
- •Витаминдер жөнінде жалпы түсінік
- •Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы
- •Суда еритін витаминдер
- •В2 витамині рибофлавин
- •3 Кесте
- •В2 витаминнің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері /100г, тағамда мг/
- •В6 витамин пиридоксин, адермин
- •В12 витамині цианкобаламин, антианемиялық витамин
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
ЖОСПАР
Кіріспе 1
Витаминдер жөнінде жалпы түсінік 2
Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы 6
Суда еритін витаминдер 10
В2 витамині рибофлавин 13
В6 витамин пиридоксин, адермин 17
В12 витамині цианкобаламин, антианемиялық витамин 19
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер 23
Кіріспе
Көмірсу, азот және күл элементтерінен басқа саңырауқұлақтар витаминдерді де қажетсініп немесе өндіріп отырады. Витаминдердің ерекшелігі олар жасыл автотрофты өсімдіктерде өндірілсе, гетеротрофты организмдер, яғни жануарлар мен микроорганизмдер оларды пайдаланады. Алайда гетеротрофты болып есептелетін саңырауқұлақтар оларды өзіне жинап витаминнің негізгі көзі болап та табылады. Витаминді қажет ететін организмдер ауксогетеротрофтар, ал қажетсінбейтіндер – ауксоавтотрафтар деп аталады.
Витаминдер деп негізі өте төмен концентрацияда, яғни 0,0001-1 мкг/мл мөлшеріндегі қажет заттарды айтады. Витаминдердің мынадай қасиеттері бар: құрылымы бойынша төмен молекулалы органикалық қосылыстар, өте аз мөлшердің өзінде әсері зор, зат алмасудың белгілі бір сатыларына арнайы әсер көрсететіндіктен фермент кофакторы қызметін атқарады.
Барлық витаминдерді әдетте екі үлкен топқа бөледі: 1) суда еритін витаминдер: оларға – В тобының витаминдері мен С (аскорбин қышқылы). 2) Майда еритін витаминдерге А, D, К, Е, тағы басқалар жатады.
Кейбір топырақ саңырауқұлақтары (Penіcіllum, Aspergіllus, Fusarіum, Chaetomіum globasum тұқымдастары) мен кейбір фитопатогенді саңырауқұлақтар, әсірее қалталылар мен жетілмеген саңырауқұлақтар витаминді қажет етпейді.
Витаминдер жөнінде жалпы түсінік
Витаминдер дегеніміз – барлық тағам мен азық-түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар организмінде бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың организмге тигізетін әсері өте үлкен.
Егер үнемі тамақты бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды.
Азық-түлігінде жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде (Италия, т.б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері, терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал, негізгі қорегі күріш дақылы болып табылатын Азия елдерінде бери-бери (паралич) деген ауру кездеседі. Мұндай ауру кезінде нерв тармақтары қабынады да, қол-аяқ тырысып қалады. Мұндай сырқат әсіресе күрішті машинамен өңдеп, ақтау тәсілдерін енгізу салдарынан көбейіп кетті.
Олардың едәуір бөлігінің құрамында амин тобы да, азот та болмайды. Осыған қарамастан мұндай ауыстырылмайтын тіршілік факторлары үшін «витамин» деген тарихи термин сақталып қалды.
Адамның және жануарлардың организмінде, өсімдік тектес азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады. Олар провитаминдер (каротиндер, стролдар) деп аталады. Мұндай провитаминдер тиісті активті қалыпқа түскеннен кейін сәйкес витаминдерге айналады.
Витаминдер жетіспеген жағдайда организм ауруға шалдығады. Химиялық құрылысы жағынан витаминдер алуан түрлі. Олар құрамында 18-20 көміртек атомы бар циклді көмірсутектер мен қанықпаған γ лактандар, аминоспирттер, қышқылдардың амидтері, циклогександар, ароматты қышқылдар, нафтохинондар, имидазол, пиррол тағы басқа да циклді қосылыстардан тұрады. Витаминдердің басым көпшілігіне спиртті және карбоксильді топтар тән. Тек кейбіреулерінде ғана амин тобы болады. Кейбір витаминдер организмде де синтезделеді. Олар тамақтық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өніп-өсуіне әсерін тигізеді.
Витаминдер, сол сияқты жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Кейбір жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің тканьдері, мысалы тамыры, камбиальды ткані, тұқымнан бөлініп алынған және қараңғыда өсірілген жас өскіндер тіршілік барысында өздігінен витаминдерді синтездей алмайтындықтан, әр уақытта оларды сырттан алуға мұқтаж болады. Сондықтан да қоректік ортаға тиамин пиридоксинді аздап қосудың өзі көптеген өсімдіктердің оқшауланған тамыршалары мен өскіндерінің өсуіне жақсы жағдай туғызады.
Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын тездететін және реттейтін де витаминдер. Витаминдерді тек дәрі-дәрмек ретінде қарастырып, оларды түрлі аурулардың алдын алып күресу үшін қолданылатын заттар деп қарау қате. Бұларды тағамдық заттар деп қарауымыз тиіс, өйткені витаминдер тағамның құрамына кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жайы бұзылады.
Ерте көктемде адамдардың әл-қуаты азайып, тез шаршағыш келеді, жиі-жиі салқын тиіп, тұмауратып ауырып, бұрыннан белгілі әр түрлі созылмалы сырқаттары қозады.
Осы жоғарыда аталған себептердің адам организміне тигізетін зиянды әсерлерін алдын-ала болдырмауға немесе азайтуға бола ма?
Әрине, болады.
Қазіргі кезде көпшілік адамдардың ерте көктемде әл-қуаты кеміп, шаршап-шалдығып, организмінің әлсіреуінің ең басты себебінің бірі – адам организміне қажет витаминдердің жетіспеуі екендігі дәлелденіп отыр.
Витаминдердің адам организмі үшін биологиялық мәні өте зор. Олар организмдегі зат алмасу процестерін жақсартады, организмнің әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресу қабілетін күшейтеді және адамның жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Сонымен қатар әрбір витаминнің организмде ерекше орындайтын өз міндеті бар.
Азық-түлікте, жем-шөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса, организмнің витаминді сіңіруі қабілеті бұзылса, ауру пайда болады. Ондай ауруды авитаминоз деп атайды. Қорек ұзақ уақыт С витамині болмаса, организм құр-құлақ ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер жоқ жағдайда құр-құлақ – С – авитаминоз деп жазу қабылданған. Осылайша рахит Д-авитаминоз, бери-бери – В1 – авитаминоз т.с.с.
Авитаминоз ауруларын витаминдерді көбірек беру арқылы емдейді. Авитаминоз ауруларының белгісі айқын білінеді, сондықтан оның диагнозын қойып, анықтау онша қиын емес.
Витаминнің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл құбылысты гиповитаминоз деп атайды. Гиповитаминоз құбылысы организмге қажет витамин мөлшерінің қалыптан тыс (нормадан) төмендеп кетуінен болады. Гиповитаминоз белгілерін анықтау қиындау. Әдетте гиповитаминоз сырқаты қыстың аяғына таман, азық-түлікте және жем-шөпте витаминдер мөлшері өте азайған кезде байқалады.
Кез келген витаминді (әсіресе В және Д витаминін) организмге қалыптан тыс көп беру гиповитаминоз ауруына ұшыратады. Витаминді бірден көп мөлшерде қабылдау да организмге кері әсер етеді, яғни уландырады.
Жүргізілген ғылыми жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, ой жұмысымен шұғылданатын адамдардың организмі қара жұмыспен айналысатын адамдармен салыстырғанда витаминдерді /әсіресе С витамині В тобының витаминдерін/ көбірек қажет етеді екен. Сол себепті көктемде витаминдері мол тағамдарды жиірек пайдаланған жөн. Бұл мезгілде кептіріліген итмұрын жемісінің тұндырмасын, сонымен бірге басқа да жеміс-жидектердің шырындары мен қайнатпаларын асқа көбірек пайдаланған тиімді. Тамаққа қосып көк пиязды және де ашытқан капусталарды жеу қажет. Себебі, бұл тағамдардың құрамында әр түрлі витаминдер мол болады, әрі ұзақ және жақсы сақталады.
Басқа тағамдарға қарағанда сүтте жеткілікті мөлшерде көптеген витаминдер бар және олар организмнің тұрақты да негізгі қайнар көзі ретінде ерекше орын алады. Барлық витаминдер организмге комплексті әсер етіп, бірін-бірі толықтырады. Олар организмде жетіспесе, зат алмасу бұзылып, денсаулықтың нашарлауына әкеп соқтырады.
Негізгі қоректік заттармен /белоктар, майлар, көмірсулар, минерал тұздар/ салыстырғанда организм витаминдерді тым аз мөлшерде қажет етеді. Ересек адамның тәулігіне пайдаланатын әртүрлі тағамдарындағы витаминдердің орташа мөлшері микрограммен есептеледі.
Сөйтіп витаминдер - әр түрлі химиялық жаратылыстың органикалық қосылуы, тағамның басқа ештеңемен алмастыруға болмайтын заттары.