Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адам ытары-силлабус.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.65 Кб
Скачать
  1. Траоре V. Қазақстан (2011)

Мали азаматы Идрисса Траоре1989 жылы Қазақ ССР-нің Зооветеринарлық институтына оқуға түсіп, 1996 жылы бітірген соң Қазақстанда қалып қояды.

2004 жылы шетелдіктің тұру ықтияр хатын алады (вид на жительство). 2007 жылы ол құжаты ұрланған соң, 11.08.2009 жылға дейін ұзартылады. Траоренің Қазақстанда тұрғын үйі жоқ. Ол пәтер жалдап тұрады. Алайда, пәтер иесі оны тіркеуге рұқсат бермеген. Нәтижесінде, ол өзінің танысының пәтеріне тіркеуге тұрады және ол пәтердің адресін көші-қон полициясына береді. 2009 жылы құжатының мерзімі аяқталған соң, оны ұзарту туралы көші-қон полициясына өтініш білдіреді. Алайда, аталған орган уақытында (2 ай) жауап бермейді.

Траоренің адвокаты көші-қон полициясынан келесідей жауап алады: “Траоре жаңа ықтияр хатын ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған соң алады (ҚР ӘК 394 б. – Тұрақты мекен-жайында тұрмау). Траоренің Қазақстанда тұрғын үйі жоқ. Ол пәтер жалдап тұрады. Алайда, пәтер иесі оны тіркеуге рұқсат бермеген. Нәтижесінде, ол өзінің танысының пәтеріне тіркеуге тұрады және ол пәтердің адресін көші-қон полициясына береді.

2009 жылы құжатының мерзімі аяқталған соң, оны ұзарту туралы көші-қон полициясына өтініш білдіреді. Алайда, аталған орган уақытында (2 ай) жауап бермейді. 2009 жылы Траоре Көші-қон полициясының әрекетін сотқа шағымданады. Нәтижесінде полиция органы ешқандай талаптарсыз ықтияр хатты беретіндігін мәлімдеген соң, Траоре өз шағымын соттан алады.

Алайда, 2010 жылы ықтияр хатты алған соң, Траореге сот орындаушысы хабарласып, сот шешіміне сәйкес одан 85$ өндіріп алу қажет екендігін хабарлайды. Сонымен қатар, Көші-қон полициясы шетелдік кез келген тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда, басқа қалаға 10 күннен астам уақытқа шықққан жағдайда тиісті органды хабардар етуі тиістігін мәлімдейті. Траоре БҰҰ АҚК-ке АСҚХП-нің 12, 17 баптары бұзылды деп шағымданады

И.ТраореніңЕркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді еркін таңдау құқығықұқығы бұзылды ма? И.ТраореніңЖеке басына, отбасына, тұрғын үйге қол сұғылмаушылыққұқығы бұзылды ма? Қазақстанның позициясын қалай қолдар едіңіз? Егер Сіз Комитет болсаңыз, қандай шешім шығарар едіңіз?

  1. М.А.Б., у.А.Т. Және Дж.- а.И.Т. V. Канада (№570/1993)

Бірнеше адамдар тобы өздерін жаңадан қалпына келтірілетін дін өкілдері деп жариялпйды. Ол адамдар тобының дін ұйымын Канада үкіметі тіркеуден бас тартады. Оған негіз болған дін өкілдерінің дінді дәріптеудің қоғамда тыйым салынған өсімдікке табыну болып табылады. Яғни, дін өкілдерінің айтуынша, дінге сену үшін және оны дәріптеу үшін міндетті түрде “марихуаннаны” пайдалану керек. Дін өкілдері өздерінің құқықтары бұзылды деп БҰҰ Адам құқықтары бойынша Комитетке шағымданады.

Комитет қандай шешім қабылдауы мүмкін?

  1. Уильям Эдуардо Дельгадо Паес V. Колумбия (195/1985)

Колумбияда орналасқан шіркеуде дін қызметкері мемлекетке қарсы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Комитетке өзінің дін бостандығы бұзылды деп шағымданады. Шағымның негізі мемлекеттің оны басқа қызметке ауыстыруға араласпағандығы болып отыр. Яғни, шіркеудің басшылары Ульям Эдуардо Дельгадо Паесті шіркеуде дін сабағын беруден басқа азаматтық сабақтарды беруге ауыстырады. Осы әрекетке наразы болған Паес ұлттық инстанцияда шағымдайды. Алайда, ұлттық соттар ол саладағы қатынастар шіркеудің өзімен реттелуі керек деп шағымын қанағаттандырмайды. Ұлттық инстанциядан қолдау таппаған Паес Комитетке шағымданады.

Комитет қандай шешім қабылдауы мүмкін?