
- •Босану тарихы
- •Паспорттық бөлім
- •Түскен кездегі шағымдары:
- •Өмір анамнезі. Anamnesis vitae
- •Акушерлік анамнез
- •Объективті жалпы жағдайы. Status praesens communis: Тері жамылғыларын, сүйек, бұлшықет, буын жүйелерін қарау:
- •Менің курациямдағы қайталап жүкті болушы әйелдің тыныс алу жүйесі бойынша қысқаша сипаттама:
- •Жүрек-тамыр жүйесі бойынша:
- •Асқорыту, зәр шығару, жүйке жүйесі бойынша:
- •Акушерлік статус
- •Жамбас қуысының иілу бұрышы
- •Акушерлік зерттеу әдістері. Іштің пальпациясы
- •Менің курациямдағы қайталап жүкті болушы әйелдің ұрығының орналасуы:
- •Сыртқы акушерлік зерттеулер. Леопольд тәсілі
- •Нәрестенің жүрек соғуын анықтау
- •Босанудың болжам мерзімін анықтау
- •Арнайы акушерлік зерттеу
- •Қосымша зерттеу әдістері
- •Алғашты диагнозды негіздеу
- •Босану жоспары
- •Жатыр мойынының ашылуында екі механизмнің әсері бар.
- •Әрбір толғақ сайын жатыр бұлшықеттерінде бір мезгілде үш процесс байқалады:
- •Босанудың і-ші кезеңі
- •Босанудың і-ші кезеңін жүргізу
- •Алғаш босанушылар мен қайталап босанушылардағы жатыр мойынының ашылу механизмінің ерекшеліктері
- •Босанудың іі-ші кезеңі
- •Босанудың іі-ші кезеңін жүргізу
- •Шүйдемен келгендегі алдыңғы көрінісінің босану биомеханизмі.
- •Аралықты сақтау
- •13.Іх.11ж сағат 11:15 те ұл нәресте ерекшеліксіз дүниеге келді. Аралықтың жыртылуы болған жоқ. Іі-ші кезең 15 минутқа созылды. Асқынуларсыз өтті. Босаудың ііі-ші кезеңі
- •Босану ағымы
- •Ана күнделігі
- •Нәресте күнделігі.
- •Шығару эпикризі
Арнайы акушерлік зерттеу
Сыртқы жыныс мүшелерін қарау. Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерін дәрігеркреслода тексереді. Ол үшін сол қолдың ІІ-ші және І-ші саусақтарымен жыныстың кіші және үлкен ернеулерін ашып, сыртқы жыныс мүшелерін, қынап сағасын, үрпіні, бартолин бездерін және аралықты қарайды.
Айнамен зерттеу. Қынап қабырғасын, жатыр мойының тексереді. Көгеру байқалса , жүктіліктің белгісі. Жатыр мойнының ракалды ауруларына және рактың алғашқы белгілерін, сонымен қатар басқа патологиялар түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қынаптық зерттеу(саусақпен).
Қынаптық зерттеуде қынап қабырғасының жағдайын, жатыр мойнының қалпын, ұзындығын, жұмсақтығын, «пісіп - жетілу» дәрежесін және оның ашылу қарқының анықтап, диогональды конъюгатаны өлшейді. Жатыр мойнының «пісіп-жетілуін» 4 белгі бойынша ббағалайды. Жатыр мойнының жұмсақтығы, ұзындығы, өткізгіштігі және оның жамбастың өткізгіш өсіне қатынасы. Арнайы шкла бойынша әрбір белгі 0 баллдан 2 баллға дейін бағаланады.
0 – 2 жатыр мойнының жетіспеушілігі
3 – 4 жатыр мойнының толық жетіспеушілігі
5 – 6 жатыр мойнының толық жетілуі
Қынап бөлінділері. Қалыпты жағдайда ақ шырышты бөлінділер, ал патологиялық жағдайларда қынаптан – көбікті сарғыш бөлінділер болады (трихомонад инфекциясының белгілері).
Қынаптық зерттеудің жүргізілуі: сол қолдың саусақтарымен үлкен және кіші жыныс ернеулерін ашып, оң қолдың саусақтарын(ІІ,ІІІ) қынапқа еңгізеді, І саусақты жоғары көтереді, ІУ,У саусақтарды алақанға бүгіп, сыртын аралыққа тірейді.
Бұл зерттеуде: жатыр түбі бұлшықеттерінің жағдайы,қынап қабырғасының қасиеттері (созылу, тегістігі, т.б), қынап күмбезі,жатыр мойыны (ұзындығы, пішіні т.б), және жатыр мойнының сыртқы тесігінің (пішіні, ашық, жабықтығы) анықталады.
Менің курациямдағы қайталап жүкті болушы әйелде сыртқы жыныс жолдарын қарағанда және айнамен қарағанда қынаптың кілегейі мен жатыр мойыны таза, бөліністі – ашық түсті қағанақ суы.
Қынаптық тексеру: Жатыр мойыны сақталған, жұмсақ, цервикальды өзек 1 көлденен саусақ өткізеді, ұзындығы 2-2,5 см. Қағанақ қабы жоқ, ұрық басымен кіші жамбас кіреберісіне келіп тұр. Саусақ мүйіске жетпейді. Экзостоздар жоқ.
Қосымша зерттеу әдістері
УДЗ, жалпы қан және зәр анализдерінің қорытындысы бойынша.
Жалпы қан анализі:
Гемоглобин – 122 г/л
Протейн – 0,033
Түсті көрсеткіш – 0,85-1,05
Лейкоцит – 4,0-90
Эритроциттердің тұну жылдамдығы – 34мм/сағ
Жалпы зәр анализі:
Көлемі – 40
Түсі – қалыпты
Тұнықтығы – лайлы
Салыстырмалы тығыздығы – 1028
Белок – жок
УДЗ әдісі бойынша барлығы нормаға сәйкес.
Орналасуы ұзына бойы басымен. Ұрықтың миы, жүрегі, бауыры қалыпты.Бала жолдасының орнығуы – жатырдың алдыңғы қабырғасымен. Қалыңдығы 38мм. Ұрық маңы суларының көлемі 60мл.
ҰЙҒАРЫМ: Жүктіліктің 38 – ші аптасы.
Алғашты диагнозды негіздеу
Шағымдары негізінде: қайталап жүкті болушы 36 жаста, қалыпты жамбас өлшемдерімен және жүктіліктің 38 аптасында перзентханаға қағанақ суы кеткеннен кейін 3 сағаттан соң келген.
Алғашқы етеккірі 14 жасында келген, 4 күннен 28 күн сайын,тұрақты қайталану байқалады.Сипаты бойынша күшті, ауырсынусыз. Соңғы етеккірі10.12.2011ж келген.4 – ші жүктілігі. Есепте 11-12 аптадан бастап тұр.
Distantia spinarum – 25см – ге тең .
Distantia cristarum – 28см – ге тең .
Distantia trochanterica – 30см – ге тең .
Conjugata externa – 20см – ге тең .
Сonjugatа vera - 11 см – ге тең.
Сonjugatа dioganalis - 13 см – ге тең.
Леопольд әдісімен тексергенде ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне басымен келіп тұр, І - ші позиция, алдыңғы көрініс.
DS: Жүктіліктің 38 аптасы. Ұрықтың ұзынынан орналасуы,баспен келуі, ІІ-ші позиция, алдыңғы көрінісі. Қағанақ қабының уақытынан бұрын жарылуы.