Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Босану тарихы М.А.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Менің курациямдағы қайталап жүкті болушы әйелдің ұрығының орналасуы:

Ұзына бойлы

ІІ-ші позицияда

Басымен келіп тұр

Сыртқы акушерлік зерттеулер. Леопольд тәсілі

І-ші Леопольд тәсілі – екі қолды алақан жағымен жатыр түбіне жайғастырып, саусақтарды жақындастырады. Бұл жағдайда жатырдың деңгейін , оның түбінде нәрестенің қай бөлігі орналасқандығын анықтайды. Әдетте, жатыр түбінде нәрестенің жамбасы орналасады. Ол нәрестенің басымен салыстырғанда ірілеу, жұмсақ, жазықтау.

ІІ-ші Леопольд тәсілі – екі қолды жатыртүбінен кіндікке қарай төмен ысырып, жатыр қабырғасына қояды. Бұл әдістің көмегімен жатырды қолмен сипап, оның жазықтау сезілген қабырғасында нәрестенің арқасы, ал бұдырлау болған қабырғасында майда мүшелері орналасқаның анықтауға болады. Нәрестенің арқасы мен мүшелерінің орналасуына қарай , оның позициясы мен түрін анықтайды.

ІІІ-ші Леопольд тәсілі – жүкті әйелдің оң жағынан бетпе – бет тұрып, оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, нәрестенің төменгі бөлігіне бас бармақты , бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Баяу қимыл жасай отырып, сол жерде нәрестенің қай бөлігі орналасқаның анықтайды. Тығыз, дөңес, қозғалмалы болса, ол нәрестенің басы болғаны.

ІУ-ші Леопольд тәсілі – ІІІ-ші тәсілдің жалғасы және оны толықтырады. Дәрігер жүкті әйелдің оң жағынан, аяғына қарай тұрады. Ол үшін екі алақанды жатырдың төменгі сегментінің оң және сол жағынан орнықтырып, саусақ ұштарын шатқа тірейді. Саусақтар ұшын жамбас қуысына қарай тереңдете отырып, сол жерде орналасқан нәресте бөлігін, оның кіші жамбас қуысына қатынасын анықтайды.

Нәрестенің жүрек соғуын анықтау

Леопольд тәсілінен кейін нәрестенің жүрек соғуын стетоскоп немесе УДЗ, фонокардиография, кардиотокография арқылы анықтайды. Қалыпты жағдыйда минутына 120-150 соққы.

Менің курациямдағы қайталап жүкті болушы әйелді Леопольд тәсілімен тексергенде анықталды: Ұрықтың ұзына бойы орналасуы, басымен келуі, екінші позицияның алдыңғы көрінісі. құрсағындағы ұрықтың жүрек соғысын стетоскоппен тексерген кезде ұрықтың жүрек соғысы қалыпты.

Босанудың болжам мерзімін анықтау

Босанудың бастама мезгілін анықтау, 28 күндік етеккір циклінің 14-15 күнгі овуляциясына негізделген. Жүктіліктің ұзақтығы 280 күн (40 апта) соңғы етеккірдің басынан бастап. Босанудың болжам мерзімін анықтау үшін соңғы етеккірдің бірінші күніне 9 ай 7 күнді қосады немесе соңғы етеккірдің бірінші күнінен 3 ай артқа қарай алып тастап, оған 7 күн қосады. Жүктіліктің және босанудың мерзімін анықтауда жатыр деңгейін, нәрестенің бас өлшемдерін білудің маңызы зор.

  • Акушерлік 4 айда (16 апта) жатыр деңгейі – қасаға мен кіндік ортасында(қасағадан 6см жоғары)

  • 5 айда (20 апта) – кіндіктен екі елі төмен(12 см жоғары)

  • 6 айда (24 апта) – кіндіктің тұсында

  • 7 айда (28 апта) – кіндіктен екі елі жоғары(қасағадан 24см жоғары)

  • 8 айда (32 апта) – кіндік пен семсер өсіндінің аралығында(қасағадан 28-30см жоғары) жатыр шеңбері 80-85см

  • 9 айда (36 апта) – семсер өсінді деңгейінде.(қасағадан 34-36см жоғары)жатыр шеңбері 90см

  • 10 айдың аяғында (40 апта) жатыр деңгейі – сегіз ай кездегі деңгейге қайтып түсіп,жатыр шеңбері 90-98см – ге теңеседі. Жүкті әйелдің тыныс алуы жеңілдейді.

Менің курациямдағы қайталап жүкті болушы әйелдің болжамды босану мерзімі және құрсағындағы ұрықтың болжам салмағы:

  1. Соңғы етеккірі бойынша: (1.12.2010ж – 3 ай) + 14 күн = 15.09.2011ж

  2. Алғашқы ұрық қозғалуы бойынша: 1 желтоқсан = 13.09.2011ж

  3. УДЗ бойынша: 14.09.2011ж

Іш айналымы – 93см

Жатыр түбі биіктігі – 35

Ланковицаның тәісілі бойынша:

Жүкті әйелдің бойы (см) + салмағы (кг) + іш айналымы (см) + жатыр түбі деңгейі (см) * 10 = 155+62+93+35*10 = 3450гр

Джорданияның есебі бойынша:

Іш айналымы(см)+жатыр түбі деңгейі(см)*100 = 93+35*100 = 3360гр

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]