі анықтайды, оның коллоквиум, жобаны қорғау, тұсаукесер (презентация), эссе жазба бақылау жұмысы т.б. болуы мүмкін. Силлабуста әрбір аралық бақылаудың нышаны және бағалау критерилері көрсетілуі тиіс. Осы негізінде, оқытушы семестр бойына студенттің үлгерімін және сабаққа қатысуын қадағалайды.
Сабақ үлгерімінің және қатысудың жиынтық рейтингтік бағасын оқытушы әр аптаның соныңда университеттің жергілікті жүйесі арқылы қояды.
Курсты білудің жалпы баға қою критерийлері
Бағалау позициясы |
1-8 аптаға бағалау саны |
9-15 аптаға бағалау саны |
Максимальді бағалау саны |
Электронды журналға балл қою мерзімі |
ӨЖ |
2 |
2 |
Әр ӨЖ 100 балл |
4,7,11,14 апта |
Аралық бақылау |
1 |
1 |
Әр аралық бақылауға 100 балл |
8 және 15 апта |
1жіберу рейтингі |
R 1 = (СР1+СР2+R)/3 |
100 |
8 апта |
|
2жіберу рейтінгі |
R2 =(СР3+СР4+R)/3 |
100 |
15 апта |
|
Академиялық уақытқа жіберу рейтінгі |
R = (R1+R2)/2 |
100 |
15 апта |
|
Емтихан |
E |
100 |
16-17 апта |
|
Қорытынды баға |
I = R*0.6+E*0.4 |
100 |
|