
- •Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебінің директоры, з.Ғ.К. Профессор Қыстаубай ө.С. ____________________
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Оқу сабақтарының графигі
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Семинар (тәжірибе) сабақтарына дайындалу бойынша әдістемедік ұсыныстар.
- •Соөж сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Соөж сабақтарына дайындалу бойынша әдістемедік ұсыныстар
- •Сөж тақырыптары
- •Исраил V. Қазақстан (2011)
- •Траоре V. Қазақстан (2011)
- •М.А.Б., у.А.Т. Және Дж.- а.И.Т. V. Канада (№570/1993)
- •Уильям Эдуардо Дельгадо Паес V. Колумбия (195/1985)
- •К.Сингх Бхиндер V. Канада (№208/1986)
- •Норд-Ост ісі (Азаматтар тобы V. Ресей Федерациясы)
- •Глоссарий
- •1984 Ж. Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенция
Глоссарий
№ |
Атауы |
Анықтама |
Ескертпе |
|
Адам құқықтарының дәуірі |
Адам құқықтарының белгілі бір кезеңдерінде пайда болған, белгілі бір саладағы адам құқықтарының жиынтығы. |
|
|
Адамның абсолютті құқықтары |
Адамның ешқандай жағдайдашектелуге жатпайтын құқықтары |
|
|
Арнайы процедуралар” |
БҰҰ Адам құқықтары бойынша Кеңеспен белгілі бір адам құқықтарының бұзылуына қатысты арнайы құрылған механизмі (мандат) |
|
|
Жалпы тәртіптегі ескертулер |
БҰҰ адам құқықтары бойынша комитеттерінің Пактілерде бекітілген белгілі бір құқықтарға комментарийлері |
|
|
Геноцид |
нәсілдік, ұлттық немесе діни желеу-сылтаулармен халықтың кейбір топтарын, тұтас бір халықтарды қырып-жою |
|
|
Қинау |
лауазымды адамның не олардың айдап салуымен немесе үнсіз келісімімен басқа адамның, не олардың білуімен қиналушыдан немесе үшiншi адамнан мәлiметтер алу немесе мойындату, не ол жасаған немесе жасады деп күдiк келтiрiлген iс-әрекет үшiн оны жазалау, сондай-ақ оны немесе үшiншi адамды кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен қасақана тән зардабын және (немесе) психикалық зардап шектiруi |
|
|
Апартеид |
елдің тұрғындарын нәсілдік кемсітушілік негізінде мәжбүрлеп бөліп-жару саясаты |
|
|
Құдайға құлшылық ету |
|
|
|
Отбасы |
некеден (ерлi-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септiгiн тигiзуге арналған мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттерге байланысты адамдар тобы |
|
|
Неке қию |
(ерлi-зайыпты болу) үшiн некеге отыратын (ерлi-зайыпты болатын) еркек пен әйелдiң ерiктi әрi толық келiсiмi және олардың неке (ерлi-зайыптылық) жасына толуы қажет |
|
|
Жақын туыстар |
ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек ағалы-iнiлер мен апалы-сiңлiлер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер |
|
|
Азаматтық |
Мемлекет пен адам арасындағы тұрақты саяси-құқықтық байланыс |
|
|
Босқын |
Әскери қимылдар және басқа да төтенше жағдайлар кезінде ізге түсу нәтижесінде өз елін тастап кету мәжбүр болған тұлғалар |
|
|
Апатрид |
Азаматтығы жқ тұлға |
|
|
Бипатрид |
Қос азаматтығы бар тұлға |
|
|
Экстрадиция |
Қылмыс жасады деп айыпталған тұлғаны шетелге ұстап беру |
|
|
Плебисцит |
Тұрғындардың белгілі бір сауалға көзқарасын білу мақсатында бүкілхалықтық сауал жүргізу |
|
|
Саяси баспана |
Тұлғаның өз мемлекетінде саяси көзқарастарына байланысты қуғынға ұшырауына байланысты екінші мемлекеттің баспана беруі |
|
Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
Аттестациялық әріптік баға |
Баллдардың сандық эквиваленті |
Оқу пәнін игерудің %-дық мазмұны |
Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
А |
4,0 |
95-100 |
Өте жақсы |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
В |
3,0 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық
|
С |
2,0 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз |
Пән бойынша қорытынды баға %-дық өлшемде анықталады:
АЕ1 + АЕ2
Қ % = --------------- × 0,6 + Е × 0,4
2
Яғни:
АЕ1 - 1 аралық емтиханның пайыздық өлшемі
АЕ2 - 2 аралық емтиханның пайыздық өлшемі
Е - емтихандық бағаның пайздық өлшемі
Апелляция процедурасы.
Қорытынды бақылау бағасымен келіспеген студент емтихан тапсырылған уақыттан бір жұмыс күнін кешіктірмей апелляция береді.
Емтихандық сессия (аралық бақылау) кезеңінде ХҚжХҚЖМ директорының бұйрығымен апелляцияланатын пәндердің профилімен байланысты оқытушылардан тұратын апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық арыз апелляциялық комиссиямен студент пен эемтихан қабылдаушының қатысуы негізінде екі күн ішінде қаралуы тиіс.
Апелляция қорытындысы қаттамада бекітіледі және оның негізінде жеке емтихандық парақ ведомость жасалады.
Апелляция қорытындысымен студент жазбаша немесе ауызша хабардар етілуі тиіс.
Апелляцияға қатысы жоқ пәндердің бағаларын ауыстыруға тыйым салынады.
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСІ
Дәріс №1.
Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарының түсінігі, қалыптасу тарихы.
Адам құқықтары - туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады. Олар азаматтық құқықтар мен саяси бостандықтарды, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды, сондай-ақ қауымдар құқықтарын (балалар, әйелдер, ұлттық азшылықтар, халықтар және т.б.) қамтиды. Адам құқықтары дегеніміз индивидтің өз қалауы бойынша әрекет ету мүмкіндігін (адам құқықтарының бұл бөлігін бостандықтар деп атайды) немесе белгілі бір игіліктерді иемдену мүмкіндігін (бұл адам құқықтарының өзі болып табылады) қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет қарым-қатынастарының нормалары, қағидалары.
Адам құқықтары адамдар қызметінің ұзақ қайталанған актілерінен қайталанып отырған байланыстар мен қатынастар нысандарынан қалыптасқан. Осылардың нәтижесінде адамдардың қарым-қатынастарын тәртіпке келтіре алатын белгілі бір тұрақты нормалар, эталондар, құндылықтар пайда болған. Әрбір адам белгілі бір материалдық жэне рухани игіліктерді иемденуге талаптанады, ал оларды иемденуге қоғам мен мемлекет көмектесуі керек жэне осы игіліктер көлемі тарихи тұрғыдан әрқашанда қоғамның сыныптық құрылымындағы, материалдық өндіріс жүйесіндегі индивидтің жағдайымен белгіленіп отырады. Индивидке берілетін осы игіліктерді адам құқықтары деп атауға болады.
Адам құқықтары мәселесі әрқашанда қоғамдағы адам орнын белгілейтін құқықтарды иемдену үшін, олардың көлемін кеңейту үшін жүргізілетін сыныптық шайқастар мәселесі болған. Тарих көрсететіндей әр ұрпақ адам құқықтарын қайта қорғауға мәжбүр болады, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қолдау үшін күш қажет болмайтындай жағдай адамзатқа кездескен емес. Әр ұрпақ адам құқықтары мен бостандықтары сияқты ұлы құндылықты қорғауға байланысты тарихтың шақыратын мәңгілік жекпе-жек шайқасына шығады.
Адам құқықтары ең жоғары мәдени құндылықтардың бірі, өйткені олар барлық қоғамдық даму процестерінің ортасына тұлғаны қояды, оның еркіндігі мен тең құқықтығын белгілейді.
Адам құндылығының идеясы ежелгі қоғамда айтылған еді жэне, егер басында бастапқы негіз ретінде полис қарастырылған болса, эллинизм дәуірінен бастап ол индивидке ауды. Феодализмде діни сана адам даралығынан басым түссе, жаңа дәуірде мэдениет адамды қайтадан барлық заттың өлшегішіне айналдырды.
Адам құқықтарының бүгінгі түсінігі либерализмнен бастау алады, ал оның көрнекті өкілдері Локк, Гроций, Монтескье, Джефферсон, Смит, Милль жэне т.б. болған. Осы ғұламалар адамның өмір сүруге, қауіпсіздікке, еркіндікке, езушілікке қарсы қарсылық көрсетуге және т.б. іргелі құқықтарын мемлекеттен тәуелсіз жэне онымен қорғалуға тиісті адам жүріс-тұрысының табиғи, ажырағысыз және қасиетті нормалары ретінде негіздеген еді. Бұл жағдайда адам құқықтарының табиғи, жаратылыс сипаты дегеніміз олардың адам туылғанынан пайда болуы, адам құқықтарының ажырамасыздығын және оларсыз индивидті қоғам мүшесі, нағыз әлеуметтік субъекті қылатын ерекше адамдық қасиеттерден айырылу қатері пайда болатын олардың индивидке тірі жан ретінде тән болуы, ал адам құқықтарының қасиеттілігін оларды ең жоғары құндылықты мәртебе ретінде қарастырғандықтан сыйлау, құрметтеу және оларға табыну деп түсінуімізге болады.
Алғашқы рет адам құқықтарының либералды концепциясы өзінің құқықтық бекітілуін 1789 жылғы американдық құқықтар жөніндегі Биллге негіз болған 1776 жылғы тәуелсіздік Декларациясында көрініс тапты. Сәл кешірек адамның негіз қалаушы құқықтары 1789 жылғы адам мен азамат құқықтарының франциялық Декларациясында бекітілді.
Адам құқықтары категориясы - индивидтің құндылығы жөнінде, тұлға еркіндігін қамтамасыз ететін құқық пен оның негізінде құрылған тәртіп жөнінде көзқарастарды қалыптастырған жоғары гуманистік мәдениетті туындатқан христиан дініне негізделген европалық өркениеттің даму нәтижесі екенін айтып кеткеніміз жөн.
XV -XVI ғасырлардан бастап, адам құқықтары мемлекеттердің екіжақтық шарттарында бекітіле бастады, ал XX ғасырда адам құқықтары бойынша көпжақтық келісімдер де қабылданды. Адам құқықтарын қорғауға арналған алғашқа халықаралық шарттар діни азшылықтарды қорғау жөніндегі европалық елдердің екіжақтық келісімдері еді. 1815 жылғы Вена конгресінде поляк азшылығының құқықтарына кепілдік беретін, яғни діни емес, ұлттық азшылықтың құқықтарын қорғауға бағытталған құжат қабылданды. Сонымен бірге, осы конгресте европалық мемлекеттер алғаш рет негрлерді сатуды жою туралы Декларацияны қабылдады және бұл құжат бойынша осындай әрекеттер абыройсыздық болып танылып, мемлекеттерден осы тәжірибені тоқтату талап етілді.
Ұлттар Лигиясының шеңберінде халықтың ең осал топтарының бірі - ұлттық азшылықтарды арнайы халықаралық қорғау жүйесі алғаш рет орнатылды. Бірақ, қорғау механизмінің ойластырылмағандығынан, сондай-ақ осы саладағы Ұлттар Лигиясы мүшелерінің міндеттер көлемінің теңсіздігінен, бұл жүйе құрушылырдың үмітін ақтамады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) құрылғаннан кейін адам құқықтары осы ұйым қызметінің негізгі бағыттарының біріне айналды. Б¥¥ Жарғысында адам құқықтарына біраз көңіл бөлінген. Мысалы, бұл құжаттың кіріспе бөлімінің өзінде Б¥¥-ң негізгі мақсаттарының бірі ретінде "адамның негізгі құқықтарына, адам баласының абыройы мен қадір-қасиетіне, ерлер мен әйелдердің теңқұқықтығына және үлкен мен шағын ұлттардың теңдігіне сенушілікті қайта бекітуге" белбайлаушылық белгіленген. Осымен бірге, Жарғының 1 бабы БҰҰ-ң басты мақсаттарын айқындай отырып, солардың ішінде нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан барлыгы үшін адам цщыцтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеуді мадақтау және дамыту бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды атайды (1 баптың 3 тармағы). Адам құқықтарының негіз қалаушы сипаты Жарғының 55 бабымен де расталады, ол жерде былай делінген - "халықтарды" өзін-өзі билеу және тең құқықтығы қағидасын құрметтеуге негізделген ұлттар арасындағы бейбітшілік және достық қарым-қатынастар үшін қажетті тұрақтылық және тыныштық жағдайын қалыптастыру мақсатында, Біріккен Ұлттар Ұйымы:
а) Халақтың өмір сүру деңгейін, толық еңбек бастылығын көтеруге және экономикалық пен әлеуметтік өрлеу мен даму шарттарына;
б) Экономикалық, әлеуметтік, денсаулық сақтау жэне осы сияқты салалардағы халықаралық мәселелерді шешуге; мэдениет пен білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа;
с) Нәсілі, жынысы, тілі мен дініне қарамастан барлығы үшін адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жалпылай құрметтеуге және сақтауға көмектеседі.
55 бапта орнатылған БҰҰ мақсаттары қалай алсақ та адам құқықтарын қамтамасыз ету ісімен байланысты. Оларды ажырататын жалғыз белгі - адам құқықтарын әртүрлі салаларда, әртүрлі деңгейде және әртүрлі бағыттар бойынша қамтамасыз етуге арналуы. Алайда, бұл мақсаттардың негізгі екпіні - ол, адам, оның құқықтары мен бостандықтары.
Сонымен, БҰҰ-ң негізгі қызметінің барлығы қай деңгейде болса да түбінде адам құқықтарын қорғауға бағытталған деп айтуға болады.
Сонымен қатар, адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау қазіргі халықаралық құқықтың негіз қалаушы қағидаларының бірі болып табылады және мемлекеттердің ішкі құқығының да, халақаралық құқықтың да бірде бір әрекет күшіндегі нормасы осы императивті қағидаға қайшы келе алмайды.
Бұл қағиданың нормативті мазмұны 1975 жылғы Евуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық Мәжілісінің (ЕҚЫМ/СБСЕ) Хельсинкілік Қорытынды актісінің құрамдас бөлігі болып табылатын "Қатысушы-мемлекеттерді" өзара қарым-қатынастарында басшылыққа алатын қағидалар Декларациясында ашылған. Осы құжатқа сәйкес мемлекеттер адам құқықтарының барлық кешені адам баласына тән қадір-қасиеттен туындайды және оның еркін де толық дамуы үшін маңызды болып табылады деп таныды. Сонымен қатар, қатысушы-мемлекеттер барлық елдер арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтың дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті бейбітшіліктің, әділдік пен тыныштықтың маңызды факторы болып табылатын адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеудің жалпылай маңызын таныды. Осының негізінде, мемлекеттер адам құқықтарын құрметтеуге, олардың тиімді жүзеге асуын мадақтауға және дамытуға, осыған көмектесуге, сондай-ақ осы салада БҰҰ Жарғысы мен Адам құқықтарының жалпылай Декларациясының мақсаттары мен қағидаларына сәйкес әрекет етуге, осы саладағы халықаралық келісімдер бойынша өздерінің міндеттерін орындауға міндеттемелер алды және адамдардың өз құқықтары мен міндеттерін білу және соларға сәйкес әрекет ету құқын растады.
Адам құқықтарын құрметтеу қағидасының құрамында өзінің ар-ожданына сәйкес дінге сенуіне тұлғаның еркіндігін құрметтеу жэне тану қажеттілігі жөніндегі, сондай-ақ ұлттық азшылықтарға жататын тұлғалардың құқықтарын сыйлау және оларға адам құқықтары мен бостандықтарын іс жүзінде толық қолдану мүмкіндігін беру жөніндегі ережелер бөлек белгіленген.
Сонымен, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті, сондай-ақ мемлекеттер мен мемлекетаралық қатынастардың тұрақтылығы мен тыныштығы адам құқықтарын және негізгі бостандықтарын құрметтеу мен тікелей баланыстырылды.
Осы байланыс БҰҰ қабылданатын әртүрлі құжаттарда әрдайым расталып отырады. Мысалы, 16 желтоқсан 1970 жылғы халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі Б¥¥ Декларациясында "адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жалпылай құрметтеу және толық жүзеге асыру жэне осы құқықтарды бұзушылықты жоқ қылу халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың қажетті де кейінге қалдырылмас шарты болып табылады" деп тағы да белгіленді және осыған байланысты "езушілікті", зұлымдық пен кемсітушіліктің барлық нысандары, әсіресе жасалған жеріне қарамастан нәсілшілдік пен нәсілдік кемсіту сөгіске алынды (22 тармақ). Бұл халықаралық қатынастардың қалпы мен дамуына үлкен ықпалын жасаған маңызды жайт.
Адам құқықтарын қорғау қазіргі әлемдегі халықаралық саясаттың негіз қалаушы қырларының біріне айналды.
Адамзаттың прогрессивті күштерінің адам құқықтары үшін күресі өзінің логикалық көрінісін БҰҰ Бас Ассамблеясымен 10 желтоқсан 1948 жылы қабылданған "Адам құқықтарының жалпылай Декларациясынан" тапты. Бұл адамзат тарихындағы адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының тізімін бекіткен алғашқы халықаралық құжат. Бұл актінің қабылдану себептерінің бірі - БҰҰ Жарғысы нәсілі, жынысы, тілі мен дініне қарамастан барлығы үшін адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жан-жақты мадақтау және құрметтеу ісіне мемлекеттердің міндеттерін бекіте отырып, бұл құқықтардың тізімін белгілемеуінде.
Дәріс №2.
БҰҰ-ның адам құқықтарының халықаралық стандарттарын қалыптастырудағы ролі және органдары.
БҰҰ-ның адам құқықтарын қорғау мақсаты мен міндеті оның Жарғысынан туындайды. Мәселен, Жарғының преамбуласында: “Мы, народы Объединенных Наций, преисполненные решимости “… вновь утвердить веру в основные права человека, в достоинство и ценность человеческой личности, в равноправие мужчин и женщин и в равенство прав больших и малых наций….” және “осуществлять международное сотрудничество в разрешении международных проблем экономического, социального, культурного и гуманитарного характера и в поощрении и развитии уважения к правам человека и основным свободам для всех, без различия расы, пола, языка и религии” деген сөздер бекітілген.
БҰҰ-ның адам құқықтарын қорғау органдарының жүйесі жарғылық органдардан, шарттық органдардан және басқа да органдардан тұрады.
Жарғылық органдар:
БҰҰ Адам құқықтары бойынша Жоғарғы Комиссарының Басқармасы
Адам құқықтары бойынша Кеңес
Кеңестің арнайы процедуралары
Шарттық органдар:
Адам құқықтары бойынша Комитет
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар бойынша Комитет
Нәсілдік дискриминацияны жою бойынша Комитет
Әйелдер дискриминациясын жою бойынша Комитет
Қинауға қарсы Комитет
Еңбек етуші мигранттар бойынша Комитет
Мүгедектер құқығы бойынша Комитет
Басқа да органдар:
БҰҰ Бас Ассамблеясы
БҰҰ БА Үшінші Комитеті
ЭКОСОС
БҰҰ Халықаралық Соты
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі
Босқындар істері бойынша БҰҰ Жоғарғы Комиссары
Халықаралық еңбек ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
ЮНЕСКО
ЮНИСЕФ
ЮНИФЕМ
БҰҰ Даму Бағдарламасы
БҰҰ Тағам және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО)
БҰҰ Адам құқықтары бойынша Жоғарғы Комиссарының Басқармасының функциялары:
Басқарма БҰҰ жүйесінде адам құқықтарының орындалуын бақылау үшін құрылған барлық жарғылық және шарттық органдарға консультациялық және техникалық көмектер көрсетеді
Жоғарғы Комиссар БҰҰ АҚ саласындағы қызметіне басты жауапты тұлға
4 жылға сайланады
Адам құқықтарының жаңа стандарттарының қабылдануына көмектесу
Шарттардың ратификациялануына көмектесу
АҚ-ның бұзылуына шаралар қолдану
Адам құқықтары бойынша Кеңес
1946 ж. Адам құқықтары бойынша Комиссия болып құрылған. 2006 жылдан бастап Адам құқықтары бойынша Кеңес
АҚ-ның бұзылуының орын алуына байланысты жағдайларды қарастыру үшін және ұсыныстар қабылдау үшін құрылған үкіметаралық орган
БҰҰ БА сайлайтын 47 мүшеден тұрады және жиналыстары Женевада өтеді
Әр мемлекетте АҚ-ның жағдайы туралы бағалау жүргізеді
“Арнайы процедуралар” жүргізеді. Бұл Кеңеспен белгілібір жағдайға қатысты арнайы құрылған механизм (мандат). Мандат иеленушілер мониторинг, зерттеу, кеңес беру, ақпараттандыруды және тергеуді жүзеге асырады. 2007 жылы 128 мемлекетке 1000 жуық хабарлама жолданған. Мандатпен елге кіру үшін рұқсат сұрау қажет
Адам құқықтары бойынша Комитет
Комитет 1977 жылы АжСҚтХП 28-бабына сәйкес құрылды
18 мүшеден тұрады
Сессиялары Нью-Йорк және Женева қалаларында өтеді
АжСҚтХП мүше барлық мемлекет Комитетке Пактіде бекітілген құқықтардың қорғалуы туралы баяндамалар өткізіп тұруы тиіс (1 жыл/5 жыл)
І-ші Қ.протоколға сәйкес, жеке тұлғалар шағымы
Шағымдарға қойылатын талаптар:
Пактіде көрсетілген құқықтар
Мемлекет юрисдикциясындағы азамат
Шағым анонимді болмауы тиіс
Ұлттық инстанциялардан өтуі (негізсіз созылуы / байланысты емес жағдайлар)
БҰҰ шеңберінде басқа да комиттер құрылған: Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар бойынша Комитет / Нәсілдік дискриминацияны жою бойынша Комитет / Әйелдер дискриминациясын жою бойынша Комитет / Қинауға қарсы Комитет / Еңбек етуші мигранттар бойынша Комитет / Мүгедектер құқығы бойынша Комитет
Олардың барлығына шағымданудың ортақ талаптары:
Мемлекеттердің конвенциялардың орындалуы туралы баяндамалары
Мемлекеттер / жеке тұлғалар шағымы
Комитеттердің юрисдикцияларының танылуы
Ескертулер жасайды
Дәріс №3.
Азаматтық және саяси құқықтар саласындағы халықаралық стандарттар
Құқық адамдар арасында, олар мен ұйымдар және т.б. арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Құқық адам мен заттың арасындағы қатынасты реттемейді, ал заттарға және материалдық емес игіліктерге қатысты қатынастарды реттейді. Осылайша барлық құқықтар мен міндеттер тек адамға, жеке тұлғаға немесе адамдар қауымдастықтарына тиесілі, сондықтан оларды жеке құқықтар деп атауға болады (кең мағына тұрғысынан). Бірақ азаматтар әртүрлі қоғам салаларына қатысып, әрбір саланың өзгешеліктеріне байланысты әртүрлі құқыққа ие болады. Заң әдебиеттерінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мынадай шартты түрдегі топтарға бөледі: саяси, жеке, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар. Демек, «жеке құқықтар» деп азаматтарға тиесілі барлық құқықтар емес, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтардан айырмашылығы бар құқықтар жатады. Бұл топқа жеке тұлғаның өзінен ажырамайтын, жеке өмірінің әртүрлі салаларында қорғайтын азаматтардың осындай құқықтарын біріктіреді. Бұл құқық ар-ожданын, өмірін, денсаулығын, атын, әртүрлі жеке өмірі салаларының құпиялылығын, оның ішінде жанұя өміріндегі құпияларын және ҚР Конститутциясының ІІ бөлімінде кепілдік берілген басқа да нормаларды білдіреді. Дәл осы азаматтардың құқықтарын «жеке құқықтар» ретінде атайды (осы терминнің тар аясында). «Жеке құқықтар мен бостандықтар» ұғымы ғылыми әдебиетте ХХ-ғасырдың 40-жылдарының соңы мен 50-жылдарының басында қалыптасты.
Азаматтық құқықтардың маңызды ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1) жеке адамның бостандығына кепілдік береді, яғни азаматтың адамгершілік қатынастарда, жеке тұрмыстық өмірінде әртүрлі іс-әрекет етуін кедергісіз таңдау мүмкіндігін білдіреді (әрине, егер мұндай іс-әрекеттер құқық нормаларына қайшы келмеген жағдайда);
2) жеке азаматтың тұлғасын оқшауландырып, оның рухани мүдделерінің, қабілеттерінің, жеке өмірдегі дағдылары мен жеке ерекшеліктерінің жан-жақты көрініс табуына көмектеседі.
Азаматтық құқықтарда жеке мүдде, тұрмыс саласы, жеке адам өмірі, адам қауіпсіздігі конститутциялық қорғау объектісі болып саналады; мұнда азамат жеке творчестволық тұлға ретінде алдыңғы сапта көрінеді. Сондықтан гуманизм идеясы көрсетілген құқықтарда өзінің айқын конституциялық-құқықтық мәнін көрсетеді.
Азаматтық құқықтардың ерекшеліктерінің бірі олардың адамның жеке игіліктерінен ажыратылмайтын ар-ожданы, жеке өмірі, жеке қауіпсіздігі тәрізді құқықтарды білдіреді. Ажырамайтын бұл құқықтар басқа адамдарға келісім немесе басқа жолмен берілуі мүмкін емес және олардың мүліктік сипаты жоқ. Олардың өзгешелігі рухани, олар қамтамасыз ететін ажырамайтын игіліктердің материалдық емес сипатында.
Азаматтық және саяси құқықтар ең алғаш рет 1948ж. Адам құқықтарының Жалпы Декларациясында бекітілген болатын. Алайда, аталған құжат ұсыныс сипатында болғандықтан, уақыт өте келе міндетті құжат қабылдаудың қажеттілігі туындады. Нәтижесінде 1966 жылы БҰҰ аясында Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық Пактіге қол қойылды. Бұл Пактіге Қазақстан Республикасы 2005 жылы қосылды.
Сонымен, азаматтық және саяси құқықтар қатарына мыналар жатады:
Өмiр сүру құқығы - әрбiр адамның ажырамас құқығы болып табылады. Бұл құқық заңмен қорғалады. Ешкiмнiң де өмiрi ерiксiз қиылуға тиiс емес. Өлiм жазасы жойылмаған елдерде, өлiм жазасы тек қана айрықша ауыр қылмыс жасағаны үшiн, қылмыс жасалған уақытта қолданыста болған заңға сәйкес және осы Пактiнiң, сондай-ак Геноцид қылмыстарының алдын алу және жазалау туралы конвенцияның қаулыларына қайшы келмеген жағдайда ғана, ең ауыр жаза ретiнде берiледi. Бұл жаза тек қана құзыреттi сот шығарған ақтық үкiмдi орындау үшiн ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
Ешкiм де азапталуға немесе оның қадiр-қасиетiн қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездiк жолымен жәбiрленуге немесе жазалануға тиiс емес. Iшiнара, ешбiр тұлға өзiнiң ерiктi түрдегi келiсiмiнсiз медициналық немесе ғылыми тәжiрибеге ұшыратылуы тиiс емес.
Ешкiм де құлдықта ұсталуы тиiс емес; құлдық пен құл саудасының барлық түрiне тыйым салынады.
Әрбiр адамның бостандыққа және жеке басының өмiрiне қол сұғылмауына құқығы бар. Ешкiм де ерiксiз қамауда немесе тұтқында ұсталуға тиiс емес. Әркiм өз бостандығынан тек қана заң негiзiнде және сол заңда белгiленген процедураға сәйкес айырылуы мүмкiн.
Бас бостандықтарынан айрылған барлық адамдар өздерiне деген адамгершiлiктi көзқарасқа және адам баласына тән қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқылы.
Тек қана қайсыбiр шарттық мiндеттеменi орындау дәрменсiздiгiнiң негiзiнде ешкiм де бас бостандығынан айырылуға тиiс емес.
Кез келген мемлекеттiң аумағында заңды түрде жүрген әрбiр адам сол аумақтың шегiнде еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты мекен-жайды өз қалауынша таңдау құқығына ие болуы тиiс. Әрбiр адам өзiнiң туған елiн қоса алғанда, кез келген елдi тастап шығуға құқылы.
Сот пен трибунал алдында жұрттың бәрi тең. Әрбiр адам өзiне тағылған кез келген қылмыстық айыптауды қарау кезiнде немесе қайсыбiр азаматтық процесте оның құқықтары мен мiндеттерiн анықтау кезiнде заң негiзiнде құрылған құзыреттi, тәуелсiз және әдiл сот арқылы iсi әдiлеттi және ашық қаралуын талап етуге құқылы.
Ешкiм де жасаған iс-әрекетi немесе жiберген қателiгi негiзiнде, егер сол iс-әрекет жасалған кезде қолданыстағы мемлекетiшiлiк заң тұрғысынан немесе халықаралық құқық бойынша қылмыстық iс болып саналмаса, қандай да бiр қылмыстық iске кiнәлi деп айыпталуына жол берiлмейдi. Сондай-ақ, кесiлген жаза, қылмыстық iс жасалған кезде қолданылатын жазадан ауыр болмауы тиiс. Ал егер қылмыс жасалғаннан кейiн сондай қылмыс үшiн кесiлетiн жазаның түрi, бұрын қолданып жүрген түрiнен гөpi, заң жүзiнде жеңiлдетiлген болса, онда қылмыскер соңғы заң бойынша айыпталуы тиiс.
Әрбiр адам, қай жерде жүрсе де, құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқылы.
Әрбiр адам жеке және отбасылық өмiрiне өзгелердiң өз бетiнше, немесе заңсыз араласуынан, өз бетiнше немесе заңсыз озбырлық жасап, баспанасына, хат жазысып-алысу құпиясына қол сұғылуынан, ар-намысы мен абырой-беделiне нұқсан келтiрiлуiнен қорғалуы тиiс.
Әрбiр адамның ой-пiкiр, ар-ождан және дiн бостандығына құқығы бар. Бұл құқық дiнге сену немесе дiндi қабылдау және наным-сенiмiн өз қалауынша таңдап алу еркiндiгiн, өз дiнiн, наным-сенiмiн жеке өзi немесе басқа адамдармен бiрiгiп тұту бостандығын, жария түрде немесе жеке жолмен уағыздау, құдайға құлшылық ету, дiни және наным-сенiм мен iлiм салт-жораларын орындау бостандығын да қамтиды.
Әрбiр адам өз ой-пiкiрiн еш кедергiсiз ұстануға құқылы.
Соғысты қандай түрде болса да насихаттауға заң тұрғысынан тыйым салынуы тиiс.
Бейбiт түрдегi жиналыстарды өткiзу құқығы танылады. Бұл құқықты пайдалану тек демократиялық қоғамның мемлекеттiк, немесе қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiп мүдделерiн, жұрттың денсаулығы мен имандылығын сақтау және басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қажет етiлетiн, заңмен көзделген шектеулерден тыс шектелуi тиiс емес.
Әрбiр адамның басқалармен бiрiгiп қауымдастықтар құру бостандығына оның iшiнде кәсiподақтарды құрып оларға өз мүдделерiн қорғау мақсатымен кiруге құқығы бар.
Отбасы қоғамның табиғи және негiзгi ұясы болып табылады, және қоғам мен мемлекет тарапынан қорғалуға құқылы.
Әрбiр бала нәсілiне, түр-түсiне, жынысына, тілiне, дiнiне, ұлттық, немесе әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк немесе туу жағдаяттарына қарамастан, ешқандай кемсiтусiз отбасы, қоғам және мемлекет тарапынан, өзiнiң жас шамасы талап ететiн тиiстi қорғау шараларын иеленуге құқылы.
Барлық адамдар заң алдында тең және қандай да болсын кемсiтуге ұшырамай, заңмен тең қорғалуға құқылы.
Этникалық, дiни және тiл азшылығы бар елдерде, осындай азшылық құрамындағы адамдар өз тобының басқа мүшелерiмен бiрге өз мәдениетiн пайдалану, өз дiнiн тұтыну, дiнiнiң салт-жораларын ұстану және ана тiлiнде сөйлеу құқығынан айырылмауы тиiс.
Дәріс №4.
БҰҰ адам құқықтары бойынша басқа да комитеттерінің қызметінің құқықтық негіздері
1965 жылғы 21 желтоқсандағы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенциясы негізінде Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитет құрылған. Комитет нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның орындалуына бақылау жасау мақсатында құрылған. Оның құрамына 18 сарапшы кіреді.