Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адам ытары-силлабус.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.65 Кб
Скачать

Соөж сабақтарына дайындалу бойынша әдістемедік ұсыныстар

Студенттер СОӨЖ сабақтарының тақырыптарын оқу курсының басында алады. Әр студент 1 тақырыпты таңдап, ол бойынша эссе жазуы тиіс. Эссе 1-ші және 2-ші рейтингтерге қоса бағаланады.

Сөж тақырыптары

№№

Тақырып

Тапсырма мазмұны

1

ХVІІ-ХVІІІғғ. тұлғаның қалыптасуына әсер еткен құжаттар

1787ж. АҚШ Конституциясы. 1789ж. Адам құқықтарының Декларациясы.

22

1948ж. Адам құқықтарының Жалпы Декларациясы.

Қабылдау тарихы. Жұмыс органының құрамы.

33

Қазақстан Республикасының азаматтығы

Оны тумысынан алу, өтініш бойынша алу және тоқтатылу негіздері.

44

Шетел азаматтары

Қазақстан Республикасында болудың құқықтық негіздері. Құқықтары мен міндеттері. Депортация.

55

Қос азаматтық

Қос азаматтыққа қатысты Қазақстан заңнамасының позициясы. Онымен күресу жолдары.

66

Азаматтығы жоқ тұлғалар

Азаматтығы жоқ тұлғалар деп тану негіздері. Құқықтары мен міндеттері.

77

Жеке тұлғаның халықаралық құқықтағы орны мен ролі

Құқықсубъектілігі. Жауапкершілігі. Жеке тұлғаны қорғау стандарттары мен механизмдері.

88

Плебисцит

Оны өткізу негіздері

99

Халықтардың теңдік және өзін-өзі анықтау құқығы

Құқықтық сипаттамасы. Тарихы. Өзектілігі.

110

Жеке тұлғаны қорғаудың Еуропалық негіздері

Еуропалық құқық негіздері. Адам құқықтарының Еуропалық Сотының ролі.

Оқу курсы барысында пайдаланылатын кейстер

  1. Исраил V. Қазақстан (2011)

2009 жылы Қытай азаматы Аршидин (ұлты ұйғыр) “Свободная Азия” радиосына сол жылы Урумчида болған оқиғалар туралы телефонмен ақпарат береді. Ол оқиға бойынша қытайлық полицейлер бірнеше ұйғырларды өлтіргендігін хабарлайды.

Өз өміріне қауіптенген Аршидин 2009 жылы 29 қыркүйек күні Қазақстан аумағын заңсыз кесіп өтіп, Алматы қаласына барып орналасады.

Алматыда орналасқан БҰҰ Босқындар істері бойынша Басқармасына “босқын” мәртебесін іздеуші мәртебесін беру туралы өтінішін білдіреді. 2010 жылы БҰҰ БІББ Аршидинге ол өтінішін қабыл алып, куәлігін тапсырады.

Қазақстанның билік органдарының шешімімен Аршидин 01.04.2010 – 23.06.2010 аралығында үйден шықпауы тиіс болды (домашний арест). 23.06.2010 жылы Аршидин Қазақстанның билік органдарымен қамауға алынды. Оған себеп Қытай мемлекетінен ұстап беру туралы келіп түскен сұраныс болды (экстрадиция). Ол сұраныс бойынша Аршидин Қытайда “террористік әрекеттер” және “қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтіру” қылмыстарымен айыпталған.

Аршидин Қытайда бұған дейін “террористік әрекеттері” үшін сотталған. Аршидин оған қарсы жасалған Қазақстанның билік өкілдерінің барлығын шағымдайды. Бірақ, шағымының барлығы қанағаттандырылмайды. Аршидин 23.06.2010-30.05.2011 аралығында қамауда отырады. 30.05.2011 жылы Қытайға экстрадицияланады.

Аршидиннің “өмір сүру” құқығы бұзылды ма? Аршидиннің “қинауда болмау” құқығы бұзылды ма? Аршидиннің “жеке басына қол сұғылмаушылық” құқығы бұзылды ма? Қазақстанның позициясын қалай қолдар едіңіз? Егер Сіз Комитет болсаңыз, қандай шешім шығарар едіңіз?