Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Босану тарихы М.А.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Жамбас қуысының иілу бұрышы

Бұл жамбас қуысының кіреберіс жазықтығы мен көлденен жазықтық арасындағы бұрыш. Әйел тік тұрғанда бұрыш 45 – 55 градусқа тең, ал шалқасынан жатып, аяқтарын ішіне жинағанда оның шат сүйегі жоғары көтеріліп, бұрыш кішірейеді. Егер жүкті әйелдің беліне қатты жастық қойып көтерсе, шат сүйегі төмен түсіп, бұрыш үлкейеді.

Менің курациямдағы қайталап жүкті болушы әйелдің акушерлік статусы бойынша есептеулер:

Distantia spinarum – 25см

Distantia cristarum – 28см

Distantia trochanterica – 30см

Conjugata externa – 20см

conjugatа vera – 11см

Соловьев индексі – 17см

Михаэлис (сегізкөз) ромбысы – 10х10 см

Іш айналымы – 93см

Жатыр түбі биіктігі – 35 см

Ұрықтың болжам салмағы:

Ланковицаның тәісілі бойынша:

Жүкті әйелдің бойы (см) + салмағы (кг) + іш айналымы (см) + жатыр түбі деңгейі (см) * 10 = 155+62+93+35*10 = 3450гр

Джорданияның есебі бойынша:

Іш айналымы(см)+жатыр түбі деңгейі(см)*100 = 93+35*100 = 3360гр

Акушерлік зерттеу әдістері. Іштің пальпациясы

Акушерия тәжірибесіндегі зерттеу тәсілдерінің бірі – жатырды пальпациялау. Ол үшін әйел тақтаға шалқасынан тізесін бүгіп жатады. Дәрігер жүкті әйелдің оң жағынан, бетпе – бет отырып, жатырдың көлемін, тонусын, нәрестенің жатырдағы қалпын,бағытын,түрін, басының орнығуын анықтайды.

Нәрестенің жатырдағы қалпы

Қалыпты жағдайда нәрестенің денесі бүгіліп, басы көкірегіне иіліп, аяқтары жамбас, сан, тізе буындарында бүгіліп, ішіне қарай жиырылып, қолдары көкірек тұсында айқасып жатады. Нәрестенің ұзындығы орта есеппен 20 -25 см – ге тең. Нәрестенің қалпы – нәрестенің ұзынша өсінің,жатырдың ұзынша өсіне қатынасы. Нәресте жатырда ұзынынан, көлденең, қиғаш жатуы мүмкін.

  • Ұзынша орналасуында – жатыр мен нәрестенің ұзынша осьтері бір – біріне сай келеді. Көп жағдайда 99% - да нәресте ұзынша, басымен төменг жамбастың кіреберіс жазықтығына қарай орналасады.

  • Көлденең орналасуда – нәрестенің ұзынша осьі мен жатырдың ұзынша осьі тік бұрыш жасайды.

  • Қиғаш орналасуда – нәрестенің ұзынша осьі жатырдың ұзынша осьімен үшкір бұрыш жасайды. Нәрестенің қиғаш жатуы тиянақты емес, босану кезеңдерінде ұзынша немесе көлденең жату қалпына көшуі мүмкін.

Нәрестенің бағыты(positio) – нәресте арқасының жатырдың оң және сол қабырғасына қатынасы.

1 – ші позицияда нәресте арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына қарайды.

2 –ші позицияда арқасы оң жақ қабырғасына қарай орналасады.

Ұрықтың келген бөлігі. Ұрықтың орнығуы.

  • Баспен келіп орнығуы – төбе жігінің шашпен сегізкөз мүйісіне қатынасы. Егер төбе жігі шашпен сегізкөз мүйісінен бірдей қашықтықта орналасса, оны синклитикалық, ал бірдей қашықтықта орналасса, оны асинклитикалық орнығуы деп атайды.

  • Төбесімен оронығуы – бұл шүйде сүйегінің артқы түрінің варианты, нәресте басы шамалы ғана шалқаяды, иек көкіректен алыстап, алып жүру нүктесі үлкен еңбек.

  • Маңдаймен орнығуы – нәресте басы едәуір шалқаяды, жамбас жазықтығына маңдай орналасады, босану кезеңдерінде бұл түрі басымен жату түріне ауысуы мүмкін.

  • Бетімен орнығуы – нәресте басы қатты шалқаяды, шүйде мен арқасы бірігіп, жамбас жазықтығында бет орналасып, алып жүру нүктесі иек болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]