
- •Босану тарихы
- •Паспорттық бөлім
- •Түскен кездегі шағымдары:
- •Өмір анамнезі. Anamnesis vitae
- •Акушерлік анамнез
- •Объективті жалпы жағдайы. Status praesens communis: Тері жамылғыларын, сүйек, бұлшықет, буын жүйелерін қарау:
- •Менің курациямдағы қайталап жүкті болушы әйелдің тыныс алу жүйесі бойынша қысқаша сипаттама:
- •Жүрек-тамыр жүйесі бойынша:
- •Асқорыту, зәр шығару, жүйке жүйесі бойынша:
- •Акушерлік статус
- •Жамбас қуысының иілу бұрышы
- •Акушерлік зерттеу әдістері. Іштің пальпациясы
- •Менің курациямдағы қайталап жүкті болушы әйелдің ұрығының орналасуы:
- •Сыртқы акушерлік зерттеулер. Леопольд тәсілі
- •Нәрестенің жүрек соғуын анықтау
- •Босанудың болжам мерзімін анықтау
- •Арнайы акушерлік зерттеу
- •Қосымша зерттеу әдістері
- •Алғашты диагнозды негіздеу
- •Босану жоспары
- •Жатыр мойынының ашылуында екі механизмнің әсері бар.
- •Әрбір толғақ сайын жатыр бұлшықеттерінде бір мезгілде үш процесс байқалады:
- •Босанудың і-ші кезеңі
- •Босанудың і-ші кезеңін жүргізу
- •Алғаш босанушылар мен қайталап босанушылардағы жатыр мойынының ашылу механизмінің ерекшеліктері
- •Босанудың іі-ші кезеңі
- •Босанудың іі-ші кезеңін жүргізу
- •Шүйдемен келгендегі алдыңғы көрінісінің босану биомеханизмі.
- •Аралықты сақтау
- •13.Іх.11ж сағат 11:15 те ұл нәресте ерекшеліксіз дүниеге келді. Аралықтың жыртылуы болған жоқ. Іі-ші кезең 15 минутқа созылды. Асқынуларсыз өтті. Босаудың ііі-ші кезеңі
- •Босану ағымы
- •Ана күнделігі
- •Нәресте күнделігі.
- •Шығару эпикризі
Босанудың і-ші кезеңін жүргізу
Дәрігер босанушы әйелдің жалпы жағдайын қадағалайды, артериялық қан қысымын, босану қызметінің сипатына назар аударады. Қынап арқылы қарауды босанушы әйел босану үйіне түсерде және қағанақ суы кеткен жағдайларда жүргізеді. Ұрықтың жағдайын қадағалайды, құрсақішілік жүрек соғысын тыңдайды(қалыпты жағдайда 120-160 соққы минутына). Бүтін қағанақ қабында ұрық жүрек соғысын әр 10-15 минут сайын, қағанақ суы бөлінген жағдайда әр 5-10 минут сайын тыңдалады. Босанудың І-ші кезеңі ұзақ және ауырсынумен болғандықтан, міндетті түрде жансыздандыру тәсілдері қолданылады.
Менің курациямдағы әйелде І-ші кезеңде жағдайы қанағаттанарлықтай болды. Қойылған сұрақтарға еркін жауап берді .Түскеннен соң 2 сағаттан кейін толғағы басталды. Толғақ бірде күшейіп, бірде басылып отырды. І-ші кезең 9-сағатқа созылды. Асқынуларсыз өтті.
Алғаш босанушылар мен қайталап босанушылардағы жатыр мойынының ашылу механизмінің ерекшеліктері
Алғаш босанушыларда алдымен жатыр мойынының ішкі ернеуі ашылып, жатыр мойыны жайылып, жұқарады; содан кейін сыртқы ернеуі ашылады.
Қайталап босанушыларда жатыр мойының сыртқы ернеуі ішкі ернеуімен бір мезгілде ашылып, жатыр мойыны қысқарады.
Жатыр мойынының ашылу қарқыны: алғаш босанушыларда – бір сағаттың ішінде - 1см, қайталап босанушыларда – 2см.
Босанудың іі-ші кезеңі
ІІ-ші кезең – жатыр мойынының толық ашылып, ұрықтың босану жолдарынан өтіп, туылуы. Күшенудің басталуымен нәрестенің туылуымен аяқталатын кезең.
Алғаш босанушыларда бұл кезеңнің ұзақтығы – 1 сағаттан 2 сағатқа дейін, қайталап босанушы әйелдерде 5-10минуттан 1 сағатқа дейін созылады. Қағанақ суы бөлінгеннен кейін, толғақ қызметі аз уақытқа бәсеңдейді, жатыр қабырғасы ұрықпен тығыз әсерлеседі. Ұрықтың келіп тұрған бөлігі жамбас түбіне келіп, қысым көрсетеді, жауап ретінде күшену басталады, жамбас бұлшықеттері, диафрагма, іш құрсақ бұлшықеттерінің жиырылуымен күшену басталады. Күшену күші босанушы әйелдің реттеуіне байланысты. Әйел күшенген кезде созылған жыныс қуысынан нәресте басының шамалы бөлігі көрініп, қайтадан жыныс қуысына кіреді (әйел күшенбеген кезде), бұл бастың «кесіпшығуы»- бастың ішкі бұрылысы бітіп, оның шалқаюы басталады. Егер нәресте басы, әйел күшенбеген мезгілде жыныс қуысының сыртында бір қалыпта тұрса – бұны бастың «жарып шығуы» дейді. Бас толық жыныс ернеуінен шыққаннан кейін, оның денесі туылып, қағанақ суының артқы бөлігі ағады.
Босанудың іі-ші кезеңін жүргізу
Босанудың ІІ кезеңінде ұрық басының қозғалысы сағатына 2 см, ұрық басы қағанақ қабына қарағанда, нерв талшықтарының тітіркенуін тудырады. Ұрықтың келіп тұрған бөлігі жамбас қуысына түскенде босанушы әйелде күшену сезімі пайда болады. Күшенудің арқасында ұрық басы жамбас түбіне түсуінен жамбас түбінің бұлшықеттерінің жиырылуы болады. Егер ұрық басы жамбастың түбіне түссе, босанушы әйелде тоқтаусыз күшену пайда болады. Босанушы әйел беті қызғылт күңгірт түсті, мойын көктамырлары айқындалады. Артериялық қан қысымы жоғарылайды. Жыныс ернеуінен ұрық басының жарып шығуының болуы, бұл ұрық басының ішкі бұрылысы деген белгісі және кіші жамбастың шығаберісінің тіке өлшеміне орналасқаны, айналым нүктесінің түзілгенін білдіреді. Күшенудің соңында ұрық басының жыныс саңылауының ішкі еңбегінің шығуы. Кейін нәресте биомеханизміне сәйкес туылады.