
- •Босану тарихы
- •Паспорттық бөлім
- •Түскен кездегі шағымдары:
- •Өмір анамнезі. Anamnesis vitae
- •Акушерлік анамнез
- •Объективті жалпы жағдайы. Status praesens communis: Тері жамылғыларын, сүйек, бұлшықет, буын жүйелерін қарау:
- •Менің курациямдағы қайталап жүкті болушы әйелдің тыныс алу жүйесі бойынша қысқаша сипаттама:
- •Жүрек-тамыр жүйесі бойынша:
- •Асқорыту, зәр шығару, жүйке жүйесі бойынша:
- •Акушерлік статус
- •Жамбас қуысының иілу бұрышы
- •Акушерлік зерттеу әдістері. Іштің пальпациясы
- •Менің курациямдағы қайталап жүкті болушы әйелдің ұрығының орналасуы:
- •Сыртқы акушерлік зерттеулер. Леопольд тәсілі
- •Нәрестенің жүрек соғуын анықтау
- •Босанудың болжам мерзімін анықтау
- •Арнайы акушерлік зерттеу
- •Қосымша зерттеу әдістері
- •Алғашты диагнозды негіздеу
- •Босану жоспары
- •Жатыр мойынының ашылуында екі механизмнің әсері бар.
- •Әрбір толғақ сайын жатыр бұлшықеттерінде бір мезгілде үш процесс байқалады:
- •Босанудың і-ші кезеңі
- •Босанудың і-ші кезеңін жүргізу
- •Алғаш босанушылар мен қайталап босанушылардағы жатыр мойынының ашылу механизмінің ерекшеліктері
- •Босанудың іі-ші кезеңі
- •Босанудың іі-ші кезеңін жүргізу
- •Шүйдемен келгендегі алдыңғы көрінісінің босану биомеханизмі.
- •Аралықты сақтау
- •13.Іх.11ж сағат 11:15 те ұл нәресте ерекшеліксіз дүниеге келді. Аралықтың жыртылуы болған жоқ. Іі-ші кезең 15 минутқа созылды. Асқынуларсыз өтті. Босаудың ііі-ші кезеңі
- •Босану ағымы
- •Ана күнделігі
- •Нәресте күнделігі.
- •Шығару эпикризі
Шүйдемен келгендегі алдыңғы көрінісінің босану биомеханизмі.
3 негізгі және 3 қосымша кезеңнен тұрады.
1 Негізгі – ұрық басының кіші жамбас кіреберісіне қондырылуы
қосымша – бастың сәл бүгілуі
2 Негізгі – ұрық басының кіші жамбас қуысына енуі
қосымша – бастың ішкі бұрылысы
3 Негізгі – ұрық басының жарып шығуы
қосымша – бастың шалқаюы
Ұрық басы сагитальды жігімен кіші жамбас кіреберісінің бір қиғаш өлшеміне сәйкес орналасады. Толғақ пен күшенудің әсерінен ұрық басы сәл бүгіледі. Сол уақытта кіші еңбек жамбастың өткізгіш өсіне жақындап, өткізгіш нүктесі болады.
Толғақ пен күшенудің әсерінен ұрық басы кіші жамбас қуысына еніп, ішкі бұрылыс жасайды,басы сегізкөзге, шүйдесі шатқа қарайды, бұрылыс жамбас түбінде аяқталып, сагитальды жік жамбас шығаберісінің тік өлшеміне сәйкес келеді.
Толғақ пен күшенудің әсерінен әуелі жыныс жолдарынан кіші еңбегі туылады, ұрықтың шүйде асты ойығы қасаға астына келіп тірелгенде, бірінші айналым нүктесі пайда болады. Ұрық басы сол айналым нүктесінде шалқайып, беті туылады. Бұл мезгілде иықтары жамбас түбіне түсіп, ішкі бұрылысын аяқтайды, жамбас шығаберісінің тік өлшеміне сәйкес келеді.
Иықтың ішкі бұрылысы әсерәнен басы сыртқы бұрылысын жасайды. Беті позицияға қарама – қарсы анасының санына қарай. Алдыңғы иығы қасаға астына келіп тірелгенде, екіші айналым нүктесі пайда болады. Осы нүктеде денесі бүгіліп, артқы иығы туылады, әрі қарай денесі кедергісіз туылады.
Жарып шығу жазықтығы кіші қиғаш өлшем – 9,5 см, айналым – 32 см.
Аралықты сақтау
1 – ші- тәсілде – нәресте басының мезгілінен бұрын шалқаймауын қамтамасыз ету. Ол үшін акушерка сол қолын шат үстіне және жыныс қуысынан «кесіп - жарып» шығып келе жатқан бас үстіне қойып, жайлап бастың мезгілінен бұрын шалқаймауына және босану жолдарының тез жылжымауына кедергі жасайды.
2 – ші тәсілде- аралық ұлпасына түсетін күшті азайту. Ол үшін: оң қолды алақан жағымен аралыққа қойып, төрт саусақты сол жерге, ал үлкен саусақты оң жыныс ернеуіне тірейді. Бармақ ұштарымен үлкен жыныс ернеуінің жұмсақ ұлпаларын жайлап басыңқырап, төмен түсіреді, бір мезгілде оң қол алақанымен аралық ұлпасын басып, оны қорғайды, сөйтіп оған түскен күшті азайтады.
3 – ші – тәсілде - әйелдің күшену күшін реттейді. Бас төбе бұдырмақтарымен сыртқы жыныс ернеуіне тірелгенде аралықтың жыртылуы қаупі артады.
Күшену күшін реттеу үшін: шүйде шұңқыры симфиздің төмеңгі жиегіне тірелгенде, әйел күшенуін тоқтатып, терең дәне жиі тыныс алу керек. Акушерка әйелдің күшенуі біткенше, қолдарымен бастың жылжуын ұстап, біртіндеп, оң қолдың саусақтарымен жыныс ернеуін созып, сол қолымен басты жоғары көтеріп, шығарып алады.
4 – ші тәсілде – нәресте иығын босатып, оны тудырып алады. Нәресте басы туылғаннан кейін, иық іштей, бас сырттай бұрылады. Әйел күшенген кезде, бас бетімен ананың оң және сол санына бұрылады. Иық ішкі бұрылыс жасап, жамбас шығаберіс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді. Алдымен алдыңғы , содан кейін артқы иығы шығады. Ол үшін акушерка нәрестенің басын екі қолмен ұстап, алдыңғы иығы босап шыққанша, оны ақырындап төмен тартады, содан кейін оң қолын аралыққа қойып, сол қолымен басты жоғары көтеріп, артқы иықты босатып алады.
Иық белдеуі шыққан соң қолтық астына екі қолдың сұқ саусақтарын еңгізіп, оны жоғары көтеріп, нәрестені тартып тудырып алады.
Менің курациямдағы әйелдің ІІ-ші кезеңде жағдайы нашарлады, мазасызданды. Толғақ күшейді, тоқтаусыз күшенді. Беті қызғылт күңгірт түстенді. Артериялық қан қысымы жоғарылады, пульс жиіледі. Бұл кезең қалыпты өтті.