Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
vitaminder.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.24 Кб
Скачать

В12 витамині цианкобаламин, антианемиялық витамин

XXI ғасырдың ортасында асқазанның сілекей қабаттарының дертке шалдығатындығы мен қанда шамадан тыс мөлшері жағынан едәуір жетілмеген қызыл қан түйіршіктері кездесетіндігі туралы факт анықталып, бұл ауруды пернициозды анемия деп атады. Мұны жұқпалы аурулар қатарына жатқызып, көп уақытқа дейін емдеу тәсілі табылмады. 1926 жылы осы қатерлі қан азаюына қарсы адамдарға шикі бауырда бергенде, оның қан құрамын жақсартуға пайдасы тигендігі байқалды.

1948 жылы бауырдан структурасы жағынан қан геминіне ұқсас, құрамында кобальт бар, жаңа витамин кристалдық түрде бөлініп алынды. Бұл құрамы жағынан өте күрделі қосылыс В12 витамині немесе цианкобаламин болатын. Ол дені сау адамның асқазан сөлінде кездесетін, құрамында 11-12 % гексамині бар, мукопротеин белогі екен.

В12 витаминінің химиялық құрамында Дороти Ходжкин /1956ж/ рентген сәулелерімен дифракция жасау әдісі арқылы анықтады. В12 витамині химиялық құрамы ең күрделі витаминге жатады және құрамында металл бар бірден бір витамин болып табылады.

В12 витамині су мен спиртте жақсы ериді, эфирде ерімейді. Құрамында кобальт атомы бар болғандықтан кристалдарының түсі қызғылт – қара болып келеді. Бұл витаминнің не иісі, не дәмі болмайды, оптикалық активті болады.

В12 витаминінің биохимиялық ролі тіптен де көп салалы. Солардың ішіндегі ең негізгілерінің біріне нуклеин қышқылдары синтезін арттыру мен метил топтарының түзілуінде және олардың гомоцистеиннің метионинге, оксиэтиламиннің холинге айналуындағы өзгерістеріне қатысуын атау орынды.

В12 витамині ацетилдену реакцияларына да қатысады, кофермент А-ның сульфгидрильді топтарының тотықсыздануын қамтамасыз етеді, мұның нәтижесінде пирожүзім және май қышқылдарының биологиялық тотығу процесі жылдамдатылады. Бұл витаминді организмге енгізгенде тканьдердегі глюкозаның тотығу арқылы ыдырауы күшею салдарынан, қандағы қант мөлшері күрт кемиді.

Сондай-ақ В12 витамині пурин мен пиримидин негіздері синтезіне, яғни РНК мен ДНК-ның синтезіне де әсері бар.

В12 витамині жануарлар денесінде майдың жиналуын қамтамасыз етеді, өйткені амин қышқылдарының глюкозаға айналуы жылдамдайды, соның нәтижесінде ол тканьдердегі майлы заттарға дейін өзгереді. Сонымен бірге бұл витамин каротиннің А витаминіне айналуына қатысады, ал соңғысы бауырда жинақталып түзіп, зәрмен сыртқа шығарып залалсыздандырады.

В12 витамині аздап болса да, микроорганизмдер қатысында ішекте түзілуі мүмкін. Микробтардың синтезі арқылы түзілетін В12 витаминінің алыну жолы ең арзаны болып есептеледі.

Цианкобаламин өсімдік тағамдарында аз да, ал ет, сүт, жұмыртқа және балық тағамдарында көбірек кездеседі. Осы тағамдарды аз пайдаланса, бұл витаминнің жетіспеушілігі байқалуы мүмкін.

В12 витамині жануарлар тканьде коферменттік қызмет атқарады. Оның екі туындысы - метилкобаламин және 5-дезоксиаденозилкобаламин (5-ДоАК) кобамидтік ферменттер қатарына жататын кофакторлар болып табылады.

Авитаминоз. В12 – авитаминозы кезінде қатерлі (пернициоздық) анемия ауруына ұшырайды, мұндай ауру салдарынан қанда жетілмеген және тұрақсыз көптеген эритроциттер пайда болады. Эритроциттердің жалпы саны азаяды. Сол сияқты лейкоциттердің де саны кемиді.

Осы ауру кезінде жілік майында жүретін митоз құбылысы шектеледі және ДНК синтезі тоқталады. Сол сияқты тез өнетін басқа да тканьдер, мысалы, асқазанның мырыш қабаты (тұз қышқылы НСl түзілуінің тоқталуы салдарынан) және нерв тканьдері зақымданады. Нерв жүйесінің зақымдануы асқына түседі.

В12 витамині фоли қышқылымен өзара әрекеттесіп, эритроциттердің дамып жетілуін тездетеді, организмде қан түзілу қызметін қамтамасыз етеді.

Табиғатта таралуы. Азық-түлік құрамында кобальт болса, В12 витаминін асқазан-ішек жолында микроорганизмдер синтездейді. Кобальт, әсіресе жануар тектес өнімдерде – бауырда, бүйректе, жүректе, мида, сиыр етінде, жұмыртқаның сары уызында, сүтте көп болады. Өсімдіктерде іс жүзінде синтезделмейді.

В12 витаминінің адам организміне керекті мөлшері осы уақытқа дейін толық анықтала қойған жоқ, бірақ жобамен тәулігіне 5-10 мкг шамасында қажет болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]