Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Босану тарихы М.А.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Босану жоспары

Босанудың клиникалық ағымын ІІІ кезеңге бөледі:

І-ші кезең – жатыр мойынының ашылуы.

ІІ-ші кезең – жатыр мойынының толық ашылып, ұрықтың босану жолдарынан өтіп туылуы.

ІІІ-ші кезең – нәресте туылғаннан кейін басталады. Плацентаның жатыр қабырғасынан бөлініп,бала жолдасының туылуымен аяқталады.

Жатыр мойынының ашылуында екі механизмнің әсері бар.

1. Жатыр бұлшықеттерінің жиырылуы (жатыр мойынының ашылуына әсер ететін негізгі механизм)

2. Жатыр қуыс қысымы ұлғаюына сәйкес, іштен жатыр мойынының ашылуына қағанақ қуығы немесе ұрықтың төмеңгі бөлігі әсер етеді.

Бұлшықеттердің орналасу қалпына байланысты жиырылу ерекшеліктері:

Жатыр денесінде – бойлай, ал төмеңгі сегментінде – айналмалы бұлшықеттер.

Қызметі әртүрлі: жатыр мойыны ашылғанда, жатыр денесі жиырылады (ұрық пен плацентаны ығыстыру үшін).

Әрбір толғақ сайын жатыр бұлшықеттерінде бір мезгілде үш процесс байқалады:

  1. Жатыр бұлшықет талшықтарының жиырылуы (контракция).

  2. Бұлшықет талшықтарының бір – бірімен жанама жылжуы (ретракция).

  3. Бұлшықет талшықтарының созылуы (дистракция).

Босанудың і-ші кезеңі

Ретті толғақ басталып, жатыр мойыны жайылып толық ашылады (10-12см). Жатыр мойынының ашылуы толғақтың күшіне, жиілігіне, ұзақтығына байланысты. Босанудың басында толғақ ұзақтығы – 10-15 сек; ортасында – 30-40сек; соңында – 45-50сек. Толғақ күші үш түрлі болады: әлсіз (20секундқа дейін), орташа (20-40сек) және күшті (40 секундтан астам). Босанудың басында толғақ 15-20 минут сайын қайтапланып, біртіндеп жиілейді.

Ағымдық фазалары:

І. Латентті (жатыр мойыны 3-4см ашылғанға дейін. Фармакологиялық дәрілерге сезімтал; ұзақтығы: алғаш босанушыларда 4 -8сағат, қайталап босанушыларда – 4-6сағат; жатыр мойынының ашылу жылдамдығы – 0,35см/сағат.)

ІІ. Белсенді белсенді күшенуден ұрық туылуына дейін (жатыр мойынының ашылу жылдамдығы: алғаш босанушыларда –2см/сағат, қайталап босанушыларда – 1 см/сағат);

ІІІ. Бәсіңкі (1-2сағатқа созылады,жатыр мойынының ашылу жылдамдығы – 1-1,5см/сағат).

Қағанақ суы:

  • Алдыңғы қағанақ суы

  • Артқы қағанақ суы

Бұлай бөліну себебі, нәресте басы жатырдың төмеңгі сегментінің қабырғасын босану жолдарының негізгі сүйектеріне басып тұрады.

Жатыр мойыны толық ашылғанда, жатыр қуысы қысымының артуы салдарынан, қағанақ қуығының қабықшасы жарылып, алдыңғы қағанақ суы төгіледі (қағанақ суының мезгілінде кетуі). Егер қағанақ қуығы өз бетінше жарылмаса, оны арнайы құралмен жарады. Қағанақ қабықшасы толғақ басталмай жарылса – қағанақ суының мезгілсіз кетуі; ал тоғақ басталғаннан кейін немесе жатыр мойыны толық ашылмай жарылса – қағанақ суының ерте кетуі дейді. Қағанақ суы кеткеннен кейін, толғақ біраз уақытқа басылып, немесе әлсізденеді, содан кейін қайта күшейеді;сонымен қатар жатыр куыс қысымы атмосфералық қысымнан жоғары болғандықтан, ұрықтың басында босану «ісігі» пайда болады.

Жатыр мойыны толық ашылып, қағанақ қуығының жарылып, судың ағуы босанудың І-ші кезеңінің аяқталғанының кепілі. І-ші кезеңнің ұзақтығы: тұңғыш босанушыларда – 11-12сағат, қайталап босанушыларда – 7-8 сағат.. Менің курациямдағы әйелде қағанақ суы босануға дейін кеткен 00:00 13/ІХ/11ж, мөлдір түсті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]