- •Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебінің директоры, з.Ғ.К. Профессор Қыстаубай ө.С. ____________________
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Оқу сабақтарының графигі
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Семинар (тәжірибе) сабақтарына дайындалу бойынша әдістемедік ұсыныстар.
- •Соөж сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Сөж тақырыптары
- •Исраил V. Қазақстан (2011)
- •Соөж сабақтарына дайындалу бойынша әдістемедік ұсыныстар
- •Траоре V. Қазақстан (2011)
- •М.А.Б., у.А.Т. Және Дж.- а.И.Т. V. Канада (№570/1993)
- •Уильям Эдуардо Дельгадо Паес V. Колумбия (195/1985)
- •К.Сингх Бхиндер V. Канада (№208/1986)
- •Норд-Ост ісі (Азаматтар тобы V. Ресей Федерациясы)
- •Глоссарий
- •1984 Ж. Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенция
1984 Ж. Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенция
Дәріс №5.
Адам құқықтарын қорғаудың Еуропалық жүйесі
Адам құқықтары жөніндегі халықаралық-құқықтық актілердің қабылдануы мен өңделуінде негізгі ролді атқаратындықтан, мемлекеттер халықаралық ынтымақтастықтың жетекші орнын алуда. Сонымен қатар мемлекеттердің негігзі функциясы -адам құқықтарын қорғау болып табылатын әмбебап халықаралық ұйымдарды, адам құқықтарын қорғау мәселелеімен айналысатын мамандандырылған халықаралық үкіметаралық ұйымдарды құруда да маңызы зор. Мемлекеттерге адам құқықтарын бұзумен байланысты сұрақтарды халықаралық ұйымдардың талқылаууына ерікті түрде тапсыруға жол ашық. Бұл процесс, көбінесе халықаралық келісімдер негізінде жүзеге асырылады. 1966 ж. Азaматтық және саяси құқықтары жөніндегі халықаралық пактіге тиісті 1950 ж. адам құқықтары мен негізгі бостандықтар жөніндегі Еуропалық конвенцияның, 1969 ж. Адам құқықтары жөніндегі Американдық конвенцияның ережелері aлғашкы Факультативті хаттамада бар. Барлық келісімшарттар халықаралық ұйымдарда «жеке өтініштерді» қарастыру мүмкінндігін ескереді. Қaзiргi заттанға сай мемлекеттердің құрған халықаралық бақылау органдарының рөлі әрдайым өсуде. БҰҰ –ның қызметі мен түрлі әмбебап және аймақтық келісімдерде олардың қызметтері мен өкілеттіліктеріне ең көп назар аударылады. Білетініміздей, халықаралық қатынастарда, халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларын қадағалайтын және қажетті жағдайда оларды жүзеге асырып, алынған міндеттемелер үшін санкциялар салатын мемлекетүстіндегі билік жоқ.Сол себептен, мемлекеттер халықаралық қадағалау механизмінің құрылуын ескерді. Бұл- Адам құқықтары мен бостандықтары жөніндегі Еуропалық Конвенцияның негізінде Еуропа Кеңесімен құрылған 1950 жылдың 4 қарашасында қол қойылған Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот.
Дәріс №6.
Адам құқықтарын қорғаудың америкааралық жүйесі
Адам құқықтарын қорғаудың америкааралық жүйесі ХІХ ғ. мен ХХ ортасында жеке тұлғалардың белгілі категорияларын қорғауға қатысты халықаралық шарттардың қабылдануы кезіңінде қалыптасты. Олардың қатарына мыналар кіреді:
1902 жылғы Мексикада Шетелдіктердің құқықтары туралы көпжақты конвенция
1906 жылғы Натурализацияланған азаматтар туралы Конвенция
1928 жылғы Шетелдіктердің құқықтары туралы және баспана құқығы туралы Конвенция
Адам құқықтарының Америкааралық жүйесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, бұл жүйенің әрекет етуінің негізінде үш құжат жатыр:
Америка Мемлекеттерінің Ұйымының Жарғысы
Адамның құқықтары мен міндеттері туралы Американдық Декларация
Адам құқықтары бойынша Америкааралық Конвенция
