Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
vitaminder.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.24 Кб
Скачать

Суда еритін витаминдер

В1 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, аневрин). Тамақ құрамында тиамин немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде нерв жүйкелері қабынады, жүректің қызметі бұзылады, асқазан – ішек трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту сөлінің секрециясы төмендейді, судың алмасуы бұзылады, ісік пайда бола бастайды.

Азия және Оңтүстік Америка материктерінде тұратын халықтардың арасында «бери-бери» ауруы ерте заманнан-ақ кең етек алып келгені белгілі. Бұл нерв жүйесінің ауруы әсіресе Жапония, Шығыс Азия, Филлипин аралдары, Оңтүстік Америка сияқты күріш дақылын көп пайдаланатын елдерде жиі тараған. Европа елдерінде «бери-бери» ауруы, керісінше, өте сирек кездеседі. Мұның себебі, ондағы тұратын халықтардың негізгі тағамы күріш емес, қара нан, әртүрлі тағамдар мен көкөністерді жиі пайдаланады. Голланд ғалымы Эйхман 1890-1897 жылдары Ява аралында жүргізген зерттеулері кезінде мынаны байқады: адамның жегенінен қалған таза күріш берілген тауықтарда «бери-бери» ауруының белгілері пайда болған. Ал, әртүрлі тағам қалдықтары берілген тауықтар бұл аурумен ауырмаған. Осы байқауларға сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде XX ғасырдың басында «бери-бери» ауруының негізгі себебі күріштің кебегінде көп кездесетін В1 витаминінің /тиаминнің/ жетіспеушілігінен екені анықталған.

Организмде В1 витаминінің жетімсіздігінен нервтердің жарақаттануының мәні – бұл витамин фосфор қышқылымен қосылып тиаминпирофосфат деген зат түзеді. Тиамин /В1 витамині/ тиаминпирофосфат декарбоксилаза деген ферменттің құрамына кіреді. Бұл фермент заттар алмасуынан пайда болатын организмде зиянды пирожүзім қышқылын ыдыратуға керек. Денеде В1 витамині жетіспегенде ферменттің активтілігі азаяды да, қанда пирожүзім қышқылы көбейіп кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым келтіріп, адамды ауруға шалдықтырады. Тиамин ашытқы, сәбіз, сүт, бауыр құрамында көп кездеседі. Бұл тағамдарда тиамин таза, не қосынды - тиамин пирофосфат және кокарбоксилаза түрінде кездеседі. В1 витаминінің таза кристалды препарат 1926 жылы күріш кебегінен бөлініп алынды.

В1 витамині зат алмасуға, әсіресе көмірсулардың организмдегі түрлі химиялық өзгерту процестеріне өте қажет. Өйткені ол осы процестерге қатысы бар ферменттердің құрамына кіреді.

В1 витаминінің организмнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы күресу қабілетін арттыруда мәні зор. Күнделікті тағамда бұл витамин жеткіліксіз болса, нерв жүйесі зақымданады. Сөйтіп, полиневрит, яғни нерв жүйелерінің ауруы пайда болады. Жоғарыда айтылған «бери-бери» ауруының негізгі себебі де осында.

«Бери-бери» ауруымен ауырғанда адамның жүру қабілеті нашарлап, кібіртіктеп жүреді, организмнің жалпы әлсіреуі байқалады. Тамаққа тәбеті тартпайды, салмақ кемиді. Аяқ-қолдың шаншып немесе сыздап ауруы пайда болады, сол ауырған жерлердің сезіну қабілеті нашарлайды. Бұлшық еттер тартылып солып қалады. Жүрек қысылып, тамыры жиі соғатын болады. Тиаминнің организмде жетіспеуінің негізгі себептерінің бірі – оның тағам құрамында аз болуы. Жоғарыда көрсетілгендей; В1 витамині қауызынан тазаланбаған күріште, ірі тарталған ұнда, тағы басқа өсімдік тағамдарында кездеседі. Сүтте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда, бүйректе, етте көп болады. Организм тәулігіне орта есеппен 2-3 миллиграмм тиаминді керек етеді.

В1 витаминінің кейбір тағам құрамындағы мөлшері (100 г. тағамда, мг) 2 кесте

Тағам түрлері

1

В1 витамині

2

Сыра ашытқысы 5,0

Нан ашытқысы 2,0

Бұршақ 0,7

Сұлы жармасы 0,6

Қарақұмық жармасы 0,5

Сиыр еті 1,1

В1 – авитаминозы кезінде қарында және ішекте сөл бөлінуі нашарлайды, асқазан қабырғасында тұз қышқылының түзілуі тоқталады. Осылардың салдарынан асқа деген тәбет жойылады, сөйтіп малдың салмағы кемиді, арықтайды. Организмдегі осы аталған жайсыз өзгерістер, онда ТПФ коферменттің активті тобы тиаминнің жеткіліксіздігінің көмірсулар алмасуының тотықпаған өнімдері жиналуынан болады.

Табиғатта таралуы. Тиамин өсімдіктер тектес өнімдер әсіресе бидай күріш, қара бидай дәндерінің қауызы, ашытқы оған бай келеді. Жануар тектес өнімдерден: бауырда, мида, бұлшық еттерде, жүректе, жұмыртқаның сары уызында, сүтте кездеседі.

В1 витаминінің күйіс қайыратын малдың қатпаршақ қарынында микроорганизмдер синтездейді. Жылқы, шошқа және тауық бұл витаминді өте-мөте қажет етеді. Жылқы мен шошқа бір тәулікте қажет мөлшері олардың 10 кг дене массасында 3-4кг шамасындай. Малдың буаз және желіндеу кезінде В1 витаминнің қажет ету мөлшері арта түседі.

Тиамин адам организмі үшін тәуліктік қажеттілігі 2-3 мг-нан аспайды. Рационда көмірсулардың мөлшері көбейген сайын организмнің тиаминге деген қажеттілігі арта түседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]