- •Босану тарихы
- •Паспорттық бөлім
- •Түскен кездегі шағымдары:
- •Өмір анамнезі. Anamnesis vitae
- •Акушерлік анамнез
- •Объективті жалпы жағдайы. Status praesens communis: Тері жамылғыларын, сүйек, бұлшықет, буын жүйелерін қарау:
- •Акушерлік статус
- •Менің курациямдағы қайталап жүкті болушы әйелдің тыныс алу жүйесі бойынша қысқаша сипаттама:
- •Жүрек-тамыр жүйесі бойынша:
- •Асқорыту, зәр шығару, жүйке жүйесі бойынша:
- •Жамбас қуысының иілу бұрышы
- •Акушерлік зерттеу әдістері. Іштің пальпациясы
- •Менің курациямдағы қайталап жүкті болушы әйелдің ұрығының орналасуы:
- •Сыртқы акушерлік зерттеулер. Леопольд тәсілі
- •Нәрестенің жүрек соғуын анықтау
- •Босанудың болжам мерзімін анықтау
- •Арнайы акушерлік зерттеу
- •Қосымша зерттеу әдістері
- •Алғашты диагнозды негіздеу
- •Босану жоспары
- •Жатыр мойынының ашылуында екі механизмнің әсері бар.
- •Әрбір толғақ сайын жатыр бұлшықеттерінде бір мезгілде үш процесс байқалады:
- •Босанудың і-ші кезеңі
- •Босанудың і-ші кезеңін жүргізу
- •Алғаш босанушылар мен қайталап босанушылардағы жатыр мойынының ашылу механизмінің ерекшеліктері
- •Босанудың іі-ші кезеңі
- •Босанудың іі-ші кезеңін жүргізу
- •Шүйдемен келгендегі алдыңғы көрінісінің босану биомеханизмі.
- •Аралықты сақтау
- •13.Іх.11ж сағат 11:15 те ұл нәресте ерекшеліксіз дүниеге келді. Аралықтың жыртылуы болған жоқ. Іі-ші кезең 15 минутқа созылды. Асқынуларсыз өтті. Босаудың ііі-ші кезеңі
- •Босану ағымы
- •Ана күнделігі
- •Нәресте күнделігі.
- •Шығару эпикризі
13.Іх.11ж сағат 11:15 те ұл нәресте ерекшеліксіз дүниеге келді. Аралықтың жыртылуы болған жоқ. Іі-ші кезең 15 минутқа созылды. Асқынуларсыз өтті. Босаудың ііі-ші кезеңі
ІІІ-ші кезең – нәресте туылғаннан бастап, плацентаның жатыр қабырғасынан бөлініп, бала жолдасының туылуымен аяқталады.
Нәресте туылғаннан кейін, бірнеше минут жатыр тоникалық жиырылу қалпында болады, жатыр деңгейі кіндік тұсында анықталады. Осыдан кейін жатырдың ретті жиырылуы басталады – бұны бала жолдасының бөлінуіндегі толғақ дейді, осы толғақтың алғашқы кездерінде плацента жатыр қабырғасынан бөліне бастайды. Плацента толық кезінде еш жиырылмайды, сондықтан ол жатыр қабырғасынан бөлінгенде «төмпешік» сияқты жоғары көтеріліп, екеуінің арасындағы байланыс бұзылып, жатыр – плацента қан тамырлары үзіледі, бұдан аққан қан плацента мен жатыр қабырғасы арасында жиналып, ретроплацентарлы гематома құрайды.
Гематома мен жатырдың жиырылуы плацентаның әрі қарай жатыр қабырғасынан бөлініп, жатыр қуысынан түсуіне әсер етеді. Плацентаның қағанақ қабықшаларымен бірге төмен түсіп, әйел күшенгенде босану жолдарынан сулы қабықшамен жабылған ұрықтың бетімен сыртқа аударылып туылады. Бұл Шультце варианты бойынша бала жолдасының туылуы(орталық бөліну).
Плацента жатыр қабырғасынан шетінен де бөлінуі мүмкін (Дункан варианты бойынша), бұл бөлінуде гематома болмайды, қан жыныс жолдарынан төмен қарай ағады. Күшену кезінде бала жолдасы бүктелген күйінде жыныс жолдарынан, аналық бетімен сыртқа қарап туылады. Бала жолдасы туылғаннан кейін, жатыр қатты жиырылып, оның деңгейі шат пен кіндік арасында болады.
ІІІ кезеңде жатыр қуысынан қан кетеді, қанның мөлшері әдетте 300-500мл аспайды (дене салмағының 0,5%-ті).
ІІІ кезеңнің ұзақтығы – 5 – 30минут.
Бала жолдасы туылғаннан кейін босанушыны – босанған әйел дейді.
Дәрігер жалпы жағдайына назар аударып, гемодинамика көрсеткіштері, қуықтың жағдайына, жатырдан қан кету белгілерінің болуына, сипатына, мөлшеріне плацентаның ажырау белгілеріне назар аударады.
Босанудың ІІІ – ші кезеңінде плацентаның ажырауы мен бөлінуін анықтау мақсатында келесі белгілерді жетекшілікке алады.
Шредер белгісі. Егер плацента жатыр қабырғасынан бөлініп, жатырдың төмеңгі сегментіне немесе қынапқа төмен түссе, жатыр түбі жоғары көтеріліп, кіндіктен жоғары және оң жаққа көтеріледі, яғны «құм сағат» түрге көшеді.
Штрассман белгісі. Плацента бөлінуінде жатыр түбін соққанда, соққы тоқыны кіндіктен көк тамырына тарылады. Бұл соққы толқының қысқыштың үстінен ұстаған кіндіктің көк тамырын ұстау арқылы сезуге болады. Егер плацента жатыр қабырғасынан бөлініп кетсе, бұл белгі анықталмайды.
Микулич – Радецкий белгісі. Жатыр қабырғасынан ажыраған плацента төменгі сегментке төмен түсуінің нәтижесінде босанушы әйелде күшену сезімі пайда болады.
Гогенбихлер белгісі. Плацентаның бөлінбеуіде, жатырдың жиырылуы кезінде босану жолдарынан төмен түсіп тұрған кіндік бауы, кіндік тамырының қанмен толуынан, өз осьі бойымен айналады.
Альфельд белгісі. Жыныс саңылауы аймағында кіндікке салынған лигатураның, плацентаның ажырау белгілері болуында 8 – 10см төмен түсуі анықталады.
Давженко белгісі. Босанушы әйелден терең тыныс алу сұралады. Егер тынысты шығаруда кіндік қынапқа қайтадан кірсе онда плацента ажырағаны.
Клейн белгісі. Босанушы әйелден күшенуін сұрайды. Плацентаның ажырауында – кіндік өз орнында қалады, егер плацента жатыр қабырғасынан ажыраса – күшенуден соң ішке тартылады.
Чукалов – Кюстнер белгісі. Қолдың саусақтарының қырымен қасаға үсті аймақты басқанда плацентаның ажырамауында жатыр жоғарыға көтеріліп, кіндік тамырлар қынаптың ішіне тартылмайды, керісінше сыртқа қарай шығады.
Абуладзе әдісі: а) қуықты босату керек б) іштің сыртынан сипалау арқылы массаж жасалынады. В) екі қолмен дәрігер алдыңғы іш қабырғасын ұстап, әйелден күшенуін өтінеді.
Креде – Лазаревич әдісі: а) қуықты босату керек б) жатыр түбін іш сызығына келтіреді в) сыртқы жатыр массажы жасалынады г) оң қолмен жатырдың алдыңғы іш қабырғасынан ұстайды, алдыңғы үлкен саусағын жатырдың алдыңғы қабырғасына, қалған төрт саусақты артқы қабырғасына қаратады, жәйлап төмен және алға қарай басады. Сол кезде ажыраған бала орны сыртқа шығады.
Менің курациямдағы әйелдің ІІІ-ші кезеңі белсенді жүргізілді. Плацентаның аналық беті және ішкі беті қаралды. Барлық бөліктері, қабықтары түгел. Босану жолдары бүтін . ІІІ-ші кезең 7 минутқа созылды. Асқынуларсыз өтті.
