- •Босану тарихы
- •Паспорттық бөлім
- •Түскен кездегі шағымдары:
- •Өмір анамнезі. Anamnesis vitae
- •Акушерлік анамнез
- •Объективті жалпы жағдайы. Status praesens communis: Тері жамылғыларын, сүйек, бұлшықет, буын жүйелерін қарау:
- •Менің курациямдағы қайталап жүкті болушы әйелдің тыныс алу жүйесі бойынша қысқаша сипаттама:
- •Жүрек-тамыр жүйесі бойынша:
- •Асқорыту, зәр шығару, жүйке жүйесі бойынша:
- •Акушерлік статус
- •Жамбас қуысының иілу бұрышы
- •Акушерлік зерттеу әдістері. Іштің пальпациясы
- •Менің курациямдағы қайталап жүкті болушы әйелдің ұрығының орналасуы:
- •Сыртқы акушерлік зерттеулер. Леопольд тәсілі
- •Нәрестенің жүрек соғуын анықтау
- •Босанудың болжам мерзімін анықтау
- •Арнайы акушерлік зерттеу
- •Қосымша зерттеу әдістері
- •Алғашты диагнозды негіздеу
- •Босану жоспары
- •Жатыр мойынының ашылуында екі механизмнің әсері бар.
- •Әрбір толғақ сайын жатыр бұлшықеттерінде бір мезгілде үш процесс байқалады:
- •Босанудың і-ші кезеңі
- •Босанудың і-ші кезеңін жүргізу
- •Алғаш босанушылар мен қайталап босанушылардағы жатыр мойынының ашылу механизмінің ерекшеліктері
- •Босанудың іі-ші кезеңі
- •Босанудың іі-ші кезеңін жүргізу
- •Шүйдемен келгендегі алдыңғы көрінісінің босану биомеханизмі.
- •Аралықты сақтау
- •13.Іх.11ж сағат 11:15 те ұл нәресте ерекшеліксіз дүниеге келді. Аралықтың жыртылуы болған жоқ. Іі-ші кезең 15 минутқа созылды. Асқынуларсыз өтті. Босаудың ііі-ші кезеңі
- •Босану ағымы
- •Ана күнделігі
- •Нәресте күнделігі.
- •Шығару эпикризі
Менің курациямдағы қайталап жүкті болушы әйелдің тыныс алу жүйесі бойынша қысқаша сипаттама:
Тыныс алу жүйесі мұрын арқылы (кейде ауызбен ), демалу еркін, ТАЖ 18 рет. Тіс, жұтқыншақ, бадамша бездерінің кілегей қабығы тегіс, жылтыр, ашық қызғылт түсті.
Пальпация: Ауырсыну анықталмайды. Кеуденің эластикалық қасиеті сақталған. Дауыс дірілі симметриялы нүктеде бірдей.
Перкуссия: салыстырмалы перкуссияда өкпелік дыбыс анықталады.
Аускультация: везикулярлы тыныс, сырыл анықталмайды.
Қорытынды: Тыныс алу жүйесі патологиясыз, өзгерістер байқалмайды.
Жүрек-тамыр жүйесі бойынша:
Жүрек аймағын қарау: жүрек томпағы анықталмайды, жүрек соққысы қалыпты. Мойын веналарының кеңеюі және ісінуі, каротидтер биі, Мюссе симптомы байқалмайды. Қан айналым жүйесі ырғақты. АҚ 130-80 мм.с.б.
Жүрек аймағын пальпациялау: Жүрек ұшы соғуы қалыпты. Мысық пырылы, төс арты пульсациясы, эпигастриалды жүректік соққы, аорта пульсациясы жоқ.
Аускультациясы: Қолқада екінші тон акценті, кардиосклер не қақпақшалардың салыстырмалы жетіспеушілігі салдарынан жүрек ұшы тұсында систолалық шуы, қолқада бірінші тонның бөлінуі, жүрек тондары сақталған.
Қорытынды: Жүрек қантамыр жүйесі патологиясыз, қалыпты.
Асқорыту, зәр шығару, жүйке жүйесі бойынша:
Ернінде цианоз анықталмайды, ылғалды, ерні жарылмаған. Ауыз қуысының
кілегей қабаты қалыпты. Тілі ылғалды, қызыл, көмей ашық, қызғылт түсті. Бадамша бездері қалыпты. Асқазан-ішек жолдары пальпацияланбайды.
Бел аймағын қарағанда патологиялық ісінулер жоқ. Зәр шығарылуы өздігінен,зәрдің иісі,түсі,жиілігі қалыпты.
Кіші дәретке сирек отырады,бұл жүктілікке байланысты.
Санасы айқын, сөйлеуі дұрыс, қойылған сұрақтарға жауап береді.Сіңір рефлексі қалыпты. шаршағандықтан бірер минут қалғып кетеді де, қайта оянады. Қорытынды: Тексеру кезінде асқорыту, зәр шығару, жүйке жүйесінде ешқандай патология анықталмады.
Бауыр және өт жолдары жүйесіне және эндокринді жүйесі бойынша:
Бауыр ұлғаймаған, ауырсыну жоқ. Образцов Стражеско тәсілі бойынша бауыр шекарасы: бауырдың төменгі сегменті оң жақ бұғана орта сызығы бойында қабырға тінінен 2см төмен орналасқан, сүйір консистенциясы жұмсақ, беті тегіс, бауыр ойығы анықталмайды.Перкуссияда қалыпты. Әйелдің сыртқы түрі жасы мен жынысына сәйкес. Біріншілік, екіншілік жыныстық белгілері дамыған.Қалқанша безі ұлғаймаған.
Қорытынды: Тексеру кезінде бауыр, өт жолдары, эндокринді жүйе бойынша ешқандай патология анықталмады.
Акушерлік статус
Қайталап жүкті болушы әйелдің салмағы – 67 кг, бойы – 160 см.
Жамбас өлшемі:
Жамбас өлшемдерін анықтау үшін жүкті әйел қатты тақта үстінде екі аяғын созып, шалқасынан жатады. Үлкен жамбастың 4 өлшемі: 3 көлденен, 1 тік өлшемі бар.
Distantia spinarum – сүйектердің алдыңғы жоғарғы қанаты өсінділерінің аралығы. Ол үшін жамбас өлшеуішінің түймелерін осы өсінділердің сыртқы бетіне тірейді. Қалыпты жағдайда бұл аралық 25 см.
Distantia cristarum – мықын сүйегі қырларының алшақ нүктелерінің аралығы. 27 см. Ол үшін өлшеуіштің түймелерін мықын сүйегі қырының сыртқы бетіне жылжытып, оның ең алшақ нүктелерінің арасын өлшейді.
Distantia trochanterica – ұршық аралығы. Ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтарының арасы. Ол 31 тең.
Conjugata externa – сыртқы конъюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі. Бұл өлшемді анықтау үшін әйел қырынан жатып, астыңғы аяғын бүгіп, үстіңгі аяғын созуы керек. Өлшеуіштің бір түймесін шаштың сыртқы – жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын – сегізкөзүсті ойығына орналастырады. Сыртқы конъюгата қалыпты жағдайда 20 см.
Ескеру керек: сыртқы конъюгата өлшемін білудің маңызы зор, өйткені бұл арқылы кіші жамбас қуысының кіреберісіндегі – ішкі тік өлшемді(conjugatа vera)анықтауға болады. Мысалы, сыртқы тік өлшем 20 см болғанда, одан 9 см – ді алып тастаса, ішкі тік өлшем 11 см – ге тең.
5. Conjugata diagonalis – деп шат сүйегінің төменгі қырынан сегізкөздің ең шығыңқы мүйісіне дейінгі аралықты айтады. Бұның тура өлшемін қынаптық зерттеу арқылы анықтайды: 2 және 3 саусақтарды қынапқа еңгізе отырып, 4 – 5 саусақтарды бүгеді, 1 үлкен саусақты шат сүйегінің үстіне орналастырады. Қынапқа енген саусақты мүйістің ұшына жеткізіп, ал алақаның үстіңгі қырын қасағаның төменгі қырына тірейді. Содан кейін қынаптағы үшінші саусақ аралығы мен алақанның шат сүйегіне түйіскен жерін жамбас өлшеуішімен өлшейді. Бұл аралық 13 см – ге тең.
Менің курациямдағы қайталап жүкті болушы әйелде:
Distantia spinarum – 25см – ге тең .
Distantia cristarum – 28см – ге тең .
Distantia trochanterica – 30см – ге тең .
Conjugata externa – 20см – ге тең .
Сonjugatа vera - 11 см – ге тең.
Сonjugatа dioganalis - 13 см – ге тең.
Қайталап жүкті болушы әйел Елеуовада Ішті қарау кезінде анықталды:
Іштің көлемі үлкейген, формасы сопақша,жұмыртқа тәрізді. Іш айналымын
өлшеген кезде 93 см-ге тең болды. Жатыр түбі деңгейі 35 см. Ұрықтың жүрек соғысы, орны, қағыс саны - ретті, анық, минутына -140 рет. Ұрықтың орналасуы - ұзына бойлы,төмен орналасқан бөлігі - басы, орналасқан жері – жамбастың кіре берісі. Ұрықтың болжам салмағы – 3300,0+-100.
Соловьев индексі
Жамбас сүйектерінің қалың – жұқалығын анықтау үшін жүкті әйелдің білезігін өлшейді, орта шамамен ол 14 см – ге тең: бұл Соловьев индексі. Егер Соловьев индексі 14 см – ден артық болса, онда жамбас сүйегінің қалыңдығынан оның қуысы тарылады, ал 14 см – ден кем болса, жұқалылығына байланысты оның қуысы кеңейеді.
Михаэлис (сегізкөз) ромбысы
Жамбас өлшемдерін анықтаған кезде ерекше көңіл бөлетін жер – ол Михаэлис ромбысы. Жоғарғы бұрышы У – ші бел омыртқаның қылқанды (сүйір) өсіндісінің шұңқыры. Бүйір бұрыштары мықын сүйегінің артқы жоғарғы өсінділеріне сай келеді. Төмеңгі бұрышы құйымшақтың ұшына жетеді. Ал жоғарғы және сыртқы жағынан ромбы арқаның үлкен бұлшықетімен, төменгі және сыртқы жағынан – бөксе бұлшықеттердің қырымен шектеледі.
Менің курациямдағы қайталап жүкті болушы әйел бойынша Соловьев индексінің көрсеткіші – 17 см – ге тең. Михаеэлис ромбысының өлшемі 10 см – ге тең.
