
- •Витаминдер жөнінде жалпы түсінік
- •Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы
- •Суда еритін витаминдер
- •В2 витамині рибофлавин
- •3 Кесте
- •В2 витаминнің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері /100г, тағамда мг/
- •В6 витамин пиридоксин, адермин
- •В12 витамині цианкобаламин, антианемиялық витамин
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
3 Кесте
В2 витаминнің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері /100г, тағамда мг/
Тағамдар |
В2 витамині |
Ақ ірімшік Капуста Картоп Ашытқы Жұмыртқа Қара нан Сүт Ақ нан Ет, балық |
0,5 0,05 0,05 4,0 0,8 0,2-0,3 0,2 0,05-0,07 0,1-0,3 |
Авитаминоз. В2 – авитаминоз ауруы витамин жеткіліксіз бола бастағаннан немесе азық-түлік және жем-шөпте ол мүлде болмағаннан кейін 3-4 ай өткен соң білінеді.
В2-авитаминоз сырқатына тән құбылыс көз ауруынан басталады. Көз жұқпалы емес коньюктивит сырқатына ұшырайды. Рибофлавин пердесі қабынады, көз айнасы тұнжырып қарауытады. Рибофлавин жеткіліксіздігі салдарынан жас малдың өсуі тоқталады, терісі ауруға ұшырайды, жүн мен шаш түседі, еттері бірден әлсіреп, нашарлайды.
В2-авитаминоз кезінде үй құстарының жұмыртқалуы нашарлайды. Авитаминоз ауруы асқынған кезде организм тырысып, параличке ұшырап, сал болады, жүріп-тұруы қиындайды, сөйтіп өлімге душар етеді.
Табиғатта таралуы. Рибофлавинді өсімдіктер мен жануарлар синтездеп жасайды. Бұл витаминге әсіресе бай өнімдерге бауыр, ашытқы, бидай, қарабидай, бұршақ тұқымдас өсімдіктер жатады. Ол сүтте, жұмыртқада, бүйректе болады.
Ол витаминді шошқаға, тауықтарға және итке беру қажет. В2 витаминінің жетіспеуінен ірі қара, жылқы, қой мен ешкі оншама сезінбейді, өйткені ол витаминде бұл аталған жануарлардың ас қорыту жолында микроорганизмдер сендездеп жасайды.
Адамға әр тәулікке қажет мөлшері 2,0-2,5 мг.
В6 витамин пиридоксин, адермин
1926 жылы Гольдбергер қолдан жасалған диеталық қорекпен тышқандарды азықтандырғанда, олардың дерматит аурына шалдыққаннын байқаған. Бұған қарсы В1,В2 витаминдерімен әсер еткенде жазылмай, ал қоректік заттарға ашытқыны қосып бергенде тышқандардың айыға бастағанын анықтады. Кейіннен бұл витаминнің адам мен жануарлардың қалыпты жағдайдағы тіршілігі үшін де қажетті екені дәлелденді. 1937-1939 жылдары бұл зат ашытқылардан бөліп алынып, оны В6 витамині деп аталды. Сөйтіп тағамдарда пиридоксин жетіспегенде, полиневрит, анемия және тері ауруы-дерматитті тудырады. Бұл дерттерден никотин қышқылынан гөрі, пиридоксинмен әсер етіп жылдам айықтыруға болады.
В6 витамині организмге өте қажет-ақ. Өйткені ол зат алмасудың, қан түзілудің барлық процестеріне қатысады. Тері ауруларынан сақтандырады, ферменттердің құрамына енеді, нерв жүйелерінің қызметін реттеп, бала көтеру мен босанудың бірқалыпты өтуіне көмектеседі, ішектегі пайдалы бактериялардың көбеюіне әсер етеді.
В6 витаминін табиғи заттардан бөліп алу өте қиын, сондықтан ол химиялық-фармацевтикалық заводтарда синтезделіп алынады. Бұл витаминді төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер биосинтездей алады. Жарықта өскен өсімдіктерде қараңғыда өсіріліген өсімдіктермен салыстырғанда В6 витаминінің биосинтезі жақсы жүреді. Сондай-ақ бұл витаминді ашытқы клеткалары синтездейді.
Пиридоксиннің туындылары – фосфопиридоксаль мен фосфопиридоксамин амин қышқылдарының алмасуына қатысатын (аминотрансферазалар, амин қышқылдарының декарбоксилазасы, кинуренинаминотрансферазалар, фосфорилазалар және т.б.) бірқатар ферменттердің коферменттері болады.
1937 жылы Совет ғалымдары: А.Е.Браунштейн мен М.Г.Крицман амин қышқылдарының қайта … аминдену /трансаминдену/ реакциясын ашты. Бұл реакцияны аминотрансфераза ферменті катализдейді, оның коферменті В6 витаминінің фосфорланған туындысы болып табылады. В6 ферментінің негізгі қызметі оның коферменттік ролі деп санайды. Жануарлар клеткаларында ол фосфорланады, сөйтіп фосфорлы эфирлер – пиридоксаль – 5 – фосфат және пиридоксамин – 5 – фосфат («Ферменттер» деген бөлімді қараңыздар) коферменттерін түзеді.
Пиридоксиннің жеткіліксіздігінен көптеген амин қышқылдарының айналысы бұзылады. Мысалы: триптофан, метионин, цистин, глютамин қышқылдары және т.б. Организмде белокты, майлы және көмірсулы айналыстардың қызметі бұзылғанда, оны В6 витаминін беру арқылы жақсартады.
Авитаминоз В6-авитаминозы кезінде – терінің сал ауруына ғана тән қабынып ауруы – дерматит кездеседі. Бұл кезде дененің симметриялы учаскелері /құйрық, құлақ, ауыздың айналасы, табан/ зақымданады, тері қызарады, жануарлардың терісі түседі. Сол сияқты қан құрамында эритроциттердің саны азаяды, олардың түйіршік көлемі кішірейеді, қан азайып анемия құбылысы болады, құстардың жұмыртқалауы тиылады.
Табиғатта таралуы. В6 витаминінің жасыл өсімдіктер мен көптеген микроорганизмдер синтездеп шығарады. Жануарлар тканінде және азық-түлікте бұл витамин негізінде пиридоксаль, пиридоксамин түрінде және олардың фосфор эфирлері түрінде кездеседі. В6 витамині жұмыртқаның сары уызында, жануарлар бауырында, сәбізде, бидайда, қарабидайда, ашытқыда көп.
Жануарлардың қажет етуі. В6 витамині өсімдік тектес жемшөпте және азық-түлікте көп болғандықтан, адамдар мен жануарларда авитаминоз құбылысы сирек кездеседі.
Оның бір тәулікте ересек адамға қажетті мөлшері 1,5-2,0 мг, балаларға қажетті мөлшері 0,4 мг кем болмауы тиіс.