Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
vitaminder.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.24 Кб
Скачать

В2 витамині рибофлавин

В2 витаминінің жалпы формуласы – С17Н20N4О6. Тамақта рибофлавин болмаса, баланың бойының өсуі тежеледі және ерін, мұрын, көз, құлақ айналасындағы кілегей қабықшасының бұзылуына, көздің мүйіз қабатының қабынуы мен хрусталиктің күнгірттенуіне (катаракта) әсерін тигізеді.

В2 витамині тотығу және тотықсыздану реакцияларына қатысады. Олай болса, В2 витаминінің зат алмасудағы маңызы да өте зор.

В2 витамині әсіресе клетканың, яғни организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Бұл витаминнің тағамдарда жетімсіздігі адамдардың, әсіресе балалар бойының өсуі қабілетін де төмендетеді. В2 витаминінің көздің көру процесінде де үлкен мәні бар. Әсіресе, бұл витамин А витаминімен бірге қараңғы түсе көздің көруіне және әр түрлі түсті айыруына қажет.

С витамині жеткіліксіз болғандағыдай, рибофлавин гиповитаминозында да алғашқы өзгерістердің бірі – ұсақ қан тамырларының әлсіреуі, соған байланысты қан айналуы да нашарлай түседі. В2 витаминінің жетіспеушілігі бірте-бірте бауыр мен асқазан қызметіне де зақым келтіреді. Балалар тағамының құрамында рибофлавин аз болса, олардың бойының өсуі мен салмақ қосуы баяу болады. Жалпы В2 витамині жеткіліксіз болғанда, адам жүдеп, шаршағыш келеді, көзі ашып қызарады, тілі, ерні шаншып ауырады. Көзден жас ағып жарыққа қарай алмайды, көздің көруі де нашарлайды. Жиі кездесетін белгісінің бірі – аузы уылып, екі езуінің кілегей қабығы мен терісі жарылып, қабынуы мүмкін. Оны біздің халық арасында «ауыздық» деп те атайды. Терінің сыртқы қабаты қабыршақтанып кетеді. Организмдегі флавиндер деп аталатын ферменттердің құрамында В2 витамині кіреді. Демек, В2 витамині жетіспеген ферменттер алмасуы бұзылып, осының әсерінен жалпы заттар алмасу жүйесі зақымданады.

Сондай-ақ бұл витаминнің ана мен баланың денсаулығы үшін де атқаратын рөлі өте зор. Мәселен, перзенттің құрсақта жақсы өсіп жетілуі үшін ананың денсаулығы жақсы болып, ол дұрыс тамақтана білуі тиіс. Тамақтың құрамында А, В, С витаминдері жеткілікті болуы керек, өйткені екі қабат әйел тек өз организмін ғана емес, жатырдағы перзентті де қоректендіреді.

Туғаннан кейін жүре пайда болатын катарактаға келсек, адамның жасы ұлғайған сайын зат алмасуының өзгеруінен көз бұршағының қасиеттері кеми береді. Адамның 55-60 жасынан бастап жалпы организмінде, әсіресе көз бұршағының құрамында қышқылдық процесі бұзыла бастайды. Осыған орай, жалпы организмде және көз бұршағының құрлысында аскорбин қышқылы (С витамині) және рибофлавин (В2 витамині) витаминдері азая түседі. Сөйтіп, зат алмасу көз бұршағының ішкі құрлысы мен сыртқы қабығы қатайып, мөлдірлігі кемиді де, оның ортасында қатайған дән (ядро) пайда болады, әрі шет жағы да көміскілене береді. Өстіп егде адамның организмі, әсіресе көз бұршағы С және В2 витаминдерімен жеткіліксіз қоректенгендіктен, оның жанарында бірте-бірте катаракта басталады. Әсіресе ішіп-жейтін тағамның құрамында С және В2 витаминдері жетіспейтін адамдардың көзінде бұл дерт жиі кездеседі.

Катарактаның әуелгі белгілері мынадай: көздің көру өткірлігі бірте-бірте нашарлап, содан қарашықтың ортасы ақсұрғылт болып көрінеді. Сөйтіп, көз бұршағының қарауытуы күшейген сайын көздің көру қабілеті де нашарлап, бірте-бірте тек күн мен түнді ғана ажырата алатын болады.

Кәріліктен болатын катаракта көбінесе бір көзден басталады. Ал кейде екі көзден бірдей басталуы мүмкін. Көз бұршағы қарауытқанда ауырмайды, қызармай тек бірте-бірте көздің өткірлігі кеми бастайды.

Катаракта әр адамда әр түрлі уақытқа созылады. Кейде бір жылда түгел қарауытып, ал кей адамда бұл бірнеше жылға созылады.

Катарактадан алдын ала сақтану үшін егде жастағы адамдардың күнделікті ішіп-жейтін тағамының құрамында витаминдердің мөлшері, әсіресе С және В2 витаминдері жеткілікті болуы тиіс. Бұл үшін тағам үнемі бір түрлі болып келмей, әр түрлі болуы керек. С витамині қарақат, укроп-аскөк, көк жуа, қымыздық, помидор, қияр, сәбіз, өрік, апельсин, лимон, картоп, капусталарда көбірек болады. Витаминдер тіпті ашытқан капустаның өзінде де, оның шырынында да болады.

Организмде С витаминін жинау үшін жаз, күз айларында көкөніс түрлері мен жеміс-жидектерді көбірек жеген дұрыс. Өйткені қыс, көктем айларында көкөніс пен жеміс-жидектер бола бермейді. Тағы бір айта кететін жайт - көкөніс, жеміс-жидек витаминдерінің көпшілігі адам организмінің склерозға қарсылығын күшейтіп, адам өмірін ұзартуға да әсер етеді.

Демек, күнделікті ішіп-жейтін тамақтың құрамында көкөніс, жеміс-жидектер жеткілікті болса, олардың адам организмінде рак ауруын болдыртпайтын ерекше қасиеті бар екенін Жапония ғалымдары терең зерттеп анықтады.

В2 витамині сиырдың сүті, жұмыртқа, картоп, капуста, сәбіз, қара нан, бұршақ тағамдарында көп болады. Тағамда В2 витамині ұзақ уақыт жетіспеген жағдайда тек көз бұршағы ғана көмескіленіп қоймай, адамның беті-қолының терісі құрғап, өңі кетеді, еріні жарылады, көз айналасы мен маңдай терісіне әжімдер түсіп, адам жасына жетпей мосқал тарта бастайды.

Катаракта иондалған радиоактивтік заттардан шыққан сәулелердің зардабынан да пайда болады. Мысалы, рентгенолог, рентгенлаборанттар сияқты радиоактивтік заттармен жұмыс істейтін адамдар катарактаға жиі шалдығады. Өйткені, көз бұршағы иондалған радиацияға өте сезімтал келеді. Тіпті оның ең аз мөлшерінің өзі катарактаға ұшыратуы мүмкін. 1989 жылдың 17-18 шілдесінде Семей қаласында болған ғылыми-практикалық конференцияда ғалымдар келтірген фактылар осыны дәлелдейді. Семей полигонындағы 40 жылдан бері ядролық жарылыстан шыққан радиоактивтік заттардың радиациялық сәулесінің зардабынан, полигоннан алыс аудандарға қарағанда полигонға іргелесе орналасқан Жаңасемей, Бесқарағай және Абай аудандары тұрғындарының арасында катаракта 2-5 есе көп кездеседі (профессор Т.П.Тетерина).

Рибофлавин картопта, капустада, қара нанда, ашытқыда, қызанақта, сәбізде, жұмыртқада, бауырда, сүтте және сүттен жасалған тағамдарда көп кездеседі. В2 витамині дәрі ретінде де қолданылады. Әсіресе жараның тез жазылуына және көздің көру қабілетін арттыруға әсері үлкен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]